Ладживерт яинджылык Мәдениет Министрлігі Баспасы Сертификат №1206-34-00356 Батыс классикалық әдебиеті -21



бет11/17
Дата07.01.2022
өлшемі183,54 Kb.
#16891
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Ақ лала гулдер мекені

Түсініктеме: Қамырдың ашытқысы неғұрлым сапалы болса, қамыр да соғұрлым тез көтеріледі. Казармалар да құтты ашытқы тәрізді, неғұрлым әскери тәрбие сапалы болса, жастарымыз саналы болып, сол арқылы халықтың рухы тез сілкініп, көтерілетіні сөзсіз.

Футбол


Наполеон билік басына келген күннен бастап, Еуропада соғыс аз болған жоқ. Ол Еуропа мемлекеттерінің барлығына дерлік соғыс жариялады. Әсіресе, Англияны жеңуді көздеді. Ағылшындар болса, өз кезектерінде Наполеонды биліктен кетірудің түрлі жолдарын ойластырып, бақты.

Наполеон Еуропамен қатар, Ресейге де қыр көрсетті. Француздармен соғыс болуы мүмкін деп қауіптенген Ресей, 1808 жылы Швециямен арада болған соғысты тоқтатты. Көп ұзамай – ақ, тарихта танымал болған Ресей мен Англия арасындағы қызыл – қырғын соғыс басталып та кетті. Наполеон бар әскери күшін біріктіріп, Мәскеуге дейін келді. Бірақ, осы тұста орыстардан тойтарысқа ұшырап, кері шегінуге мәжбүр болып, Францияға қайтты. Францияға келісімен, қайта қол жинап, бұрынғы әскери күшті қалпына келтірудің амалын қылды. Бірақ, Наполеонның ең басты қарсыласы болып саналатын ағылшындар барлық Еуропа халқын француздарға қарсы қойды. Осы соғыста Наполеон тұтқынға түсіп, Сент - Элэн деп аталатын аралға жер аударылады. Ұзақ жылдар бойы Наполеонның жорықтарынан мезі болған бүкіл Еуропа жұртшылығы бұл хабарды ести сала, бөріктерін аспанға атып, қуанышқа кенелді. Осы оқиғадан соң, барша еуропалықтар ағылшындардың күш-жігеріне тәнті болып, олардың әрбір ісін өздеріне үлгі ете бастады. Тіпті ағылшынның бар болмысы сәнге айналды.



Еуропалықтардың кішкентай балалары мен жас жеткіншектері үлкендердің қылықтарын дұрыс-бұрысын сараламай, ішкілік ішіп, шылым шегіп, жаман сөздер айтып, ағылшындар өмірінің күлкілі және зиянды тұстарын айны қатесіз көшіріп, қайталап, қысқа уақыт ішінде, ағылшындардың көшірмесіне айналды.

Еуропаның байлары болса, ат жарыстарында қомақты ақша тігіп, виски ішіп, ағылшындардың киім үлгісімен киініп, шаш үлгілерін ағылшынша қысқартатын болды. Жастар жағы бар ынтасымен ағылшынның спорт түрлеріне, әсіресе, футболға беріле бастады. Толыққанды білім алмаған Еуропа жастары футбол десе ішкен астарын жерге қоятын болды. Футболдан ләззат алып, оның қызығына құныққан байдың балалары оны өнер мен білімнің деңгейіне дейін көтеріп жіберді. Халықтың футболға деген қызығушылығын одан әрі қоздыра түсу үшін, білімсіз журналист қауым өкілдері де құдайдың құтты күні футболдың жарнамасын жасаудан бір тынған жоқ.

Бұл жайт Снелманның тұсында Финляндияда да етек жая бастады. Фин жастары әлі де болса бәрі бірдей жан-жақты терең ойлап, жақсы мен жаманның парқын ажыратуға қауқарсыз, мәселенің байыбына барып, терең ойлануды білмейтін. Финляндия Ресейдің қоластына өткеннен соң, фин халқы шведтерге қарсы кек сақтап, оларға соғыс ашу сынды ойлардан ада болды. Өздігінен ойлануға енжарлық танытатын фин жастары бірі қалмай, футболға құмарта бастады. Футбол ойнау жұқпалы дерт сынды күннен-күнге жер–жерде, тіпті шалғай ауылдарда да сәнге айналды. Бүкіл бір буын өкілінің ойы мен ерік-жігерін, сана-сезімін билеген футбол дауасыз дертке айналды. Барлық жерде футбол бірлестіктері мен ұйымдары пайда бола бастады. Снелман мен оның жақтастары болса, елде белең алып бара жатқан бұл жайтқа бей-жай қарап отыра алмады. Себебі, жастардың ойлау қабілетін нашарлатып, тек екі аяқтарына күш түсіретін спорттың бұл түрі рухани тоқырауға себеп болуы әбден мүмкін еді. Ұлттың жас буын өкілдерінің мәдени және рухани оянғанын қалайтын отансүйгіш азаматтар бір-біріне:

«Мұндай тек аяқ пен қолдары ғана жұмыс істейтін жастар болашақта ұлтымыздың мәдениеті мен рухани дамуына қандай пайда келтірмек? Елімізге аяқ-қолдары емес, рухы мен сана-сезімі шыныққан адамдар қажет. Отанымыздың дамуына бұлар қалай қызмет етеді?» - деп күмандана сауал қоятын.

Снелман бір кездері Испанияда көптеген адамдардың фантастикалық шығармаларды оқып, ақыр соңында әлгі адамдар сол кітаптардан әсерленгендері соншалық, соған еліктеп, қиял ғажайып әлемдегідей өмір сүреміз деп жұртшылыққа мазақ болғанын және ол жайында Сервантес өзінің атақты «Дон Кихот» атты шығармасында сөз етіп, сол адамдарды күлкілі кейіпкер ретінде суреттей отырып, халықтың көзін ашуға талпынғанын есіне түсірді.

Снелман мен оның достары:

«Испанияның атақты жазушысы еліктегіштікті шығармасының өзекті тақырыбы етіп алып, жазуға мәжбүр болғанына қарағанда, кейбір жастарымыздың осындай ақылға сыймайтын қияли іс-әрекеттерінің өзі көз жұма қарауға болмайтын жайт» - деген ойға келді.

Сервантес адамдардың қиял-ғажайыпқа негізделген шығармаларға қызығуының себебі олардың ойлау қабілеттерінің төмендігі және өздері ойлауға ерінетін жалқаулықтарының белгісі деп ұғынған және оны өз шығармасы арқылы халыққа түсіндіруге тырысқан. Себебі, Сервантес мұндай шығармаларын жазған кезде испандықтар өздерінің артта қалған мемлекеттерін дамытудың жолдары мен ел экономикасын, мәдениетін, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін тауып, қажетті шараларды қолға алуға құлықсыз болатын.

Осы тұрғыдан алғанда, олар ойлау қабілеттерін, өз мүмкіндіктерін толық қолданбағандықтан, рухани жалаңаштанған еді. Сан мыңдаған адамдар күні бойы қиял-ғажайыпқа өрілген, шындықтың ауылынан алыс фантастикалық романдарды оқып, уақытын босқа өткізетін және сол шығармаларды оқығаны үшін, бір істі тындырғандай өздеріне көңілі толатын болған.

Ол өлкеде мәдениет саласында еңбек етіп, зейнет жасына жеткен адамдарды да кездестіру мүмкін емес – ті. Халықтың сана – сезімі селт етпей, қалың ұйқының құрсауында қалған. Күн өткен сайын білімсіздік пен кедейлік өрши түскен. Мемлекет өз күшін жоғалта бастаған. Қалың бұқараның мәдениеті мен экономикасы құрдымға бет алған. Осындай сын сағатта халыққа рухани тоқыраудан шығудың жолын көрсететін бірді – екілі сауатты адамдар әлгі қияли шығармаларды оқып, бар болмыстарымен сол әлемге еніп, өздерін бақытты сезінгесін, жай халық қайдан оңсын?

Снелман іштей:

«Дәл қазіргі таңда жазушылардың жазғандарын біздің халық түсініп, олардың лайықты бағасын беруге өресі жете қоймасы анық. Бүгінгі қоғамның ерегежейлі рухты адамдарының жасап жатқан арзанқол саясаты мен түкке тұрғысыз пікірлерін ашық айтып, халықтың көзін ашатындай шығармалар туғызатын жазушылар қажет-ақ. Шынайы өмірді күлдіре отырып, түсіндіріп, жеңіл тілмен халықтың жетесіне жеткізетін Сервантестей шебер жазушымыз да жоқ. Дегенмен, дәл Сервантес сияқты туындыны жаза алмасақ та, шамамыз жеткенше солардың жасаған үлкен істерін біз де жасай аламыз. Туберкулез, холера сияқты жұқпалы дерттерді тасымалдаушы микроптар көзге көрінбегенімен, өте қауіпті. Олар кішкентай болғанымен, бүкіл бір мемлекеттің адамдарын құртып жібере алады. Ал қоғамның айықпас дертіне айналып отырған рухани микроптар болса, осы аурулардың микроптарынан бірнеше есе қауіпті.» - деп ойлайтын.

Финляндия батпақты жерде орналасқандықтан, туберкулез бен безгек сынды жұқпалы дерттің ошағы ушығып тұрған еді. Қарапайым халық арасында безгекпен ауырғандардың саны күн санап артып, өкпе құртына шалдыққандардың көбісі өмірмен қош айтысып жататын. Бұл сырқаттарға қарсы күрес басталып та кеткен. Снелман:

«Бұл күрес аздық етеді. Бізде бұдан басқа адамдардың сана-сезімін, ойлау қабілетін кеміріп жатқан жұқпалы аурудың рухани түрі де кең етек алып барады. Сырқаттың бұл түрі күн өткен сайын жастарымызды құрдымға айдауда. Бұған қазір тоқтау қоймасақ, бес, он, он бес жылдан кейін ұлтқа төнген қауіптің алдын алуға қауқарсыз боламыз. Сол себепті бізге тән сырқатымен қатар, жанның жұқпалы ауруларымен де күресуге тура келеді.» - деген сөздерді жиі айтатын.
Бір күні Финляндияда ең ірі футбол клубының 10 жылдық мерейтойын тойлауға арналған мемлекеттік деңгейде жарыс ұйымдастырылып, үлкен жиын өтетін болды. Бұл жиынға түрлі спорт салаларының мамандары да қатысты. Снелман да достарымен бірге осы жиынға келген. Ол Финляндияның ең ірі спорт қауымдастығының өкілі болып саналатын. Бұл жиында да Снелман сөз алып, жиналған жұртшылыққа өз ойын, көзқарасын ашық айтты:
«Біздің жастарымызыдың спортқа қызығушылығы мені қуантады. Қандай да бір ақылға қонымды әрекетке өз басым қолдау көрсетуден жалыққан емеспін. Пәлсапа ілімінің отаны саналатын грекияда да күрес, көркем гимнастика сияқты спорт түрлері қатар дамыған. Денені шынықтыру адамның физикалық мүмкіндігін арттырып, дене бітімін сұлуландыра түсері сөзсіз.
Қалалық жерлерде еш қозғалыссыз бірқалыпты күн кешкен адамның бұлшықеттері шау тартып, буындары босап, денсаулығы нашарлап, қанайналым жүйесі әлсіреп, күнделікті өмірде енжарлыққа бой ұрып, жалқау бола бастайды.
Германияда мектеп жасындағы балалардың көбісі көзілдірік киеді. Демек, олардың көру қабілеттері нашарлаған. Олардың арасында бойлары бүкірейген, сүйектері әлсіз, қолдарының күші азайған, бет-әлпеттерінде қан-сөл жоқ, солған өсімдік сияқтыларды жиі кездестіруге болады. Олардың солғын жүздерін көрген сәтте, қолдарынан жетектеп, табиғат аясына апарып, кең далада еркін тыныстатып, жалаңаяқ жүгіртіп, таза ауада серуендеткің келеді.
Ежелгі гректердің заманында Сократтың замандастары үш қағиданы қатаң ұстанған.
Бірінші, ешқашан ешнәрседе тым астамшылыққа бармау, екінші, кез келген жайтты сыңаржақты ойланудан аулақ болу, үшіншіден, барлық нәрсе белгілі өлшеммен дер кезінде жүзеге асуы керек деген принцип болған.
Сократтың замандасы Аристофан философтардың тек ой еңбегімен шектеліп, дене шынықтыру мен еңбек етуге келгенде енжарлық танытатындарын өткір сын садағына алған. Ол өзінің жазған шығармаларында бастары білімге толы екі аяқтылар мен құрғақ теорияны талдаудың шеберлерін аяусыз сынап-мінеген.

«Гуливердің саяхаттарының» авторы Джонатан Свифт болса, құрбақалар тәрізді әбден ісініп, алып адам боламыз деп ойлаған ергежейлілерді мазақ етеді. Сондай –ақ, Свифт лапуттарды да кекесінмен суреттейді.



Лапуттар дегеніміз - бастары үлкен, мойындары арық, денелері ілмиген, ебедейсіз жаратылыс иелері. Олар кітаптағы қатып қалған формулалар мен геометриялық фигураларға сүйеніп, сол шеңберде ғана өмір сүретін болған. Яғни дене бітімдері қаншалықты көзге қораш, қалай ыңғайсыз көрінсе, өмір сүру қағидалары да ақылға қонымсыз.
Енді өз Отанымызға оралсақ.. Осыншалық жан –жүрегімізбен сүйетін туған өлкеміздің Лапуттар мен Лилипуттардың мекеніне айналуын қалайсыздар ма? Бізге ережейлілер де, лапуттар да керек емес.
Біз, финдердің аяқтарының күшті болғанын қалаймыз, бірақ ақылдарының әлсіз болғанына қарсымыз. Тек аяқ күшіне ғана сенетін, жарым-жартылай ойлайтын адамдар біздің халқымызға үлгі бола алмайды. Біздің идеалымыздағы азаматтарымыз ондай емес.
Сіздер футболдың Финляндияда дамығанын көріп қуанып жатырсыздар. « Күшті аяқ» атты футбол командамыздың көршілес жатқан Швеция, Норвегия, Данияда, тіпті сонау Мажарстанда өткен кездесулерде жеңіске жеткенін мақтан етесіздер. Мен сіздің бұл қуанышыңызға қосыла алмаймын.
Себебі, мен біздің сүйікті Суомиімізде «Күшті ақыл», «Үлкен істер», « Үлкен істердің бастамасы», «Ең сапалы жұмыртқа», « Ең сапалы дәнді дақыл», «Кір шалмаған ар-ождан», « Жаңашыл ойлар», « Өміріне риза халық» деген сияқты аттарды иемденген қауымдастықтардың пайда болғанын қалаймын.
Мен жас финдердің тек мажарларды ғана емес, француздар мен ағылшындарды да жеңгенін қалаймын. Бірақ, біз тек футболда ғана емес, сапалы біліммен, жоғары өнер туындыларымызбен, сауда-саттық саласында және мемлекеттің өзге да маңызды салаларында олардан оқ бойы алда болуымыз керек.
Мұндай маңызды даму кезеңінде тек футболшыларымыздың аяқ күштеріне сенетін болсақ, алысқа бара алмаймыз. Қарсымыздан шыққан допты қайтару үшін бас керек, бірақ ең мықты бас, біле білсеңіздер, ол – қошқардың басы.

Мен фин жастарының бар-жоғы қошқардың басы сияқты мықты басқа ие болғанын мақтанатын жайт деп санамаймын.


Атақты Сократ пен Херкульдің суретін алып, салыстырып көріңіздер. Сократтың маңдайы кереқарыс, нағыз философтың бейнесін көруге болады. Кең маңдайлы адамдардың ойлау қабілеттері де өзгелерге қарағанда кең болады. Ондай адамдар терең ойлы болады. Сократ сондай адам болған.
Енді салыстыру үшін Херкульдің суретіне қарасаңыз, ең алдымен ірі денесі көзге ұрады. Бұл оның батырлығы мен күшінің белгісі. Әйтсе де, ондай адамдар күшті ақылға ие болмайды. Яғни, қара күштің иелері терең ой мен рухани байлыққа келгенде кедей болады.
Әлбетте, мен бұл мысалды айтқанда, сіздерге Сократтың немесе Херкульдің екеуінің бірінің басын таңдаңдар деп тұрғаным жоқ. Айтқым келгені, аяқтарыңды жұмыс істеткен кезде, Сократ сияқты бастарыңда да жұмыс істетіңдер.
Барлық істі дер кезінде орындау қажет. Десек те реті келгенде көңіл көтерген де дұрыс. Финляндияға тек доп ойнайтын адамдар ғана керек емес. Бізге Фин мемлекетін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және рухани тұрғыда дамытатын адамдар керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет