Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


Латын таңбасындағы болашақ қазақ әліпбиінің жобасы



бет32/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
treatise110635

Латын таңбасындағы болашақ қазақ әліпбиінің жобасы

Ф.ғ.к., доцент Исхан Б.Ж., ф.ғ.к., доцент Зайсанбаев Т.Қ.,


ф.ғ.к., доцент Оспанова Б.Р.

Біз алдағы уақытта рухани тәуелсіздікке де жетеміз десек, орыс тілінің ықпалынан шығуымыз қажет-ақ. Ол үшін қазіргі жазуымызға реформа жасау керек екенін көпшілік мойындай бастады. Бірақ соның басқаша жолмен де жүзеге асуы мүмкін екенін көпшілік ескермей жүргендей. Мәселен, орыс жазуының өзі латын/грек әліпбиінен өрбігені баршаға мәлім. Осыны ескере отырып, қазіргі әліпбиіміздегі орыс тіліне тән, біздің тілге мүлдем жат дыбыс-әріптерді (в, ф, ц, ч, э, ё (ио), и (дауысты), у (дауысты), я, ю, ь, ъ, х,), сондай-ақ араб-парсы тілінен келген, бірақ қазақтілі сөздерінің мағынасына еш қатысы жоқ, арбаның бесінші дөңгелегі сяқты болып, қазақ тілінің «қ» дыбысымен қосамжарласып жүрген «һ» дыбыс-әрпін алып тастасақ, латынша болып шыға келер еді.


Тіпті толықтай кирилден құтылғымыз келсе, қазіргі кирилше әліпбиіміздегі «б», «г», «ж», «з», «л», «м», «н», «ш» әріптерімізді латындық «в», «g», «j», «z»» «l», «m», «n», «c» әріптерімен алмастырсақ, ал қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін танытатын ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң дыбыс-әріптеріне қайтадан латынша таңба береміз деп аса қиналмай-ақ, қазіргі кирилшедегі қалпында қалдыра салсақ, орынды болатын сияқты.
Осылайша, тіліміздің төл дыбыстарын ғана таңбалайтын жаңа әліпби жасасақ, жаңа жазумен тәрбиеленіп өсетін жас ұрпақ бұрынғы жазуымыздағы күллі жазба дүниелерімізді біршама еркін оқып-түсіне алар еді, ал ересектер жаңа жазуды оңайырақ игерер еді. Себебі әліпби ауыстырғанда ең алдымен зардап шегетіндер кирилл жазуына үйреніп қалғандар. Қазақ тілінің төл дыбыстары бұрынғы кирилл әліпбиіндегі әріптер арқылы берілсе, олар жаңа әліпбиді игеруде көп қиналмас еді. Әлбетте, бұл біздің жеке ұсынысымыз.
Қалай дегенмен қазақ тілі әліпбиінің ертелі-кеш пе латыншаға көшетіні – басы ашық мәселеге айналды. Латыншаға көшуді көпшілік қолдап отыр. Алайда қазақ тілі дыбыстық жүйесінде қанша дыбыс бар екені және олардың саралануы, дауысты-дауыссыз болып жіктелуі баяғыда жасалып қойылса да [1; 2; 3; 4], латынша жаңа әліпбиге көшкенде қандай сипатта болатыны әлі күнге даулы болып келеді.
Біреулер қазіргі кирилше әліпбидегі барлық әріптерді латыншалай салуды көздесе, енді біреулер қазақ тілінің А.Байтұрсынұлы түгендеп беріп кеткен 28 төл дыбысын ғана латыншалау керек деп есептейді. Ал енді біреулер кезінде, негізінен, орыс тілі арқылы дендеп енген «в», «ф», «х» дыбыстарын да қазақтың болашақ латыншы әліпбиіне қосу керек, өйткені бұл дыбыстармен жазылып-айтылатын сөздер баршылық, оларды қазіргі қазақ айта да, жаза да алады. Олар қазақ тілі дыбыстары болып кеткен деген сияқты өз уәждерін алға тартып, әріптер санын 31-ге, тіпті 33-ке жеткізіп жүр [5, 309-315].
Біз, негізінен алғанда, осы үш бағытты ұстанып, ағылшын тілі әріптері бойынша қазақ әліпбиін құрастырушылардың [5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12] нұсқаларын зерттеп-зерделеу барысында олардың көпшілігі көп жағдайда бірін-бірі қайталайтынына және 1929 жылғы латынша әліпбиден кем түсіп жатқанына көз жеткіздік. Олар – біздіңше, мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет