Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс


ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ОЙЫНЫ»



бет2/9
Дата23.04.2022
өлшемі233,27 Kb.
#31991
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ОЙЫНЫ»

Жүргізуші:
– Қазақстанның жоғарғы билігінің елді латын әліпбиіне көшіру туралы саяси шешім қабылдауына заманның талабы ықпал етуі мүмкін бе әлде үлкен саясаттың мүддесі жетелеуі мүмкін бе?

Гога Хидоятов:
– Қазақстанның қазір латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме шығарғаны – Назарбаевтың саяси ойыны ғана. Ол қазір түркі әлемінің жетекшісі болу үшін аянып жүрген жоқ. Түрік академиясын, Түріксой кеңесін құрды. Оның бәрі Астанада. Ол академияның президенті (немесе төрағасы) – қазақ ғалымы, Көкшетау университетінің бұрынғы ректоры Шәкір Ибраев. Қазір латыншаға көшуге бастамашы болып жүргеннің бірі – сол. Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе, тілдерін өшіреді. Бұлары қайырлы болмас.

Қазір Түркиямен әлдебір ерекше байланыстары бар. Былтыры көктемде, Астанада Назарбаев пен Түркия президенті Гүл кездескен кезде Қазақстанның латын әліпбиіне көшу мәселесі шешілген. Бұл кімге керек? Кімге пайдалы? Қазақ халқына пайдасы жоқ.



Айдос Сарым:
– Бұның артында үлкен саясат және үлкен экономика жатыр. Үлкен саясат дейтініміз, Қазақстан ерте ме, кеш пе, детоталитаризация және деколонизация үдерістерін өзінің басынан өткізуі керек. Рухани құлдықтан шығудың, Ресейдің ықпалынан шығудың бірден-бір жолы, жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиде жүру.

Саясаттанушы Айдос Сарым. Алматы, 19 қазан 2010 жыл.


Қазақ тілінің латын әрпіне көшуі – алдымен қазақтың шаруасы. Орыс тіліне, орыстың мектебіне, басқасына бұның ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан бұл мәселені тым саясиландырмай, шын өзіміздің ұлттық мүддемізден туындайтын осындай қадамдар жасауымыз керек.


Менің түсінігімде, Өзбекстан тәжірибесі аса мәз емес. Кем дегенде Әзірбайжан сияқты мемлекеттердің осындай үлкен қадам жасағанын ескеру керек. Біз де ХХ ғасырдың өзінде 2-3 рет әліпбиді ауыстырдық. Сол тәжірибенің бәрін зерттейтін үлкен орталық ашып, сонда 2-3 жыл бойы барлығын саралап, бүгінгі заманға лайықты әліпбидің нұсқасын жасап, жүйелі түрде үлкен саяси шешіммен, жігермен іске асыратын болсақ, қазақ ұлты ол тұрғыдан ұтылмайды. Керісінше, ұтады.
Қазақтың латын әрпіне көшуі – кем дегенде бүкіл ұлтты бір күнде партаға отырғыза алатын жағдай. Яғни, бәріміз қайта жаза бастаймыз, қайта үйренеміз. Сол арқылы тілді білмеген азаматтардың өзі де қатарға қосылып, бізбен бірге үлкен жетістікке де жетуге болады. Өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.

Юлия Маркова:
– Менің пікірімше, көшудің артықшылықтары да бар, кемшіліктері де бар. Артықшылықтары туралы айтсақ, бұл – заман талабы. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ал дүниедегі адамдардың көбі латын әліпбиін қолданады. Бәріміз интернетті пайдаланғанда да бұл мәселемен кездесеміз. Төл әріптері бар қазақ әліпбиі жиі оқылмайды. Соған байланысты қиыншылықтар да пайда болады. Сондықтан латын әліпбиі бұл жерде пайдалы болатын шығар.
Ал екінші жағынан оған, мүмкін, дайын емеспіз. Өйткені латын әліпбиіне көшуді мектеп жасынан, бала бақша жасынан бастауымыз қажет. Өйткені ересек адамдарға аса қиынға соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет