Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Жүргенде момын халқым көшiп-қонып



бет56/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

Жүргенде момын халқым көшiп-қонып,
Кенеттен қалмақ құрды қанды қақпан”…
(Үзiндi Қожаберген жыраудың қай шығармасынан?)
/
“Елiм-ай”
/
“Сылаң сыр”
/
“Кәрiлiк”
/
“Ата тек”
/
“Жетi жарғы”


!
Өлеңмен жазылған шежiре деп аталып жұрген шығарма:
/
“Елiм-ай”
/
“Ер Шобан”
/
“Ер Едiге”
/
“Қызыл жар”
/
“Күлдiрмамай”

!
Шыңғыс ханның тұсынан,


Татар тiлi үстем боп.
Татарша хат жазуға
Дағдыланған елдер көп”… (Үзiндi Қожабергеннiң қай дастанынан?
/
“Баба тiл”
/
“Елiм-ай”
/
“Ата тек”
/
“Ер Қойлыбай”
/
“Ер Жәнiбек”


!
Ордабасы Қожаберген» деген атпен тарихи очерк пен дастандар жинағын жарыққа шығарған қаламгер:
/
Н. Әбуталиев
/
М.Мағауин
/
Х.Сүйiншәлиев
/
С.Сейфуллин
/
Ы.Алтынсарин


!
ХVlll ғасырдағы “Ақтабан шұбырынды» кезеңiн көлемдi дастан етiп жырлаған жырау:
/
Қожаберген
/
Бұқар жырау
/
Ақтамбердi
/
Үмбетей
/
Жиембет


!
Қожаберген жырау шығармашылығының оқу бағдарламасына енгiзiлiп оқытыла бастауы:
/
2000-жылдардан
/
1990-жылдардан
/
1980-жылдардан
/
1970-жылдардан


!
Қаратаудың басынан көш келеді” әнін тудырған қандай оқиғаға?
/
Жоңғар шапқыншылығы
/
Ресей отаршылдығына байланысты
/
Ашаршылыққа байланысты
/
Жазықсыз қудалауға қатысты
/
Монғол шапқыншылығы
!
ХҮІІІ ғасыда өмір сүрген әскербасы, батыр жырау:
/
Қожаберген
/
Бұқар
/
Шалкиіз
/
Жиембет
/
Үмбетей


Лекция. № 9.


1. Лекция тақырыбы: Ақтамбердi жырау Сарыұлының өмiрi мен шығармашылығы.


2. Лекция жоспары:
1. Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.
2. Ақтамберді жыраудың шығармаларының мазмұны.
3. Ақтамберді жырау шығармаларының көркемдік сипаты.


3. Лекция мақсаты: Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыра отырып, оның жыраулық дәстүрді жалғастырушы, ел бірлігі мен тыныштығы жолында жыр төккен жалынды жырау, көрнекті сөз шебері ретіндегі шығармашылық ерекшелігін көрсету. Жырау шығармаларының мән-мазмұнын игерту.

4. Лекцияныњ мазмұны:
1. Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.
Ақтамберді жырау қазақ жұртына ертеден танымал талант иесі, заманының ірі қайраткер азаматы, қазақ хандығы тұсындағы сөз өнері шеберлерінің бірі.
Ақтамберді Сарыұлы - суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Оның «он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» деуіне қарағанда, өмірінің тең жарымының көбісі басқыншылармен күресте өткен.
Жыраудың өміріне қатысты деректер зерттеу еңбектерде әртүрлі айтылып жүр. Мәселен, ғалым Х.Сүйіншәлиев: «Ақтамберді - тарихи тұлға. Қазіргі Семейге қарасты Аягөз аймағында туып-өскен. ...90 жас хасап, 1752 жыл шамасында дүние салған» десе, М.Мағауин: «Ол атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры. 1675 жылы дүниеге келген. 93 жасында «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып өлгендігін» арман етеді. ...мазары Семей облысы, Абай ауданының Шет өзенінің шығысында... Жүрек жота деген төбенің басында тұр» деп жазады.
М.Жолдасбековтің айтуынша Ақтамберді жырау Қаратау өңірінде туылып, есейгеннен кейінгі өмірін қазіргі Шығыс Қазақстан, Семей өңірінде өткізген.
Қ.Халидовтың «Тауарих хамсасында» айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ол – атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры. Сонымен қатар Ақтамберді жортуыл жыршысы, әлеуетті жырау да болған.
Ақтамберді әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туады. Сары Найман Сыбан ішіндегі орташа ғана әулеті бар, қақ-соқта жұмысы жоқ момын адам екен. Сондықтан да ол өз малын өз қызығына жұмсай алмай, ағайын-туғаннан зорлық-зомбылықты көп көреді. Бұл күн сүйеніші, жанашыры жоқ жас бала Ақтамбердінің де басына түседі. Алайда жүрегінде оты бар болашақ жырау жасымайды, өзіне, ата-анасына теперіш көрсетушілерден именбей, реті келген жерінде көңілдегі сөзін айтып салатын болады. Жырау өзінің алғашқы туындыларын осы шамада, 10-11 жасында шығара бастапты. Ақтамбердінің бұл кездегі өлеңдері мұң, зар, жалғыздыққа налу түрінде келеді. Мысалы, оны жыраудың «Жағалбай деген ел болар» деп басталып «Жалғыздық сені қайтейін!» деп аяқталатын шығармасынан байқаймыз.
Бала сонымен қатар ертең-ақ «жасы он беске жетіп, кеңеске кірер» күн туатынын, болашақтан үміті зор екендігін жырға қосады. Міне, осы өлеңдерді құлағы шалып қалған қара жүрек ағайындарының бірі Жангөбек Ботағара деген Ақтамбердіні қамшының астына алады, тіпті, найзаның ұшына ілмек те болады. Алайда жазықсыз жас балаға туысы Бердіке батыр ара түседі. Сол күннен бастап, бұғанасы қатқанға дейін болашақ жырау осы Бердікені паналайды.
Ақтамберді жырау шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына қарағанда, бізге мұрасы молырақ жетсе керек еді, әзірше қолда бары көп емес.
Ақтамберді жаугершілік заманның әрқилы кезеңдерін басынан көп өткерген. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды. Ақтамберді - тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталып, ел аңыздарында сай бағаланады.
Тұрмыс тауқыметін жас кезінен көріп өскен Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көрсе де, адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы, елдік мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Өз жағдайы, сөз шеберi ретiнде қалыптасуы жөнiндегi деректер жыраудың өз шығармаларында кездеседі. Жас кезінен қайсарлығымен т.б. қасиеттерімен көзге түседі.
Жырау қай кезде де ақиқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де сол тұстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар. Жырау баққа да, таққа да таласпайды, көкірек көзі халық даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін дейтін де пікірлер бар.
Жырау өмiр сүрген кезең қазақ елiнiң тарихында жоңғар шапқыншыларымен, Орта Азия хандықтарымен күрес үстіндегі, саяси-әлеуметтiк жағдайдың ауыр кезі болатын. Ақтамберді сол кездегі тарихи оқиғалардың бел ортасында болып, жауға қарсы ұйымдастырып, қол бастайды. Өзінен бұрынғы Доспамбет, Шалкиіз сияқты жыраулардың дәстүрін жалғастырды.
Ақтамбердінің ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Алайда ол күні кеше ғана өзіне теперіш көрсеткен ағайындарына қарсы күш жұмсауды нәмарттық деп біліп, бүкіл ел мүддесін ойлай бастайды:
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп,Құдай, тілекке!
деп жырлағанындай, жырау ру, ата намысын емес, исі қазақтың намысын қуады.
Бұл Орта Азия халықтарымен, қалмақтармен үздіксіз соғыстар кезінде Ақтамберді қанды ұрыстардың талайына қатысады, өзінің ерлігімен, ұйымдастырушылық, қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Батырдың басынан бақ тайып, сәтсіздіктерге ұшыраған кездері де болады. Мәселен, бірде ол түрікпендерге тұтқынға түсіп, ажал пышағы кеңірдегіне төніп тұрған соңғы сәтте ғана ретін тауып қашып құтылады. Жыраудың осы жағдйы аяқ-қолына кісен салулы отырғанда өзінің басына төлем әкелу үшін тұтқыннан босатылған жолдастарының бірінен сәлем ретінде айтқан «Бізді әкетті Марыға» деп басталатын ұзақ өлеңінде айтылады.
Ақтамберді қырықтан асқанда ел тізгінін ұстап отырған Әз-Тәуке хан дүниеден қайтады. Тәукенің көзі жұмылысымен-ақ қазақ сұлтандарының арасындағы ежелгі бақастық ашық жаулыққа айналады, үш жүздің жігі ыдырайды. Міне, осы сәтте жоңғарлықтар қазақтарды аяусыз соққының астына алады. Ауыр күрес жылдары басталады. Ақтамбердінің осы кездегі тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргенін көреміз.
Ақындық даңқы жас кезінде-ақ шыққанына қарамастан, Ақтамберді тіршілігінде бел шешіп өнер жолын қумаған тәрізді. Әйткенмен де, оның өз артына елеулі мұра қалдырғандығы, жырау поэзиясы тақырып жағынан да, мазмұны жағынан да бай болғандығы аңғарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет