Лебіз адамзат санасында өшпес із



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,89 Mb.
#9072
1   2   3   4   5   6

Әлия САБЫРОВА, 

өнертану ғылымының кандидаты:

– Ерлік, жауынгерлік рухты туғызған 

– жыраулық дәстүр. Жыраулардың 

көсемдігін неге халық мойындаған? 

Олар – жауынгер әрі қолбасшы, саяси 

қайраткер ретінде ханның кеңесшісі, 

әлеуметтік статусы жоғары орта не 

егде жастағы адамдар болған. Елге 

басу айтатындай сөздері өтімді, дуалы 

ауыз, орақ тілді. Қазақтың жыры не 

себепті соғыстың алдында айтылған? 

Жауынгер жыраулар аруақтарын 

шақырғанда жауынгердің өзі емес, 

рухтарының күші сыналады деп 

есептеген. Ер қаруының да өзіндік 

қасиеттері болған, қылышы на, 

найзасына арнап мадақ жырлар 

айтқан. Дәстүрде отаншылдық рух 

өзді гінен қалыптасатын. Жыраулар 

отанына, елдің басшысына арнайы 

мадақ жыр арнайды. 

Ал Абай өлеңнің мазмұнының 

терең болуына мән беріп, әнді екінші 

орынға қойған. Себебі ол – жазба 

әдебиетінің өкілі, ойшыл ақын. 

Сондықтан әуенді саналы түрде 

қарапайымдандырып жібереді. 

Абайдың пікірінше, тыңдаушы өлең 

сөзіне, мазмұнға назар аудару керек. 

Бұл үрдіс қазіргі заманның әуес қой 

сазгерлерінің шығармашылығына 

қатты әсер етті. Қазіргі поэзияда 

бұрын ғыдай тереңдік жоқ, себебі 

ақындар бұ рын ғыдай саяси орында 

отырған жоқ. Әлеуметтік статусы 

жоғары емес. Әркім өзінің ішкі 

сезімін, түсінігін жаза ды. Олар бүкіл 

қоғамдық проблеманы көтермейді. 

Қазіргі композиторларды «симфония, 

опера шығар» деп еуропа лық жанрға 

бағыттайды.  Оларға  дәс түр дің  ізіндегі 

адамның намысын оята тын шығарма 

шығару қарапайым дүние де, ал 

симфония жасау – мәртебе. 

Сондықтан жаңа буын композитор-

лары на қазақы тәрбие, оқу-білім 

сала сы на өзгеріс керек. Композитор-

лар дың музыкаға деген көзқарасын 

қазақылан дырып, ең алдымен дәстүр-

лі өнерді үй ре нуден бастау керек. 

Өзінің төл өнерін білмеген адам өзінің 

қиялына келген шығарманы жаза 

береді. 

Жыраулардан бастау алатын 

жауынгерлік рух қайда?

жазушысы Ға бит Мүсірепов те  қатысса, 

майданда ер лік көрсеткен қазақ жауын-

герлеріне арнал ған екінші фильмнің сце-

на рийіне  ақын  Әб ділда  Тәжібаев  бас-көз 

болды. 1944 жылы А.И. Менкин, С.А.Тимо-

 шенко  атты  орыс   тың  киногерлері  қазақтың 

музыка өнерін қамтитын «Домбыра дау-

сымен» атты фильм-концерт түсірді. Осы-

лайша, қазақ даласы соғыс майданына 

емес, мәдениет тің қайнаған қазанына 

айналды. Таяқтың екі ұшы болатынының 

бұл да бір дәлеліндей еді, яғни бір жағынан 

соғыс тіршілікті қиратып жатса, екінші 

жағынан тіршілікке жан бітірген осындай 

да тұсы болды. 



Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды 

игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер 

тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу 

аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды. Ұлттық, 

жауынгерлік рухтың жоқтығы пәрменсіз патриоттық әндер туғызып 

жатыр. Байқау аясында ғана жеңімпаз атанып, ертеңгі күні ел жадынан 

өшіп кететін «патриоттықсымақ» әндерге не жетіспейді? Ғұмыры қысқа 

ән тудырушы композиторларға да қатаң талап қою қажет пе?

ТҮЙІН: 

Еліміздің Әнұраны таңдалар 

тұста да Шәмші атамыздың 

«Менің Қазақстанымы» қалың 

көпшіліктің көңілінен орын 

алғандығымен таңдалды. Оған 

ешкім таласа да алмайды. 

Себебі бесіктегі балаға – 

жаялық, қауқарсыз қарияға 

таяныш болып, санамызда 

жатталып қалған бұл әннің оза 

шаппауы мүмкін емес еді. 

Лайым өрелі де қазақы бояуы 

қанық, рухымызды көтеретін ән 

тудыратын жаны қазақы 

композиторлар туа берсін!

ТҮЙІН: 

Алматының «голливудтық» ғұмыры 1941 жылдың күзінен 1944 жылға 

дейін жалғасты. Әлі де жалғасар ма еді, кенет осы жылдың 26 шілдесінде 

Эйзенштейн ақсақалдың жүрегі сыр бермегенде. Дәрігерлер дерттің 

себебін Алматының ауа райынан деп тапқан соң, режиссердің Мәскеуге 

оралудан басқа амалы қалмаған еді. Эйзенштейннің кетуімен Орталық 

киностудияның жұмысы тоқтады. Бірақ бір жақсысы, киностудияның бар 

техникалық базасы Алматы киностудиясына мұра ретінде қалдырылды. 

Қиын-қыстау заманда пана болған қазаққа мәскеуліктер алғысын осылай 

үлкен адамгершілікпен қайтарды. Соның арқасында 1950-60 жылдары 

Қазақстанда киноиндустрия қарқынды даму жолына түсті.

Тәуелсіз Қазақстан – кешегі 

заманда төрткіл дүниені 

тітіреткен, салт атты әскери 

өркениетімен салтанат құрған 

айбынды көшпелілердің 

заңды ұрпағы. Еуразияның 

Ұлы даласын тұлпар тұяғымен 

дүбірлеткен баһадүр бабала-

ры мыздың соғыс тәжірибесі 

мен заңдарын әлем елдерінің 

қарулы күштері қабылдап, 

әскери жүйесін жасақтағаны – 

біз үшін зор мақтаныш. 

Сондықтан Қарулы Күштері-

міздің әскери рухын шыңдауда 

даңқты әскери тарихымыз 

жауынгерлік дәстүріміздің 

өнегесі мен тәлім-тәрбиесі 

өлшеусіз рөл атқарады. 

  Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

1944 жылы қысқа мер-

зімге елге келген Бауыржан 

Момышұлы ғылым, әде-

биет пен өнер саласы өкіл-

дерінің ірік телген тобымен 

арнайы әңгіме өткізген. 

Оған Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, 

Ғ.Мү сі репов,  К.Мыңбаев, 

Г.Рошаль, Ә.Марғұлан, 

А.Жұ ба нов  секілді  басқа 

да белгілі қайраткерлер 

қатысқан. Ұлы Отан соғы-

сының бірсыпыра кезең-

дерін әңгімелей отырып, 

Баукең: «Бұл менің соғыс 

туралы толғаныстарым 

емес, менікі – жай ғана ерлікке 

тәрбиелеу туралы ойлар», – 

дейді. 


Баукеңнің бұл баяндамасы 

кейіннен «Соғыс психоло гия-

сы» деген атпен жарық көрген. 

Аталған еңбектің күні бүгінге 

дейін Ресеймен қатар, Куба, 

Ни карагуа, Польша, Вен грия, 

Чехия, Словакия, Испания, Жа-

пония, Израиль, Вьетнам елде-

ріндегі әскери оқу орын да -

рында оқытылуы – Б.Мо мы ш- 

ұлының шебер қолбас шылығын 

әлем халық 

тарының сөзсіз 

мойында ға нының  айға ғы.



Сабырлылық алдында дұшпан сасады

сабырсыздан береке қашады. Ел үшін 

аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – 

жігіттігіңе сын. 

(Бауыржан МОМЫШҰЛЫ)

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№77 (529) 7.05.2011 жыл сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

6

АЛАШ АЗАМАТЫ



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

«Ұлы Отан соғысы» деген 

ұғым қалай пайда болды?

Ұлы Отан соғысы кезінде қандай ірі шайқастар болды?

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы 

шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы 

сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин 

өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді 

бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай 

қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі 

көптеген басқа тілдерде де қолданылады 

(орысша: Великая Отечественная война, 

ағылшынша:  Great Patriotic War, немісше: 

GroЯer Vaterlдndischer Krieg), кейбір авторлар 

«Екінші дүниежүзілік соғыстың шығыс 

майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл 

Германия қолданған «шығыс майдан» деген 

ұғымға жақын).

Қазір кейбір ақпарат құралдарында 1941-1945 жылдары болған соғыстың 

сипатын әр тарихшы өзінше бағалап жүр. Біреулер оны жай ғана «Екінші дүниежүзілік 

соғыс» деп атайық десе, ендігілер «Ұлы Отан соғысы» дегеніміз дұрыс деген пікірде. 

Сұрайын дегенім, Ұлы Отан соғысы ұғымы қашан және қалай пайда болды?

Әлібек БАЙҚОҢЫР, Алматы қаласы

Мен Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімдерін 

ерекше құрметтеймін. Осы соғыста Қазақстаннан шыққан азаматтардың жанқиярлықпен 

кеудесін жау оғына тосқанын кәрі тарих айтып береді. Менің білейін дегенім, Ұлы Отан 

соғысында отандастарымыз қандай ірі-ірі шайқастар мен операцияларға қатысты?

Жандос ҚҰРМАНҒАЗЫ, Алматы қаласы, оқушы

Ұлы Отан соғысы тақырыбын толық және 

дұрыс түсіну мақсатында үлкен шайқастар мен 

соғыс операцияларының маңыздылығын 

ашатын «Ұлы Отан соғысының күнтізбесін» 

жасауға болады.

1941-1945 жылдары:

Брест қамалын қорғау – маусым, 1941 

жыл;

Ленинградты қорғау – 1941-1944 жыл-



дар;

Москва үшін шайқас – 30 қыркүйек, 1941 

– 20 сәуір, 1942 жыл;

Сталинград үшін шайқас – 17 шілде, 1942- 

2 ақпан, 1943 жыл;

Курск шайқасы – 5 шілде-23 тамыз, 1943 

жыл;

Днепр үшін шайқас – тамыз-желтоқсан, 



1943 жыл;

Берлин операциясы – 16 сәуір-8 мамыр, 

1945 жыл.

Бір айлық оқу-жаттығу жиындарының 

басты мақсаты – Қарулы Күштерді және 

басқа да әскери құрылымдарды жасақтау 

үшін әскери міндетті азаматтардың қорын 

даярлау, сондай-ақ әскери бөлімдердің 

бейбіт кезеңдегі жауынгерлік және жұмыл-

дыру даярлықтарын арттыру. Жиынға ша-

қы рылғандар жаз айларында бір ай уақыт 

мерзімінде қарулы әскери бөлімшелерде 

ұрыс техникалары мен кәдімгі қаруды 

қолдану арқылы дайындықтардан өтеді. 

Оқу-жаттығуға жиналғандар ең алды-

мен Отанын жаудан абыроймен қорғауға 

ант қабылдайды. Ал оқу-жаттығу алаңында 

жауынгерлік шеберлікті меңгеріп, әскери 

кәсіпке икемделеді. Дайындықтың соңын-

да шақырылғандардың барлығы емтихан 

тапсырып, «атқыш», «мерген» немесе «пу-

ле метші» сияқты мамандықтар иемденіп, 

кәсіби дайындықтан өткенін растайтын 

сертификат алады екен. 

Өткен жылы әскери жиын Қарағанды 

облысының Спасск кентінде ғана өткен 

бол са, биыл «Астана» (Спасск кенті), 

«Шығыс» (Семей қаласы), «Батыс» (Ақтау 

қаласы), «Оңтүстік» (Тараз қаласы) әскери 

бөлімдерінде өтеді деп жоспарланып 

отыр. Былтыр Қызылжардан 32 азамат 

оқу-жаттығу жиынына қатысып қайтты. Ал 

2011 жылы 25 адамды жіберу жоспар ла-

нып отыр.



Ақжан МҰХАМЕДЖАНОВ, 

аумақтық қорғау және жұмылдыру 

дайындық бөлімшесінің бастығы: 

– 27 мен 35 жас аралығындағы 

жігіттердің көбі жанұясы бар, 

қызметтегі адамдар. Сондықтан 

әскерге шақыру келген кезде аң-таң 

болып жатады. Кейде бір жылға 

әскерге әкеткелі жатыр деп ойлап 

қалады. Кейбірі қарсы болады. 

Қорқатын ештеңе жоқ. Қызметтегі 

адамға шақырту түссе, ол бір ай 

мерзімге жұмысынан босатылады. 

Оған еш алаңдамауына болады. 

Өйткені сол бір айдың жалақысы 

бюджеттен төленеді. Жиыннан 

қайтып келген соң жұмысын ары 

қарай жалғастыра береді. Сондықтан 

республикалық оқу-жаттығу жиын-

дарына шақырылып жатқан азаматтар 

болса, оған басшылар, ұжым, отбасы 

мүшелері түсіністікпен қарауы тиіс. 

Олар еліміздің қорғаныс қабілетін 

арттыруға өз үлестерін қосуға, бір ай 

болса да, Отан алдындағы борышын 

өтеуге бара жатыр. 

Ерік ҚАШМОЛДИН, 

оқу-жаттығу жиынына қатысушы:

– Отан қорғау – әрбір ер-азамат 

үшін абыройлы борыш. Мен кезінде 

денсаулығыма байланысты әскерге 

жарамсыз болдым. Кейін емделдім. 

Бір күні әскерге шақырту келіп тұр. 

Қуанып кеттім. Бір ай болса да, біраз 

нәрсе үйретті. Нағыз әскери өмірдің 

не екенін көріп қайттық. Таңнан 

тұрамыз, күні бойы жаттығамыз. Өмірі 

қару ұстап көрмегенмін, мылтықпен 

атуды үйретті. Оқу-жаттығу жиыны 

біткен соң «мерген» деген мамандық 

алғаным жөнінде сертификат берді. 

Бір айлық жалақымды да өтеді. 

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

Бір айда әскери 

борышты өтеуге 

бола ма?

МӘСЕЛЕ


Отан қорғау – әрбір ер-аза-

мат тың борышы. Бірақ елімізде 

әртүрлі себептермен әскерге 

шақырылмағандар көп. Былтыр-

дан бастап осындай азаматт ар 

бір айлық әскери оқу-жаттығу 

жиындарына қатыстырыла 

бастады. 27 мен 35 жас аралы-

ғын дағы жігіттер Қарағанды 

облысының аумағында Отан 

алдындағы борыштарын өтеді. 

Биыл бұл шараның ауқымы 

едәуір кеңейіп, оқу-жаттығу 

жиындары бірнеше облыстағы 

әскери бөлімдерде ашылмақшы. 

– Әділбек Рыскелдіұлы, өзіңіз 

білесіз, халықтың тыныш өмір 

сүруіне, алаңсыз ұйықтап-

тұруына, тыныс-тіршілігіне 

тікелей себепкер – еліміздің 

Қарулы Күштері. Сондықтан да 

халық әскердің ахуалынан да, 

әлеуетінен де хабардар болып 

отыруға тиіс. Өкінішке қарай, 

біздің қоғам Қарулы 

Күштеріміздің жағдайын бес 

саусақтай біледі деп айта 

алмаймыз. Бұған сіз не дейсіз? 

– Қандай жағдайда, қай кезде болма-

сын, кез келген мемлекеттің тарихында 

қоғамдық-саяси жағдайларда тұрақтылық-

ты қалыптастыруда, мемлекеттің тәуелсіз-

дігін сақтап тұруда Қарулы Күштердің 

алатын орны, атқаратын рөлі зор екенін 

біле міз. Сондықтан да кез келген, оның 

ішінде біздің қоғам Қарулы Күштер сала-

сында қайнап жатқан процестерді жақсы 

біліп, жақсы түсіну керек. Қорғаныс 

минис тр лігіне бөлініп жатқан қыруар қар-

жының қайда жұмсалып, Қарулы Күштер-

дің немен айналысып жатқанынан жұрт 

хабардар болып отыруға тиіс. Халық 

осындай процестерге өзі қоса араласып, 

барлығын бақылап отыратын болса, мән-

жайдың мәнісін бес саусақтай білетін 

болады. Осы жағдайда ғана еліміздің 

Қарулы Күштеріне қатысты ас үйдегі 

күңкілдер де, негізсіз әңгімелер де азаяр 

еді деп ойлаймын. Мәселен, өзің де 

айналада болып жатқан жағдайларға на-

зар аударып, соның ішінде жүрсең, мән-

жайға дұрыс көзқараспен қарап, сондағы 

адамдардың да еңбегін бағалар едің. 

Сондықтан да халық пен халықты қорғай-

тын Қарулы Күштер етене араласып, білісіп 

отырса және бұған бұқаралық ақпарат 

құралдары зор үлес қосса деймін. Себебі 

қоғамның көзқарасын дұрыс қалыптас-

тыру шы – БАҚ өкілдері. Біз қоғам білуі 

тиіс ақпаратты беріп тұруға міндеттіміз. 

– Отан қорғаушыларының 

жағдайын өз аузыңыздан естісек 

деп едік. Қарулы Күштерімізге 

қандай баға бересіз? 

– Бүгінде Қазақстанның Қарулы 

Күштері өте қарқынды даму үстінде. Бұл 

– біздің берген бағамыз емес, шетелдік 

сарапшылардың беріп жатқан бағасы. 

Оны өздеріңіз де оқып, біліп жатқан бо-

лар сыздар. Десек те, атап өтпеске болмай-

ды, олардың берген бағасы бойынша, 

біздің Қарулы Күштер – баяғы Кеңес 

Одағының құрамында болған елдердің 

ішінде алдыңғы шептегі әскерлердің бірі. 

Әрине, біз өзімізді көрші елдермен ғана 

салыстырумен шектеліп қалмауымыз 

керек. Негізінен, осы қарқынмен дами бе-

ре тін болсақ, жоғарғы деңгейдегі дамушы 

құрылымдардың да қатарына көтерілеміз 

деп ойлаймын. Жалпы алғанда, әлемдік 

қауымдастықта, әлемдік Қарулы Күштер 

жүйесінде танылуға ақырын-ақырын 

қадам басып келеміз. Бәрінен үздік болу, 

біреуді қуып жету немесе басып озу – 

мақсат емес. Себебі олай болатындай бұл 

жарыс емес. Бір жағынан кез келген 

Қарулы Күш әскерінің өзіндік ерекшелігі, 

өзгешелігі, қыр-сыры болады. Қазіргі 

заманда қай әскердің үстем екенін жұрт та 

біле алады. Дегенмен де әскери сала – үнемі 

дамуды қажет ететін құрылым. Қолдан 

келетін шаруаны істеп тастап, «болдым, 

толдым» деп қарап отыруға болмайды. 

Жалпы, Қарулы Күштердің мақсаты – 

ұрыста жеңіске жету. Бірақ біз соғысты 

қаламаймыз. Ең ұлы жеңіс – шиеленістерді 

бейбітшілікпен шешу. Оны біз ежелден 

білеміз. Осы жағынан алғанда еліміздің, 

Елбасымыздың сыртқы саясатты экономи-

калық ынтымақтастық пен достық келісім-

дер ге қарай құрып, бейбітшілікке бұрып 

отырғаны, әлемдік жүйеге кіріп, әлемдік 

бірлестікке ықпалдасу Қазақстанның 

бейбітшілікті сүюші ел екенін дәлелдеп 

отыр. 


– Соған қарағанда, 

Қазақстанның саусақпен 

көрсететіндей жауы жоқ деуге 

бола ма? 

 – Қазіргі кезде Қазақстанның ықтимал 

жауы, саусағын безеп көрсететіндей 

дұшпаны жоқ десе де болады. Олай айтып 

отырған себебім, Кеңес үкіметі кезінде, 

сол кезде әскерде болғандар білуі керек, 

елдің айқын дұшпаны болатын еді. Мәсе-

лен, Кеңес үкіметі Американы жау санаса, 

Америка Кеңес үкіметіне қырғи-қабақтық 

танытатын. Әскерде азаматтық борышы-

мыз ды өтеп жүргенімізде «жауымыз кім?» 

деп сұрап, соған қарсы соғысуды үйрететін. 

Әйтеуір бізде ондай жоқ. Бұған, әрине, 

Елбасымыздың сарабдал саясаты себеп. 



– «Жау жоқ деме, жар астында, 

бөрі жоқ деме, бөрік астында» 

демей ме халық? 

– Рас, кейде «егер жауың жоқ болса, 

бейбітшілік туын көтерген болсаң, әскер 

не үшін қажет» деген қыңыр сұрақтар 

қойылып жатады. Өмір деген бірқалыпты 

болмайды. Оның үстіне, мемлекетіміз, 

біріншіден, қауіпсіз өңірде тұрған жоқ, 

белең алған лаңкестік әрекеттер бар. Қай 

мемлекетте болмасын, осының бәріне тө-

теп берер әскер керек. Екіншіден, Қарулы 

Күштер мемлекет ішін тұрақтылықпен 

қамтамасыз ету үшін, тәуелсіздігін сақтап 

тұру үшін, қоғамда сенімділікті арттыру 

үшін қажет. Сондықтан да, әскердің дамы-

ғаны, беки түскені абзал. Байқасаңыздар, 

Қарулы Күштерге қыруар қаржы бөлініп 

жатады. Осы ведомствоның басшысы 

ретінде қаржының көптеп бөлінуіне мен 

де барымды салуға тырысам. Осынша 

ақша бөлініп жатқанда кейде өзім де 

«осы нау қаржыны басқа да шаруаларға 

жұмсауға болады ғой» деп ойлаймын. 

Бірақ Наполеон Бонапарт айтпақшы, 

«бүгін өз әскеріңді қамтамасыз етпесең, 

ертең өзгенің әскерін қамтамасыз етуге 

мәжбүр боласың». Бұл аксиома тарихта 

талай дәлелденген. Сондықтан да өз әске-

ріңді дамытып, сол үшін барыңды салуың 

керек. 

– Кез келген әскердің шамасы 

майданда белгілі болады. Ал 

бейбітшілік жағдайда Қарулы 

Күштердің қуатын қалай сынауға 

болады? 

– Дұрыс айтасыз. Әскер ұрыста, жат-

тығуда шыңдалады, майданда сыналады. 

Әрине, кімге де болсын, соғыстың болма-

ғаны жақсы. Бірақ бейбітшілік кезеңде 

әскер көбіне машығынан айырылатыны 

жасырын емес. Мұндай жағдайға жол 

бермеу – біздің мақсатымыз бен міндеті-

міз. Осы үшін де жыл сайын әртүрлі оқу-

жаттығулар өткізіп тұрамыз. Әскерлеріміз 

қашан да материалдық жағынан да, 

рухани жағынан да дайындықта жүреді. 

Сол үшін жақсы қамтамасыз етілген. 

Екпінді дайындық жемісті нәтиже береді. 

Офицерлеріміз де жедел түрде жоспар-

лауға, сындарлы жағдайда жол табуға 

үйретіледі. Барлық әскери құрылым осы-

ған жұмыс істейді. Біз әшейінде Америка-

ның әскері өте күшті деп санаймыз ғой. 

Бірақ олардың өзі Иракпен болған шие-

леніс кезеңінде әскери жүйесін қайта 

реформалады, жаңаша өзгерістер енгізді. 

Былайша айтқанда, сол кезде ғана олар 

бұрынғы жүйенің қазіргі заман талабына 

сай келмейтінін көріп, оң нәтиже бермей-

тінін байқады. Біз мұндайға жол бермеуіміз 

керек. Қашан да өзімізді соғыс кезінде 

жүргендей сезініп, дайындалуымыз қажет. 

Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің қазіргі 

күнгі мақсаты. Осы мақсат төңіре гінде 

жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы жылдары 

ірі көлемдегі бірнеше оқу-жаттығулары 

ұйымдастырылып, әскеріміз өзін қай 

жағынан болмасын, жақсы көрсете білді. 

Жауынгерлік дайындығы, қазіргі заманғы 

технологиямен  жарақтан ды рылуы  жөні-

нен, тіпті ұрыс кезінде білімін де көрсете 

білді. 


– Жаңа заманғы техникамен 

қамтамасыз ету қалай жүріп 

жатыр? 

– Қорғаныс саласында жаңғыртулар 

да, заманауи техникамен және қару-

жарақпен қамтамасыз ету де жиі жүріп 

тұрады. Бізде әуе қорғаныс күштері жоға-

ры деңгейде. Әсіресе, елдің қауіпсіздігін 

қамтамасыз ететін авиация саласына көп 

көңіл бөліп келеміз. Құрлық әскерлері де 

өз деңгейінде. Әскери оқу-жаттығулардың 

жиі өткізілуі – біздің аэроұтқыр, мотоат-

қыш тар мен танкіге қарсы күштердің жо-

ғар ғы деңгейін, сапалы техникамен жа-

рақ талғанын, жалпы, жақсы дайындықта 

екенін көрсетеді. Соңғы екі жылда бірнеше 

рет әскери техникалардың мүмкіншілігін 

сынайтын жорықтар ұйымдастырылды. 

Жорықтарда әскери техникалар 500-600 

шақырым қашықтықты жүріп өтуі тиіс. Ал 

паркте тұрған техникалардың соншама 

қашықтықты ойдағыдай жүріп өтуі үшін 

қыруар қаржы мен үлкен жауапкершілік 

қажет екенін мамандарымыз жақсы білетін 

болар. Қысқасы, біздің әскер де, әскери 

техникаларымыз да кәсіби деңгейде деп 

айта аламын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет