Кесте:LatKaz-AHlJun «Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» деп, өзімізді алдаусыратып, жұбатып қоямыз. Сөйтіп, шыдам танытып, шыдас беріп келеміз.Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек деп жүргеніміз сондықтан. Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен тынбайды.Реформа үш мәселені - дыбыс, әліпби және еміле-ереже - бірдей қамтиды:дыбыс - өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби - сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары;еміле-ереже- дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері.Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды.
Ал әліпби ауыстыру - қазақ жазуына реформа жасаудың алғы шарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын жазуына баптап өте алсақ, онда көптеген тіл бұзар таңба мен еміле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады.Сонымен, қазақ тілінің төл дыбыстары: а, ә, б, ғ(-г), д, е, ж, з, й, қ(-к), л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у(w), ұ, ү, ш, ы, і. Осы дыбыстардың сыртында қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре болмау керек, өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген У таңбасының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін, «ерін-еріндік жуысыңқы үнді [w] дауыссыз дыбысы» болып табылады: ау[aw], ауа [awa], әу [äw], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл [üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw] т.с.с. Бұл дыбыс орыс тілінде жоқ, ал ағылшын тілінде бар, көріп отырсыздар, қазақ тілінде де бар.
Мен латын графикасын тек осы төл дыбыстар үшін ғана құрастырған едім. Ондағы ойым, алдымен қазақ сөзінің үндесім әуезіне лайық әліпби үлгісін дайындап алу болатын. Ондай әліпби, егер қазақ тілінің қамын шын ойласақ, бөгде тілдің дыбыс-таңбасынан арылған таза, қоспасыз болу керек. Ал өзге орыс тілінен енген кірме дыбыстар мен таңбалар жайын, басқа амалдың жоғынан, өз алдына шешу керек деп, екінші кезектегі мәселе ретінде ескертіп отыратынмын. Және оның үлгісін алыстан іздемей-ақ, орыстардың өздері көрсетіп отырғанын да еске салып қоятынмын. Мысалы,в-v//ph, ф-f//bh, ц-tc, ч-chт.б. Маған сенбесеңіздер, орыс тілінің жазба дерек көздерін ақтарып қараңыздар. Орыстардың өзі халықаралық құжаттарды, компания аттары мен жарнамаларды латынша беруге мәжбүр болып отырғанын күнде оқып-көріп отырмыз ғой. Соны көре-біле отырып, неге орыстақылықты аспандатып, қазақылықты тұқыртып отырамыз?
Жалпы, Ресейдің өзінің кирилшеден айрылмай отырғанын уақытша құбылыс деп қарау керек. Сонда бүгінгі қазақ әліпбиі дербес-дербес екі бөліктен (төл әліпби өз таңба құрамы және еміле-ережесімен, ал кірме сөздердің жазылуы өз таңба құрамы және еміле-ережесімен) тұрады. Бұған дейінгі барлық жарияланымдарымызда оның үлгісін беріп отырған болатынбыз [6]. Кестеде тек ұлттық әліпби тізімі тұрады, кестенің сыртында кірме дыбыстардың жазылым еміле-ережесі мен үлгісі беріледі. Бұл - амал жоқтан болып жатқан іс. Ендеше, орыс сөздерін қалай жазамыз деп уайымдап, орыс тілінен айрылса далада қалатындай болып жүрген өз ағайындарымыз үрейленбей-ақ қойсын. Кірме орыс сөздерінен әзір құтыла қоймаймыз, сондықтан оның жазылымына көңіл бөлмей отыра да алмаймыз.