АЙТЫСТАРДАҒЫ АУЫСПАЛЫ
МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР
Сабақтың мақсаты: айтыс ақындарының
ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданудағы
шеберліктеріне көз жеткізу; дамытушылық –
оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптас-
тыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын еркін
жеткізе білу, сөздік қорын байыту; тәрбиелік –
адамгершілікке, ұқыптылыққа, мейрімділікке, еңбек
етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: тірек-сызбалар, М.Әуезовтің зерттеу
еңбегі, 17-том, газет-жұрнал материалдары, «Ана
тілі» газеті, 1997 жыл. Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,
түсіндіру. Пәнаралық байланыс: тарих. Түрі:
қайталау сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру жұмысы.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
77
1) Троп қай тілден аударылған?
2) Эпитет дегеніміз не?
3) Метафора мен аллегорияның ұқсастығы
бар ма?
4) Кейіптеу, мысал келтір.
5) Гипербола, мысал келтір.
Жаңа сабақ: Айтыстағы ауыспалы мағынадағы
сөздер.
те-
ңеу
эпи-
тет
кейіп-
теу
гипер-
бола
Құм-қыстау,
өлке-көктеу
өзен-күзеу,
жайлауым –жалпақ
Сарайым-саба
пісіп-пісіп
Сөз – жаңбыр,
дауысым – дауыл,
әнім – ескек
Ой-қамыс,
құлақ-қара көкпін
Айнымас қанды балақ
ақиықпын
№1 Слайд.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Арғынға балмаймын тай секілді.
Қай ақынның сөзі? Мағынасын ажырат.
№2 Слайд.
Әркім теке қояды өз лағын.
№3 Слайд.
Найманда ұлы дария саяткерім,
Балық боп ілінгенмін қармағыңа.
Кімнің сөзі? Сызбамен көрсет.
78
Құдықтан өнер қаздым тебенменен,
Атамын деп оқталған
Көк берен болат кез едім. Орынбай
Суда жүзген мен жайын емес пе едім,
Туласам, жарықтығым қайтер едің? Жамбыл
Басады аңдаусызда дүние-қақпан,
Қапияда бастырды қызыл шоқты. Нұрила
Сабақты қорыту. Әдеби диктантта 5 сұрақ
беріледі. Жауап сөзбен жазылып, диктантты 2-3
оқушы оқиды.
1) Ауыспалы мағыналы сөздер қай ақында жиі
кездеседі?
2) Ауыспалы мағыналы сөздерді не үшін
қолданады?
3) Айтыстың көркемдік құндылығы неде?
4) Ақындар би-болыстарды, ру басыларын сынауда
қандай тілдік тәсілдерді қолданған?
5) Қазіргі айтыстарда ауыспалы мағыналы сөздер
кездесе ме?
Кімнің айтысынан байқадың?
Сабақты бекіту: балама тест: «иә», «жоқ».
1. Сүйінбай Жамбылмен айтысқан ба?
2. Жұмбақ айтысы қазіргі ақындарда кездесе ме?
3. Жамбыл Айкүміспен айтысқан ба?
4. «Жар-жар» айтыстың түріне жата ма?
5. Ауыспалы мағыналы сөздер айтысқа қажет пе?
үйге тапсырма: «Жаныма жақын тұлға» атты
эссе жазу.
79
Құралай УАХИТҚЫЗЫ,
Бақытгүл ТАБЫЛДЫҚЫЗЫ,
Павлодар қаласындағы
№41 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері.
«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ
Іс-шараның тақырыбы:
Жүсіпбек Аймауытов және оның романы
«Ақбілек».
Іс-шараның мақсаты: 1) оқушылардың әдебиетке
деген қызығушылығын ояту; 2) жастарды кітап оқуға
шақыру, шығарманың құндылығына көз жеткізу.
«Атамекен» әні ойнап тұрады.
(Сыныпқа шет елден келген журналист кіреді.)
Ресейден келген оқушы - Леонид: – Сәлеметсіңдер
ме?
Жүргізуші – Әйгерім: - Сәлеметсіз бе!
80
Ресейден келген оқушы - Леонид: – Мен
Қазақстанға Ресейден келдім, қазақ тілін үйреніп
жүрмін. Қазақтың ақын-жазушылары туралы
білгім келеді.
Жүргізуші – Әйгерім: - Хош келіпсіз, жоғары
шығыңыз, отырыңыз.
Мұғалім – Құралай Уахитқызы:
– Балалар, бүгін бізде қандай мереке?
– Тіл туралы Заң қашан қабылданды.
Назарларыңды экранға аударыңыздар.
Бейнекөрініс – «ХХ ғасырдың бірінші жарты-
сындағы саяси-әлеуметтік жағдай» (5 минут)
Электронды көрнекілік – «Қазақ тілі –көне тіл»,
«Қазақ тілі
–
мемлекеттік тіл» (10 минут)
Жүргізуші Әйгерім: – 1-слайдқа қарасақ, ол 1889
жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында
дүниеге келген («Баянауыл» вальсі ойнап тұрады).
2-слайд – Жүсіпбек Аймауытов – жазушы, ақын,
аудармашы, драматург.
3-5-слайд – Өмір жолы.
Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол
әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан
кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше
едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл
арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады.
• 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға
барып орыс-қазақ мектебіне түседі.
• 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-
қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады.
• 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер
семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш
81
қозғалысына қатысады», «Абай» жұрналын
шығаруға атсалысады.
• 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде,
Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына
араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің
меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы
болады.
• 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп
мұғалімі болады.
• 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ
жол» газетінің редакциясында істейді.
• 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагоги-
калық техникумға директор болады. Ара-
арасында әр түрлі саяси жұмыстарға
араласады.
• 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып,
«халық жауы» деген жаламен 1931 жылы
өлім жазасына кесіледі.
10 «а» сынып оқушылары Ж.Аймауытовтың
өмірбаяны туралы қазақша-орысша айтады.
6-слайд – Шығармашылық мұрасы.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың
артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай.
10 «б» сынып оқушылары Ж.Аймауытовтың
балаларға арнаған өлеңдерін жатқа оқиды.
Өлеңдері: «Ұран», «Айт, шүу, ала атым!»,
«Біздің торы құлын», «Тырна», «Қыс», «Шілде»,
«Ұршық».
Жүсіпбек Аймауытов:
Айт, шүу, ала атым!
Айт, шүу, ала атым!
82
Сүйеніш қанатым.
Жалғыз сен бейнетпен
Егінді салатын.
Жас шөпті шабатын,
Пайданы табатын,
Күн болса, алақай,
Еңбегің жанатын.
Айт, шүу, ала атым!
Бұл күн айт баратын.
Еріккен бай емен,
Бар малым-бар атым.
Бір осы ала атым,
Егін бар салатын.
Айт іздеп еріксем,
Жұмысым қалатын.
Айт, шүу, ала атым!
Сүйеніш қанатым.
Күн болса егер де
Еңбегің жанатын,
Сонда «айт», ала атым -
Мейрамдар шабатын,
Айт, шүу, бітірем
Жерімді салатын.
Біздің торы құлын
Жағы қалақтай,
Мойыны садақтай,
Төбелі жұлдыздай,
Жүні құндыздай,
Жалы жібектей,
Саны білектей,
83
Көзі моншақтай,
Құйрығы шашақтай,
Өзі жұп-жұмыр,
Еріні жып-жыбыр,
Дауысы шіп-шіңгір,
Басы құп-құлдыр,
Жұтынып жүруші ед,
Бұлтиып тұрушы ед.
Тырна
Жиналыңдар, достарым,
Тырнаны жырға қосалық.
Тырау-тырау, тырналар!
Жас тырнадай мырзалар!
Бұрынғы өткен күндерім,
Жұмыссыз ойнап жүргенім.
Енді жұмыс өзгермек:
Тіс тазарту – о да еңбек
Аяқ жуу, қол жуу,
Жас ұланда жазылдым,
Жасанбай енді не қылдым?!
Қатарда батыл кім болар?
Жас ұланнан кім асар?
Қазбек нені бітірді?
Қарнын шайға толтырды?
Ортақшылдық-досымыз,
Жас ұйым-біздің досымыз.
Қыс
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
84
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар.
Қылаулатқан қырау бар.
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар.
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар.
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік.
Жазғы шілде
Ой, балалар, балалар!
Шілдем, шілдем, шілде айым,
Шырлап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер,
Жапырақтар жалпайды,
Жас қозылар марқайды.
Ұшты көкек қуалай,
Сайда пісті таңқурай.
Құрт, ірімшік қайналды,
Құлындар да байланды,
Нәйім-нәйім бауырсақ,
85
Ағын суға шомылсақ...
Ой, балалар, балалар.
Ойналық та, күлелік.
Үйретіп тай мінелік.
Ұршық
Сыртылдама, он саусақ,
Майдалап, мая түтілші.
Шыртылдама, шынашақ,
Шыр айналшы, шүйке ілші.
Оймышты ұштап, ырғай сап,
Ұршығым, сені қолға алам.
Ұршығым – ұшқыр нар тайлақ,
Жез бұйдалы, желмаям.
Желмаям, желші, нар тайлақ .
Тартына берме, тартаңдап.
Тартына берсең, тайтаңдап,
Тақымдап қоям, қайта айдап.
Қыла ма жалқау жарлылық,
Қылмаса ділгір жүн азы.
Екілен, зырла енді, ұршық,
Иірейін биязы.
Мұғалім
–
Құралай Уахитқызы.
7-слайд – прозасы мен әңгімелері:
“Әнші”, “Күнекейдің жазығы”.
8-слайд – драматургиясы:
86
“Рабиға”, “Мансапқорлар”, “Қанапия мен
Шәрбану”, “Ел қорғаны”, “Шернияз”.
Мұғалім – Бақытгүл Табылдықызы.
9-слайд: «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы.
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында биыл
көпшілікке Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек»
романын оқу ұсынылып отыр.
Ж.Аймауытовтың
«Ақбілек»
романын
көпшілікке оқуға ұсыну шешімі Қазақстанның
халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалығымен
өткен «Бір ел - бір кітап» акциясының ұйымдастыру
комитетінің отырысында қабылданды.
«Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының
күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер
тұсындағы қазақ ауылының өзгеру үдерісін
суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен
адамдардың кесірінен ақтардың тұтқынына түсіп,
неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан
қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған
соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.
Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы
жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ
ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі
тағдырын кеңінен бейнелейді.
Акцияны ұйымдастырушылар романды ел ара-
сында насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын
әзірледі. Оның аясында Қазақстанның барлық
мемлекеттік кітапханаларында романның мәні мен
мазмұнын ашатын кездесулер, дөңгелек үстелдер
87
отырыстары, оқу марафондары мен көрмелер,
барлығы мыңнан астам шара ұйымдастырылады.
Кітап сүйер қауым «Ақбілек» романының
электрондық көшірмесін www.kazneb.kz сайтынан
ала алады.
Құралай Уахитқызы: – Біздің қаламызда
Жүсіпбек Аймауытов атында қазақ музыкалық
театры бар (слайдтар бойынша).
Қорытынды сөзді мектеп директорының
орынбасары Рысты Шаймұратқызы алды. Оқушы-
ларды Жүсіпбек Аймауытов туралы оқулықта
кездеспейтін тың деректермен таныстырды.
Нұргүл ЕЛЕМЕСОВА,
Шәкәрім атындағы
Шығыс Қазақстан облыстық
үш тілде оқытатын
мамандандырылған
дарынды балаларға
арналған мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР – ҚҰНДЫ
МҰРА, АСЫЛ ҚАЗЫНА
Мақсаты: шешендік өнердің алуан сипаттарын,
шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы
88
мағлұматты
тереңдете
түсу;
халқымыздың
даналығының – шешендік асыл қазынасының
тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық
сынынан екшеліп өткен құнды мұра екендігін таныту.
Міндеттері: білімділік – шешендік сөз өнерінің
«өнер падишасы» саналатындығын, шешендіктің
шалқар шабыт, шалқыған сыр мен сезімнен туатынын,
даналық ой, көркем сөз өрілімін талдай оқу. Төле би,
қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би өмірлері жайлы
мәлімет беру; олардың көркем сөзден «сарай салған»
шешендіктерімен бірге қазақтың әйгілі де айбарлы
билері екендігін таныту; ділмар шешендіктеріне
байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту:
сөз астарының мән-мағынасын ашқызу, мазмұнын
меңгерту, құрылысын таныту; дамытушылық –
оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды
өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре
отырып, ой белсенділігін дамыту; шығармашылық
ізденіске бағыттау; оқылған жайға көзқарасын анық
жеткізу дағдыларын, мәнерлеп оқу шеберлігін,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; тәрбиелік –
кемеңгер шешендердің – үлгі-насихатқа толы ғұмыр
иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін
бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті
ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға
зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін
өнеге ету; халықтық мұра – шешендік сөздерді
және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік
өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға
тәрбиелеу.
89
Түрі: ұжымдық, топтық оқыту. Әдісі: сұрақ-жауап,
ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс. Көрнекілігі:
тірек-сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының
шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес
компьютер. Пәнаралық байланыс: Қазақстан
тарихы, халықтық педагогика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыру.
Сынып оқушылары жұптарға, топтарға бөлініп,
өзара белсенді әрекет атқарады.
ІІ. үй тапсырмасын тексеру.
Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақыл көзі.
Жиренше шешен.
Жиренше шешеннің сөзін – жауабын жаттау.
Дәптерге қосымша деректер жазу.
Өткен сабақта біз халқымыз ерекше қадірлеген
шешендік сөздермен танысып, сырлы сөз
шеберлерінің бірі – Жиренше шешенмен кездескен
едік.
Бүгінгі сабағымызға қандай олжамен келгенімізді
танытып, ортаға салайық.
Ұжымдық жұмыс /сұрақ-жауап әдісі бойынша
тексеру/:
1. Шешендік сөздер дегеніміз не?
2. Қазақтың шешендік сөз тарихы кімдердің
есімдерімен байланысты айтылады?
3. Шешендік өнердің кеңінен дамып, биіктеген
кезеңі?
90
4. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қайдан
кездестіреміз?
5. Шешендік сөздер қандай болады?
6. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге
бөлінеді екен?
Топтық жұмыс түрін орындату /конверттегі
кәртішке үстелдеріне қойылады/:
1-топ. Шешен қандай болу керек?
2-топ. Шешендік сөз үлгілері бізге қалай жеткен?
3-топ. Шешендік сөздер қандай кездерде өмірге
келген?
Жеке оқушымен жұмыс.
Үй тапсырмасының бірі – Жиренше шешен
жайында деректер жинау болатын. Тексеріледі.
- Жиренше шешен – ауыз әдебиетіндегі Алдар көсе
мен Қожанасыр сияқты аңызға айналып кеткен бейне.
Аңыз бойынша әз Жәнібек хан тұсында өмір сүрген.
Сарай биі, шешен болғанға ұқсайды. Өйткені тарихи
шежірелерде де, аңыздарда да екеуінің аттары бірге
аталады. Әз Жәнібек 1406-1473 жылдар аралығында
өмір сүрген екен.
- Әз Жәнібек ханның 62 биінің бірі болған екен.
Бірде хан: «Әу, Жиренше, адам қалай қадірлі
болады?» -дейді. Сонда Жиренше: «Қадірлі болғысы
келген кісіге үш жолдас керек. Олар: бақыт, дәулет,
ырыс,»- депті.
- Бірде хан Жиреншеге: «Бұл дүниеде не жетім?»-
деген сұрақ қояды. «Ата қонысынан ауған ел – жетім.
Серіксіз ер – жетім. Жаңбырсыз жер – жетім»- деген
екен оған Жиренше.
91
Жиреншенің әз Жәнібек ханға берген жауабын
жаттап келу тапсырылған болатын. Енді осы
сөздердің мағынасына тереңдейік (2-3 оқушының
жауабын тыңдау).
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны... (1-2 оқушыға талдату)
Жиренше шешен сөзінің негізгі түйіні не деп
ойлайсыңдар?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Жиренше болып ойлансақ,«жақсы» деп кімді
айтамыз? Олар неліктен «жақсы» атанды деп
ойлайсыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ өту.
Кіріспе кезең. Оқушылар назарын аудару (тақта
да):
Ақыл ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар. (Абай)
– Бүгінгі жаңа сабағымызды Абай атамыздың
сөзімен бастағым келіп тұр. Бұл сөзді таңдау
себебімнің сырын сабақ соңында сынға салармыз
деп ойлаймын. Сабағымыз, өздерің біліп отырғандай,
өткендегі сабағымыздың заңды жалғасы болмақ.
Яғни, сөз өнерін жоғары қойған, аталы сөзге тоқтай
білген халықтың бүгінгі ұрпағы – сендер ғасырлар
бойы тамсандырып келген шешендік сөздердің мән-
мағынасын түсіне талдап, бабаларымыздың ұлағатын
оқып, осыдан бойларыңа рухани азық жимақсыңдар.
92
А. Жаңа тақырыпқа шолу жасау, мағлұмат
беру.
Тақтаға назар аударайық (саяхатшы, зерттеуші
А.Янушкеевичтің сөзін жатқа оқып беру):
– Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін,
асқақтата салған әнін тыңдап, ерекше әсерге
бөлендім, бұдан бірнеше күн бұрын екі ел егесінде
шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді
көрген едім, сонда мен тумысында Демосфен,
Цицерондарды
естіп,
білмеген
жандардың
жезтаңдай ділмарлығына таң-тамаша болған едім.
Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жаза білмейтін
ақындар бұлбұлдай сайрап отыр. Жаратқан иесі
мұндай өнер берген халық мәдениет әлеміне өгей
болуға тиіс емес...
– Атақты орыс зерттеушісін таң еткен шешендер
мен ақындар сияқты Жиренше шешен айтып кеткен
«жақсылар» қатарында бір-бірінен бөле-жара қарауға
келмейтін әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге
арналған бүгінгі сабағымызды бастайық.
Топпен жұмыс:
* Әр топ оқушылары жеке жауап береді.
* Келесі топтар ретіне қарай толықтырады.
* Ауызша жауаптары тыңдалып жатқанда билер
суреттерін экранға шығарып қою.
Жауаптар аяқталған соң тақтадан төмендегі
деректерді жинақтай көрсетеді. Дәптерге жазғызады.
Төле би Әлібекұлы.
* Қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзені
бойында Әулиеата маңындағы «Жайсаң жайлау»
деген жерде дүниеге келген.
93
* 1663-1756 (XVII-XVIII).
* Жасынан араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген.
* Шығыстың аңыз әңгімелері, қисса-дастандары-
мен таныс болған.
* Әке тәрбиесімен билікке ерте араласқан. Алғыр,
тапқыр, әділ болған.
* Әнет бабадан бата алған. Көреген. Толғаулар
шығарған.
* «Қарлығаш әулие»,«Бала би» атанған.
Қазыбек Келдібекұлы.
* От ауызды, орақ тілді шешен. Ел намысын
қорғаушы. Даңқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» атанған жоңғар басқыншылығына қарсы
күрес жылдары қазақ даласына жайылды.
* 1667-1764 (1763) жылдары өмір сүрген.
* Жастайынан ел ісіне араласқан. Кемеңгер би,
батыл елші, парасатты мәмілегер.
* «Қаз дауысты» атанған. Ұшқыр қиялды, ұрымтал
ойлы, жалынды сөзді азамат.
* Қайсар, батыл, өжет, өткір, жаратылысынан
дарынды, хас талант.
Әйтеке би Байбекұлы.
* Тәуке хан тұсында (1689-1766 жылдар аралы-
ғында) өмір сүрген.
* Қазақ халқының іргелі ел болуына ісімен де,
сөзімен де зор үлес қосқан айбарлы би болған.
* Тапқыр, шешен, кең ой-өрісті, алғыр ойлы, өжет,
әділдікті ту еткен, жүйелі сөзге көп мағына сыйғызған
дана.
Шешендер сөздерін оқыту және талдату.
Оқулықпен жұмыс жасау.
94
Әр әңгіме, толғау талданған кезде ішіндегі түсінік-
сіз сөздер интерактивті тақтаға шығып отырады.
1. Пырақ – жүйрік ат, сәйгүлік, арғымақ.
2. Үш бұтақты шідер – аттың алдыңғы бір, артқы
екі аяғын қосып салатын тұсау.
3. Фәни – тұрағы жоқ, баянсыз, алдамшы дүние.
4. Мият – көңілге медеу,тірек, сүйеніш.
5. Торқалы той – салтанатты үлкен той.
6. Сағы сыну – тауы шағылу, беті қайту, көңілі қалу.
7. Суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
8. Пақыр – халі нашар, сорлы, байғұс.
1-топ. Төле би Әлібекұлы:
Жаңбыр жаумаса, жер – жетім...
2-топ. Қазыбек Келдібекұлы:
Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты
Қазыбек би сәлем бере барыпты ...
Бір балаға таласқан екі әйелдің дауына шешім
айтқан Қазыбек.
3-топ. Әйтеке би Байбекұлы:
Суалмайтын суат жоқ...
95
Жекелеме жұмыс.
Сергіру сәті ретінде. Оқушылардың өздері қызық-
қан туындылары бойынша сергіту сәтін өткізу.
Қаз дауысты Қазыбектің әйгілі «Біз қазақ деген –
мал баққан елміз...»-деп басталатын сөзі.
Достарыңызбен бөлісу: |