Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау:Ұжымдық монография / - Алматы: ЖШС «Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2017. - 254 б.
ISBN 978-601-232-542-3
Кітапта қазақ әліпбиін латыншаға көшірудің теориясы ұлттық мақсат-мүдде тұрғысынан қарастырылады. Латыншаға көшудің артықшылықтары мен кейбір мәселелері тарқатылып айтылады. Ұлттық әліпби құрастыру – қазақ тілінің табиғи бітім-болмысын сақтау үшін қажет екені нақтыланады. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшкен түркі елдерінің тәжірибелеріне талдау жасалады. Авторлық ұжым лингвист-мамандардың және басқа да тіл жанашырларының қазақ тілі дыбыстық жүйесіне қатысты негізгі ой-тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, өзгетілдік қоғамдық-саяси сөздер мен терминдердің тіліміздің латын жазуына негізделетін болашақ әліпбиімен қалай жазуға болатыны жөніндегі өздерінің жобалық қағидалары мен әліпбилерін ұсынады.
Бұл ұжымдық монография білім, ғылым жүйесі мамандарына, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орны профессор-оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға арналған.