Лекционные занятия будут строится по следующей схеме: краткий обзор по вопросам тематического плана лекции, обсуждение проблем



бет19/30
Дата25.11.2023
өлшемі437,5 Kb.
#126280
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Менеджмент негіздері

Негізгі әдебиеттер: 11 [231-53]
Қосымша әдебиеттер: 4 [72-93]


Тақырып 11 Коммуникация
Дәріс жоспары
1 Коммуникациялық процесс
2 Коммуникация түрлері
3 Кәсіпорындардағы коммуникацияға кедергілер
1. Коммуникациялық процесс. Коммуникация - бұл ақпараттың бір субъектіден екінші субъектіге берілуі. Субъектілерге жеке тұлға, топтар ұйым да жатады. Коммуникациялық процесс - бұл 2 және одан да көп субъектілердің өзара ақпаратпен алмасуы. Бұл процестің басты мақсаты - хабар алмасу және қандайда ақпарат тұрғысында түсінік беру. Сондықтан процестің әрбір қатысушысының көруі, естуі, сезінуі, иісі және дәмін сезе білу қабілеттері мен дағдылары өзара түсіністікте болуы керек.
Ақпарат алмасу процесіне 4 базалық элемент енеді: жіберуші - ақпаратты жинақтаушы және оны тасымалдаушы ролін атқаратын тұлға; хабар - символдарды қолдану арқылы құпияландырылған ақпарат; канал - ақпаратты тасу құралы; ақпарат алушы - ақпаратқа арналған тұлға.
Ақпаратпен алмасқанда жіберуші мен алушы бірнеше өзара байланысқан кезеңдерден өтеді. Олардың міндеті - хабар мазмұнын тарату каналдарын белгілеу, екі жаққа да ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыздандыру.
Жоғарыда аталған кезеңдер мыналар: а) дайындау идеялардың туындауы; б) хабарды кодтау және жіберу каналын таңдау, жіберуші символдардың көмегімен сөздер, интонация мен қимыл қозғалыстарын қолдана отырып ақпаратты кодтауы керек. Кодтау идеяны хабарға айналдырады. Жалпыға белгілі каналдарға мыналар жатады: сөздер мен жазбаша материалдарды тапсыруы, электрондық байланыс құралдары, компьютерлік желілер, электронды пошта, видеоленталар және видеоконференциялар.
2. Коммуникация түрлері. Хабардың тиімділігі үшін көбіне коммуникацияның 2 және одан да көп құралдары қолданылады; в) хабарлар тасу; г) кодты шешу – берушінің символ түрінде жіберген хабарын алушының түсінуі.
Жіберген хабардың бұрмалануы байланыс процесіндегі шудың (кедергінің) болуымен байланысты. Шудың қайнар көздеріне коммуникациялық процесс, оның тасымалдаушылары мен ұйымдастырушылары жатады. Ақпаратпен алмасу тиімділігін кері байланыс көмегімен жоғарлатуға болады.
Сигнал бұл кері байланыс болып табылады және ол қабылдаушының жіберушіге мәліметті алғанын білдіреді, ондағы ақпаратты түсінгендігін немесе түсінбегендігін хабарлайды. Кері байланыстың шарттары:
а) бағыныштылармен сұқбаттасқанда кері байланыстың нақты әдісін қарастыру; б) сіз кіммен қатынасасыз соның мінезін зейін қойып бақылау (көзқарасы, дауыс ырғағы, қимылы және т.б.).
Ұйымда ақпаратты таратудың 2 негізгі бағыты бар: а) вертикалды (иерархия деңгейі бойынша жоғары және төмен); б) көлденең (иерархия ның бір деңгейінде). Олардың тиімділік дәрежесі әр түрлі.
Әсіресе, жоғарыдан төмен бағытталған коммуникациялар тиімсіз болады, төменнен жоғарыға қарай байланыс одан да тиімсіз; демек бұл жұмыскерлер мен жоғары деңгей арасындағы коммуникацияның жоқтығын білдіреді.
1) Коммуникациялық кедергілерді жеңу жолдары;
2) Вербальді емес байланыс;
3) Менеджердің сөйлеу мәдениеті;
4) Менеджердің киіне білуі;
5) Менеджердің дұрыс шешім қабылдай білуі.
Әдетте, нашар коммуникацияның негізгі себептері мыналар болып табылады: байланыс маңыздылығын жеткіліксіз түсіну; жеке жұмыскерлердің психологиялық қалыптасуының дұрыс еместігі; хабарламаның нашар құрылуы; есте сақтаудың нашарлығы; кері байланыстың жоқтығы.
Байланыстың маңыздылығын жеткілікті түсінбеу орта деңгейдегі басшылардың, тіпті жұмысшылардың жалпы ұйымдағы істің жағдайы туралы білуі міндет емес деген көзқарасты ұстанатын басқарушыларға тән. Бұл бағыныштылардың моральдық күйіне нұқсан келтіреді.
Сондықтан да басқарушылар өзінен төмен адамдарға қажетті ақпаратты тез арада беру қажет.
Психологиялық құрылу адамдардың өмірлік тәжірибесіне негізделген сыртқы ортаға қатысты. Психологиялық құрылудың жетіспеушілігі мынадай түрде болады: а) стереотиптігі; ә) алдын-ала ойланған пікір; б) не нәрсеге болса да қарым-қатынасының дұрыс еместігі; в) дұрыс көңіл бөлмеуі және ынтаның жоқтығы; г) нақты материалдың жеткіліксіздігі. Сондықтан да, ойлану стереотиптерін жеңу қажет, бұл дегеніміз сіз үшін және жаңа болғандықтан ғана сенімсіз бас тартпау, өзара түсінушілікті және құрметтеуді қамтамасыз ету үшін бағыныштылармен жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру және оларды қолдау; өз ұсыныстарына көңіл аударта білу және қызықтыру; деректердің жеткілікті санына негізделген, сенімді хабарларды дайындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет