Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyiiі ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Қожаберген жырау шығармашылығының зерттелуі



бет51/103
Дата26.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#87335
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Байланысты:
Хандық дәуір әдебиеті Лекциялар мәтіні

2. Қожаберген жырау шығармашылығының зерттелуі.
Толыбай сыншының кенже баласы Қожаберген жыраудың өмiрi жайлы соңғы кездері баспа беттерiнде аз жазылып жүрген жоқ деуге болады. Шаймұрат Смағұлов, Қосыл Омаров, Қаратай Биғожиндердiң “Солтүстiк Қазақстан” газетiнде Қожаберген жырау жайлы әр кезде жазылған мақалалары басылып шықты. Шындығын айтсақ, Қожаберген мұрасын, өмiр жолын ғылыми зерттеу жұмысының жүйелi түрде қолға алынуы елiмiздiң тәуелсiздiгiне қол жеткен кезден басталды. Жырау шығармаларының көбісі кейінгі кездері ғана халқымызға кеңінен таныла бастады. Қазiргi кезде бізге белгiлi болған шығармаларының көлемi едәуір. Өмiрi мен шығармаларының еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезде ғана жырау шығармашылығын тиянақты зерттелу, жариялану, көпшiлiкке таныту мақсатында жұмыстар жүргізіле бастады. Жырау шығармашылығы жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламасына енгізіліп, оқулықтар мен оқу құралдарына енгізіле бастады.
Осы тұста әдебиетшi - ғалым Төлеш Сүлейменовтiң, атыраулық Нәбиден Әбутәлиевтiң “Сегiз серi”(1991), “Ордабасы Қожаберген”(1995) жинақтарын айрықша еске алу керек. “Елiм-ай” жинағын шығарған Мәдина Дастанованың “Жырлары қазақ жұртын елжiреткен”деген еңбегi де құнды зерттеулердiң бiрi. Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң “Қазақ әдебиетiнiң тарихы мен сыны” кафедрасы жанындағы “Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы”деп аталатын ғылыми зерттеу тобы 1991 жылдан осы тақырыпта тұрақты жұмыс iстеп келедi.
“Қазақ әдебиетiнiң қысқаша тарихы” деп аталатын еңбектiң бiрiншi томында, “Қожаберген жырау (1663-1763 ж.ж.)”атты арнайы тарау берiлiп, Қазақ әдебиетi тарихында тұңғыш рет “Елiм-ай” әнiнiң авторы жөнiнде бiрқыдыру мәлiмет берiлген.
Қаратаудың басынан көш келедi,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді... –
деп басталатын әнінің алғашқы нұсқасы 16 жол көлемiнде 1875 жылы “Записки Оренбургского отдела Императорского русского географического обществаның 3 кiтабының 253 бетiнде жарияланған болатын. Екiншi рет, Сәкен Сейфуллин 1932 жылы шыққан “Билер дәуiрiнiң әдебиетi” атты өзiнiң атақты оқулық-хрестоматиясында 20 жолдан тұратын “Елiм-ай” өлеңін жариялайды (“Қазақ әдебиетi”I-бөлiм).
Қожаберген жырау туралы Ыбырай Алтынсаринның, Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң, Сұлтанмахмұттың мұраларында да айтылған. Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы өзiнiң «Қазақ хрестоматиясында», 1896 жылы “Махтубат” еңбегінде керей Қожаберген жыраудың атын атап, өлеңдерінен үзiндi келтiрген. Мәшһүр Жүсiп:
“Елiм-ай”әнi менен жыры тағы,
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, -
деп жазған. Сонымен қатар Даналар» атты өлеңінде былай деп деректер береді:
Бабадан Қожаберген бата алған,
Бөгенбай Қанжығалы сардар болған.
Ел қорғап, қамал бұзып, даңқы шығып,
Оған да аруақ пен бақыт қонған.

Сұлтанмахмұттың:


Керейде Қожаберген, Сегiз өткен
Қазақтың шежiресiн жыр ғып шерткен, -
дегенiне ұзақ уақыт мән берiлмей, Қожабергеннiң кiм екенi анықталмай келген болатын. Осы халықтық ән болып кеткен керемет дүниенiң авторы 1981 жылы Г.Тұрсыновтың “Мәдениет және тұрмыс”журналының 6-санында жарияланып, 1983 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi” (ХУ-ХУIII ғ.ғ.) деген зерттеулер жинағында “бiр халық өлеңi хақында” деген атпен хабарлама берiлдi. “Қаратаудың басынан көш келедi” өлеңiн шығарушы, таратушы кiм деген сұраққа содан кейiн ғана жауап берiле бастады.
М.Әуезов “тарихи өлеңдердiң авторы, көбiнесе сол уақиғаларды көзiмен көрген тұстастары” деп ескертедi. Ғалымның бұл пiкiрiн растай түсетiн айқын, ашығырақ айтылған деректер де жоқ емес. Ол - Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы сақтаулы С.Шақшақов (1818-1854) қалдырған “Керей шежiресi”. Бұл қолжазбаны халық әдебиетi қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин (1936 жылы туылған) тапсырған.
Ал, “Елiм-ай”дастаны алғаш ауызша туып, кейiн оны Қожабергеннiң өзi хатқа түсiрген. Жазба күйде сақтаушы Толыбай сыншы ұрпағы - Шақшақ батыр Көшекұлы. Шақшақтан немересi Сегiз жазып алған. Оның қолжазбасын сақтаушы Тәштит Тәбеиұлы Барлыбаев. Тәштитен Сегiздiң үлкен баласы Мұстафа көшiрiп алған. Мұстафадан 1879 жылы Дәрiбай Малыбайұлы деген жас шежiрешi жiгiт жаттап үйренедi. Дәрiбайдан оның баласы жазып алып жаттайды. Ол 1891 жылы туып, 1978 жылы 87 жасында қайтыс болған Қожахмет деген кiсi. 1936 жылы Б.Майлин, I.Жансүгiров, Ғ.Мүсiреповтер Қожаберген ұрпақтары туралы материал жинауға жыраудың елiне келген. Бiрақ, 1937 жылдың ойраны олардың еңбегiнiң нәтижесiн жояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет