Ладживерт яинджылык Мәдениет Министрлігі Баспасы Сертификат №1206-34-00356 Батыс классикалық әдебиеті -21



бет3/17
Дата07.01.2022
өлшемі183,54 Kb.
#16891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Финляндия ( Suomi) мемлекеті

Астанасы – Хельсинки қаласы

Тәуелсіздік алған күні – 06.12.1917.ж

(РСФСР құрамынан)

Жер көлемі – 338145 шаршы метр

Халқының саны -5323489 адам

Адам басына шаққанда ЖІӨ 35 мың евродан асады.

Дамыған салалары: ұялы телефон (Nokia), интернет және

қағаз өндіруден дүние жүзінде бірінші орында.

Григорий Петров және «Ақ лалагүлдер өлкесі – Финляндия » немесе бір халықтың рухани оянуы
«Ақ лалагүлдер өлкесі» кітабының авторы Григорий Спиридонович Петров 1868 жылы Петроградқа (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) қарасты Ямбург елді мекенінде дүниеге келеді. Өмірінің соңында науқастанып, емделу үшін Парижге барып, сонда 1925 жылдың 19 маусымында көз жұмады. Ол кедей отбасында тәрбиеленеді. Өзі кедейшіліктің кермек дәмін татып жүрсе де, еш мойымай, әрдайым адамзат баласының жарқын болашаққа қол жеткізуіне үлес қосудың жолын іздейді. Бар арман-қиялы мен мақсат-мүддесін осы бағытта жұмсайды. Діни сауатын аша жүріп, әдебиетке де ерекше ден қойып, поп әрі профессор атанады. Патша сарайында ханзадалардың тәрбиешісі қызметін атқарады. Дегенмен, ол патшаның салтанатты сарайынан гөрі, жарлы-жақыбайлармен, қарапайым ауыл тұрғындарымен етене араласуға әлдеқайда құмар болады.

Ауыл тұрғындары мен қарапайым қызметшілердің діни сауатын ашатын уағыздар айтады.

Бұқара халық оның айтқан әрбір жалынды сөздерін ерекше ықыласпен, сүйсіне тыңдайтын. 1900 жылы Петров Ресейде халық тарапынан ең танымал поп, әрі шығармалары ең көп оқылатын халық жазушысына айналады.

Бір кездері таралымы өте аз «Русское слово» («Орыс сөзі») газеті Петров бас редактор болған күннен бастап, тиражы 500 000-ға жететін ең танымал газетке айналады.

Осы уақытта ол өзінің « Інжіл-өмір сүрудің бастауы » деп аталатын алғашқы шығармасын жарыққа шығарады. Бұл шығармасы қытай, жапон тілдеріне аударылады. Осылайша, жазушының аты тек Ресейде ғана емес, біртіндеп әлем жүртшылығына жол тартты. Петровтың мәртебесінің күн санап өсуі шіркеудің бетке ұстар адамдарын «мазалай бастайды.» Араға бірнеше жыл салып, Петров 1907 жылы шіркеудегі қызметінен босап, әдеби-философиялық шығармалар жазуға ден қояды. Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындата жүріп, әртүрлі тақырыпта лекциялар оқып, күн сайын шығармашылығын шыңдай түседі. Оның ғибратқа толы дәрісінен соң, халық рухани оянып, сілкіне бастайды. Мұны сезген Патшалық Ресей оны әрдайым көзден таса қылмай, әрбір қадамын жандаралдары арқылы бақылауда ұстайды. Петров пен большевиктер арасында да анау айтарлықтай түсіністік орнықпады.

1920 жылы ол Белорусь ұлтының Қырымнан көшкен өкілдері мінген кеменің соңғы жолаушыларының бірі болып, Стамбулға келеді. Қоныс аударушылардың бұл тобы кейіннен Триесте деген жерге жөнелтіледі. Осы топпен бірге қоныс аударған Петровты жергілікті Югослав халқының зиялылары танып, жоқшылықтан құтқарып, Белград университетіне профессор етіп тағайындайды. Югославия Мемлекеті сол өңірде қалаған жеріне поездбен емін-еркін барып келуі үшін оған жеңілдік (пасо) береді. Осылайша Петров Югославияның түкпір-түкпірін аралап, мәдениет, дін, қызмет, бауырмашылдық және ұлтжандылық тәрізді тақырыптарда конференциялар ұйымдастырады. Ол серб тілін өз ана тіліндей жетік меңгереді.

Петров Болгарияға бірнеше шығармаларын қолжазба күйінде жібереді. Бұл шығармалар Болгар тіліне аударылып, баспадан жарық көреді. «Ақ лалагүлдер өлкесі» атты кітабының орыс тіліндегі қолжазбасын Болгарияда тұратын досы Д. Божковқа жібереді. Досы Петровтың барлық шығармаларын жинақтап, Болгар тіліне аударып, алғысөзін жазып, 1925 жылы Софияда кітап қылып басып шығарады. Орыс тілінен болгар тіліне тікелей аударылған бұл еңбек Болгар халқының ерекше назарын аударып, оқырманның ықыласына бөленеді.

Өмірінің біраз жылдарын Финляндияда өткізген жазушы бұл еңбегінде осы елдің білім мен мәдениет саласындағы жетістіктерге қалай қол жеткізгендіктерін шебер суреттейді. Бұл шығарманы болгарша сөйлеткен жазушының досы Божков та Петровпен Финляндияда бірге болған еді. Бұл кітап (1909-1910) түрік тіліне алғаш рет Али Хайдар (Танер) мырзаның қолға алуымен, 1928 жылы аударылып, осы жылы Стамбулда ескі әліпбимен басылып шықты.

Кітаптың түрікше аудармасы да «әп» дегеннен-ақ көпшілік оқырманның назарын өзіне аударды. Тек Стамбул мен Анкарада ғана емес, сонымен қатар, Түркия мемлекетінің түкпір-түкпірінде жарық көрген газет-жорналдарда бұл кітап жайында жақсы пікірлер жарияланып, жоғары баға берілді. Кітаптың алғаш шыққан тиражы тез арада тарап, халық тарапынан зор сұранысқа ие болып, 1930 жылы Мемлекеттік баспаханадан жаңа әліпбимен ресми түрде қайта басылды.

«Ақ лалагүлдер өлкесі» осы уақыт аралығында әртүрлі баспадан бірнеше қайтара жарық көрді. Бұл кітаптың алғысөзін автордың өзі емес, кітаптың аудармашысы, әрі Петровтың досы - Д.Божков жазған.

«Ақ лалагүлдер өлкесі» кітабы - Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілуінің хикаясы. Бұл кітап өз мемлекетінің даму жолында табандылықпен күресуге бел буған ұлт үшін, осы жолда қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Бұл кітап-күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне жақыннан үңілуге мүмкіндік беретін таптырмас туынды. Оқырман кітаптан керегін алар деген үмітпен...

Мазмұны:

1.Тарихтан - ғибрат

2. Қаһармандар мен халық

3.Суомидің тарихы

4.Халық қаһарманы – Снелман

5.Шіркеу және халық

6.Мемлкеттік қызметкерлер

7.Казарма

8.Футбол

9. Отбасындағы бала тәрбиесі

10.Халық университеті

11. Карокеп

12. Ярвинен, Окунен және Гульбенің патшалық хикаялары

13.Ауыл адамы, жұмысшы және өнер иесі

14.Халық дәрігері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет