Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»



бет37/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
treatise110635

Пайдаланылған ресурстар:

1. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110


2. https://ru.wikipedia.org/wiki/
3. http://www.kazakhstanlive.ru/about-kazakhstan/kazakhstan-today/
ҚОРЫТЫНДЫ

Дүниежүзіндегі кез келген тілдің қалыптасып дамуының өзіндік жолы, өзіндік ерекшелігі, соған сәйкес өзіндік заңдылығы болады. Ал сан ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылықтарды саясаттың ықпалымен өзгерте салу тілдің бұзылуына, өзіндік бет-бейнесін жоғалтуына әкеп соқтырады. Жөн-жосықсыз тықпаланған ережелер сауатты жазуға кедергі келтіріп қана қоймай, тіл заңдылықтарын да жоққа шығарады. Әрі-беріден соң бұлар тіл мәдениетіне де, ұлттың танымдық жүйесіне де зор зиянын тигізеді. Қазіргі жазуымыздың тіл мәдениеті мен ұлттық танымға тигізіп жатқан залалы туралы талай еңбектердің де жазылып жатуы соның дәлелі.


Ғылыми жобаны жүзеге асыру барысында еліміздің тәуелсіздік алып, егемен ел болған алғашқы жылдарынан бері қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесіне қатысты іс-шараларға назар аударылып, ой елегінен өткізілді. Жоба орындаушылары қазақ жазуын кирилшеден латыншаға ауыстыру мәселесіне ұлттық мақсат-мүдде тұрғысынан келіп, оны орындау үшін үш жылға мынандай міндеттер қойып зерттеу жүргізді: қазіргі қазақ жазуын латын графикасына көшірудің теориялық мәселелерін анықтау; ұлттық мақсат-мүддені көздей отырып, қазіргі қазақ жазуын латын графикасына көшірудің біршама толыққанды ғылыми-теориялық негіздемесін жасау; зерттеудің теориялық мәселелерін анықтай отырып, қазіргі қазақ жазуын латын графикасына көшірудің ұлттық рухани қажеттіліктен туындап отырғанын танып-білудің негізін қалау; ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы араб графикасына негізделген қазақ жазуын латын графикасына көшірудің тәжірибесін талдап-саралау, оның кемшіліктері мен ұтымды жақтарын ескере отырып, жүйелеу; туысқан түркі тілдес халықтардың латынға көшу іс-тәжірибесімен зерделеу, кемшіліктері мен ұтымды жақтарын қарастыру; жоба орындаушылары бүгінге дейінгі құрастырылған әліпби жобаларын саралай келе, өз нұсқаларын дайындап ұсыну.
Зерттеу барысында латын қарпіне көшудегі қазақ тілі дыбыстық жүйесін жаңғыртудың негізгі қағидалары, ұлттық ұстанымға қатысты түрлі мәселелер ғылыми-теориялық тұрғыдан әр қырынан қарастырылып, біршама зерделенді. Мәселен, «Жазудың халық мәдениетіндегі орны» деген тақырып бойынша қазақ жазуының тарихы, қалыптасуы, тілдік саясат және бүгінгі қазақ әліпбиі мәселелрі және оның ұлттық таным мен ұлттық тілге қатысты күрделі де түйінді кейбір мәселелері көрсетіліп, тұжырымдар жасалды.
Кез келген тілдің қалыптасып дамуының өзіндік жолы, өзіндік ерекшелігі, соған сәйкес өзіндік табиғи заңдылығы бар екені анықталып, ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылықтарын саясаттың ықпалымен өзгерте салу тілдің бұзылуына, өзіндік бет-бейнесінің жоғалтуына әкеп соғатыны зерделенді. Қазіргі жазуымыздың тіл мәдениетіне тигізіп жатқан залалы туралы бірқатар дәлел келтірілді.
Қазақ – ежелден жазуы болған халық. Дегенмен халқымыздың әдебиеті негізінен ауызша дамыды, сондай-ақ ел ішіндегі дау-шарлар және әлеуметтік мәселелердің барлығы ауызша шешілді. Көшіп-қонып тұрмыс-тіршілігін түзеген қазақ халқына жазудың қажеттілігі ұзақ уақыт бойы онша қажет бола қоймағандықтан, олардың жалпыхалықтық жазу мәдениеті, яғни жазба әдебиеті кеш дамығаны рас. Бұның қазақ тілінің табиғи дамуына тигізген игі ықпалы да болды. Себебі қазақ тілі ауызша дамығандықтан, оның дыбыстық жүйе (фонетикалық) заңдылықтары ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен дамып кемелденген болатын. Оның табиғи дамуына жазба тіл арқылы қалыптасатын қасаң нормалар кедергі бола алмады. Сондықтан да дүниежүзінің танымал фонетистері қазақ тілін құлаққа жағымды әуезді тілдірдің біріне жатқызады.
Қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында көрші елдермен экономикалық та, саяси да қарым-қатынастар жасап тұрды. Нәтижесінде көрші елдер тілінен тілімізге көптеген сөз енді. Бірақ олар ауызша енгендіктен, қазақ тілінің өзіндік заңдылығына бағынып, бірте-бірте дыбыстық өзгеріске ұшырап, түпнұсқадан (араб-парсылық, орыстық т.б.) мүлде алшақтап кетті. Ондай сөздердің көпшілігінің кезінде қай тілден қандай ұғым-түсінікті білдіріп енгенін тіпті арнайы этимологиялық зерттеу жүргізу арқылы да айқындау қиын.
Бір тілден екінші тілге сөз, көбінесе, бір елдің екінші бір елге әскери немесе экономикалық жақтан тәуелді болған кезінде енеді. Мәселен, көшпелі түркі ру-тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері әскери басымдыққа ие болып тұрған кезде әлемнің көптеген елінің тіліне олардың сөздері тарады. Ал керісінше басқа елдерге өздері кіріптар болып қалған заманда олардың сөздерін қабылдауға мәжбүр болдды.
ХХ ғасырға дейін түркі тілдеріне (қазақ тіліне де) енген сөздердің басым көпшілігін араб-парсы сөздері құрайды. Араб-парсы сөздері қазақ тіліне ауызша тарап, ауызекі сөйлеу тілінің заңдылығына бағынып, түрлі нұсқа құрап айтылды. Нәтижесінде олар мағыналық жақтан сараланып, дербес сөздерге айналып, қазақ тілін байытты. Мәселен, арабтың хадирун деген сөзінінен қазір, қазірше, қазіргі, әзір, әзірше, әзірлеу; хажатун деген сөзінен қажет, әжет (әжетке жарау, әжетхана) сияқты сөздер пайда болған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Осындай кірме сөздердің тілге дыбыстық жақтан игеріліп енуін қолдаған қазақ зиялыларын түрлі жала жауып репрессиялаған Кеңес Өкіметі кезіндегі Ресей империясының орыстандыру саясатын одан әрмені зор қарқынмен жалғастырды. Коммунизмге бір тіл, бір мәдениетпен жетеміз деген ұстанымды басшылыққа алып, одақтас республикалар тұрғындарының баршасын орыстандыруды мықтап қолға алды. Ол үшін қарамағындағы елдер тілінің өздеріне тән дыбыстық заңдылықтарын бүлдіріп, орыс тіліне бейімдеу қажет болды. Осы мақсатпен олардың әліпбилерін кирилшеге көшіріп қана қоймай, оған орыс тіліне тән дыбыс-әріптерді күштеп ендірді. Кеңестік жүйе өзінің осы тілдік саясатын бүркемелеу үшін «бұл дыбыстар ұлттық тілдің икемділігін арттырады, тілдің сөздік құрамын «халықаралық сөздермен» байытады» деп сендіріп бақты. Ұлттық тілдерге тән емес дыбыстар тілдің өзіндік қорғаныс жүйесін бұзып, өзгеше дыбыс тіркесімдерінің пайда болуына әкелді. Бұл өз кезегінде сөйлеу мен жазудың арасындағы сәйкессіздікті ұлғайтып, ұлтық тілдердің өздік табиғи бітім-болмысынан алшақтатып жіберді.
Қазір біз кеңес өкіметі келмеске кетсе де, оның қасақана түзіп беріп кеткен әліпбиін, сол әліпбиге негізделіп қабылданған ережелерін әлі күнге тұтынып, соларды әдеби норма ретінде пайдаланып жүрміз. Қазіргі қолданыстағы әліпбиіміздегі тілімізге тән емес дыбыстар мен сол дыбыстар қолданылатын сөздердегі өзгеше дыбыс тіркесімдерін сол қалпынша жазып-айту үшін емлелік (орфографиялық) сөздіктерімізді басы артық ережелер мен сансыз көп еcкертулерге толтырып жібердік. Дыбыстық жүйемізге сәйкес келмейтін әліпби, сондай-ақ сөздерді еш өзгеріссіз жазып-айтуға мәжбүрлейтін емле ережелерміз тіліміздің табиғи бітім-болмысына жат, бөгдетілдік дыбыстар мен дыбыс тіркесімдерінен тұратын сөздерге қазақша қосымша жалғауды қиындатумен қатар төл сөздеріміздің дәстүрлі жазылып-айтылуына да ықпал ете бастады. Бұдан шығудың бірден-бір жолы – қазақ сөздерін, әсіресе еш өзгеріссіз қолданыста болып келе жатқан өзгетілдік сөздерді қазақ тілінің заңдылығына сай етіп айту мен жазуды қалыптастыру болып отыр.
Ғылымы, мәдениеті дамыған еуропа елдері латын әліпбиін қолданады. Қазіргі ақпараттық-қатыстық электронды құрал-жабдықтардың тілі де латын қарпіне негізделген. Латын әліпбиінің осындай және т.б. да артықшылығын ескерген қазақ қоғамы осы әліпбиге көшуге басымдық беріп отыр. Жаңа әліпби, жаңа жазу, жаңа ереже арқылы ғана кирилл әліпбиінен, сол арқылы күштеп ендірілген өзгетілдік дыбыс-әріптерден, сол дыбыс-әріптер қолданылатын өзгетілдік сөздердің орысша қалай жазылса, қазақ тілінде сол қалпында жазуға мәжбүрлейтін емле ережелерінен, айналып келгенде, орыс тіліне тәуелділіктен құтыла аламыз.
Қазақ тілі дыбыстық жүйесі мәселесін ұлы ағартушы-ғалым А.Байтұрсынұлы кезінде шешіп кеткен. Ал әліпби мәселесі, кірме дыбыстар туралы қазіргі дау-дамай орыс тілі мен орысшаланып шетелдер тілінен енген сөздердің орыс тіліндегідей болып жазылуына әбден бауыр басып кеткендігімізден және олардың кирил әріптерімен қазақша жазылғаны өзімізге жат болып көрінуінен болып отыр.
Түркі тілдерін, соның ішінде қазақ тілін де үнді-еуропа тілдерінен ажыратып тұратын ең басты белгі – түркілік тілдердің үндестік заңы (сингармонизм). Тіліміздің төл емлесін қалыптастыруда бірінші орында осы заң сақталуы тиіс. Бұдан соң тіліміздегі дауыссыз дыбыстар тіркесімі және олардың сөз басында, сөз соңында, дауысты дыбыстар қоршауында немесе біріккен, кіріккен сөздердің аражігінде айтылу ерекшелігі ескерілуі керек. Ол үшін осы күнгі емле ережеміздегі «кейбір дауыстылар екінші буында жазылмайды» деген сияқты т.б. қғидаларды (принциптерді) қайтадан қарап, тілдің төл табиғатына бейімдеу қажет. Алдымен өзіміздің төл сөздеріміздің, төл сөздеріміздей болып кеткен кірме сөздердің жазылуын реттеп алған соң еш өзгеріссіз қолданыста жүрген өзгетілдік сөздердің жазылуы туралы бір шешімге келуге болады.
Зерттеуде Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің латын графикасына негізделген әліпбиі қарастырылып, оларға талдау жүргізілді. Көптеген дереккөздерінен белгілі болғандай, тұтас алғанда, осы мемлекеттердің саяси, экономикалық және мәдени жағдайлары тіл мәселесін шешудің қалай жүзеге асырылып жатқандығына мысал бола алады. Біз соны ескере отырып өз зерттеуіміщле олардың тәжірибелеріне баға беруге тырыстық. Негізінен, мынадай мәселелерге назар аудардық: қандай тілдік (дыбыс-әріптік) өзгерістер мен қайта құрулар қабылданды және олар қаншалықты тиімді болып шықты.
Тілдік қайта құрудың маңызды аспектісі, ең алдымен, әліпбиді өзгерту арқылы болады. Әзірбайжанда, Өзбекстанда және Түрікменстанда латынға көшуді үкімет жаңа мәдени және саяси тәртіптің бір бөлігі ретінде қарастырды. Үш мемлекет те әрқайсысы өз әріптері жиынтығымен латын графикасына көшуге тырысты. Латындандыру халықты оның пайдалы жағына сендіру-нандыру арқылы емес, керісінше жоғарыдан кеңестік авторитарлық стильде, айналып келгенде, жаңа технологияларды тиімді игерудің төте жолы ретінде көрсетіліп жүргізілді. Шешім лингвистикалық пайымдаулар арқылы емес, бірінші кезекте, саяси таңдау ретінде жоғарыдан нұсқау беру арқылы болды. Олардағы латын графикасына көшу мерзімі жоспарланғаннан гөрі едәуір ұзаққа созылды
Ғылыми жобаны орындау барысында 1995-2017 жылдар аралығындағы қазақ тілі мен жазуын латын графикасына көшіру жөніндегі мәселелерге, Қазақстанда қалыптасқан тілдік жағдайатқа назар аударылды. Жобаның қорытынды нәтижесінде қазақ әліпбиін кирилшеден латынға көшіру мәселесі біршама тарқатылып айтылды. Мәселен, «Қазақ дыбыстарын латынша таңбалау бойынша танымдар» деген тақырып бойынша қазақ жазуының тарихы, қалыптасуы, тілдік саясат және ұлттық таным мен ұлттық тіл мәселесіне қатысты күрделі де түйінді кейбір мәселелер көрсетіліп, тұжырымдар жасалды. Әліпби ауыстыру, шындығына келгенде, орыс жазуына немесе оның тіліне деген қарсылық емес. Ол – ұлттық-танымдық, ұлттық-лингвистикалық мәселені шешіп, рухани тәуелсіздік алуға бағытталатын аса маңызды қадам. Тіліміздің дыбыстық жүйесіне негізделген төл әліпбиін құрастырып, емле мәселелесін оңтайлы шешіп алған соң ғана жазуымыз өзінің төл табиғатымен табыса алады.
Тілміздің дыбыстық жүйесіне негізделген әліпбиін құрастырып, төл дыбыстарымыздың тіркесім заңдылығын сақтай алсақ, емле ережемізді дұрыс түзуге де, жалпы халықтың сауатты жазуына да зор мүмкіндік туады.
Зерттеу барысында латыншаға көшудің ұлттық мүддеге неізделген тиімді жолы зерделенді. Осыған орай, 28 әріптен тұратын төл әліпби құрастыру керек деген тұжырымға келдік. Зерттеудің теориялық мәселелерін анықтау арқылы қазіргі жазуымызды латын графикасына көшірудің ұлттық рухани қажеттіліктен туындап жатқанын танып-білудің негізі қаланады. Сонымен қатар қазіргі ұсынылып жатқан кейбір әліпбилердің кемшіліктері мен дыбыстық ерекшелігіне талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері ғылыми баяндамалар, ғылыми мақалалар түрінде дайындалып, конференцияларда оқылды.
Жалпылай айтқанда белгіленген міндеттер толығымен орындалды. Ескерте кететін бір жайт – қаржының аз бөлінгендігіне байланысты Еуропалық патент алу мәселесі шешілмеді, есесіне ҚР Әділет министірлігнен, РФ Ғылым академиясынан авторлық құқықты сақтайтын және жоба нәтижесін сақтандыратын куәліктер алынды. Жоба орындаушылары үш жыл ішінде күнтізбелік жоспарға сәйкес ?? ғылыми мақала жариялап, түрлі ғылыми конференция, семинарларда өз ой-тұжырымдарын баяндады. 3 ғылыми мақала ЖАҚ (ВАК) тізіміне ентін журналда, 2 мақала шетелдік РИНЦ жарияланып, бірнеше сертификат алынды. Осы ұжымдық монография үш жылдық зерттеу жұмысының қорытынды нәтижелері ретінде басылымға ұсынылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет