60. Компоненттердің тепе-теңдік концентрациясын біле отырып СА, СВ,САВА+В=АВреакциясыүшін есептеугеболады: а) реакцияның тепе-теңдікконстантасын; б) Гиббсэнергия өзгерісін;
в) ішкі энергия өзгерісін;
г) реакция энтропиясы өзгерісін.
4- ТАРАУ. ФАЗАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК §4.1Негізгітүсініктерменанықтамалар Қысым мен температураны өзгерткенде, зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысуы мүмкін. Тұрақты температурада болатын бұл ауысуларды біріншітектіфазалықауысулардеп атайды. Фазалық ауысу кезіндегі қоршаған ортадан алатын немесе қоршаған ортаға шығаратын жылу мөлшері фазалық аусудың жасырын жылуы болып табылады. Гетерогенді жүйеде химиялық өзара әрекеттесу жоқ, бірақ тек фазалық ауысу қарастырылса, онда тұрақты температура мен қысымдағы фазалықтепе-теңдікболады.
Фазалық тепе-теңдік бірнеше фазалар, компоненттер саныменжәне термодинамикалық еркін жүйенің дәреже санымен сипатталады.
Химиялық және физикалық қасиеттері, құрамы бірдей және бөлім беттерінің басқа бөлшектерінен шектелген жүйенің гомогенді бөлімі фаза деп аталады.
Жүйені фаза санына байланысты бір фазалы, екіфазалы, үшфазалы және көп фазалы деп атайды.
Компонентдегеніміз жүйенің құрам бөлшегі болып табылатын жеке химиялық зат; жүйеден бөлініп өздігінен бола алуға мүмкіндігі бар зат.
Компонентсаныдегеніміз термодинамикалық жүйенің барлық фазалары түзілуіне және кез-келген фазаның құрамының математикалық бейнеленуіне қажетті жеке химиялық заттардың (компоненттердің) ең аз саны. Компоненттердің санына қарай бір компонентті, екі компонентті деп бөледі.
Жүйенің жағыдайы еркіндік дәрежесі (с) санымен сипатталады.