Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


ІV БӨЛІМ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЖАСАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ-



бет27/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
treatise110635

ІV БӨЛІМ
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЖАСАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ-
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
(2007-2017 және соңғы жылдарда ұсынылған әліпби жобаларын ұлттық-лингвистикалық тұрғыдан талдау)

Ф.ғ.к., доцент Исхан Б.Ж.


Кез келген ұлтық тіл мен әдебиеттің кемелденуі жазудың қалыптасып дамуымен тығыз байланысты екені шындық. Жазу арқылы тілдік қолданыстар, сөз саптау түрлері жаңғырып, әдеби нормалар бір ізділікке түсіп бекиді, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметі (стилі) жіктеледі, әр тараптанады, жалпыхалықтық сипат алып, қолданыс ауқымы кеңейеді.


Қазіргі қазақ тілі бүгінге жеткенге дейін түрлі алмағайып замандарды, талай тарихи кезеңдер мен оқиғаларды өткеріп, дамып жетілді. Әр замандағы саяси-экономикалық құылыстың, қоғамдық қарым-қатынастардың, түрлі елдермен болған әдеби-мәдени байланыстардың ықпал-әсеріне қарай, түрленіп, сан алуан бағыт алып дамыды. Әр заман өз ізін қазақ тіл тарихында қалдырды.
Қазақ ұлтында жазба мәдениеттің қалыптасу маңыздылығын «Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп ерекше атап көрсеткен А.Байтұрсынұлы арабшаға негізделген қазақ жазуын төл әліпбиге айналдырудың нағыз реформаторы болды. Ол, ең әуелі, қазақ тілі дыбыстық жүйесін ретке келтіріп, содан соң араб әліпбиін қазақ сөзін дәл таңбалауға бейімдеп, ұлттық тілдің төл әліпбиін қалыптастырды. Оқытудың көне әдісін жаңа оқыту әдістерімен алмастырды. Оның жаңа әліпбиі – қазақ даласында «төте оқу» немесе «төте жазу» деген атпен кең тарады.
А.Байтұрсынұлының әліпбиі сол уақыттағы түркі, тіпті орыс ғалымдары тарапынан да жоғары бағаланып, жалпы қолданыста болғанымен, ресми түрде 1924 жылы ғана қабылданды. Оны ҚХР қазақтары қазір де пайдаланып отыр. Бұл әліпби оқу-ағарту саласындағы орыстандыру саясатына қарсы пайда болған құбылыстың жарқын көрінісі еді.
1-сурет – А.Байтұрсынұлының әліпбиі






1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен түркітанушылардың съезінен кейін 6 наурызда қазақ жазуын латын жазуына көшіру қолға алына бастады. Содан кейін латынша қазақ жазуы 1928 жылы қабылданып, 1929 жылы оның емле ережесі қолданысқа толық енді. Сөйтіп, қазақ жазуының латынша түрі өмірге келді.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, арбшадан латын жазуына көшу мәселесі оп-оңай шешіле қоймаған. 1926-1928 жылдары бұл мәселе қызу талқыланып, сол уақыттағы Алаш зиялыларының көпшілігі оған қарсы болса да, ақыр аяғында үлкен дау-дамай, пікірталастан кейін еліміз 1929 жылы латын жазуына өтті.
Алғашқы латыншаланған қазақ әліпбиі А.Байтұрсынұлының араб әріптеріне негізделген әліпбиін башылыққа алды. Онда 28 дыбысқа 28 таңба арналды.
Латынша қазақ әліпбиін қабылдауға қарсы болған Алаш зиялылары түгелге дерлік репрессияланған соң, 1937 жылдан басталған дайындықтан кейін ешқандай талдау-сараптаусыз, дау-дамайсыз 1940 жылы КСРО мемлекеттік тілдік саясатының және мемлекеттік тәртіптік күштердің ықпалымен латынша қазақ жазуы кирилл әліпбиіне көшірілді. Сөйтіп, қазақ жазуы тарихында болған Ахмет Байтұрсынұлының зор еңбегімен алғаш рет құрастырылған қазақтың арабша төл әліпбиі де, соның дыбыстық жүйесіне негізделіп дайындалып, 1938 жылға дейін кең қолданыста болған, сосын «в», «ф», «х» дыбыс-әріптері қосылған латынша қазақ әліпбиі де қолданыстан шығарылды.
2-сурет – латын негізді қазақ әліпбиі

Осы өзгерістер қазақтың жазу мәдениетіне ғана емес, оның рухани жандүниесіне де, ұлтық ой-санасына да үлкен із қалдырды.


Ал тіліміздің өзіндік ерекшелігін бүлдіріп, табиғи заңдылықтарын бұзған кирилшеге негізделген қазақ жазуы бүгінге дейін кең қолданыста болып келе жатыр.
4-сурет – қазіргі кирилше қазақ әліпбиі

1990 жылдары кирилл жазуынан қайтадан латын жазуына көшіру мәселесі өзекті тақырыпқа айналып, талқыланған еді. Осы кезеңде түркітілдес Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан латын жазуын қабылдап, оған толықтай көшкен болатын.
2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек»,– деген сөзінен кейін бұл мәселеге қазақ қоғамы қайтадан оралды.
Араға біраз уақыт салып, бұл мәселе тағы да көтерілді. Бүгінде қазақ қоғамының өзекті де маңызды мәселелерінің бірі – осы, латынға көшу мәселесі болып отыр. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», – деп латын графикасына көшудің маңыздылығы мен нақты мерзімін белгілеп берген сөзі себеп болды. Қазіргі таңда еліміздегі ұлттық тіл мәселесі мен тағы да әліпби ауыстыру мәселесі қазақтілді қоғамды алаң күйге түсіріп отыр.
Біз 2006 жылғы бір мақаламызда «кирилге негізделген қазіргі қолданыстағы әліпбиімізді латынға сол қалпында көшіре салсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз зор болады, біздің қаупіміз сол – қазақтың латынша жаңа әліпбиін түзгісі келіп жүрген қазіргі талапкерлердің көбісі қазақ тілінің төл дыбыстарын ғана қамтитын әліпби жасауды емес, қазіргі әліибиіміздегі 42 әріпті латыншаға көшіре салуды мақсат етіп жүр» [1] деген едік. Айтылмыш қаупіміз қазір алдымыздан жиі шығып жүр.
Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін Ахмет Байтұрсынұлы бұдан жүз жылдай бұрын анықтап, нақтылап, дәлелдеп кеткен. Соның негізінде латыншаланған қазақ әліпбиі өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының аяғында – баяғыда-ақ жасалып қойылған болатын және ол он-он бес жылдай (1929-1940) ұлтымызға тәп-тәуір қызмет еткен еді. Егер латыншаға шынымен де көшетіндей болып жатсақ, «белесебетті қайта ойлап шығарғандай» болмай-ақ, сол латынша әліпбиімізді сәл жетілдіріп пайдалана беруге әбден болатындай. Бірақ осыны елеп-ескермей, түктің мәнісіне бармай-ақ, ертеңгі ел (қазақтілді қоғамның) сауаты қалай болады дегенді естен шығарып, өзге тілдің тіліміздің табиғи бітім-болмысына мүлдем сәйкес келмейтін дыбыстарын небір сылтау-дәлелдермен латыншаланатын болашақ жаңа әліпбиімізге тықпалап жүргендер жетіп-артылады. Оны филологиялық жоғары білімі жоқ жәй адамдар сөз қылып жатса бір сірә, ғылыми атақ-дәрежесі дардай тілші-лингвистердің өзі де үлкен әңгімеге айналдырып жүр.
2012 жылы 14 желтоқсанда Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»,– деді.
Жолдаудан кейін қазақ қоғамының небір ғалымдары мен қоғам қайраткерлері кирилшеге негізделген қазіргі қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің дұрыс екенін қолдап өз пікірлерін білдірсе, енді бір үлкен қауым қарсылықтарын танытып жатты. Сөйтіп, қазақтың жазу мәдениетіне селқос қарамайтындар арасында дау-дамай басталып кетті. Біреу біліп айтады, біреу білмей айтады дегендей, пікірталас әрқилы болды. Араларында түктің мәніне бармай-ақ, ертеңгі ел сауаты қалай болады дегенді естен шығарып, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы секілді XXI ғасырдағы қазақтың жаңа әліпбиін түзушісі болғысы келетіндер де көп болды.
Әлбетте, қоғамдық пікірдің сан алуан болуы түсінікті де орынды. Өйткені тағы бір рет әліпби ауыстырудың ұлттық-лингвистикалық маңызы мен орыстандыру саясатына қарсылық ретіндегі жағымды жақтары болғанымен, рухани қиыншылықтар тудыруымен қатар экономикалық-әлеуметтік зардаптар әкелетінінде біраз адам дәлелдеп бақты.
Біреулер «Латыншаға көшсек, компьютер тілін оңай игеріп, интернетке шығуымызға кең жол ашылады» десе, енді біреулер «Латын әріптері арқылы күллі түркі жұртына ортақ жазу қалыптастырамыз. Бір-біріміздің жазба әдебиетімізді тәржімәсіз немесе делдал (орыс) тілсіз түпнұсқадан оқи беретін боламыз» дегенді желеу етті. Тағы біреулер латыншаға көшуге мүлдем қарсы болып, «Латын тіліне көшу дегеніміз – орыстың қолтығынан шығып, ағылшынның қолтығына кіру дегенмен бірдей. Қазақтың төл қаріпі «Төте жазу» емес, «Төте жазу» араб әріпін негізге ала отырып жасалғанын. Егер төл жазуымызды қалыптастырғымыз келсе, «Руна таңбасына» көшкеніміз дұрысырақ» деп өз уәждерін алға тартты. Тіпті «Латыншаланған қазақ әліпбиі қазіргі уақытта әлемдік халықаралық тіл саналып жүрген ағылшын тілін оңай игеруге көмектеседі» дегендер де көп болды.
Ал қазақ тілінің бүгінгі хал-ахуалы мен ертеңгі қамын әріден ойлап, ұлт мүддесін көздеген Ә.Қайдар, Ә. Жүнісбеков, Б. Қалиев сияқты т.б. тілші-лингвист ғалымдар «Латыншаға көшу тіліміздің өзіндік болмысын сақтап қалу үшін қажет, латын жазуына негізделген өзіміздің төл әліпбиімізді құрып алған соң, қазақ тілінің табиғатында жоқ, орыс тілінен және халықаралық термин деген желеумен өзге тілдерден (латын, грек, ағылшын, француз т.б.) орысшаланып енген бөтен сөздерден арыламыз. Сөйтіп, қазақша баламасы табылмай жүрген бүкіл кірме сөздерді өз тіліміздің төл дыбыстарымен жазып-айтамыз» деген ұстанымды (позиция) басшылыққа алған еді.
Осы пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік маңызы бар екеніне дау жоқ, дегенмен үшінші пікірдің ұлттық мұддеге сәйкес келетіні даусыз. Мәселен, бірінші пікірге келейік, компьютерде жұмыс істеу, ең алдымен, өзіміз үшін керек емес пе, жазуымыздың, яғни тіліміздің әуелі өзімізге қызмет етуін қамтамасыз етіп алмай тұрып, әлемге танылуды, әлемдік ғаламторға шығуды көздеу тіптен орынсыз.
Бізден басқа қай ел компьютерді жақсы игереміз деп латынша жазуға көшкелі жатыр екен. Сонда ежелден келе жатқан дәстүрлі жазу-сызуы бар елдер (еврей, араб, қытай, жапон, кәрей, грузин, армиян т.б.) компьютер тілін оңай игереміз деп латыншаға көшкелі жатыр ма? Демек, бұл – жазу ауыстыруға басты желеу бола алмайды.
Екінші пікірге құлақ қоюға болатын секілді.
Қазір біз кез келген түркі халықтарының өкілімен ауызша сөйлессек, бір-бірімізбен оп-оңай түсінісіп, пікірлесе аламыз. Ал барлығымыздың кирилшеге негіделген жазуымыздың әрқилылығына байланысты бүкіл жазба дүниелерімізді орысшаға аудармай оқи алмаймыз.
Бұл – түркі тілді халықтар өзара жазба әдебиеттерін оқи алмасын, әрқайсысы өзінше бөлек дамысын, бірінен-бірі туыстық, рухани байланыстан алшақтай түссін деген саясаттан туындаған еді. Соның кесірінен, қазіргі таңда Кеңес Одағының құрамында болып, барлығы бірдей орыс жазуын ұстанған түркі тектес халықтар бір-бірлерінің жазған дүниелерін орысша аудармасыз оқи алмайтын халге жетті.
Қалай дегенмен қазіргі уақытта қазақ әліпбиін латыншаға көшіру қазақ тілді қоғамда басым дауысқа ие бола бастады. Осы ретте түркі халықтарына ортақ әдеби тіл қалыптастыру туралы әңгіме ХХ ғасырдың басында сөз болып, бұл идея Қазан төңкерісінен кейін де біршама уақыт өзекті болғанын еске алу керек. Алайда, батыс зерттеушілері атап көрсеткендей [2,8], бұл әуел бастан мүмкім емес нәрсе болыпты. Олардың айтуынша, сол заманның өзінде түркі халықтарының әрқайсысы өз тілдерімен сөйлеп, өзара тілдескенде бірін-бірі соншалықты жақсы түсінгенімен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынас жақтан бір-бірінен өте алшақтап кеткен.
Енді, түркі тілдес халықтардың ұлттық өзіндік келбеті айқындалып, тілдері кең қолданыстағы әдеби нормаларға ие болған кезде ортақ әдеби тіл жасайық деген ұранның келешегі күңгірт екені айқын болса да, осы ұран жұртты әлі де болсын еліктіруде. Өткен ғасырдың, яғни 1910-1920 жылдырындағыдай, барлық түркі халықтарына түрік тілі ортақ болсын немесе бәріне де түсінікті ортақ бір тіл жасайық деген пікірлер пайда болды. Түрік тілін ортақ әдеби тіл етейік деген мәселе, ең әуелі, А. Эдьчибей кезінде Әзірбайжан Республикасында көтерілгенімен, жаңа әліпбиге көшкен қазіргі әзірбайжан тілі өзінің ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы латынша әліпбиі мен емле нормаларына оралмай, қазіргі түрік емлесіне барынша жақындау жолына түсіп кетті. Ал Өзбекстан керісінше кетіп, «ортатүрік» жобасын дайындап, соны жүзеге асырып жатыр. Ал біз болсақ, латыншаға енді көшейік деп жатқанда осы әңгімені қайта қозғап, біздің тілімізде жоқ, бірақ кейбір түркі тілдерінде бар дыбыстарды (в, и, у ф, х, Һ) латыншаланатын болашақ әліпбиімізге ендірейік, сөйтіп, барша түркі халықтарына ортақ әліпби жасайық деп әріптердің санын 33-35-ке дейін жеткізіп жүрміз.
Міне, осы бір кінәратты мәселені елеп-ескермей-ақ, бәрімізге ортақ жазуды қалыптастыруды ойласақ, ортақ латынша әліпбиді қалыптастыруды қолдауға болатындай. Бірақ қазірдің өзінде бұл іс біз ойлағандай болып жатқан жоқ. Түріктер ХХ ғасыр басында, демек 1928 жылы жасап алған өз латыншасында қалды, әзербайжандар мен түрікмендер латыншаланған өз әліпбилерін түріктікіне сәл-пәл ұқсатса, өзбектер латыншаны өздерінің қалауы бойынша жасап алды, сөйтіп, әр тілдің өзіндік төл дыбыстарын айтпағанда бүкіл түркі жұртына ортақ дыбыстар әр түркі тектес ұлттарда латын әрпімен түрліше таңбаланып жатыр. Бәріміз бір мәмілеге келіп, ортақ шешім қабылдап жатпаған соң, солай болатыны түсінікті. Демек, кезінде күллі түркі жұртына бірдей түсінікті болып, кең қолданыста болған, сонау XІІІ-XIX ғасырлардағы «шағатай тілі» сияқты ортақ жазуды қалыптастыру енді бүгін қиын шаруа болып қалғандай және әркім өзінің жеке ұлттық мүрдесін көздеген мынадай алмағайып заманда соның аса қажеттілігі де жоқ сияқты.
Сондықтан тек өзіміздің ұлттық мүддемізден шығатын мақсат қана ең түбегейлі мұрат болып қалар дегенімізбен, бүкіл түркі жұртының «қамын ойлап, жаны ауырып» жүргендер ортақ түркі әліпбиін жасаумен әлі де шұғылданып жүр. Мәселен, тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара өзінің «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы» [] деген мақаласында осындай мақсатта дайындалған өз әліпбиін көпшілік назарына ұсынады.

5-сурет – профессор Әбдіуақап Қараның ұсынған әліпбиі:



Осындай ортақ түркі әліпбиін немесе «Қазақ тілінің ғаламторлық әліпбиі» деген атаумен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты да академик Ә.Қайдардың басшылығымен дайындады [4, 109 б.].

3-кесте – қазақ тілінің ғаламторлық әліпбиі








қаз.

лат.

аты




қаз.

лат.

аты

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

А а
Ә ә
Б б
Д д
Е е
Ф ф
Ғ ғ
Г г
Ы ы
І і
Ж ж
Қ қ
К к
Л л
М м

A a
Ä ä
B b
D d
E e
F f
Ğ ğ
G g
I ı
I i
J j
Q q
K k
L l
M m

а
ә
бы
ды
е
фы
ғы
гі
ы
і
жы
қы
кі
ыл
мы

16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Н н
Ң ң
О о
Ө ө
П п
Р р
С с
Ш ш
Т т
Ұ ұ
Ү ү
В в
У у
Й й
З з
Х х

N n
Ŋ ŋ
O o
Ö ö
P p
R r
S s
Š š
T t
U u
Ü ü
V v
W w
Y y
Z z
H h

ны
ың
о
ө
пы
ыр
сы
шы
ты
ұ
ү
вы
ұу
ый
зы
хі

Сондай-ақ М. Ержігітов Abai.kz порталында: «Елбасымыз қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын айтып, дәл қазір халықты тұтастық пен тұрақтылыққа шақырды. Сондай-ақ латын әріпіне көшіп техника тіліне жақындай түсетінімізді айтты. Бұл өте дұрыс шешім және орындалатын стратегия екеніне біз сенеміз. Осы тұста тіл мамандары болашақ қазақ тілінің әліпбиі болатын латын қаріптерінің түрлі формаларын ұсынды. Бірі түрік, өзбектікін көшірсе, бірі әзербайжандікін алуға ниет білдіріп жатыр. Түрік, әзірбайжандікін көшіріп алсақ қазақ тіліне тән (ұ, ү, ң, і т.б) кейбір дыбыстарды жоғалтып алуымыз мүмкін. Осыны ескере келе, біз қазақ тіліне тән дыбыстарды қатаң сақтай отырып, қазіргі кезде жастардың мобильді хат алмасуда қолданылып жүрген (смс) ағылшын әріпін негізге алып қазақ таңбаларын құрастырып шықтық. Бұл таңбаларда славян тілдеріне тән барлық дыбыстар алынып тасталды. Нәтижесінде орыс тілінен кірген сөздер қазақы дыбыстардың акцентіне ұшырап қазақ тілі (үстемдігі орнауы мүмкін) қаз қалпында сақталуы мүмкін.


Қазақ тіліне тән 30 таңба белгіленді. Қызылмен жазылғандары алынып тасталды. («Һ» әріпінің өте аз қолданылуына орай алынып тасталды)

A * А
A`- Ә
B - Б
C - Ж
D - Д
E - Е
F - Ф



H - Ғ
I - І
J - Й
K - К
L - Л
M - М
N - Н
N` - Ң

O - О
O` - Ө
P - П
Q - Қ
R - Р
S - С
Sh - Ш
T - Т

U - Ұ
V - Ү
W - У
X – Х
Ү - Ы
Z - З
Ь
Ъ
Һ

В
Е ио
Ю
Я
И
Э
Щ
Ч
Ц

Мысал:Qazaqstan, O`mir mektebi, Sa`ken, qulager, A`skerge xat, Halymcan, Shempjon, Shapaev, Monholja, Kompjwter, sw arnasy, Nawshnjk, Ult pen da`stvr, Keshqurym, vkili bo`rik, bvrmeli ko`lek», - деп өз нұсқасын ұсынды [5].


Осы ретте атап айта кетейік, қазақ әліпбиін латыншаға ауыстыру мәселесіне басқа ақпарат көздерінен гөрі айтарлықтай атсалысып жүрген порталдардың бірі, тіпті бірегейі Abai.kz порталы десек артық айтқандық емес. Осы порталда қазақ тілінің латыншаланатын болашақ әліпбиі мәселелері туралы тұшымды материалдар жиі жарияланып тұрады. Солардың бірқатарын еш өгеріссіз толықтай беруді жөн санадық.
«Назарларыңызға ұсынылған осы қазақ-ағылшын харыпты әліпбидің 5 нұсқасына өз пікірлеріңізді берсеңіздер. Әрқайсыңыз қазырғы қолдауға жарамды електрондық бейресми әліпби таңдауға қатысып, қазақтілді қауымды харып мәселесінен құтқаруға қол ұшын берсеңіз екен. Сөйтіп, ең болмаса хат-хабар алысуға ортақ қоғамдық және бейресми әліпби таңдап бекітсек, ешкім қарсы болмас.
Ағылшын қарыпты бірнеше қазақ әліпби жобаларын жариялай отырып, интернет қолданушыларының пікірін білгіміз келеді.
Нұсқа авторлары әзір көрсетілмейді.
1-НҰСҚА


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет