ҰЛАҒат қараша



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,23 Mb.
#11182
1   2   3   4   5   6   7   8

Жаңа тақырыпты бекіту.
–  Бүгінгі  білгенімізді  ортаға  салып,  «Үш 
пайғамбар»  атанған  үш  би  туралы  әңгімелер  мен 
олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама 
жасайық. Ел мұңын мұңдаған, халқына қызмет еткен 
билер  бойындағы  қасиеттерден  оларды  тағы  кімдер 
ретінде таныдық?
* елші, мәмілегер;                   
* тәрбиеші;           
* саясаткер, қоғам қайраткері;
* заңгер;
* ақын;
* ойшыл, ғалым;
* психолог;                             
* шешен.
–  «Шынайы  шешен  –  жарқын  тұлға»  демекші, 
билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық жұлдыздардың 
бірегейлері екендігін де жете ұғындық деп ойлаймын. 
Жиренше  шешен  айтқан  «жақсылар»  –  біздің  рухы 
күшті  аталған  шешендеріміз  екені  даусыз.  Ұрпағы 
-  сендер  ұмытпай,  ұлағатты  сөздерін  жаттап,  айтып 
жүрсеңдер,  олардың  аттарының  көгімізде  мәңгі 
шырқап тұрғаны емес пе? Мына өздеріңе жақсы таныс 
ескерткіш-мүсіндегі  қияға  көз  тіккен  бабалардың 
отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай. 

96
Осындай  төл  тілімізде  сөз  кестесін  төгілтіп, 
әділдікке  жүгінген  азаматтар  арман  еткен 
тәуелсіздігіміз баянды болғай.                                                                         
ІV. Сабақты қорытындылау.
-  Міне,  балалар,  бүгінгі  сабағымыз  да  мәресіне 
жетті.                     
«Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке                                
Асқар тау – Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн, бірі туған айдай болып,
Заманға  сәйкесімен  келіп  еді»,-  деп  бағаланған 
билердің  тамаша  сөз  оралымдарынан  тағылым  ала 
білсеңдер, сабақ басындағы:
«Ақыл ойлап білген сөз 
Бойыңа жұқпас,сырғанар.                                                                                                 
Ынталы жүрек сезген сөз 
Бар  тамырды  қуалар»  деген  Абай  атамыздың 
сөзінің сырын түсіндіңдер деп ойлаймын.     
V.  үйге  тапсырма  беру:  Төле  бидің  жұмбақтап 
айтқандарын,  Қазыбек  би  мен  Әйтеке  бидің 
толғауларын  жаттау,  «Шынайы  шешен  –  жарқын 
тұлға»  тақырыбына  шағын  шығарма  –  ойтолғау 
жазып келу.
VІ. Білімді бағалау.

97
Сыныптан тыс тәлім
Айша ӘЛДІБЕКОВА,
Талдықорған қазақ-түрік
жасөспірімдер лицейінің мұғалімі.
Алматы облысы.
ТІЛДАРЫН
Мақсаты:  оқушылар  сөздікпен  жұмыс  істейді, 
әр  сөздің  мағыналық  ерекшелігін  таниды,  сөйлеу  
дағдысы қалыптасады; ойын таратып айтуға, өздігінен 
іздену  арқылы  сөз  қадірін  түсінеді;  жылдамдыққа, 
тапқырлыққа бейімделіп, сөйлеу мәдениетін меңгереді.
Сайыс түрлері:
1. Ең үздік талапкер.
2. Ең үздік сатира.
3. Шешендік ойдың шебері.
4. Үздік мақала.
5. «Ана тіл – дана тіл...»
6. Үздік слайд.
 
«Тілдарын» 
Тіл – халықтың даналығы, танымы мен 
талғамын тауып айтатын шыншылды-
ғын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, 
ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе 
жатқан баға жетпес қазынасы. 
 
Тіл  мәйегі – сөздікте                                                         
Сөздік – ауызекі сөйлеуді кеңейтіп 
байытатын және әдеби тілімізді 
ғылыми негізде дамытуға арналған 
құрал. 

98
І кезең.  «Ең үздік талапкер» байқауы.
Екі  топтан  екі  оқушы  ортаға  шығады.  Оларға 
берілген тапсырма оқылып, жауабы айтылады. Дұрыс 
жауапқа синонимдік қатар атайды. Аталған синонимдік 
қатардың әр сөзі бір ұпай болып есептеледі. 
Бірінші тапсырма:
1-тапсырма жауабы:
Екінші оқушыға ұсынылған тапсырма.
Екінші тапсырма жауабы:
 
Ақылгөй, ақылшы, 
данагөй. 
дана, данышпан, 
кемеңгер, ойшыл, 
ұлы 
 
 
2-тапсырма 
Бір нәрсені тез байқайтын, сезімтал, 
көреген адам. 
 
Аңғарғыш, аңғарымпаз, абайлағыш, 
аңдағыш, байымды, байқағыш, 
байқампаз, бағдаршыл. 
 
1-тапсырма 
Ақыл-білімімен жұртқа танылған ұлы 
адам. 

99
Келесі  тапсырмалар  қатысқан  екі  оқушыға 
кезекпен көрсетіліп отырады.
үшінші тапсырма:
үшінші тапсырманың жауабы:
Төртінші тапсырма:
 
Әркімнің өз бетінше сырттап жүруі, 
басы бірікпеу. 
 
Бөлектену, оқшаулану, оңашалану, 
жекелену, даралану, алалану, шеттеу, 
аулақтану. 
 
Білім және тәлім-тәрбие беретін 
мамандарға тән қасиет, ағартушылық 
қызмет. 
 
Көңілге келген ойды, пікірді, хабарды 
басқа біреулерге жеткізу. 
 
 
Сөйлеу, айту, деу, үндеу, тіл қату. 

100
Төртінші тапсырманың жауабы:
Бесінші  тапсырма:
Бесінші тапсырманың жауабы:
Алтыншы  тапсырма: 
Алтыншы тапсырманың жауабы:      
 
 
мұғалім 
ұстаз 
оқытушы 
педагог 
 
Белгілі бір мақсатқа жету үшін аянбай 
еңбек етіп, тырмысып, әрекеттену. 
 
Білімдарлық, білімпаздық, білгірлік, 
білімділік, білгіштік. 
 
Талаптану, талпыну, ұмтылу, тырысу, 
қарману, ынталану, тырбану. 
 
Көп нәрсені жете білу, ой-өрісінің 
кеңдігі. 

101
ІІ кезең. « Ең үздік сатира» байқауы. Бұл кезеңге 
де топтан екі оқушы қатысады. Сатиралық шығарманы  
нақышына келтіре оқыған оқушы «үздіктер» қатарына 
ілігеді.
ІІІ  кезең.  «Шешендік  ойдың  шебері»  байқауы. 
Қатысатын  екі  топтағы  оқушылар  дәйекті  пікірлерді 
негізге  ала  отырып,  өз  ойын  кеңейтіп  айтады.
(Ж.Аймауытов пен Ғ.Мұстафиннің тіл туралы ойларын 
таратып айту):
ІV  кезең.  «Ана  тілі  –  дана  тіл  ...  »  байқауы.  Бұл 
кезеңге қатысатын оқушылар түсіндірме сөздікті негізге 
ала  отырып,  сөздердің  мағыналарын    айқындайтын 
нұсқаны  таңдайды.  Дұрыс  нұсқасындағы    жауапқа 
тірек  болған  сөзге  мақал-мәтел  ойлап  айтады.  Қанша 
мақал айтса, сонша ұпай жинақтайды. Дарынды оқушы 
анықталады. Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар:
 
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан 
кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық 
толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп 
отыратын қазына.    (Жүсіпбек Аймауытов). 
 
Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр. Күй 
шалмайтын қараңғы көңілді шалады. Ендеше, 
соншалық қуатты да киелі қаруды қалай болса 
солай қолдануға болмайды. (Ғабиден Мұстафин). 

102
 
Қосақ (ауыспалы мағынада) 
А) жұбай, өмірлік жолдас;                                                                           
Ә) қосалқы міндет;
                                                        
Б) малды екеулеп қосақтау. 
 
 
Қойнау деген не? 
А) таулы жердің сайы;                                                                           
Ә) өзен арнасының тармағы;                                                        
Б) зат сақтайтын жай. 
 
 
Жалын (ауыспалы мағынада) – 
А) жанған заттан жоғары көтерілген алау;                                                                           
Ә) оттың жалыны;                                                        
Б) адам бойындағы жігер, қайрат.
 
 
 
 
Жанр (зат есім) – 
А) тән белгілер;                                                                           
Ә) шығарма түрі;                                                                        
Б) кейіпкер сөзі. 
 
 
 
Білім (зат есім) – 
А) хабарлы болу, түсінігі болу;                                                                           
Ә) білімді игеруші ғалым;                                                        
Б) оқу орындары арқылы берілетін мәлімет. 
 
 

103
V    кезең.    «үздік  мақала»  байқауы.  Қатысатын 
оқушылар  алдын  ала  жазып  келген  мақалаларын 
оқиды. Мақаланың мазмұнды болуымен қатар, көркем 
ойлармен берілген туындылары іріктеледі.
VІ  кезең.  «үздік  слайд»  байқауы.  Оқушылар 
компьютер  арқылы  жасаған  туындысын  не  мақсатта, 
неге байланысты құрастырғанын өзі баяндайды. Үздік 
аталған туындылары: 
Қазақ салт-дәстүрлері
 
Бірлік (зат есім) – 
А) ынтымақтылық, бүтіндік;                                                                           
Ә) бірлікке тырысушы, ұйымшыл;                                                        
Б) бірден тоғызға дейінгі сандар. 
 
 
 
Өсиет (зат есім) – 
А) ұлғайған кісілердің жастарға айтатын ақыл 
сөзі, кеңесі;                            
                                                     
Ә) ақыл үйретуші, өсиетші;                                                        
Б) ақылгөй адам. 
 
 
Тоқым қағар 
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген  
бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан 
кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады. 
Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. 
Шағын  айтыс болып, ойын-сауыққа айналады. 
 
 

104
Жасалған слайдтың үлгісі ғана ұсынылып отыр.
Байқаулардың қорытындысы. Орын алған оқушылар:
1. «Ең  үздік талапкер» – Нұрахмет Елдар
2. «Ең үздік сатира» – Оразтегі Абзал
3. «Шешен ойдың шебері» – Махмет Қасым
4. «Үздік мақала»  – Бақтияр Әсемақын
5.  «Тілдарынның»  дарынды  оқушысы  –  Балғабек 
Сырым 
6.«Үздік слайд» – Сапарғалиев Азамат.
Байқауға қатысқан оқушылар саны - 12. Сайыс  
9-сынып оқушыларының қазақ топтары арасында 
өтті.
 
Атқа мінгізу 
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 
3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен 
ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас 
құнанға ерттеп, баланы мінгізіп, байлап қойған. 
Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды 
жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып 
тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер 
баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. 
Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі 
күресіп, түрлі ойындар ойнаған. 
 
 

105
А.ТҰРБЕКОВА,
«№5 жалпы орта мектебі 
мемлекеттік мекемесінің» 
жанынан ашылған «Күншуақ» 
шағын орталығының ересектер
тобының тәрбиешісі.
Маңғыстау облысы.
Мұнайлы ауылы.
ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАңА ЖЫЛ!
Зал  іші  әсем  безендірілген.  Жаңа  жылдық  киімдер 
киген балалар залға әуен ырғағымен еркін билеп кіреді. 
Шыршаны айналып барлығы билейді.
Тәрбиеші: 
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
  Айтамыз тебірене жаңа жыр.
  Төрле, төрле, кұтты жыл,
  Жүрші әркез төгіп нұр.
  Төрле, төрле, құтты жыл!
  Қуаныштан айтылады әсем жыр.
  Балалардың бақытында шек болмай,
  Жүректері қуаныштан толқып тұр.
  Қуаныш пен шаттықта теңелейік,
  Жадырап, ән шырқап тербелейік.
  Төрле, төрле, халқымның кұтты жылы,
  Бәріміз дөңгелене кел билейік.
Тәрбиеші: 
-    Қымбатты  қонақтар,    ата-аналар,  балалар! 
Сіздерді  Жаңа  жыл  мерекелеріңізбен  құттықтаймыз, 
өмірлеріңізге 
шаттық, 
дендеріңізге 
саулық, 

106
отбасыларыңызға ынтымақ-бірлік тілейміз.
- Құтты болсын, ағайын,
  Жаңа жыл баршаға!
  Қол соғып қарсы алайық,
  Шақырайық ортаға.
Ән. «Жаңа жыл».
Алтынай: 
Қуаныштан лүпіл қағып жүрегім,
  Жаңа жылды жылда күтіп жүремін.
  Қаңтар айы – күнпарақты бастаған
  Он екі айдың үлкені деп білемін.
Әсемай:
- Жаңа жылда жаңартамын үй ішін
  Жаңа жылдық жаңа көңіл күй үшін!
  Шырша тігіп, ойыншықтар ілемін,
  Жарқыратып бөлменің бір мүйісін. 
Тәрбиеші: 
-  Балалар,  қараңдаршы,  шыршамыз  әсем, 
ойыншықтарымыз  қандай  әдемі!  Осы  шыршамызға 
арнап бір тақпақтар айтайықшы. 
Нұрқадам:
Жасыл желек жамылған, 
  Асыл моншақ тағынған. 
  Міне, сұлу шыршамыз,
  Қуанып қарсы аламыз. 
Әйгерім:
Тамаша, тамаша,
  Шыршамыз тұр жараса. 
  Басында әсем жұлдызы,
  Көз тоймайды қараса!

107
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
  Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. 
  Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн 
  Әр қанаттан кең алқапқа тарайды. 
Тәрбиеші: 
-  Балалар,  жаңа  жылымыз  қызықты  болу  үшін 
ортамызға кімдер  жетіспейді?
Балалар: -Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші:
-  Әрине,  олай  болса  Аяз  ата  мен  Ақшақарды  шақы-
райық.
Балалар:
Аяз ата, Ақшақар, 
  Келіңіздер ортаға!
  Сағындық біз сіздерді,
  Асыға күттік қаншама!
Сырттан саңғырлаған дыбыс естіледі.
Жүргізуші: 
Балалар, Аяз ата мен немересі Ақшақар келе жатқан 
секілді ( Осы кезде залға түлкі кіріп келеді)
Түлкі: 
-  Сәлеметсіздер  ме,  балалар,  қонақтар!  Мен  Аяз 
аталарың боламын.
Балалар: - Жоқ, жоқ, сіз Аяз ата емессіз. 
Жүргізуші:
Балалар дұрыс айтады, сіз Аяз атаға ұқсамайсыз.
Түлкі:
Егер сендер сенбесеңдер, онда мен шыршаларыңды 
жоқ қыламын, ашуыма тимеңдер, сиқырлы құйрығыммен 
бәрін жойып жіберемін. 

108
Жүргізуші:
Балалар, Аяз ата келгенше түлкінің ашуына тимейік, 
одан да көңілін көтеруге тырысайық. 
Балалар:- Иә, Иә. 
Жүргізуші:
- Сіз ашуыңызды басыңыз, ренжімеңіз, біздің балалар 
өнерлі, жаңа жылды көп күтті. 
Түлкі:
-  Менің  ашуым  келіп  тұр,  мына  ойыншықтарыңды 
сындырып тастағым  келіп тұр.
Егер өнерлерің ұнамаса, қиратамын бәрін. 
Тәрбиеші:
Балалар, тез-тез өнерімізді көрсетейік, сендер билеп, 
ән  салып,  тақпақ  айтқанда  түлкінің  сиқырының  күші 
жойыла береді. 
Саятбек:
- Аспан жерге төгеді
  Ақ күмісін уыстап.
  Жаңа жыл да келеді
  Бізге қарай жылыстап. 
Жұлдыз:
Жүзімізде күлкі ойнап, 
  Қанаттанды жанымыз.
  Жаңа жылды біз тойлап,
  Шаттанамыз бәріміз. 
Дінахмет:
Өлең де әзір, ән де әзір, 
  Ойын да әзір, бәрі әзір.
  Кел, Жаңа жыл, біздерге 
  Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

109
Түлкі:
- Билерің, тақпақтарың жақсы екен, бірақ сендер маған 
ұнамайсыңдар.  Қазір  мен  бәрін  қиратамын  (Құйрығын 
көтерсе,  құйрығының  сиқыры  жойылған,  одан  да  әрі 
ашуы  келеді.  Осы  кезде  алай-дүлей  боран  басталады. 
Залға  боран  келіп,  гуілдеп  қарды  бората  бастайды.  Ал 
түлкі шыршаның түбіне барып, тығылып қалады).
Боран:
Мен боранмын, боранмын,
  Ақ қарға мен орандым.
  Тидіңдер сендер ашуға
  Тыныш ұйықтап жатқанда.
Тәрбиеші:
Боран ата! Басыңыз сіз ашуды,
  Балалар біздің өнерлі:
  Өлең айтып, би билеп
  Көтереді көңілді!
Би «Домбыра». 
Расул:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
  Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 
  Үсті-басы – ақ қырау, түсі – суық, 
  Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
Жасұлан:
- Ақ қыс келіп боранды,
  Аяз айтты зор әнді.
  Айналаның бәрі де
  Ақ көрпеге оранды.
Осы кезде боранның қалтасынан бір дыбыс естіледі, 
ол – телефонның шырылы.
Боран: - Алло, алло 

110
Аяз ата:
-  Боран,  ашуыңыз  басылды  ма?  Балалардың 
ертеңгілігіне 
келе 
жатқанда 
қар 
жауғызып 
борандаттыңыз.
Боран:
- Иә, ашуым басылды. Мұндағы балалар өте өнерлі 
екен. Егер сіз келе жатсаңыз, мен қоштасайын.
Аяз ата:
Иә, иә, біз немерем екеуіміз келе жатырмыз. 
Боран:
-  Иә,  рұқсат  болса,  қайтайын.  Қош,  сау  болыңдар, 
балалар!
Тәрбиеші:
Балапандар, балалар,
  Алыс жақын қала бар. 
  Сол шалғайдан келетін
  Сыйлы жандар тағы бар. 
  Кімдер олар, балалар?
Балалар: - Аяз ата мен Ақшақар.
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасыңдар. Арамызда Аяз ата мен Ақшақар 
жоқ. Қане, оларды шақырайық. 
Балалар: - Аяз ата, Аяз ата! Ақшақар, Ақшақар!
Аяз ата (көңілді дауыспен): 
Амансың ба, ұлдарым,
   Амансың ба, қыздарым!
   Қандай жарқын жүздерің, 
       
  Қандай әсем жырларың!
  Асулармен алысқан
  Өздеріңе оралдым,
  Бар сыйлығым, жоралғым!

111
  Керемет бір ән тыңдап 
  Келіп тұр-ау демалғым!
Ақшақар:
Ал, келіңдер, келіңдер,
  Тақпақ айтып беріңдер.
  Жомарт Аяз атадан
  Сыйлық алып көріңдер.
Алинур:
Аппақ талға оранып,
  Базарлықты мол алып,
  Келді алыс сапардан
  Аяз ата оралып.
Салтанат:
Қалып едік сағынып,
  Күтіп қалдық жабылып. 
  Жағып қойдық жарық қып, 
  Шыршаларға шамды іліп. 
Нұрым:
- Бізбен бүгін ойнайды, 
  Жаңа жылды тойлайды.
  Барлық бала бақытты
  Болса екен деп ойлайды.
Ән «Аяз ата».
Тәрбиеші:
Ал, балалар, балалар, 
  Ескі жылдай аға бар. 
  Оны ортаға алайық,
  Қош айтысып қалайық.
 Даниял:
- Өткен жылға ырзамыз,
  Өсе түсті бойымыз.

112
  Қандық талай сырға біз,
  Шарықтады ойымыз.
Ұлу (Нұрай):
Балаларым, балғындарым
  Алғысым көп айтар менің!
  Дәл осындай артығырақ
  Қарсы алыңдар жылан жылын
Жылан (Ұлмекен):
Амансыздар ма,балалар! 
  Мен де бүгін келіп қалдым.
  Жаңа жылмен барлығыңды құттықтаймын!
  Жылан жылы құтты болсын
  Денсаулықтарың мықты болсын!
Тәрбиеші:
Келді, міне, жаңа жыл аппақ болып,
  Ән болып, жұмбақ болып,тақпақ болып.
  Ауламыздың тұсына конып жатыр
  Мұз болып, ақ қар болып, қатқақ болып.
Тәрбиеші:

Аяз 
ата, 
біздің 
балалардың 
өнерін               
тамашалаңыздар.
Бауыржан:
Сақалы ақ, мұрны қызыл
  Жылы екен жүзі де
  Кірпігі – ақ, еріні – қызыл,
  Мейірімді екен көзі де.
Әділет:
Аяз ата, Аяз ата,
  Сені күтіп жүрдік біз.
  Томпақ қапты арқаланып
  Келеріңе сендік біз.

113
Берекет:
Шаттық жыр, шаттық жыр,
  Дидарыңда шаттық тұр.
  Аяз ата – ортада,
  Арқасында қапшық жүр.
Ержан: 
Борандатып, аққарлатып Аяз ата келеді,
  Ақ көңілмен, пәк көңілмен бізге сәлем береді.
Би: «Балапандар».
Тәрбиеші:
-  Балалар,  қане,  Ақшақарға  арнап  өз  тақпақтары-
ңызды айтыңыздаршы.
Венера:
Мұздан моншақ тағынып,
  Күміс қырау жамылып,
  Ортада тұр Ақшақар
  Көптен күткен сағынып.
Жаннел:
- Кел, билейік сенімен,
  Деймін тартып жеңінен.
  Еріп кетпе, Ақшақар,
  Адамдардың демінен.
Ән «Кел билейік».
Алтынай:
Көңілде – көп қуаныш,
  Әр көңілде – жақсылық.
  Кетер жылға – мың алғыс
  Әкелген көп жақсылық!
Динара:
Тілеймін мен бар әлемге:
  Дос көп болсын жанашыр!

114
  Ата-әже, папа-мама,
  Құтты болсын жаңа жыл!
Бейбарыс:
Төрлет енді, жаңа жыл,
  Үлестір құт-береке.
  Көп қуаныш ала жүр,
  Көп болсыншы мереке!
Ырзабек:
- Келді жылым-бақытым,
  Кемелденді уақытым.
  Сәлем саған, жаңа жыл –
  Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Би «Ақ боз ат».
Аяз ата:
-  Рахмет!  Бәрекелді!  Қандай  тамаша,  балалар! 
Балапандарым,  рұқсат  болса,  біз  жүрейік.  Біздің  әлі 
де  болса  баратын  жерлеріміз  бар,  жолымыз  ұзақ, 
алыс  дегендей.  Келесі  кездескенше  сау  болыңыздар, 
балаларым.
Балалар: - Сау болыңыз!
Тәрбиеші:
- Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
  Ол кеткенде терең ойға батамыз.
  Ақшақар боп қалықтаймыз аспанда,
  Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
  Жаңа жыл келді, міне, жерімізге,
  Әкелсін құт-береке елімізге!
  Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
  Қиындық жолатпасын бәрімізге!- дей отырып, Жаңа 
жыл мерекесіне арнаған ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

115
Эльмира АРТЫҚОВА,
Алматы облысының 
Талғар қаласындағы 
облыстық санаториялық 
үлгідегі мектеп-интернатының
тәрбиешісі.
САЛТ-ДӘСТүРІМ –    
САЛТАНАТЫМ
Мақсаты:  қазақ  халқының  ұлттық  қасиетін 
көрсететін  әдебиет,  тарих  пәндерінің  жас  ұрпақ 
тәрбиесінде  атқаратын  зор  рөліне  ерекше  назар  ауда-
рып,  жол-жора,  салт-дәстүрлерін  қастерлеп  бағалау. 
Болашақта ұлттық қасиетімізді жоғалтып алмау.
1-жүргізуші: 
-  Бәріңізді  4  «б»  сынып  оқушыларының  «Салт-
дәстүрім  –  салтанатым»  атты  ашық  тәрбие  сағатын 
көруге шақырамыз!
2-жүргізуші:
- Сұраймыз алғыс та, ақыл да біз,
  Үй – дастарқан, даламыз – сахнамыз.
  «Салт дәстүрім – салтанатым» тәрбие сағатына
  Сіздерді біз көруге шақырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет