ΙΙ. Топырақтың механикалық жұту қабілетін анықтау. Ол үшін сұйық құйғышқа салынған топырақ арқылы кез-келген топырақты (2-3 гр) алдын-ала суда ерітіп, сұйық құйғыштағы топырақтың үстіне құйғанда сұйықтың құрамындағы топырақтың бөлшектері сұйық құйғыштағы топырақта сүзіліп, қалатындықтан сүзіндінің таза болатындығы байқалады. Бұдан біз ерітіндідегі топырақтың бөлшектерінің сұйық құйғыштағы топырақтың саңылауларында ұсталып (жұтылып) қалатынын көреміз.
ΙΙΙ. Топырақтың физикалық жұту қабілетін анықтау. Ол үшін сұйық құйғышқа салынған топырақ арқылы көк метилен ерітіндісімен бояған суды өткіземіз. Бояу молекулаларының топырақ каллоидтарының бетінде жұтылуына байланысты сүзіндінің таза болатынын байқаймыз.
ΙV. Топырақтың физикалық-химиялық жұту (алмасу) арқылы жұту қабілетін анықтау. Сұйық құйғышқа салынған кәдімгі қара топырақты хлорлы калий ерітіндісімен суарады. Нәтижесінде топырақ каллоидтарының құрамындағы Са++ катиондары К+ катиондарымен ығыстырылады, сүзіндінің құрамына өтеді. Бұл химиялық қатынасты төмендегіше өрнектеуге болады:
(ТЖҚ) Са2++ КСl (ТЖҚ) 2К++СаСl2 сүзіндінің құрамында Са бар екендігіне сұйыққа бірнеше тамшы қымыздық қышқылы аммоний ерітіндісін қосқанда түзілетін ақ тұнба арқылы көз жеткізуге болады. Тәжірибе дәләлді болу үшін осы реакцияны сүзінді орнына тазаланған суды пайдаланып орындаңыздар.