Ұлттық рухы берік ұрпақ тәрбиесі



жүктеу 40.19 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі40.19 Kb.

Ұлттық рухы берік ұрпақ тәрбиесі.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық университетінің  қазақ тілі 

кафедрасының аға оқытушысы Ілесова. Қ.Ә.

Болашақ кәсіби мамандардың рухани дүниесін дамытуда білім де,тәрбие де 

қажет.Кез келген ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты 

екені аян.Адам азса, қоғам тозады.Қандай да бір ұлт өз алдына дербес өмір 

сүруден қаларда,ең алдымен, тілінен, дінінен, ұлттық әдет-ғұрып,салт-

дәстүрінен жерінеді.Соның салдарынан бітім-болмысынан, ұлттық 

құндылықтарынан айрылады.

Тіл кеткеннен кейін ұрпақ санасынан ұлттық сезім де кетеді. Тіл бар жерде ұлт 

бар, ұлттық сана-сезім, ұлттық қадір-қасиет бар.Тілі орыс қазақ қашанда сол өзі 

сөйлейтін тілдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтамақ.Қазақ тіліне қарсы көңіл-

күйдің ұйытқысы болмақ.Ол неден байқалады? Ол – өзгеге бас ұрып, өзін жоққа 

шығарудан, өз тарихын елемеуден, өзге тілге табынып, өз тілін менсінбеуден 

байқалады.

Тіл – ұлттың жаны.Оны білмеу – ұлттық дәстүрден, ұлттық қасиеттен жұрдай 

болу деген сөз.Әрбір халықтың ой-өрісін, парасат-парқын, сезім түйсігін, 

дүниетанымы мен болмыс тірлігін танытатын – оның тілі.Әр жеткіншекті 

халқының тілі мен салттық, тұрмыстық дәстүрі негізінде тәрбиелегенде ғана 

ұлттық рухы жоғары ұрпақ қалыптасады.

Тарих, дін, тіл – ұлттық тұтастықтың, Тәуелсіздіктің кепілі.Өз үйінде бүгін өз 

тілін қорғай алмаған қазақ, ертең Тәуелсіз Отанын қалай қорғамақ?

 Қазақстан Республикасында жас ұрпақ тәрбиесі қазақ менталитетінің  бағытын 

ұстануы тиіс.

Бала тәрбиелеуде туған тіл табиғатына көңіл бөліп, халық тәжірибесіне, 

дәстүріне сүйене отырып тәрбиелеуіміз керек.Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден 

қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын өнеге тұтпай 

тұрып, жастарды ұлтын сүюге, ұлтжандылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа 

баулу мүмкін емес. Өз халқының табиғи мінезін бойына сіңіріп өскен әрбір жас 

ұрпақ ана тілінің де қадіріне жетері сөзсіз. Халық аңыз әңгімелері, ертегілер, 

шешендік сөздер, тарихи мәні зор батырлық, ғашықтық, эпостық жырлар жас 

өспірім баланың таным- талғамына жақсы әсер ететіні белгілі.Ол студенттің 

өнерге деген сезімін оятады, құштарлығын арттырады, жақсылыққа, ізгілікке, 

парасаттылыққа тәрбиелейді, сұлу сазымен, керемет сөзімен сүйсіндіреді.

Жаһандану үрдісіне  өзінің ұлттық менталитетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, 

тілін, дінін, ділін сақтай білген халық қана төтеп бере алады.

Сондықтан ана тіліміз, ата дініміз, ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеге, мемлекетке, 

халыққа қызмет ететін рухани құндылықтар.  



 Студенттер жүрегіне жол табатын танымдық тәрбие пәрменділігін әл-Фараби 

бастаған Шығыс ойшылдарының мұраларымен сабақтастыру қажет.

Шығыс мәдениетінің алтын дәуірінде шыққан өшпес жұлдыздары Фердоуси, 

Низами , Хожа Хафиз, Омар Хаям, Жәми, Науаи, Физули, Сағдилар өз 

заманының рухани басалқасы, батагөйі, рухани әлемнің қайнар бұлағы болғаны 

анық.


Гетенің «Шығыстың жеті ақыны бар, олардың ең нашары менен артық жазады» 

дегені бар.

Қазақ ұлтының дүниетанымы, ой-өрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы шығыстың 

рухани әлемімен астасып тұтастық құрады.Қасиетті қазақ даласы талай ұлы 

ғұламаларды дүниеге алып келді.Қазақ топырағының көзі ашық, көкірегі ояу 

ойшыл азаматтары бүкіл шығыс мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке 

ортақ тілде жаза білді.Кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.

Солардың бірі – түркі әлемінің ұлы ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр 

әл˗Фараби бабамыз. Ол ғылым мен білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең 

байланыстарды, қасиеттерді, сипаттарды құндылық ретінде өрнектей білген. 

Сондықтан болар әл-Фарабиді энциклопедист-ғалым деп танитынымыз.

 Аристотелден кейінгі Ұлы ұстаз мұрасында адам тәрбиесіне де қатысты құнды 

дүниелер жетерлік. « Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге 

негізделген  этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» - дейді ғұлама.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері шығыс мәдениетіне шығыс 

ойшылдарының мұраларына деген қызығушылық жаңа серпінге ие болды.

Н.Ә.Назарбаев:  «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті өрен елдің 

болашағы да баянды болады» − деген еді («Егемен Қазақстан»,12 қаңтар, 2012 

жыл).

Ұлттық рух ─ ұрпақ тәрбиесінің арқауы. Ұлттық рух дегеніміз – өз ұлтыңа 



деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де 

ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе 

сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білсең 

сүйіспеншілік пайда болады.

 Халықтың тәрбие жөніндегі даналық ойларының тамыры тереңде 

жатыр.Ұлттық тәлім-тәрбиенің  ғасырлар бойы қалыптасқан белгілі жүйесінде 

жас буынды тәрбиелеуде әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Жүсіп 

Баласағни, Сайф Сараи т.б. ғұламаларымыздың еңбектерін пайдаланған. Әрине, 

қашанда бала тәрбиесі – қоғам, мемлекет алдындағы  жауапты, күрделі міндет.

«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек, тәрбиесіз берілген 

білім, адамзаттың қас жауы» (әл-Фараби).

Тәрбие әдістерін дұрыс таңдап алу тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеудің кепілі. 

«Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға көмектесетін 

жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған 

әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік немесе 

опасыздық болып шығады».



« Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында әл-

Фараби өз заманында сирек кездесетін ойлар айтады. Адам өмірін жай ғана 

сүрмей, үнемі қайырымдылық жасауға, ізгілікке, жақсылыққа қарай ұмтылуға 

қажеттігін ескертеді ұлы ойшыл, сонымен қатар қоғамдағы ең негізгі рухани 

құндылықтарға « Өзара көмектесуді» жатқызады.

« Қайырымдылық екі түрлі болады, - дейді ғұлама: этикалық және 

интеллектуалдық.  Интеллектуалдық – (жанның) ақыл-парасаттық жағына 

жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы 

мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық – (жанның) ұмтылу 

жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, 

әділдік.Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді».

Бұл жерде этикалық қайырымдылықтардың нағыз рухани құндылықтар 

екендігін атап өтуге болады .Сонымен қатар осы қасиеттердің тұрақтануы үшін 

көп рет қайталануы және соған үйренуі қажет екендігі айтылады. Бұл адамның 

тұлға болып қалыптасуындағы рухани дамудың ролі зор екендігіне қарай 

бағыттайды.

Қоғамдық сананың формасы ретінде өнердің атқаратын қызметі зор. Өнер 

арқылы дүниені көркемдік тану, өмірге эстетикалық қатынасты қалыптастыру, 

жеке тұлғаның азаматтық және рухани адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге 

қол жеткіземіз.

Эстетикалық тәрбие – адамның өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы, әсемдікті, асқан 

сұлулықты сүйсініп, сезім арқылы ұнату, дұрыс ұғынып, ләззат алуы. Көркемдік 

негіз еңбекті одан сайын қасиеттендіреді, тұрмысты сәндендіреді және адамның 

жоғары моральдық қасиетін қалыптастырады.

Әл-Фараби  «Адамның мінез-құлқын кемелдендіретін іс-әрекеттер адамның 

тәнін кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі –  денсаулық, 

денсаулық бар болса, оны сақтау керек.Жоқ болса, оған жетуге тырысу керек. 

Тәнді сауықтыратын іс-әрекеттер тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа 

жетуге болады. Дәл осы секілді іс-әрекеттер де орта деңгейде болса, солар 

арқылы жақсы мінез-құлыққа ие боламыз» - дей отырып, тән сұлулығы адамның 

денсаулығында, ақыл, парасат күшінде және адамгершілік сапаларында 

екендігін баса көрсетеді.

Әл-Фараби еңбектерінде патриоттық тәрбие де назардан тыс қалмаған. Бүгінгі 

таңда жастарға патриоттық тәрбие беруді өзінің туған өлкесін қастерлеуге 

үйретуден бастаудың маңызы зор. Туған өлке әркімнің өз үйінің 

табалдырығынан аттап шыққанда табаны тиіп, қолымен ұстап, көзімен көріп 

жүрген жердің тарихы, географиясы, халқы, жеткен жетістіктері мен 

құндылықтары болып табылады. Әр адам неғұрлым өзінің туған жерінің 

табиғатымен етене жақын жүріп, табиғи құбылыстарды зерттеп білуге құштар 

болса, оның жан дүниесі бай, көңіл-күйі сергек болады. Әрі Жер-Ананың қадір-

қасиетін білген адам өзін оның перзенті санап, оған жауапкершілік сезіммен 

қарайды.


Патриоттық тәрбиенің негізі әрбір студентке өз Отанының тарихын, 

философиялық мәнге толы салт-дәстүрін білуден басталады. Патриоттық 

тақырыптағы пікірталастар өткізу, ұлттық батырларымыз бен билеріміздің, 

ғылым мен мәдениет қайраткерлеріміздің өмірлері мен шығармашылықтарына 

арналған ғылыми-теориялық конференциялар өткізу арқылы да тәуелсіз 

еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелей аламыз.

Біз жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға, мәдениетке, ата-бабаларымыздың 

көнеден келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына, адамгершілік қасиеттеріне, 

ұлтын сүйетін ұлтжандылыққа, елі мен жері үшін күресетін патриотизмге 

тәрбиелеуіміз керек. Бұл айтылғандардың бәрі – ұлттық тәрбиенің құрамдас 

бөліктері.

« Дін – тәрбиенің діңгегі» демекші,төл дініміздің баға жетпес рухани 

құндылықтарын орнымен пайдалануымыз абзал. Егер де ұлт тәрбиесінде 

имандылық иірімдеріне көңіл бөлсек,онда өскелең өмір ауаны бүгінгі біздің 

алдымызға қойып отырған интеллектуалды ұлт, жастардың патриотизм 

сезімдерін қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асыру қиынға соқпайды. 

Имандылық қасиеттер – интеллектуалды ұлт тәрбиелеудің, ұлтжандылық 

қасиеттерді меңгертудің бірден-бір негізгі жолы. 

Әл-Фараби ділдік тазалық, адамдарға деген қайырымдылық, әрбір істегі 

парасаттылық туралы ойларымен ислам дінін адамдардың қарапайым 

тіршілігіне жақындата түседі.

Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани :« Ғылыми парыздың бірі де бірегейі де әл-

Фарабиді кемеңгер ғалым еткен, ұлы ғұламалыққа жеткізген бабаның өзі тәлім 

алған ортасы – ғылыми ислами жол» –  деп исламда ғылым мен дін тұтас бір 

нәрсе екендігін атап көрсетті. Сондықтан болар, ұлы бабамыз ислам дінін 

ғылыммен егіз деп таныған. Ғылым, білім, дін арасындағы байланысқа жаңаша 

көзқарас қалыптастыру сияқты еңбектердің ұлттық рухты ояту мен қалпына 

келтіруге қосар үлесі зор.

Мемлекетіміздің ертеңгі жастары білімді де тәрбиелі, өз Отанын сүйетін, іздену 

мен дамудан шаршамайтын патриот жастар болуы керек. Бүгінгі күн талантты, 

жігерлі, өсуіне сенетін адамдардың уақыты. Сондықтан, заман талабынан 

туындап отырған, жаһандану заманында жұтылып қалмай, керісінше, 

экономикасы әлеуетті, мәдениеті мен салт-дәстүрі берік қалыптасқан, жан-

жақты дамыған елдердің қатарынан орын алуымыз керек.

Қысқасы, жас ұрпақ жанына бабаларымыздың рухани мәдениеті мен әдет-

ғұрпын, небір ізгі қасиеттерін сіңіріп, олардың ұлтжанды азамат болып өсуіне 

білім беру ісімен тығыз байланыстырыла жүргізілетін халықтық тәлім-

тәрбиенің тигізер әсері зор. 



                                                        РЕЗЮМЕ

В данной статье раскрывается сущность, истоки и механизмы 

формирования и развития национального духа.А также отражен труд великого 

ученного аль-Фараби в воспитании молодежи к высокой нравственности, 

гуманности.

In this article the essence, sources, and mechanisms of  formation and 

development of national spirit are represented. Also work of the famous scientist al-

Farabi in setting youth on the way of rectitude and humanity is reflected. 



Каталог: files -> publicate
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
publicate -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
publicate -> Ұлттық ойындардың зерттелуі
publicate -> Фразеологиялық калькалардың сөздіктерде зерттелуі
publicate -> Француз және қазақ (тілі) іскерлік тілінің қолданылу аясы
publicate -> Қазақ ЖӘне француз тілдеріндегі қанатты сөздерінің мағыналық сипаты


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет