2. Басқарудағы бақылаудың стадиялары мен түрлері. Басқарудағы бақылаудың үш стадиясын қарастыруға болады: алдын -ала, ағымдық және қорытынды.
Алдын-ала бақылау ұйымның белсенді қызмет жасауының негізі болып табылады. Бұндай бақылаудың мазмұны - кәсіпорын қызметкерлерінің, өндірістік күштерінің, басқару жүйесінің жұмысқа деген дайындығын алдын-ала қарастыратын ұйымдастырушылық бақылау болып табылады.
Ағымдық бақылау көбінесе жедел және стратегиялық сипатта болады. Стратегиялық бақылаудың негізгі обьектісі ұйымның соңғы мақсатына жету үшін ресурстарды тиімді қолдану болып табылады. Ол текқана сандық көрсеткішпен сипатталып қоймайды,сонымен бірге сапалық сипатта да қарастырылады.
Оперативті (жедел) жоспарлау. Оперативті жоспарлау ағымдық өндірістік және шаруашылықтық қызметке бағытталған, көбінесе өнімнің технологиялық процестерге сәйкес жүргізілуін қарастырады.
Қорытынды бақылау. Ұйымдағы бекітілген жоспарлардың орындалу нәтижесін бағалау және келесі кезеңдерге жаңа жоспарларды бекіту болып табылады; ол тек нақты нәтижелерді жан-жақты қарастырыпқана қоймайды, сонымен бірге әлді және әлсіз жақтарын айқындайды.
3. Бақылау кезеңдері. Бақылау процесінде үш нақты кезең бар: стандарттар мен критерийлерді жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру және қажетті іс-әрекеттер қабылдау. Әр кезеңде әртүрлі шаралар кешені өткізіледі.
Стандарт дегеніміз - нақты мақсаттар, прогресс олармен қарым-қатынасты өлшеуге жағдай жасау. Екінші кезеңде менеджер жеткен нәтижелер күткен нәтижелермен қаншалықты сәйкес келетіндігін, табылған ауытқуларды стандарттардан қаншалықты мүмкін немесе қауіпсіз болатыны жөніндегі бағалауды анықтайды. Бұл баға іс-әрекеттерді бастау туралы шешімнің негізін құрайды. Үшінші кезеңде менеджерлер үш тәртіп сызықтарының біреуін таңдап алуы қажет: ештеңе істемеу, ауытқуларды алып тастау немесе стандартты қайта қарау.
Бұл ұсыныстар келесідей: жұмысшылар қабылдайтын мәнді стандарттарды қабылдаңыз, екі жақты қатынасты бекітіңіз, шамадан тыс бақылаудан қашыңыз, қатаң, бірақ жетуге болатын стандарттарды бекітіңіз, стандартты орындағаны үшін сыйақы беріңіз.
Өзінің міндетін атқаруы, яғни ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз етуі үшін бақылауда бірнеше маңызды белгілер болуы керек: а) стратегиялық бағыты; ә) нәтижелерге бағдарлану; б) іске сәйкестендіру; в) уақыттылығы; г) икемділігі; ғ) қарапайымдылығы; д) үнемділігі.