3.Кәсіпорындардағы коммуникацияға кедергілер. Хабарламаның нашар құрылымы коммуникацияны қалыптастырудағы басты бөгет болып табылады. Хабарды ұйымдастырғандағы кең таралған қателіктер мыналар: хабарламаны ұйымдастырудағы қателіктер: а) көңілден ынтаға; ә) ынтадан негізгі жағдайға; б) негізгі жағдайдан қарсылық пен сұраққа; в) қарсылық пен сұрақтан қорытындыға; г) қортындыдан әрекетке бағыттап итермелеу тиіс; хабарды алушының оны түсіну қабілетін дұрыс бағаламау шынайылықтың және нақтылықтың жетіспеушілігінен туындайды.
Адам жаңа дерекпен танысқан соң бірінші тәуліктен, өткен екі жылға қарағанда көп ұмытуға қабілетті екенін ескеріп, бағыныштылармен байланысты нығайтып маңызды ақпаратты бірнеше рет талкылап, көрнекті құралдарды қолданып, рапортты қамтамасыз ету есебінен сенімді кері байланысты жолға қойғаны жөн.
Кодтау жүйесі ретінде сөздерді қолданбай жіберген ақпараттар вербальды емес хабарлама деп аталады. Көптеген хабарламаларда сөздер эффектісі тек 7 % құрайды. Ал қалған эффект вербальды емес ақпаратқа тиесілі болады. Сол себепті басқарушыға коммуникацияның вербальды емес бөлігін бақылай білу маңызды. Бұл бағыныштылардың хабарламаның мәнің объективті бағалауына мүмкіндік береді.
Сөйлей білу менеджер беделінің маңызды құрамды бөлігі және мақсатқа жетудің тиімді жолы болып табылады. Әдеби сөйлеу қабілеті, белгілі бір психологиялық бөгеттерді жеңу, өзара түсінушілік, әңгімелескенде мейірімді болу, оппонентке өз пікірін дәлелдеу және сендіру, өз көзқарасын даусыз дәлелдей білу, басқалардың пікірін силай білу, бағыныштылар алдында сөз сөйлей білу және әр түрлі жиындарда өкілеттік ету, бұлардың барлығы менеджер авторитетінің құраушылары деп айтуға болады.
Киім кие білу - менеджердің беделін арттыруға жәрдемдеседі және оның қандай адам екендігін сипаттайды. Әйел-менеджер мен менеджер ер адамның жұмыс киімдерін таңдаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ұйымды басқаруда шешім қабылдауды әр түрлі деңгей менеджерлері жүзеге асырады. Бұл ретте шешім қабылдау бір тұлғаға қатысты емес, көбіне ол тұтас ұйымға немесе оның жеке бөлігіне қатысты болады.
Сондықтан ұйымдастыру шешімдерін қабылдау, жауапкершілігі мен роліне байланысты шешімдердің екі деңгейіне бөледі: дара және ұйымдық. Шешімді қабылдаумен қатысты туындайтын қиындықтармен қатар жеке тұлға ұйым деңгейінде шешім қабылдаудың бірқатар белгілері бар.
Шешімді дұрыс қабылдау - бұл ғылым саласы және ол теорияға негізделіп құрылады. Дұрыс шешімдер қабылдау - бұл басқарушылық өнердің саласы.
Білімдер кешеңі және қабілеттер жиынтығы басшының біліктілігін көрсетеді, ал соңғысы менеджер істеп жатқан қызметтерінің тиімділігі немесе тиімсіздігін бейнелеуші фактор болып табылады.