Лебіз адамзат санасында өшпес із


Халықаралық қатынаста Ялта-Потсдам жүйесі деген



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,89 Mb.
#9072
1   2   3   4   5   6

Халықаралық қатынаста Ялта-Потсдам жүйесі деген 

тіркесті естіп қаламын. Мұның мағынасы қандай?

Еркін СЕЙДАХМЕТАлматы облысы

Германия құрамында көптеген ұлт өкілдерінен құралған легиондар болғаны 

белгілі. Сол легиондардың арасында қандай ұлт өкілдері болғанын атап келтіре 

аласыздар ма?

Қасым ҚАЗЫБЕК, Талдықорған

Германиядағы кеңестік соғыс тұтқын-

дарынан мынадай әскери бөлімдер құ-

рылды: Орыс азаттық армиясы, Ерікті ка-

зак дивизиясы, Украин көтерілісшілерінің 

армиясы, Украин ұлттық армиясы, Белорус 

өлкелік қорғанысы, Кавказ батальоны, Гру-

зин легионы, Армян легионы, Әзірбайжан 

легионы, Түркістан легионы, Еділ-татар ле-

гионы, Қалмақ атты әскер эскадроны. Батыс 

зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, осы 

әскери бөлімдерге кірген тұтқындар саны 

700 мыңнан 1 миллионға дейін жеткен. 

Ерікті құрамалардың қолбасшысы, генерал 

Э.Кестринг Гиммлерге Вермахт құрамындағы 

еріктілер бөлімдерінде 1 миллионға жуық 

кеңес азаматтары бар деп хабарлаған. Не-

міс зерттеушісі Г.Тессин 1943 жылы тікелей 

соғыс мақсатына пайдалану үшін құрылған 

шығыс легиондарының 60 бөлімі, 8 казак 

батальоны, 1 артиллерия бөлімі, 78 компа-

ния (топ), 5 батарея болған деген мәлімет 

береді. 

Кейде біздің басқарушы элитамыз үшін тарихи оқиғалар «өтті, 

кетті, бітті» деп самарқаулықпен бағаланып жатады. Ал көптеген 

елдерде, әсі ресе Еуропа елдерінің саясаткерлерінің осыдан бір ға-

сыр, кейде тіпті сан ғасыр бұрынғы оқиғаларды тап бүгін көрініс 

беріп жат қандай ортаға салып талқылайтыны бар. Мәселен, по-

ляктар осыдан 70 жыл бұрынғы Катынь оқи ғасын еларалық кез-

десулерде жиі тілге тиек етіп, Ресей әкімшілігінен осы қас тандықты 

мойындауын және өтемақы төлеуін талап етуде. Украиндар 

Екін ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО тарапынан оккупация 

жасалғанын, сон дай-ақ украин халқына қатысты қолдан аштық 

ұйымдастырылғанын мо йындатуды көздеп отыр. Ал жапондар 

АҚШ әкімшілігін Хиросима мен Нага саки қалаларын бомбылағаны 

үшін кешірім сұратқызғысы келеді. Қы тай тарапы сан ғасырлар 

бойы жапондардан көрген езгісін ешқашан ұмыт пақ емес. Айна-

лып келгенде, тарихты қайта қарап отыру болашақ үшін қажет. 

Әсіресе, көмескіленген саяси стереотиптерден ада көзқарастардың 

жаңғыруы адамзаттың дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Сәкен КӨКЕНОВ

Басы 1-бетте

ТҮЙІН

Әрине, Николай Макаровтың 

пікірінің астарында көршімен емес, 

Батыспен, АҚШ-пен салыс тыру 

жатыр. Империалистік көзқарас бар 

жерде қана ғат шылдық та аз болады. 

Ресей әскери ғылымын сынап 

жатқан мен,  көптеген  ел дер ден 

көшілгері екендігін жасыра алмай-

мыз. Бізде соңғы жылдары ғана 

әске ри салаға көңіл аударыла 

бастады. Жоғарыдағы проблема-

ларды шешіп, қа зіргі Ресейдің 

деңгейіне жету үшін біршама уақыт 

қажет. Қалай болғанда да, әскери 

ғылымды қолға алу – кезек 

күттірмейтін мәселе. 

САУАЛНАМА



Ерзат ӘЛЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:

– Шынымен де, еліміздегі бірқатар әскери оқу 

орындарын ұлттық батырларымыз Қабанбай, Нау-

рызбай, Бөгенбай бастаған батырларымыздың есімім-

ен атасақ, жарасып кетер еді. Бұл бастаманы ұлт тық 

деңгейде көтеру керек. Ресей, Украина сияқты мемлекет-

терде әскери жоғары оқу орындары сол мемлекетке 

ерлігімен еңбек сіңірген батыр генералдардың атымен 

аталады. Ал енді біздің ұлттық батырларымыз дала 

генералдары болған ғой. Қазақтың қайсар батырлары 

қандай да бір атақ, даңқ үшін соғысқан жоқ. Олар өз 

ерліктерін ұлттың тағдырына қатысты шайқастарда көр-

сете білген. Қабанбайдан бастап, кешегі Бауыржанға 

дейінгі батырлардың ешқайсысы көзі тірісінде лайықты 

құрметке ие бола алмады. Ең болмағанда, Тәуелсіздік алған ұрпақтары олардың 

есімдерін ұлықтау керек деп есептеймін.

Бақытжан ОРАЗАЛИЕВ, 

философия ғылымының кандидаты, 

Ауған соғысы ардагері:

– Бұл – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Мысалы, 

Ресейде Кутузов атындағы марапаттар, Жуков атындағы 

оқу орындары бар. Олар осы арқылы тарихи сананы 

қайта жаңғыртып отыр. КСРО кезіндегі қолбасшылардың 

есімін ұлықтау арқылы олар өздерінің ұстанымдарын 

ашық білдіріп отыр. Біз де ЖОО мен түрлі марапаттарды 

отаршылдыққа, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы 

күрескен батыр, хандарымыздың есімімен атасақ, ұлттық 

сананың жаңғыруына, аяғынан нық тұрған Тәуелсіз ел 

екенімізді айдай әлемге паш ете алатын едік. 

Әзірлеген Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Әскери жоғары оқу орындарын, 

әскери наградаларды ұлттық 

батырларымыздың есімімен 

неге атамаймыз?

МЕРЕЙ


Ал Нұрлан Орманбетовке авиация ге-

нерал-майоры деген атақ берілді. Соны-

мен қатар өртке қарсы қызмет генерал-

майоры арнайы атағы Серік Әубәкіровке, 

әділет генерал-майоры арнайы атағы 

Сұлтан Құсетовке тапсырылды. Бұған қоса 

2-санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі 

сыныптық шені – Асхат Дауылбаевқа, 

3-са наттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі 

сы ныптық шені Берік Асыловқа берілді. 

Айтпақшы, еліміздегі саны саусақпен 

санарлық қана контр-адмиралдар саны 

тағы бір адамға толықты. Әскери теңіз 

күштерінің бас қолбасшысы Жандарбек 

Жанзақов иығына контр-адмирал шенін 

тақты. Қазақ тарихындағы тұңғыш контр-

адмирал Ратмир Комратов болса, екінші 

рет осындай атаққа Ұлттық қауіпсіздік ко-

митеті шекара қызметінің қызметкері Кен-

жемерген Әбікеев ие болғанын білеміз. 

Жандарбек Сәдуұлы – осындай атаққа ие 

болған үшінші әскери адам. 

«Аталған атақ-шендеріңіз құтты бол-

сын! Әскери адам үшін, өзінің ғұмырын 

осындай жұмысқа арнаған қызметкер 

үшін бүгінгі күн өте бақытты деп санай-

мын. Әсіресе Тәуелсіздіктің 20 жылдығы 

қарсаңында алып отырған шен-атақ 

та-

рыңыз есте қалады деп санаймын. Иық-



тарыңызға таққан шенмен бірге мемлекет 

барлығыңызға үлкен міндет жүктеп отыр», 

– деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Ақордада сол күні Нұр-

сұл 

тан Назарбаевтың қолынан бірқатар 



әскери және құқық қорғау органдарының 

қыз меткері мемлекеттік наградалар алды. 

Қорғаныс министрлігі бойынша Құрбан 

Қаражанов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденін 

алса, Төлеген Доламбаев, Марат Жүсіпов, 

Ризат Қолпашев, Дәурен Қосанов, Евге-

ний Массалимовтер ІІ дәрежелі «Айбын» 

орденіне ие болды. Ал Марат Ботин мен 

Айбол Сапаров «Жауынгерлік ерлігі үшін» 

медалімен марапатталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша 

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Денис Бар-

тенев, Тұрғанбек Стамбековке берілсе, 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Ар-

ман Қалиевқа бұйырды. Сонымен қатар 

Республикалық гвардия және Президенті 

күзеті қызметі, Ішкі істер министрлігінің 

озат қызметкерлер де I-ІІ дәрежелі «Ай-

бын» орденіне, «Жауынгерлік ерлігі үшін» 

және «Ерлігі үшін» медалдарына ие бол-

ды. 

Жандарбек ЖАНЗАҚОВ, 

Әскери теңіз күштерінің 

бас қолбасшысы, контр-адмирал: 

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

На зар баевтың қолынан жоғары атақ – 

контр-адмирал шенін алып отырмын. 

Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Жоғары 

Бас қолбасшымыздың осылай сенім 

біл діруі бізге – Әскери теңіз күштеріне 

үл кен күш беріп, жігерлендіре түседі. 

Бар лық азаматтарды Отан қорғаушылар 

күні мен шын жүректен құттықтаймын! 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

Генералдар қатары молая түсті

мемлекеті – Екінші дүниежүзілік соғыс 

нәтижесінде пайда болған мемлекет. 

СОҒЫСТАН НЕ ТҮЮГЕ БОЛАДЫ?

Жалпы, адамзат қауымы қаншама 

зұлмат оқиғаларды бастан кешсе де, қате 

әрі қатерлі идеологиялар үшін нақты кім-

дер жауапты болатыны жөнінде анықтама 

жасап үлгерген жоқ. Мәселен, соғыс 

аяқталғаннан кейін фашистік идеоло-

гияның адамзатқа әкелген барлық қасіреті 

бір ғана Гитлердің мойнына іліне салады. 

Ал оның саясатына демеу болған саяси 

топтар мен мемлекеттер, генералдар мен 

офицерлер, қала берді, оны көтермелеп, 

қолдау білдірген барша қоғам өкілдері 

жауапкершіліктен жалтарып кетті. Мұндай 

логикалық ақаулық қазір де жоқ емес. Бір 

ғана мысал, жуырда АҚШ әкімшілігі Ирак-

тан ешқандай да жаппай қырып-жою 

қаруының табылмағанын мәлімдей оты-

рып, бұл операцияның қателік болғанын 

да жоққа шығармады. Енді қарап отырсақ, 

АҚШ-тың Иракка кіруінен есепсіз адам 

шығыны орын алды, экономикалық зар-

дабы мен моральдік қысымы – өз алдына 

бөлек әңгіме. Соның барлығы бір ғана 

Джордж Буштың қателігі ретінде, мейлі 

тіпті «республика лық тардың» ғана қатесі 

ретінде қабылдануы – абсурд. 

Яғни бірқатар философ ғалымдардың 

қазіргі әлемдегі демократиялық сайлау жү-

йесінің де толық жетілмеген жүйе ретінде 

атауымен де келісуге болады. Логикалық 

тұр ғыдан қарағанда, халық қателесіп Гитлер-

ді сайлап алған болса, оның жасаған қа сіреті 

үшін сайлаушы халық жауап беруі тиіс қой. 

Бұл жағынан келгенде, Екінші дүние жүзілік 

соғыстан бері Жапония мен Гер манияның 

мемлекет басшысын сайлау ба 

рысында 


үміткерлерді тек партиялардың ұсы нысы 

бойынша ғана таңдап алуы жөн-ақ.



САРАПШЫ ПІКІРІ:

САРАПШЫ ПІКІРІ:

Марат ШИБҰТОВ, саясаттанушы: 

– КСРО дәурен құрып тұрған шақта бұл соғыс талқылауға жатпайтын 

тақырып болғандықтан, оған саяси баға беру процесі енді ғана басталғандай. 

Демек, бұл соғыстың адамзат алдындағы саяси мәні мен мағынасы әлі та-

лай талқыға түсіп, ғылыми-зерттеулерге арқау болары анық. Сондықтан бұл 

тақырып біз үшін де жат емес. КСРО-ның құрылтайшы елі болмасақ та, ертеңгі 

күні КСРО-ның агрессиялық іс қимылдарына, оккупацияларына бізді де кінәлі 

етіп шығуы ғажап емес. Сондықтан біздің тарихшыларымыз өз мүддемізді 

қорғауда мұқият болуы қажет.

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығуға,

Қас үлектен туған катепті,

Қара нар керек біздерге.

Қабырғасын қаусатып, 

Бір-біріндеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек... 

(Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫ)

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Басы 1-бетте

Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№77 (529) 7.05.2011 жыл, сенбі                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

3

Нұрша әжейдің айтуынша, 1941 жылы 



жалғыз бауыры мен әкесі майданға аттан-

ған соң, ерте есейіп, ауыл жұмысына 

араласқан екен. Майданға жөнелтілетін 

азық-түлік даярлау жұмыстарына ерте ара-

ласқан қаршадай қыз күндіз-түні ұйық-

тамай егін егіп, мал бағып, сиыр сауып, 5 

сыныптан кейін мектептегі оқуын 

жалғастыра алмайды. Ол кезде ауылда ер 

адамдар жоқтың қасы. Барлығы соғысқа 

аттанған. Кейіннен «қой мен сиырды 

Украинаға жеткізу керек» деген тапсырма 

келген соң, Нұрша апа бір топ қыз-келін-

шектермен жиналып, отар-отар түлікті сол 

жаққа айдап әкетеді. 



Нұрша ШЕГІРОВА, Батыр ана:

—«Жауынгерлеріміз жаудың бетін 

қайтарсын, тамағы тоқ болсын» деп 

тынбай еңбек етіп, соңғы дәнді 

майданға жөнелттік. Тіпті оқуды да 

оқымай, осы ұрысқа титтей де болса 

еңбегіміз тисін деп барымызды 

салдық. Әсіресе, 10 отар мал мен ірі 

қараны ат, өгізге мініп алып, 

Украинаға жеткізгенше көптеген 

қиыншылықтар кездесті. Жол бойы 

ұрылармен арпалысып, қарнымыз 

ашқанда суырдың інін қазып, бидай, 

тарыларды жеп күнелткен кездеріміз 

де болды. Кейде жолда қойлар 

төлдеп қалады, оны қоржынымызға 

салып аламыз. Сонау Украинаға 

жеткенде, түліктің жартысын олар 

Аягөз ауданына жеткізуге тапсырма 

берді. Түлікті Аягөзде 8 ай бағып, 

семіртіп, Семейдегі ет комбинатына 

апарып өткіздік. 

Міне, осындай қиыншылықты бастан 

өткерсе де еш мойымай, 11 бала тәрбиелеп 

өсірген кейуана бүгінде ұл-қыздарынан 38 

немере, 35 шөбере сүйіп отыр. «Бір қозы 

туса, бір тал шөп артық өседі» демекші, 

Нұрша әже балаларын қатарынан кем 

қылмады. Ұлын ұяға, қызын қияға қон-

дырды. Көптің ортасында өскен соң, 

балалар да бауырмал боп өсті. Бүгінде 

әжені Алматы облысы, Қарасай ауданы, 

Бұлақты ауылында тұрып жатқан кенже 

ұлы Жеңіс Ұранбеков бағып-қағып отыр. 

Алтын алқалы ананың соғыс жылдарын-

дағы еңбегі ескерусіз қалмай, тыл еңбек-

кері атағын да алған. Мереке күндері 

жергілікті әкімдік қызметкерлері әжейді 

арнайы құттықтап, мектеп оқушылары 

кейуананың өсиетін тыңдауды дәстүрге 

айналдырған екен. 

«Ендігі бар арманым — бала-шаға, 

немере-шөберелерім аман болса екен 

деймін. Сұм соғыс болмасын. Біздің бей-

не тімізді ұрпағымыз көрмесін. Елге тек ты-

ныш тық, береке тілеймін!», – дейді әжей.

Серік ЖҰМАБАЕВ

ӨМІРБАЯНДЫҚ 

ДЕРЕК

Сабыр Рақымов 1902 жылы Оңтүстік 

Қа  зақстан облысының Қазығұрт ауда-

нын да дүниеге келген. Кейіннен Ташкент 

қа ласындағы балалар үйінде тәрбие ала-

ды. Балалар үйінде тәрбиеленіп жүр генде 

өзағаңдар «ұлты өзбек» деп жазып жі-

береді (әртүрлі айла-тәсілмен талай қа-

зақты өзбек етіп жаздырып жібер ген).

1922 жылдан Қызыл армия сапында 

қызмет етіп, басмашылармен күресте 

көр  сеткен ерліктері ескеріліп, Сабыр Ра-

қымов Қызыл Жұлдыз орденімен мара-

пат талады. Ұлы Отан соғысы кезінде 

1942 жылы дивизияны басқарып, 1943 

жы лы генерал-майор атанады. Әскери 

ше б ерлігі мен ерлігіне тәнті болған Ста-

лин генерал Рақымовқа «Темір генерал» 

де ген лақап ат берген. Сұрапыл соғыстың 

соң ғы күндерінде, 1945 жылдың 26 нау-

рыз күні Польша жерінде болған жойқын 

ұрыс та «Темір генерал» ерлікпен қаза та-

уып, денесі Ташкентке әкеліп жерле не ді.

Ұлы Отан соғысының батыры, Орта 

Азия дан шыққан жалғыз генерал Сабыр 

Ра қымовтың соғыс майданында көрсет-

кен ерлігі ескерусіз болған жоқ. Ол Ле-

нин, Қызыл Ту, ІІ дәрежелі Суворов, ІІ 

дә реж елі Кутузов, Қызыл Жұлдыз орден-

де рімен және көптеген медальдармен 

ма рапатталған.

Қан майданда көрсеткен ерліктері 

үшін Кеңес Үкіметі генерал Сабыр Ра-

қым ов ты 1967 жылы Совет Одағының 

Ба тыры деген ең жоғары атаққа лайық 

деп табады. 

 Талдап айтар болсам, бұл – бірін ші-

ден, ыңғайлы жүйе. Әр азамат өз үйінен 

кі ріп-шығып-ақ әскери міндетін өтей бе-

реді. Екіншіден, экономикалық тұрғыдан 

үнем ді, әскери бөлімдердегі әскерилерді 

қам тамасыз етуге, оларды әрі-бері тасуға

жол қатынасына ақша шығын болмайды. 

Жыл сайын әскери борышын өтеушілерді 

ба тыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке 

са пы рылыстырады да жатады. Ал бұл мем-

лекеттің қоржынына да үлкен салмақ са-

латыны сөзсіз. Сондықтан тұрғылықты 

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Расул ЖҰМАЛЫ, 

саясаттанушы

«Әр азамат Отан алдындағы борышын тұрғылықты 

мекенжайы бойынша өтеуі керек» деген пікірмен келісесіз бе?

жері бойынша әскери қызметін өтеу әдісін 

жо ғары дәрежеде ұйымдастырып, ал сол 

ар қылы үнемделген ақшаны жаңа әскери 

тех ника мен құрал-жарақ сатып алуға 

жұм сасақ, өте тиімді болар еді. Сондай-ақ 

кә ме леттік жасқа енді толған жастарға да 

тұр ғылықты жері бойынша әскери міндетін 

өтеу жүйесі психологиялық тұрғыдан жеңіл 

бо латыны  белгілі. 

Тағы бір айта кетер жайт, тұрғылықты 

жері бойынша әскери міндетін өтеу сар-

баз дар арасындағы әлімжеттік жасау оқи-

ғасының азаюына да септігін тигізуі әбден 

мүмкін. Өйткені әлімжеттік жағдайы 

көбіне-көп түнде, сарбаз командирлерінің 

бақылауынсыз қалғанда орын алады. Оған 

қоса, қанша айтқанмен, бір жердің бала-

ла ры өзара тату-тәтті бола алады емес пе?! 

Се бебі кей жағдайда сарбаздар арасын да-

ғы ұрыс-керіс жер-жерге бөліну салда ры-

нан да болып жатады. Кейде сарбазда ры-

мыз мүлдем басқа ортаға үйреніспей, 

әскерден де қашып жатады. Егер әскерилер 

өз тұрғылықты мекенжайы бойынша 

әскери міндетін өтесе, әскерден қашу оқи-

ғасының болмауына оң әсер етеді деп 

ойлаймын. Сондықтан өркениетті елдердің 

тиімді әдісін біз де пайдаланып, сар-

баздардың тұрғылықты жері бойынша 

әскери міндетін өтеуіне жағдай жасауымыз 

керек.


ОЙТҮР

ТКІ


КӨЗҚАРАС

Тегіне оралған Сабыр

Этникалық қазақ екенін біле тұра, 

қазаққа бергісі келмей, қайтсек те өзбек 

етеміз деген ала шапанды ағайын Сабыр 

Рақымовтың ұлтына тіс-тырнағымен 

жабысып келді. Әрбір қаладан, ауылдан 

көше аты берілді. Талай елді мекен, мектеп 

батыр есімімен аталды. Ескерткіштер 

тұрғызды. Алайда неге екенін қайдам, 

әйтеуір біз оны ұлықтауға, ала шапанды 

ағайыннан арашалап алуға аса талпына 

қоймадық. «Сабыр Рақымов – қазақ» 

дегеннен әріге аспадық. Батыр есімі кейбір 

қалаларда елеусіз көшені ғана еншіледі. 

Тек соңғы жылдары ғана туған ауылы 

Қазығұрт пен Шымкент қаласындағы 

Республикалық әскери мектеп-интернатқа 

(бұрынғы Суворов училищесі) Сабыр 

Рақымовтың аты берілген.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, 

Мәжіліс депутаты:

– Батыр бабаларымыздың ерлігін 

дәріптеу кейінгі ұрпақты отансүйгіштік 

рухта тәрбиелеуде маңызы зор. Ал 

қазақтың батыр ұлы Сабыр Рақымовтың 

ерлігі жайлы қазіргі жастар біле бермейді. 

Сондықтан «125 жылдық, 150 жылдық» 

деп күтіп отырмай, батыр бабамыздың 110 

жылдық мерейтойын тойлап, ерлігін 

дәріптеу керек. Ол кісінің Отанын жаудан 

қорғаған кезде жүрегінің түбінде қазақ 

халқы бірінші орында тұрғанына ешкім де 

күмән келтірмес. Астана – бірлік пен 

ынтымақтастықтың символы, еліміздің бас 

қаласы. Сондықтан Сабыр Рақымовтың 

 

Әскери паркімізді ескі техникалардың тұрағына айналдырып алған жоқпыз ба?



Камал 

БҰРХАНОВ, 

Мәжіліс 

депутаты:

Бақытбек 

СМАҒҰЛОВ, Ауған 

соғысы ардагерлері 

кеңесі төрағасының 

орынбасары:

Әмірбек 

ТӨГІСОВ, 

генерал-майор, 

әскери сарапшы:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Өте орынды сұрақ. Елімізде әскери техникалар шыға ра тын 

өндіріс орындары жоқ. Кеңестік кезде Ресейді қару-жарақ, әс кери 

техникамен қамтамасыз еткен Қазақстанда бүгінде он дай зауыттар 

жабылып тынды. Тоқырау кездерде оларды ұс тап тұра алмадық. 

Осының салдарынан қазір әскери тех ни каларды Ресейден, АҚШ-

тан, Израильден сатып алуға мәжбүр бо лып отырмыз. Біздің 

жеріміздің асты байлыққа толы. Мұн дай елге басқаның көз 

сұқпасына кім кепіл? Сондықтан мұны рет ке келтіру үшін бұрынғы 

жабылып қалған зауыттарымызды қай тадан іске қосуымыз қажет. 

Сондай-ақ әскери техника, қару-жарақты аннан да, мұннан да 

сатып ала бермей, нақты стра тегиялық әріптес таңдап алғанымыз 

жөн. Егер Ресеймен жақ сы болсақ, онда сол елдің ғалымдарымен 

бірлесіп, ортақ ке лі сімге келіп, әскери техника шығаратын өндіріс 

орындарын ашуы мыз керек. Ал жалғыз өзіміз ондай зауыттарды 

аша ал маймыз. Оған біздің қауқарымыз да, технологиямыз да, 

оны жасайтын мамандарымыз да жетпейді.Сондықтан үлкен 

державалардың мүмкіндігін пайдалануымыз керек.

– Еліміздің қорғаныс саласына қажетті деңгейде қаржы бөлініп отыр. 

Олардың тамағы, киімі бүгінгі талапқа толық сай. Шетелдерден түрлі әскери 

техникаларды сатып алып беріп отырмыз. Бірақ шетелден әкелінген 

техникаларда ара-тұра келеңсіздіктер орын алуда. Әрине, қару-жарақ, әскери 

техникалар ескі болса, ертеңгі күні біздің азаматтарымыз немен қорғанады? 

Ол дұрыс. Дегенмен әскери техникаларды жаңалағанда өте мұқият болып, 

есеппен жасауымыз керек. Мәселен, Калашников автоматының бұрынғысы 

мен қазіргісінің айырмашылығы қанша? Екеуі бірдей емес пе? Ендеше, неге 

оған қаржы шығындауымыз керек? Сондықтан әскери техникаларды 

жаңалағанда осы жағын да ескергеніміз дұрыс шығар. Оның үстіне, бүгінде 

кейбіреулер «әскери техника шығаратын өндіріс орындарын ашуымыз керек» 

деп мәселе көтеріп жүр. Біріншіден, біз әскери техника жасап шығаратындай 

үлкен державалы мемлекет емеспіз. Оған әлеуетіміз жетіңкіремейді. Ол үшін 

қыруар қаражат керек. Сондықтан әскери мамандар әзірге бар техниканы 

мұқият пайдаланып, ұқсата білуі керек. 

– Еліміздегі әскери техникалардың көпшілігі 

тозған. Сондықтан егер біз өз Отанымыздың 

қауіпсіздігін қажетті деңгейде қорғауды 

ойлайтын болсақ, онда ескі техникалардың 

орнын жаңалауды қолға алуымыз керек. Бұл 

ретте айтарым, біз шетелден жаңа техниканы 

ешқашан сатып ала алмаймыз. Олар озық 

үлгідегі техникасын бізге бермейді. Сол үшін 

елімізде әскери техникаларды шығаратын 

өндіріс орындарын ашуымыз керек. Өзімізді-

өзіміз қамтамасыз етпейінше, өзгелер бізге 

ескісін ұсынуын тоқтатпайды. Құдайға шүкір, 

еліміздің экономикасы жылдан-жылға көтеріліп 

келе жатыр. Енді қорғаныс саласына көңіл 

аударып, әскери өндіріс орындарын ашатын 

уақыт жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет