ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Кәрім Жәленов 
ЕМШЕК БАЛАСЫН АСЫРАУДЫҢ ҺӘМ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ РЕТІ 
(басы 4-5 санда) 
Баланың  денін  саулығын,  денесінде  қалпынан  өзгергендігінің  жоқтығын  көрсететін 
бірінші  нәрсе  баланың  ауырлығының  бір  қалыптылығы,  баланың  салмағының  төтенше 
өзгеріп  кетпеуі.  Соның  үшін  бала  бір  жасқа  кәміл  толғанша  мезгіл-мезгіл,  яғни,  айында 
бір хатта - жетісінде бір тұру өте керек. 
Баланың салмағын мөлшерлеуге кәдімгі таразы да жарайды. Өлшегенде баланы жөргекке 
орап,  не  болмаса  басқа  жеңіл  жәшікке  салып  өлшеуге  болады.  Баланың  сыртындағы 
жөргек  жәшік  секілді  нәрселердің  салмағы  соңынан  шегеріліп  тасталады.  Орта  есеппен, 
баланың туған кезінде салмағы 7S қадақ (3000 грамм ) болады. Туғаннан 5 ай өткенде бала 
екі еседей ауырлайды. Бала бір жасқа толғанда салмағы туған уақытынан үш есе көбейеді. 
Баланың салмағында төтенше не жоғары, не төмен кеткендік байқалмаса, баланың дұрыс 
өсіп келе жатқандығы болады. 

78 
 
Дүниеге шыққанынан әуелгі кездерінде баланың салмағы азайғырайды. Туғаннан он күн 
өткен соң-ақ баланың салмағы күннен күнге көбейе береді. 
Баланың  салмағы  әуелгі  айларда  тез  өседі.  Мәселен,  бірінші  айларда  45  мысқалдай 
қосылып  отырады.  Содан  ай  сайын  қосылатын  салмақ  мөлшері  азая-азая,  жылдың  аяқ 
кезінде қосылатын салмақ мөлшері 19S мысқал шамасындай болады. 
Төменде көрсетілген, Мәскеудегі доктор Сперанскийдің ауруханасының мағлұматтарынан 
жиналып жасалған есептер емшек балаларының салмағының барысын тексеріп отырудың 
қаншама керек екендігін көрсетеді: 
Бала 
туғаннан 
бастап 
өтетін айлар 
 
Баланың 
салмағының 
қосылуының барысы 
Емшек 
баласының 
салмағының барысы 
Ескертулер 
туысымен 
жетісіне 
айына 
Граммен қадақтап санағанда   
 
 
 
3000 гр 
7  қадақ  48 
мысқал 
 

45 
мысқал 
1 қ 84 м 
3750 
9 қ 36 м 
 

42-/- 
1қ 72 м 
4450 
11 қ 12 м 
 

42-/- 
1қ 72 м 
5150 
12 қ 84 м 
 

30-/- 
1қ 24 м 
5650 
14 қ 12 м 
 

30-/- 
1қ 24 м 
6150 
15 қ 36 м 
Салмағы 

есе болған 

27-/- 
1қ 12 м 
6600 
16 қ 48 м 
 

27-/- 
1қ 12 м 
7050 
17 қ 60 м 
 

25S 
1қ 6 м 
7475 
18 қ 66 м 
 

25S 
1қ 6 м 
7900 
19 қ 11 м 
 
10 
24 
1қ 
8300 
20 қ 73 м 
 
11 
22 S 
-/- 90 м 
8675 
21 қ 66 м 
 
12 
19S 
-/- 78 м 
9000 
22 қ 48 м 
Салмағы 

есе көбейген 
1920 жылғы мағлұматтан алынған 
Баланың  салмағы  өзгергендігі  сезілсе,  баланы  доғдырға  көрсету  керек.  Себебі  аурудың 
алдын ала емдемесе, асқынып кетіп жаман болуы ықтимал. 
Ауырғаннан соң жазып аламын деуден, ауырмай тұрып аурудың алдын алу жөн. Баланың 
денінің саулығының қамына кіріскенде де, алдымен шешесі мүмкін болғанша, тазалықты 
сақтауға  тырысу  керек.  Баланың  денінің  саулығын  сақтау  жұмысында  бірінші  орында  - 
баланы  асырау  болуға  тиіс.  Ол туралы  «Шолпанның»  өткен  сандарында  айтылған.  Одан 
соңғы баланың денесін тәрбиелеу, баланың терісі өте нәзік, сондықтан тер, сідік, баланың 
өзінің дәреті сияқты нәрселердің тиюімен де баланың еті бұзылады. Баланың тәнінде сол 
айтылған  нәрселер  тиіп,  бұзылған  жерлері  микробтар  орнауға  өте  бір  қолайлы  орын 
болып қалады. 
Соның үшін баланы күнде шомылдырып тұруға керек болады (судың жылылығы рермиур 
есебі бойынша 28 градус болуға тиіс). 
Шомылдырғанда  баланы  күнара  сабындап  тұру  керек.  Жуғанда  бұлт,  жөке  сияқты 
нәрселер жұмсалуға тиіс емес. Бәрінен де шомылдырғанда баланың денесін азғана мақта 

79 
 
алып сонымен сүртіп, шомылдырып болған соң мақтаны екінші рет іске асырамын демей, 
лақтырып тастау. Жөке, бұлт (губка) сияқты  нәрселер тез кірлейді  және олардың ішінен 
кірді  шығару  өте  қиын  болады.  Кіндігі  түспей  тұрған  уақыттарда  бала  қиналып,  содан 
кейін  28  градус  шамасындай  етіліп,  жылытылған  сумен  шомылдырмақ  керек.  Баданы 
кешке  жақын  жатқызудың  алдында  шомылдыру  керек.  Шомылдырған  сумен  баланың 
бетін  жуу  керек  емес.  Баланың  бетін  жуу  үшін  бөлек  ыдысқа  су  құйылып  алынып, 
баланың  бетін,  мойнын,  құлағының  сыртын,  мойын  қатпарланған  жерлерін  суланған 
мақтамен  сүртіп  (мақтаны  әлгі  сумен  сулап),  соңынан  дұрыстап  құрғағанша  таза 
шүберекпен сүрту дұрыс. Баланың көзін таза су алып және мүмкін болса, азырақ борный 
кислота араластырып, содан кейін мақтаны суға батырып, мақтамен баланың көзін сүрту 
керек. Сүрткенде мақтаны көздің артқы қиығынан мұрнына қарай жүргізу керек. 
Сонымен,  көздің  маңайындағы  кір,  қиқымдар  көздің  ішіне  кетпей,  сүртіліп  кетеді.  Жас 
баланың бетін әсіресе, баланың көзін жалаңаш қолмен жууға болмайды. Үлкен адамның 
қолының  терісі  қатаң  болады.  Сондықтан  ол  баланың  денесіне  тигенде  баланың  денесін 
ауыртады.  Баланың  мұрнын  білтеге  ұқсатып  жіңішке  қылып  бұраған  мақтамен  тазарту 
керек.  Егер  де  қолда  бар  болса,  мақтаны  борный  вазелинге  батырып  алу  дұрыс.  Және 
көбінде баланың құйрығын жуып тұру керек. Дені сау, ауруы жоқ бала сөткесіне 2-3 рет 
тышып,  10-12  рет  сиіп  турады.  Бала  былғасымен  жылы  сумен  жуып  тұру  керек  болады. 
Баланың  шабы,  құйрығының  асты,  қолтығы  терлеп,  тез  быршып  кетеді.  Сондықтан,  сол 
жерлерге пудра сеуіп қою керек. 
Баланың  әлгі  айтылған  тез  терлейтін  жерлерін  құрғатқанда,  ұннан,  күріштен  істелінген 
пудраларды себуге болмайды. Не үшін - олар тез ашып кетіп, қайта баланың тәнін бұзып 
жібереді. Сондықтан, тальк деген дәрімен баланың быржиып, пісіп кеткен жерін кептіру 
дұрыс. Ол қымбат болмайды. Оны оңай табуға мүмкін. Не болғанда да, баланың денесіне 
ауру  келтіретін  нәрседен  сақтануға  тиіс.  Балаға  көбінесе  ауру  аузынан  жұғады.  Себебі, 
ауыздан  баланың  ішегіне  түсіп,  одан  қанына  араласады.  Соның  үшін  баланы  шешесі 
болсын, басқа жақындары болсын аузынан сүю жарамайды. Және балаға еміздік жүннен, 
қағаздан  істелген,  боялған  ойыншықтарды  беруге  болмайды.  Әсіресе,  боялған 
ойыншықтарды,  баланың  қолына  беруден  сақтану  керек.  Не  үшін  -  бояудың  ішінде 
араласқан улы нәрсе болуы мүмкін. 
Ойыншықтарды  кірлеген  сайын  жууға  болатын  резіңкеден,  ағаштан  істелгендерінен  алу 
тиіс. Баланың аузын қолмен болсын, мақтамен болсын жууға болмайды. Баланың шешесі 
емізердің  алдында  емшегін  -  2  еміздікті  борный  кислотамен  дұрыстап  жуса  болады. 
Баланың денесі үнемі киіп жүретін киім өте таза болуы керек. Онымен бірге киім баланы 
жиіркендірмейтіндей жылы болуы дұрыс. 
Әйелдің көбі баланы қимылдай алмайтын қылып құндаққа орап қояды. Әуелгі уақыттарда 
баланың киімдері  мынадай болмақ, артынан байлайтын қысқа ғана көйлек (жейде) оның 
үстінен жөргек оралады. Жөргектің түрі мынадай: 
Үш  бұрыш  баланы  соның  үстіне  салғанда  астыңғы  2  жағы  баланың  мықымына  келеді. 
Жоғарғы  бұрышы  баланың  аяғының  арасынан  келмек:  2-ші  3-ші  бұрыштары  шабының 
кезінен, баланың аяғы жауып турады. Жөргекті жұмсақ заттан істеу керек. Себебі ол жұқа 
шүберектерді, сідікті өзіне тартып алып, баланың тәні бөлінбеске зор себеп болады. 
Екінші  әуелгінің  сыртынан  оралатын  жөргек  төрт  бұрышты  болып  істеліп  оралғанда, 
баланың  күллі  денесіне  жетіп  тұрады.  Жалғыз-ақ  баланың  қолы,  аяғы  ашық  қалады. 
Үшінші жөргек торт бұрышты, бірақ үлкенірек болады. Орағанда баланың денесіне тегіс 
жетіп, аяқ жағында артық қалып, ол артығы қайырылып баланың аяғын орап турады. Бала 
есейіңкіреген  сайын  қолы  ашық  қалдырылып,  үшінші  жөргекті  қолтығының  астынан 
жіберіп, баланың аяғына бостау қылып  жабылады. Бала  сиіп қойса, дымданған жөргегін 

80 
 
сол қалпынша кептірілмей жуылып, одан кейін үтікпен нық тазарту үшін екі жағынан да 
үтіктеу  тиіс.  Баланың  киімі  жәй  ғана  бір  екі  рет  жуылып,  содан  кейін  сабындалып 
дұрыстап  жуылады.  Баланың  басы  ешбір  бас  киімсіз,  ашық  ұсталады,  не  үшін  басқа 
кигізген киім баланың басына түсетін жарық - сәуле һәм ауаға кедергі болады. 
Туғанына  үш-төрт  ай  болған  балаға  дамбал  кигізіп,  одан  көрі  есейген  кезде  шұлық 
кигізуге болады. 
Әрине,  уақыттың  жылы,  суықтығына  қарай,  баланың  киімін  өзгертуге  болады.  Баланың 
кереуеті темірден болып, үстіндегі матрац ішіне қыл салған болу керек. Баланың денесінің 
жартысы  ғана  сиятындай  матрацтың  үстіне  кереуетке  (су  өтпейтін  мата)  салып,  оның 
үстіне  жайма  жайылады.  Жастықтың  ішіне  жылқының  қылы  салынған  болуы  керек. 
Себебі:  ішіне  құстың  жүні,  я  түбіт  салынған  жастықтан,  бала  терлей  беруі  мүмкін. 
Баланың  басы  көтеріңкі  болуы  жөн.  Не  үшін  -  бала  кекіргенде  басы  төмен  болса, 
тұншығып қалуы мүмкін. 
Денесінің  өне  бойы  бір  жағымен  жатқандықтан,  бетінің  сол  жағы  төтенше  басылып 
қалмас  үшін  баланы  ұйқыда  жатқанда  аударып  жатқызу  тиіс.  Салмақ  пен  іштегі  ауа 
шығып, баланы едәуір жеңілдік болу үшін баланы анда-санда етпетінде жатқызып қоюға 
болады.  Емшек  баласы  сол  ғұмырының  көбін  ұйқы  мен  тамақ  өткізеді:  бірақ,  онымен 
қанағаттандыруға  болмайды.  Баланы  шомылдырып,  ойнатып,  далаға  шығарып  жүріп 
қайту керек. Баланың жатқан үйі кең, ауасы мол: бір қалыпты жылы болып тұрмақ. Егер 
де  үй  тар  болса,  үйдің  ішінен  терезеден,  есіктен  таза  ауа  жіберіліп  турады.  Терезені,  я 
есікті  ашқанда,  бала  басқа  бір  бөлмеге  апарылып  қойылады:  егер  де  олай  ету  мүмкін 
болмаса,  баланы  терезеден  кірген  желдің  өтіне  қоймай,  басқа  жел  тура  келмейтін  бір 
орынға  қою  керек.  Бала  жатқан  бөлмедегі  барлық  төсек  орынды  күн  сайын  шаң  болмас 
үшін  дымды  шүберекпен  сипап  сүртіп  қою  дұрыс.  Бала  жатқан  бөлме  ешуақытта 
щеткамен  сыпырылмайды,  оның  орнына,  суланған  шүберекпен  сүртіліп  турады.  Баланы 
күннің  көзіне  де  тастауға  болмайды  және  баланың  жатқан  бөлмесіндегі  терезе  күннің 
батуынан  бұрын  жабылуға  керек,  күн  суық  болғанда  (12  градустан  төмен),  жаңбырлы 
болмағанда, бала күн сайын, сейілге шығарылып тұрады. 
Әуелгі үш ай өткенше баланың бетін жұқа нәрсемен жауып жүріп, содан әрі бетін ашық 
ұстауға болады. Баланың сейілге шығатын уақыты жер мен күннің нағыз жылы болатын 
мерзімі,  сағат  12  мен  3-тің  екі  ортасы.  Кешке  күн  батқаннан  кейін  жас  баланы  далаға 
сейілге шығаруға болмайды. 
Ауырғанның  артынан  бала  далаға  доғдырдың  рұқсатымен  ғана  шығарылады.  Онда 
баланың далаға шығу уақыты 15-20 минуттан артық болмауы керек. 
Туғаннан  6  айға  толғанша  емшек  баласының  әрбір  күні  мына  көрсетілген  ретпен 
өтуге тиіс. 
Кешкі 8 сағатта - емізу
Кешкі 8 сағаттан түнгі 1 сағатқа шейін - ұйқы
Түнгі 1 сағатта - емізу; 
Түнгі 1 сағаттан таңғы 6 шейін - ұйқы; 
Тәңертеңгі 6 сағат - емізу; 
Тәңертеңгі 6 сағаттан тәңертеңгі 10 сағатқа шейін - ұйқы; 

81 
 
Тәңертеңгі 10 сағатта - емізу; 
Тәңертеңгі 10 сағаттан күндізгі 12 сағатқа шейін - ояу
Күндізгі 12 сағаттан күндізгі 1 сағатқа шейін - далада көтеріп жүру; 
Күндізгі 1 сағатта - емізу; 
Күндізгі 1 сағаттан күндізгі 4 сағатқа шейін - ұйқы; 
Күндізгі 4 сағатта - емізу; 
Күндізгі 4 сағаттан кешкі 7 сағатқа шейін - ояу; 
Онан соң кешкі 8 сағатқа шейін шомылдырып, емізу, кешкі 8 сағатта - ұйықтату. 
Жоғарыда сызықпен көрсетілген баланы 6 айға толғанша тәрбиелеудің нұсқасы (схемасы) 
Лодуигин  Ф-Мейердің  еңбектерінен  алынған  мағлұматтар  бойынша  жасалған.  Мұнда 
баланы  қалай  асырау,  тәрбиелеу  реті  анық  көрсетілген.  Яғни,  емізу  әр  үш  сағаттан  соң, 
қыдырту,  одан  соң  ұйықтату,  тынықтыру,  шомылдыру,  түнгі  ұйқы.  Онда  емшек  емізу 
үшін аз уақыт оянады. Нық тәртіп, тазалық, дұрыс асырау, таза ауа, міне, бала ауыстыруға 
ғана  керек  шарттар  осылар.  Осы  шарттардың  бәрін  айтқандай қылып  істеген  әйелдердің 
өздерінің дамылсыз көрген күндеріне, ауыр жауапты жұмыстарына алатын сыйлығы - дені 
сау бала болады. 
П. Жәленова 
1923 жыл, 27 март 
ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ 
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ БІЛІМ КОМИССИЯСЫНЫҢ 1923 
23 НАУРЫЗЫНДАҒЫ №72 ҚАУЛЫСЫ 
Қазақ емлесі (жазуы) тақырыпты жаңа ережелер 
1. Дауысты  «Й» ноқатсыз «И» әрпімен жазылады: жарты дауысты  «Ы» астына екі ноқат 
қойылып,  «ы-и-и-ы»  қаріпімен  жазылады.  «Ы»  қаріпі  бітеу  буында  ғана  жазылады.  Бас 
буын ашық болса, онда да қалмай жазылып отырады. «Ы» бас буында жазылмайды деген 
ереже бұзылады. 
2.  «Ү»  (үтірлі  у)  қарпімен  дауысты  «Ү»-ғана  жазылады;  жарты  дауысты  «О»  үстіне  үш 
ноқат қойылған «У» қарпімен жазылады. 
3.  Астында  тік  жөнді  екі  ноқаты  бар  «е»  қаріпі  қазақ  әліппиінен  шығарылады;  мұның 
орнына үшкіл қалыпты «Е-е» жазылады; сөздің бас буынында «Е» орнына «И» жазылады 
деген ереже бұзылады. 
4. Қазақ тіліне сіңісіп кеткен, қазақ тілінде жоқ «X», «Ф», «һ» дыбыстары бар жат сөздерді 
жазу  үшін  қазақ  әліпбиіне  арабтың  «X»,  «Ф»,  «һ»  қаріптері  кіреді.  Бұл  үшін  қаріппен 
белгіленетін дыбыстар да қазақтың өз тіліндегі дыбыстар сықылды. Әр қайсысы екі түрлі, 
қатты  да,  жұмсақ  та  айтылады  делініп,  алдында  керегінде  дәйекші  («ә»  )  қойылып 
жазылады. 
5.  «У»  дың  алдындағы  дауысты  дыбыс  «Ү»  ия,  «Ы»  екені  дүдамал  естілсе,  ол  дүдамал 
дыбысты ашық буынның аяғына келтіріп, сөзді өзгертіп айтқанда «У» болып естілсе «У» 

82 
 
қаріпі  жазылады  (суы-су,  туы-ту)  «Ы»  болып  естілсе  «Ы»  қаріпі,  ол  тақырыпты  ереже 
бойынша  ашық  буында  жазылып,  бітеу  буында  жазылмайды  (жазуы-жазу,  сұлуы-
ұлу,оқуы-оқу) 
6. Бұрын  «тән» болып  жазылатын етістік жалғауы,  «ү» қарпімен  «түн» болып жазылады 
(оқитын,  жазатын)  жеке  сөздік  соңында  жазылатын  астында  қос  ноқаты  бар  «Ы» 
баспаханада болмағандықтан, әзірге ноқатсыз тұрады. 
7. Қосалқы сөздер, түбір сөзге сызықшамен («-») жалғанып жазылады. 
8.  «Ма-ба-ме-бе»  деген  қосалқы  сөз  түбір  сөзбен  жалғаудың  арасында  келсе,  түбір  сөзге 
сызықшамен жалғанып, жалғаумен бірге жазылады («келе-мысын»  «жақсы-мысын») Бұл 
сөз «еді» деген етістіктің алдында келіп, өзінің алдындағы сөзбен үшеуі бір сөз сықылды 
айтылатын  болса,  қосалқы  сөз  алдындағы  сөзге  сызықшамен  жалғанып,  «еді»  бөлек 
жазылады («келер-ме еді» «келер-ме екен») 
9. «Еді» деген етістікпен алдындағы сөздің арасында «игі» деген сөз болып, үшеуі бір сөз 
сықылды айтылатын болса, үшеуі үш бөлек жазылады. («келсе игі еді»). 
10.  Жалқылағыш  қос  сөздер  арасында  сызықша  қойылып  жазылады  («аяқ-таяқ»,  «киім-
кешек»,  «төсек-орын»).  Жалқылағыш  қос  сөздің  екеуі  бірдей  қатты,  ия  екеуі  де  жұмсақ 
айтылатын  болса,  екеуі  бірге  тұтас  жазылады.  Біреуі  қатты,  біреуі  жұмсақ  айтылатын 
болса,  арасында  сызықша  қойылып  жазылады  («басқұр»,  «жел-бау»,  «кене-сары», 
«қызылқұм», «есенкелді») 
11. Етістіктің бірінші жақтық жалғауы  «м» болса, оған сәйкес екінші жақтық жалғау  «ң» 
болады:  етістіктің  бірінші  жақтық  жалғауы  «мін»  болғанда,  оған  сәйкес  екінші  жақтық 
жалғау «сын» болады («бардым», «бардың», «барамын»-«барасың») 
12. Сан белгісіне арабша цифралар (1,2,3...) алынады. Арабша цифрамен нөмірленген бір 
ұғым  өз  ішінен  жіктеліп,  әрбір  жігін  нөмірлеу  үшін  һәм  басқа  сол  сықылды  орындарда 
үнді  цифралары  (1,2,3...)  жазылады.  Араб  цифраларымен  нөмірленген  ұғымдарды  тап-
тапқа бөліп, әр тапты нөмірлеу үшін һәм басқа сол сықылды орындарда Рим цифралары 
(I,II,III)  қолданылады.  «Нөмір»  деген  сөзді  белгілеу  үшін,  латынша  «№»,  әріпі  алынады. 
Әуелі  нөмір  жазылып  «№»  цифрдың  сол  жағына  жазылады  (  «72  -  ші  нөмір»  деген  сөз 
«№72 болып жазылады). 
Қазақ-қырғыз білім комиссиясының бастығы: X. Досмұхамедов Мүшелері: М. 
Жұмабаев, Ә. Диваев 
Бұйрық 
27 № 43-ші мартында 1923 жылда: 
Түркістан  Республикасының  халық  ағарту  комиссары.  Қазақ  -  қырғыз  білім 
комиссиясының  1923  жылдың  23  мартындағы  қазақ  емлесі  (жазуы)  тақырыпты  жаңа 
ережелерін бекітіп, Түркістанда қолдануға бұйырады. 
КӨКТЕН ТҮСКЕН ТАС 
Еділ бойындағы Царицын деген қалаға жақын бір жерге жуырда көктен бір тас түсіпті. Ол 
көктен түскен тастың салмағы екі жүз мың (200000) пұт шамасындай, биіктігі алты сажын 
(18  кез)  шамасындай  болса  керек.  Мұндайды  жұрттың  көбі  көрмеген  де,  естімеген  де, 
сондықтан, бұл жұрттың көбін таң қалдыратын нәрсе. 

83 
 
Мұнан  бұрын  да  әр  заманда,  әр  жерге  көктен  тастар  түсетін.  Ондай  көктен  түскен  тас 
(метеорит) деп те, (аэролит) деп те, (болид) деп те аталады. Бүл уақытқа шейін әр жерде 
кісілердің  көз  алдында  түскен  метеориттердің  саны  екі  жүз  жетпіс  шамалы.  Көктен 
түскенін  ешкім  кермесе  де,  метеорит  екені  анықталған  тастардың  саны,  бір  жүз  жетпіс 
шамалы.  Сөйтіп,  бұдан  бұрын  көктен  торт  жүз  қырық  шамалы  метеорит  түскені  аньщ. 
Бәлкім, одан басқа да түскен метеориттер бар шығар, бірақ, оларды адамзат әлі білмейді. 
Көктен метеорит түнде түссе, от болып жанып, кейде от құйрығы ұзын болып шұбатылып 
түседі. Күндіз түссе, көбіне оты көрінбейді. Кейде ғана бұлтқа ұқсап түйдектеліп, түтіні 
ғана көрінеді, кейде (өте сирек) күн күркірегендегідей өте қатты гуілдеген дыбыс естіледі. 
Метеорит  көбіне  жерге  түспей,  зымырап  ағып  өте  шығады.  Оны  түнде  көрген  кісілер 
«жұлдыз  ақты»  дейді.  Сөйтіп,  күн  сайын  көретін  толып  жатқан  «аққан  жұлдыздардың» 
бәрі де шексіз дүние көлемдігінен (мировое пространство) зымырап келіп, жердің сыртын 
қоршап  тұрған  ауаның  бір  жағынан  кіріп,  екінші  жағынан  өте  шыққан  метеориттер 
болады.  Аққан  жұлдыздардың  қандай  болатынын  әркімдер-ақ  біледі.  Олардан  басқа  да 
кейде өте жарық  һәм өте үлкен жоғарыда зымырап ағатын, көбіне шұбатылған құйрығы 
бар  от  болады.  Ондай  отты  көрсе  молдалар  «көктің  есігі  ашылды»  деп  тілек  тілейді. 
Мұндай  үлкен  от  кейде  ағып  барып  жарылып,  жан-жаққа  шашырап  жылан  секілді 
ирелеңдеген коп от болып жауады. Осындай жарылып шашыраған оттан кейде жерге тас 
(метеорит)  түседі.  Күндіз  болса,  оты  көрінбейді.  Бұлт  секілді  түйнектелген  көп  түтіннен 
тас  түседі.  Түскен  ыңғайда  метеорит  өте  ыстық  болады.  Егерде  метеорит  үлкен  болса, 
оның сырты ғана өте ыстық болады, ортасы суық болады. 
Метеориттің ірілігі түрлі-түрлі болады. Кейде өте кішкентай болады. Қатты тұзақ болып 
та  жауады  (метеорная  пыль),  кейде  өте  ірі  болады.  Мәселен,  жуырда  Царицын  жанына 
түскен  метеорит,  бірақ,  мұндай  өте  үлкен  метеорит  бұрын  тіпті  түскен  емес.  Біз  көрген 
газеттегі  цифрдың  нөлдері  қанадан  артық  қойылып  кеткен  болмаса,  бүл  метеориттің 
салмағы  екі  жүз  мың  (200000)  пұт,  мұнан  бұрынғы  түскен  метеориттердің  ең  үлкенінің 
салмағы  екі  жүз  елу  киллограмм  (бір  килограмм  2000  қадақ,  яғни  2S  қадақтан  сәл  ғана 
кемірек  болады).  1866  жылдың  6  июнінде  Мадиярстанда  (Венгрия)  түскен,  1870  жылы 
Гренландия  аралында  Нурденшльде  деген  Швецияның  атақты  диқангері  одан  да  үлкен 
салмағы жиырма бес мың киллограмм тас тапқан. Ол тастың көктен түскенін көрген кісі 
жоқ. Сонда да белгілеріне қарап оқымыстылар оны метеорит деп ойлайды. Егерде, оның 
метеорит екені дұрыс болса, бұрынғы түскен метеориттердің ең үлкені сол болады. 
Енді  метеориттердің  қайдан  түсетінін  айтайық.  Жер  үлкен  бір  доп.  Ол  доптың  сыртын 
қоршап тұрған қалыңдығы 250 шақырым мөлдір һәм түссіз ауа бар. Жерді көтеріп ұстап 
тұрған еш нәрсе жоқ. Домалақ жер сыртындағы ауасымен еш тоқтамастан күнді айналып, 
секундына  29,6  километрден  (28  шақырым  шамасындай)  алып  зымырап  жүреді  де 
отырады.  Ай  да  жер  секілді  үлкен  бір  доп.  Бірақ,  ол  жерден  кіші  (49  есе  кіші)  Айды  да 
көтеріп ұстап тұрған ешнәрсе жоқ. Ол да тоқтамастан жерді  айналып, ұшады да жүреді. 
Күн де өте үлкен (жерден бір миллион екі жүз тоқсан жеті мың (1297000) есе үлкен) бір 
доп.  Оны  да  көтеріп  ұстап  тұрған  ешнәрсе  жоқ.  Ол  да  тоқтамастан  бір  жаққа  қарай 
секундына  25  километрден  (23  S  шақырым  шамасындай)  алып  зымырап  ұшып  кетіп 
барады. Жұлдыздар да әрқайсысы үлкен - үлкен бір доп. Олардың да ешқайсысын көтеріп 
ұстап  тұрған  ешнәрсе  жоқ.  Олар  да  әрқайсысы  әр  жаққа  қарай  зымырап  ұшып  кетіп 
барады.  Жер,  ай,  күн,  жұлдыздар  бәрі  де  түрлі-түрлі  тастардан  жаралған  өте  ірі  доптар. 
Булардан басқа, тағы дүниеде түрлі-түрлі жаққа қарай зымырап, ұшып кетіп бара жатқан 
есепсіз көп кішкене тастар бар. Ол тастардың үшеуі өте жылдам: секундына 40 шақырым 
ұшатындары  да  бар.  Метеорит  дегеніміз  -  осындай  тастар.  Метеориттердің  жердің 
жанынан өтіп кететіндері де болады. Жерге тура келіп қалатындары да болады. Метеорит 
жерге жақындап, ауаға кіріп кеткенде, ауа бөгет болып, жүрісі кенет ақырындап қалады. 
Оны ұшырып келе жатқан күш жоғалып кетпейді. Табиғаттың заңы бойынша екінші түрлі 

84 
 
күшке, яғни қызуға айналады. Сондықтан, метеорит өте қызып кетіп, бірден газ болады. 
Ол өте қызған газ метеориттің артында шұбатылып, түнде ұзын от құйрық болып көрінеді, 
күндіз  көрінбейді.  Кейде  ғана  түтін  болып  көрінеді.  Метеориттердің  бәріде  ауаға 
кірместен бұрын өте суық болады. Сондықтан, метеорит үлкен болса, сырты ғана қызып 
газ  болады.  Ортасы  суық.  Стаканға  ыстық  су  құйып  жібергенде,  стаканның  жарылып  - 
жарылып кеткені секілді жарылып, жан-жаққа шашырап, кейде жерге тас күйінде жауып 
түседі.  Көбіне  жерге  жетпей,  ол  шашырап,  жауған  тастар  да  газ  болып  кетеді.  Кейде 
метеорит жарылмастан жерге тұтас түседі. Онда оның сырты ыстық, ортасы суық болады. 
Метеориттің түсуі кейде ғана болмаса, көбіне зиянсыз болады. Оның зияны кейде малға, 
кісіге, үйге түседі, кейде, түскен жерін өртеп жібереді. Мәселен, 616 жылы Қытайда тас 
жауып,  он  кісі  өліпті;  823  жылы  Саксонияда  метеориттен  отыз  бес  қала  өртеніп  кетіпті. 
1511  жылдың  4  сентябрінде  бір  жерге  мыңнан  аса  тас  түсіп,  бір  кісі,  бірталай  қойлар, 
құстар,  балықтар  өліп  қалыпты.  1660  жылы  Милан  шаһарында  көктен  бір  кішкене  тас 
түсіп, бір монах (сопы) өліпті; 1794 жылдың 16 июнінде Сиена шаһарында метеорит бір 
баланың қалпағының шетін тесіп кетіпті. 
Файзолла 
Әдебиет бөлімі 
ҚЫР ӘҢГІМЕЛЕРІ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет