ҰЛАҒат қараша



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,23 Mb.
#11182
1   2   3   4   5   6   7   8

Алтынгүл ЕРМЕКБАЕВА,
С. Жиенбаев атындағы                                 
жасөспірімдер кітапханасының                                          
                            кітапханашысы.
Ақтөбе қаласы.
ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ
Биыл  ұлтымыздың  ұлы  жазушысы,  драматург, 
әдебиетші-ғалым, 
қазақ 
әдебиетінің 
классигі  
М.О.Әуезовтің  туғанына  115  жыл  және  қазақ  халқын 
әлемге  танытқан    «Абай  жолы»  роман-эпопеясының 
жарыққа шыққанына 70 жыл толып отыр.     
Осыған  орай,  облыстық  С.Жиенбаев  атындағы 
жасөспірімдер  кітапханасы  №47  мектепте  10-сынып  
оқушыларымен  және    кітапхананың  оқу  залында 
көпшілік  оқырмандары  арасында    «Әлем  таныған 
Әуезов» атты танымдық сағатын өткізді.
Көпшілік  шараның    мақсаты:  жастарға  заңғар 
жазушы 
М.Әуезовтің 
 
өмірінен 
мәліметтер 
беріп,  шығармаларымен  таныстыру,  оқырмандық 
қызығушылығын 
арттыра 
отырып, 
көркемдік 
ерекшелігін 
ашып 
көрсету. 
Мұхтар 
Әуезов 
шығармаларының өміршеңдігін таныту. 
XlX ғасыр әдебиетінің асқар шыңы – Абай болса, XX 
ғасыр әдебиетінің заңғар биігі – Мұхтар Әуезов екенін 
білеміз.  Абай  мен  М.Әуезов  мұрасы  –  халқымыздың 
ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасатын, маңызын 
жоймайтын  зерттеудің    қайнар  көзі.  Бұл  күндері  қос 
ғұлама  есімі  ұлттық  сана-сезімде  мәңгі  аталатын  ұлы 
тұлғаларға  айналды.  Дана  Абайдың  қазақ  халқының 
рухани ұстазы ретінде танылып, әлемдік көркем ойдың 
алтын қазынасына айналуы – оның өз мұрасы ғана емес, 

43
сонымен  бірге  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясы 
арқылы  жүзеге  асты.      Осы  роман  арқылы    қазіргі 
қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классикасының 
шыңына шықты.
Кітапхана  қызметкері  Бағдагүл  Махамбетәлиева 
М.Әуезовтың  өмірі  мен  шығармашылығы    туралы 
әңгімеден  бастады.  Оқырмандардың  сүйіктісіне 
айналған  «Абай  жолы»,  «Көксерек»  шығармаларына 
ерекше тоқталып өтті. 
Абай  тұлғасы  –  эпопеяның  негізі.  Мыңмен  жалғыз 
алысқан  кемеңгер  ақын  бейнесін  М.Әуезов  өзінің 
кемел көкірегінде қолына қалам ұстаған күннен бастап 
мүсіндеп  келген.      Романдағы  Құнанбай  бейнесінің  
жасалуы  бүкіл  әлем  әдебиеті  тақырыбында  сирек 
кездеседі.
Тақырыпқа    сай  кітап  көрмесі  ұйымдастырылып, 
дүние жүзі халықтарының  116  тіліне  аударылған  ұлы 
суреткердің  ұлы  туындысы  –  «Абай  жолы»  кітабына, 
тұңғыш  рет  жарық  көрген  электронды  аудионұсқа 
эпопеясына библиографиялық шолу жасалды.  
Шараға 
қатысушылар 
арасынан 
Нұржан 
Айжарықов, Арай Зайлашева, Серікболсын Қайболдин, 
Ақмарал Ерғали, т.б. «Абай жолы» романының басты 
кейіпкерлерінен  құралған  сөзжұмбақты  шешіп, 
сұрақтарға  белсене жауап берді. Соңынан М.Әуезовтің 
өмірі мен шығармашылығына  арналған « Ұлы даланың 
ұлы жаршысы» атты слайд шоуды тамашалады.
Жыл  сайынғы  қазан  айында  өтетін  облыс 
орталығындағы  жоғарғы  және  орта  арнаулы  оқу 
орындарының бірінші курс студенттеріне ай бойы «Бұл 
–  сенің  кітапханаң»  атты  кітапхана  саяхаты  биыл  да  
жоспарлануда.  Саяхат  барысында    ұлтымыздың  ұлы 
жазушысы  М.Әуезовтің  өмірі  мен  шығармашылығы 

44
және «Абай жолы» кітабын  насихаттау  жалғасын таба 
бермек.
                                                                                              
            Алтынгүлге ұстаздық атқа мінген
            Түк қыла алмас тұрмыстың қатты ағысы!
            Әуезов пен Абайды жатқа білген
            Шәкірттері –  жұртының мақтанышы!

45
Педагог пайымы
Несіпбай БОЛҒАНБАЕВ,
Т.Бигелдинов атындағы 
Республикалық әскери мектеп-
интернатының мұғалімі.
Қарағанды қаласы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫң ТИІМДІ 
ТӘСІЛДЕРІ
Бүгінгі  білім  беру  ісінің  сұранысы  –  айтқанды 
тыңдап  шыққан  бала  емес,  тыңдағанын  өмірде 
қолдана алатын бала.
Баланы дамытатын – мұғалім, ол үрдіс 45 минуттан 
басталады.  Мұғалім  –  менеджер.  Ресейлік  ғалым-
педагог  Ю.А.Конаржевский  өмірге  педагогикалық 
менеджмент,  педагог-менеджер  деген  терминді 
әкелді. Менеджер латын тіліндегі «манус» - қол деген 
сөз, яғни, істі өзгелердің қолы арқылы тындырушы. 
Менеджмент  дегеніміз  –  әр  адамға  тән  ерекшелік-
терді  ескере  отырып,  оларды  пайдалы  әрі  тиімді 
еңбек  етуге  жұмылдыру  мақсатындағы  іс-әрекеттің 
айырықша бір түрі. Мұғалімнің кәсіби сауаттылығы, 
құзырлылығы – оның дұрыс ұйымдастыра білуінде. 
Құзырлылық – сол істі білуші, жан-жақты хабардар, 
белгілі  бір  мәселеде  беделді,  белгілі  бір  сұрақтар 
төңірегінде хабары мол деген ұғымды білдіреді.
Сабақ  –  шығарма.  Ол  –  әр  мұғалімнің  шығарма-
шылық  жұмысы.  Мұғалімнің  кәсіби  білімі 
қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген 

46
оқушы да соншалықты сауатты.
Соңғы  кезде  елімізде  білімге  деген  көзқарас 
өзгерді.  Егер  бұрын  ғылым  –  өндіріс    –  білім  деп 
қараса, қазір мәдениет – білім – тарих деп қарайды. 
Осыған байланысты орта білім берудің мақсаты: алған 
білімнің,  кәсіби  дағдыларының  негізінде  өмірдің 
өзгермелі  жағдайларында  еркін  бағдарлай  алатын, 
өзінің  білімін  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және 
адамгершілік  тұрғыда  өз  бетінше  дұрыс,  жауапты 
шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
«Мектеп жаны – мұғалім» деп тіл білімінің авторы 
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мемлекеттік тілден 
сабақ  беретін  мұғалімнің  әр  сабаққа  шығармашы-
лық ізденіспен дайындалуына тура келеді. Көп ізде-
ну, дайындалу, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттерді 
орынды қолдана білу – негізгі мақсат. 
Қазақ  тілі  мамандарының  іскерлігі,  білім  мен 
біліктілігі, ой ұшқырлығы өте қажет. Қазіргі кезеңде 
білім  беру  саласында  әлемдік  білім  кеңістігіне 
ұмтылуға 
байланысты 
жасалынып 
жатқан 
талпыныстар  мектеп  оқушыларының  дербестігін, 
ізденімпаздығын,  белсенділігін  дамытып,  білімі 
мен  біліктерін  өмірдің  жаңа  жағдайында  пайдалана 
білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнін оқытудың сапасын көтеру мұғалімнен 
шығармашылықты,  ізденімпаздықты  талап  етеді, 
сондықтан  мұндай  тапсырмаларды  орындау  кезең-
кезеңімен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер:
1. Тақырыптың өзектілігін табу;
2. Мақсаты мен міндеттерін анықтау;
3. Зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу;
4. Болжам құру;

47
5. Болжамды тексеру;
6. Нәтижесін шығару.
Шығармашылықпен  айналыса  отырып,  мұғалім 
оқу  сапасын  арттыруды,  оқушының  төмендегі  жеке 
дара қасиетін кеңейтеді.
Ол: зеректілігін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын, 
шабыттылығын,  белсенділігін,  қызығушылығын, 
ұстанымын  күшейтеді.  Жақсы  тіл  маманы  білімнің 
құрамы  мен  құрылымын  анықтап,  білім  сапасын 
қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
Білім  сапасын  қамтамасыз  ету  жолдарының 
ерекшелігі неде? Мәселе «Не үшін оқытамыз» деген 
сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап 
ретінде  алынатын  соңғы  нәтижелер  нақтыланды. 
Бұдан  кейін  шешілетін  мәселе  «оқушыны  оқуға 
қалай  үйрету  керек?»  деген  сұрақпен  байланысты. 
Демек,  мұғалім  негізінен  оқушыларға  жүйеленіп 
 
Білім сапасын 
қамтамасыз 
ету жолдары 
Оқушыны 
оқуға қалай 
үйрету 
керек? 
Оқу үрдісін 
ұйымдас-
тыру 
Оқу 
нәтижесін 
анықтау 
Не үшін 
оқыту 
керек? 
Алынған 
нәтижелер 

48
өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды, 
баланы  өз  бетімен  ізденуге,  өзіне  қажет  білімді 
іздестіруге  керек  қасиеттермен  қаруландырады. 
Қазіргі мұғалімнің теориялық әрі практикалық білім 
деңгейі оқушылардың білім сапасын қамтамасыз ету 
ісімен тікелей байланысты.
Сондықтан қазіргі мұғалімге ұсыныс:
1. Өздігінен білім жетілдіруге бағыт алу;
2. Зерттеушілік жұмыспен айналысу;
3. Оқушылармен зерттеушілік жұмыс жүргізу өте 
қажет-ақ.
«Халық  кемеліне  келіп,  өркендеуі  үшін,  ең 
алдымен,  азаттық  пен  білім  керек»  деп  ұлы 
ғалым  Шоқан  Уәлиханов  айтқандай,  азаттық  пен 
егемендікті  ту  етіп  отырған  жас  ұрпақтың  жаңаша 
ойлауына,  дүниетанымының  қалыптасуына  әлемдік 
сапа  деңгейіндегі  білім  қажет.  Демек,  оқушыларға 
сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру  ісін  жаңа 
талап  тұрғысынан  өзгертіп,  оқыту  тәсілдерін  үнемі 
жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың 
сапасын  арттыруда  жаңа  технологияларды  оқып-
үйреніп, оны іс-тәжірибеде қолдану керек.
Жаңа технологиялардан:
1. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту бағдарламасы;
2. Тілдік материалды сатылай кешенді талдау;
3. Ұжымдық тәсілмен оқыту жолдары;
4. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту;
5. Модульдік оқыту технологиясы;

49
6.  Сабақта  ойын  элементтерін  қолдану,  тағы 
көптеген  әдіс-тәсіл  жайлы  ақпараттар  да  өте  көп 
берілген.
Осы технологияларды пайдалана білген мұғалімнің 
берген білімі сапалы болмақ.
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  сабағын  оқытудың 
сапасын көтеруде ақпараттық технологияның берері 
мол. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арнап шығарылған 
электронды оқулықтар санын, түрін көбейту – бізге 
міндет.  Интерактивті  оқыту  тәсілдері  күнделікті 
өмірге  енсе,  жаңа  қоғам  сұранысына  мектеп  жауап 
бере  алады.  Мектептегі  оқу  пәндерін  оқытуды 
сапалы дәрежеге көтеруге мүмкіндігі зор – интернет 
жүйесі. Интернетті қазақ тілін оқытуда қолданудың 
дидактикалық мақсаты:
- Қазақ тілін болашаққа халықаралық тіл ретінде;
-  Қазақстандық  барлық  мектептерге  озық  және 
тиімділігі үлкен әдістемелік тәжірибелерді таратудың 
оңай әрі тез жолын ұстану;
-  Қазақ  тілін  өзге  тілді  аудиторияда  оқыту  –  әр 
ұстаз міндеті.
Қорыта  келгенде  айтарым,  алдымызда  отырған 
әр  шәкіртті  бәсекеге  қабілетті,  өмірде  өзін-өзі      
дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір 
құндылыққа  жетелейтін  Қазақстан  азаматы  ретінде 
тәрбиелеуіміз  үшін  оқушының  ықыласын  оятып, 
өзінің ғана емес, өзгенің өсуіне ықпал етуі қажет.

50
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Қазақстан Жұрналшылар 
одағының мүшесі, 
филология ғылымдарының 
кандидаты.
ПАНФИЛОВШЫ БЕРДАЛЫ 
БАСҚАРОВ
Менің  алдымда  1971  жылдың  12    ақпанында  
жарық  көрген  Қазақстан  Жазушылар  одағы 
басқармасының  органы  –  «Қазақ  әдебиеті»  газеті 
жатыр. Газеттің осы санында соғыс ардагері Бердалы 
Басқаровтың «Армысың, ардақты командирім!» атты 
мақаласы  жарияланған.  Мақаланың  туындыгері 
Қарақалпақстан  АССР-ының,  Тақтакөпір  ауда-
нындағы  Ленин  атындағы  кеңшарда  тұрады. 
«Бұл  кім  болды  екен,  қазақтың  ғана  емес,  әлемге 
танымал,  бүкіл  түркі  халықтары  құрметтейтін 
атақты  батыр  Бауыржан  Момышұлының  сарбазы, 
панфиловшы  Қарақалпақстанда  неғып  жүр?»  деген 
ой мені мақаланы тезірек оқып шығуға мәжбүрледі. 
«Армысың, ардақты командирім! Армысың қымбатты 
командирім  Бауыржан  Момышұлы!  Мен  Сізді 
соғыстың  алғашқы  күнінен  бері  танимын.  Бір  күні 
сапта тұрған солдаттарды Сіз аралап келе жаттыңыз. 
Кенет маған көзіңіз түсіп: «Жігітім, бері кел...»- деп 
шақырып сұрақ қойдыңыз.

51
- Қай жерден келдің?
- Өзбекстаннан.
- Әке-шешең бар ма?
- Түгел.
- Жауынгерлік міндетің не?
- Отанды қорғау.
- Қалай?
- Көздің қарашығындай.
...Барлауда жүрген біз өзіңізге таңдана да қызыға 
қараймыз.Өзіңіздің  «оққағарыңыз»  мықты  еді. 
Шіркін,  жігіттің  сондай  болғанына  не  жетсін! 
Кейін  Сіз  мені  СОКП  мүшелігіне  қабылдадыңыз.
Бұл менің өмірімдегі әрі жауапты, әрі үлкен асу еді. 
Содан  бері  Сіз  маған  туған  ағадай  болып  кеттіңіз.
Соғыс аяқталған соң Сіз әдебиет майданына көркем 
шығармалар беріп жүрдіңіз.
Ал өзіңіз сонау отты жылдары арқасынан қаққан 
«қойтапал» азамат елге сержант болып оралған еді. 
Отбасымда бес балам бар.Үлкен ұлым Самарқанд мал 
дәрігерлік  институтында  оқиды.  Өзгелері  –  мектеп 
оқушылары. Өзім агроном болып қызмет атқарамын.
Үкімет  пен  партия  біраз  жылғы  еңбегімді  ескеріп, 
орденмен марапаттады.
Қымбатты  командирім,  Бауыржан  аға!  Сізді 
Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен  наградталуыңызбен 
құттықтаймын! Мықты денсаулық, әдеби мол табыс 
тілеймін! Бердалы Басқаров».
...Иә,  бұл  агроном  болып  еңбек  етіп  жүрген 
кешегі панфиловшы жауынгер Бердалы Басқаровтың 
өз  командирі  Бауыржан  Момышұлына  деген  
бауырмалдық ыстық ықыласы еді. Бұл Бердалының 

52
Бауыржан Момышұлына деген бауырмалдық сезімге 
толы сағыныш хаты болатын.
Екінші  әлем  соғысында  неміс-фашистері  Мәскеу 
түбінде кеңес әскерлерін тізе бүктіру үшін жанталаса 
соғыс  жүргізгені  белгілі.  Атағы  әлемге  тараған, 
батыр  Момышұлының  ерлік  істері  туралы  аңыз-
әңгімелерді  Бердалы  ауыл  еңбеккерлеріне,  ауыл 
жастарына,  мектеп  оқушыларына  қызықты  етіп 
баяндап отыратын. 
Тақтакөпір  ауданындағы  әдебиетші-мұғалімдер, 
ақындар  мен  жазушы-жорналшылар  Бердалы 
Басқаровты  «Бауыржан  Момышұлы  туралы  аңыз-
әңгімелердің  атасы»  деп  атайтын.  Мұның  да 
себебі  бар.Бердалы  Момышұлы  туралы  жүздеген 
аңыздарды білетін. Жүрген жерінде айтып жүретін. 
Соның  бірі  –  «Гитлердің  түсі».  Аңызда  Гитлер  түс 
көреді.Түсінде  рейхстагқа  Бауыржан  батыр  ақ  боз 
атымен кіріп келеді. Қолында – көк найза, иығында –
автомат, Гитлердің кеудесіне ақырып кеп көк найзаны 
шаншиды.  Осы  кезде  Гитлер  ұйқысынан  шошып 
оянады. 
Бердалы  Басқаров  алыстағы  командиріне  хат 
жазып,  өзінің  аман-есендігін  білдіріп  отыратын. 
Командирі  де  барлаушы  солдатына  хат  жазып 
тұратын. Бауыржан Момышұлы бірде: «Сен соғыста 
Өзбекстаннанмын  дегенсің,  қарақалпақстандық 
екенсің ғой, шыныңды айтпағаның үшін қандай жаза 
қолданайын?»- деп әзілдеп хат жазған.

53
«Соғыстан  кейін  Баукеңмен  кездесіп,  бір 
әңгімелесу – арманым еді...»- дейді Бердалы ақсақал 
күрсініп.  «Батыр  командиріммен  бірге  суретке  түсу 
де  арманым  еді,  маған  тағдыр  ондай  бақытты  сәтті 
сыйламапты...»
Шынында, Бауыржан Момышұлындай аты аңызға 
айналған батырмен кездесіп, әңгімелесу жер бетіндегі 
жұмыр басты адам үшін айтулы оқиға еді.Ал сол кезде 
Бердалы өзінің ардақты командирінің арадан жиырма 
жыл өткен соң Кеңес Одағының Батыры деген атақты 
алатынын сезді ме екен?
Бердалы  Басқаров  панфиловшылар  дивизиясына 
1942 жылдың күз мезгілінде келді.Осы уақытқа дейін 
әскери дайындықта болды.Бұл кез Кеңес әскерлерінің 
фашистерге қарсы шабуылды үдеткен кезі болатын.
Мәскеу  үшін  шайқаста  Панфилов  дивизиясының 
неміс-фашистерін  жермен  жексен  еткені  белгілі.Ал 
фашист генералдарының психологиялық дағдарысқа 
ұшырауы  да  осы  Панфилов  дивизиясымен  болған 
қиян-кескі шайқастан соң болатын.
Бердалы  Басқаров  майданда  барлау  қызметінде 
болды. 
Бауыржан 
Момышұлының 
тікелей 
тапсырмасын  жауынгер  жолдастарымен  ойдағыдай 
орындап  жүрді.  Небір  қауіпті  тапсырмаларды 
орындап, жау тылынан бірнеше рет «тіл» алып келді.
Бердалы  Басқаровтың  өміріндегі  ең  ұмытылмас 
оқиғаларының  бірі  –  майданда  жүріп  СОКП 
мүшелігіне  өтуі  еді.Мұнда  да  Момышұлының 
ықпалы күшті болды.

54
Бердалы  Басқаров  соғыс  майданында  жаумен 
шайқасып  жүрген  отты  жылдарда,  яғни,  1944 
жылы  «Ерлігі  үшін»  медалімен  марапатталды. 
Соғыстан соңғы бейбіт күндері ауыл еңбеккерлерінің 
мақтанышына  айналған  соғыс  ардагері  еңбек 
майданынан  кеткен  жоқ.  «Жеңістің  30  жылдығы», 
«Жеңістің  40  жылдығы»  медалдарімен,  «Отан 
соғысы» орденімен марапатталды.
Соғыс ардагері, атақты Бауыржан Момышұлының 
батыр  жауынгері,  панфиловшы  Бердалы  Басқаров 
елге  сыйлы  азамат  болды.  Оны  бүкіл  аудан  халқы 
«Бауыржан  батырдың  жауынгері,  панфиловшы» 
деп  құрметтейтін  еді.  Тіпті,  аудандық  партия 
комитетінің  бірінші  хатшысы,  совхоздың  партия 
комитетінің хатшысы, совхоз директоры Басқаровты 
«Панфиловшы  Басқаров»  деп  сыйлайтын.  Совхозда 
агроном  болып  еңбек  еткен  Бердалы  Басқаров 
бірнеше үкіметтік марапаттауларға ие болды. Ойдалы 
қазақтар  (Қарақалпақстандағы  қазақтарды  өзбек, 
түрікмен,  қарақалпақ  түркілері  «Ойдалы  қазақтар» 
деп атайды, М.Ә.)  Бауыржан Момышұлы туралы ауыз 
әдебиетінің үлгілерін қалыптастырды. Қазіргі таңда 
Бердалы Басқаровтың Бауыржан Момышұлы туралы 
айтып  жүретін  аңыз-әңгімелері  ұрпақтан-ұрпаққа 
тарап, халқымыздың рухани азығына айналды.

55
Интеграциялық сабақ
Гүлхан ӘКІМАНҚЫЗЫ,
Ақтөбе қаласындағы 
№1 кәсіптік лицейдің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
АБАЙ МЕН ПУШКИН     
ЛИРИКАСЫ
Сабақтың  мақсаты:  Абай  мен  орыс  ақыны 
шығармашылығындағы  өмір  шындығын,  халықтың 
басынан  кешкен  ауыр  тұрмысын  оқушылар  зердесіне 
жеткізу. 
Сабақтың  міндеттері:  білімділік 
–  тілдер 
достығын,  халық  мүддесінің  бар  екендігін,  достыққа, 
бірлікке,  жарқын  болашаққа  талпыну,  үстем  таппен 
күрес  жүргізуге  шақырған  лирикалық  әсемдікке 
үндегенін түсіндіру; 
дамытушылық – а) оқушылардың 
ой-өрісін  кеңейту,  әдеби  тіл  мен  мәдени  тіл  арасын 
бір-біріне  ұштастыра  отырып,  оқушылардың  өлеңді 
мәнерлеп оқуын өрістету; 
ә) оқушыларды адалдық пен 
адамдыққа,  сұлулық  пен  әсемдікке,  таза  махаббатқа 
тәрбиелеуді нақты түрде дамыту.
Түрі:  интеграциялық  сабақ.  Көрнекілігі:  түрлі 
плакаттар,  Абай  мен  Пушкиннің  портреті,  Абайдың 
әндері: «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», 
«Татьянаның қырдағы әні» (пластинка).

56
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.  Оқушыларды  түгелдеу,  оларды  сабаққа 
бейімдеу.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. үйге тапсырма.
Плакатта жазылған өлеңдер:
1. Жүрегімнің түбіне терең бойла
    Мен 
– бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
    Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
    Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Шын ақынның ұлтына қарай ма сөз,
Жан қимас жолдас болды талайға сөз.
Суарып қазақтың кең шөл даласын
Саулады сел тасқын боп Абайдан сөз.
Орыс тілінде:
Был у русских Пушкин – ақын
Все науки на свете он знал.
В душу каждого он проникал
Душу каждого он разгадал.
үйге  берілген  тапсырма.  Жекелеген  оқушыларға 
Абайдың  «Жарқ  етпес  қара  көңілім  не  қылса  да», 
«Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол» атты екі өлеңін, 
ал  бір  топ  оқушыларға  «Татьянаның  хаты»  өлеңін 
жаттауды тапсыру.
Мұғалімнің алғы сөзі: 
-  Бүгінгі  сабағымызда  Абайдың  аудармаларымен 
танысамыз. Орыс әдебиетін 

57
оқып-зерттеуге  ден  қойғанда  Абайдың  ең  алдыңғы 
кезекте  оқыған  ақындарының  бірі  –  Александр 
Сергеевич Пушкин екенін байқаймыз. Пушкиннің өлең 
шығарудағы  асқан  таланты,  көркемдік  әдісі  Абайдың 
жүрегіне  жақын  еді.  Пушкинді  оқып  ол  ақындық 
шеберлігін  шыңдай  түсті.  Абай  қазақ  әдебиетінде 
тамаша  азаматтық  лирика  жасады.  Махаббатты, 
адалдықты,  шын  достықты,  табиғатты  Пушкинше 
жырлау  дәрежесіне  көтерді.  Осылай  ол  туған 
халқына  жақындасудың  жолын  тапты.  Ол  Пушкинді 
халқымыздың 
рухани 
қазынасына 
айналдыру 
мақсатына  1887-1889  жылдары  кіріседі.  Абайдың 
махаббат лирикасы жастарды адалдық пен адамдыққа, 
сұлулық пен әсемдікке, таза махаббатқа тәрбиелейді.
Орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі: 
Пушкин оставил после себя такие же бессмертные 
шедевры о любви, воспевающие чистые и благородные 
чувства.
Учитель казахского языка и литературы читает 
стихотворение А.С.Пушкина «Я вас любил».
Я вас любил: любовь еще быть может
В душе моей угасла не совсем.
Но пусть она вас больше не тревожит,
Я не хочу печалить вас ничем.
Я вас любил, безмолвно, безнадежно,
То радостью, то ревностью,
Я вас любил, так искренно, так нежно
Как дай вам бог, любимой быть другим.

58
Конкурс чтении стихов на русском языке.
Енді оқушылардың назарына салыстыру мақсатымен 
Абайдың «Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол» өлеңі 
оқылады (оқушылар оқиды).
Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рахаты сен болған соң
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?
Абайдың  «Айттым  сәлем,  Қаламқас»,  «Көзімнің 
қарасы»  өлеңдерінен  махаббат  сазы  байқалады.  Осы 
өлеңдеріне ол әнді де өзі шығарған. Қазір сол әндерден 
үзінді тыңдап көріңіздер (ән тыңдалады).
Орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі: 
-  Есть  у  Абая  стихотворение,  которое  побуждает 
многих советских поэтов, вновь и вновь браться за его 
перевод.
Оқушылар қазақ тілінде «Жарқ етпес қара көңілім не 
қылса да» өлеңін оқиды.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда Ай менен Күн шағылса да.
Дүниеде сірә сендей, маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып жақсы сөзден жаңылса да.
Шыдайды риза болып жар ісіне
Қорлық пен мазағына табынса да.

59
А теперь послушайте переводы:
1. Вовек моя душа не расцветет,
    Пусть блещет солнце, пусть луна взойдет.
    
Тебя одну люблю, я в целом свете,
А ты влюбленным потеряла счет.
Возлюбленной проделки я терплю,
Она изменит – я не разлюблю.
   
И если надо мной она смеется
Молчать я сердцу страстному велю.
                                             (Перевод Карабана П.)
2. Сияет в небе солнце и луна,
   Моя душа печальна и темна.
   Мне в жизни не найти другой любима
   Хоть лучшего, чем я, себе найдет она.
   И пусть любимая, забыв любви слова,
   К моей тоске и верности мертва,
   Забудет, оскорбит меня без сожаленья,
   Я все прощу – моя любовь жива.
                                         (Перевод Луконина М.)
В стихотворении Абая «Сияет в небе солнце и луна» 
вы слышите Пушкинскую светлую грусть.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет