Байланысты: Лекция 7. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер және дағдарыстар
2. Соғыс саяси жанжалдардың бір нысаны ретінде Саяси жанжалдар əртүрлі сипатта дамуы мүмкін. Егер күресуші
тараптардың қақтығыстары қарулы күш қолдануға ұласса саяси жанжалдар
өзінің ең ақырғы нысаны – соғысқа ұласады.
Саясаттануда соғысқа əлеуметтік таптардың, ұлттардың, халықтардың
немесе мемлекеттердің арасындағы ұйымдасқан қарулы қақтығыс деген
түсініктеме беріледі. Əлеуметтік саяси жанжалдың қарулы күреске
айналуының белгісі əрбір тараптың қарудың күшіне сүйеніп қарсыласын өз
дегеніне көндіруге ұмтылып, сол мақсатта оның адами жəне материалдық
күшіне қиратушы соққы беруінде. Əдеттегідей соғыста алдыға қойылған
мақсатқа қол жеткізу үшін қарулы күш қолдануға қосымша экономикалық,
дипломатиялық, идеологиялық қысым көрсету де қатар қолданылады.
Əлеуметтік саяси жанжалдың бір нысаны ретінде соғыс та əлемдік
қауымдастықтың барлық даму тарихында орын алып отырды. Біздің
дəуіріміз де соғыстан кенде емес, оның бет келбетін қарулы қақтығыстар,
оның ішінде екі дүниежүзілік соғыс айқындап берді. Соңғы бес жарым мың
жыл ішінде əлемде он бес мыңға жуық ірілі-ұсақты соғыстар орын алды,
соның нəтижесінде шейіт болғандар, аштық пен жұқпалы аурудан
қырылғандар саны 3,6 миллиард адамнан асады.
Соғысқа саясаттанушылық талдау жасау бірқатар сұрақтарды
қарастыруды көздейді, олардың арасында негізгілеріне: саяси феномен
ретіндегі соғыстың мəні, қарулы күштер саяси фактор ретінде, қарулы
қақтығыстардың түрлері, қарулы қақтығыстардың саяси салдары, соғыстың
алдын алу мүмкіндіктері жəне оны қоғам өмірінен толығымен аластау шарт-
тары. Соғыстың басқа негіздері арнайы əскери пəндердің зерттеу пəні болып
табылады. Ежелгі кезеңнің өзінде соғысқа қатысты əлеуметтік-саяси жаман-
дық ретінде көзқарас қалыптасқан. Мұндай ой барлық адамдар бір-біріне
бауыр болған жəне соғыстың жаманшылығы туралы білмеген оралмайтын
«алтын ғасыр» жайлы ежелгі əдеби ескерткіштерде көптеп орын алған.
Ежелгі үнді патшасы Ашоктың бұйрығымен тасқа қашалып жазылған
жазбаларда да соғысқа кінə артылады.
Саяси жанжалдардың қайнар-көздеріне де тоқтала кетейік. Еске
саламыз, біз соғысты саяси жанжалдардағы жеке жағдай, ақырғы нысан
ретінде қарастырамыз. Бұл соғыстың да табиғаты мен тамыры əлеуметтік
саяси жанжалдікімен бірдей екендігін көрсетеді. Соғыстар қоғамның əлеу-
меттік таптық бөлінісінің нəтижесі болып табылады. Қауымдық құрылыс
кезінде де соғыстың элементтері орын алған болатын, бірақ, мұндағы күш
қолданып қақтығысулар кездейсоқ орын алды немесе саяси сипатқа ие
болмады. Əлеуметтік бөліністің орын алуымен соғыс тұтынушылық өнім-
дерін жəне өндіріс құрал-жабдықтарын, сонымен қатар өндірушілерді күш-
теп меншіктен шығарудың бір əдісі болып табылды. Басқа сөзбен айтқанда
соғыстың басты себебі болып əртүрлі əлеуметтік топтар мен қауым-
дастықтардың үйлеспейтін, қарама-қайшы мүдделері танылады. Адамзат
тарихында мыңдаған жылдар бойы орын алған соғыстардың бұдан өзге себе-
бін атап көрсету қиын. Бүгінгі күні ешбір мемлекет, қоғамдағы ешбір əлеу-
меттік топ соғысты бейбіт өмірден жалыққандықтан бастамайды. Əрбір
соғыстың негізінде бейбіт жолмен шешілуі мүмкін емес əртүрлі қақтығы-
сушы мүдделер жатады.
Соғыстың мазмұны мен жүргізілу барысына əсер ететін соғыстың
саяси мақсатын бекітудегі айқындаушы рольге саясат ие болады. Бұл жайлы
Клаузевичтің еңбегінде былай делінген: «Егер соғыстың бастапқы деректері
болып белгілі саяси мақсат табылар болса соғысты туындатқан себеп соғыс
барысында басшылыққа алынуы тиіс негізгі жəне басты пайым болып
табылады. Бірақ бұл айтқандардан саяси мақсатты қатал билеуші ретінде
түсінуге болмайды; ол өзі қолданатын құрал-жабдықтың табиғатымен
санасады, соған сəйкес түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін; əйткенмен,
саяси мақсатты бəрінен бұрын електен өткізу керек. Осылайша, саясат
соғыстың басы-қасында болып, оған тұрақты түрде əсер етіп отырады» [5].
Соғыстың мақсаттары, міндеттері, сипаты мемлекетпен, оның билеуші
элитасымен əскери тұжырымдама деп аталатын саяси құжатта бекітіледі.
Кең мағынасында əскери тұжырымдама – бұл болуы мүмкін соғыстың
сипаты, мақсаты мен мəні, оған мемлекеттің жəне қаруы күштердің даяр-
лығы, соғысты жүргізудің əдістері мен нысаны турасындағы дəл осы уақыт-
тағы мемлекетпен бекітілген көзқарастар жүйесі. Əскери тұжырымдаманың
негізгі ережелері саясатқа, əлеуметтік-саяси құрылымға, мемлекеттің гео-
саяси жағдайына, өндіруші күштердің даму деңгейіне, жаңа ғылыми
жетістіктерге, мүмкін қарсыластар мен одақтастарға жəне өзге де фактор-
ларға байланысты қалыптасады жəне өзгеріске ұшырайды.
Осыған байланысты соғыс жүргізу үшін арнайы органдар – қарулы
күштер мен əскер құрылатындығын айта кету керек. Соғыстар азаматтық,
мемлекетаралық, аймақтық, дүниежүзілік болып бөлінеді.
Азаматтық соғыс – бұл мемлекеттік билік немесе аумақтың
тəуелсіздігі үшін бір мемлекет аумағындағы əртүрлі қоғамдық күштер,
ұлттар, адамдар топтары арасында орын алатын қарулы күрес, оған əскер,
арнайы қызмет органдары, саяси партиялар, діни ұйымдар жəне өзге де
адамдардың бірлестіктері тартылады. Көпұлтты мемлекеттерде азаматтық
соғысқа этникалық қауымдастықтар, əртүрлі əлеуметтік топтар қатысады.
Мемлекет аралық соғыстар – бұл саяси қайшылықтарды қарулы күш
қолдану арқылы шешуге талпыныстар болып табылады. Мұндай соғыстар-
дың себебіне мемлекеттер, нəсілдер жəне т.б. арасындағы экономикалық,
аумақтық, діни, экологиялық өзге де келіспеушіліктер жатқызылады. Халық
санының өсуі нəтижесінде өмір сүруді қамтамасыз ететін қорлардың
жетіспеушілігі де соғыстың себебіне жатады.
Аймақтық жəне дүниежүзілік соғыстар көптеген мемлекеттердің,
əскери топтардың жəне т.б. қатысуымен жүргізіледі. Аймақтық соғысқа
мысал ретінде 1991 жылғы Кувейтке басып кірген Ирак əскерін АҚШ талқан-
даған «Шөлдегі дауыл» операциясын, 2008 жылғы Оңтүстік Осетия жағында
Ресей қатысқан грузин-осетин соғысын келтіруге болады. Дүниежүзілік
соғыстар əлемді, аумақтарды, өмірге қажет қорларды кезекті бөліске салумен
байланысты орын алады. Оларда көптеген құрбан болады жəне көптеген
мемлекеттердің қатысуымен бірнеше континентте орын алуы мүмкін.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында екі дүниежүзілік соғыс 1914-1918,
1939-1945 жж. болды. ХХ ғасыр соңында АҚШ пен оның НАТО тобындағы
жақтастарының Югославияны бөлшектегеніне, Ауғанстан мен Иракты жау-
лап алғандығына куə болдық. Əлем жақын болашақта АҚШ пен НАТО қаты-
суымен болатын жаңа соғыстарға куə болары сөзсіз.
Əдебиетте кей кездері «жаппай қырғын соғыс» термині қолданылады,
оның астарында көптеген құрбандыққа алып келетін қарулы күш қолданудың
шектен шығуы түсіндіріледі. Əрбір соғыс барлық кезеңде де жеңілген
мемлекеттің аумағын жаулап алумен қатар жүреді.
Жаулап алынған аумақта жаулап алушы саяси режим орнығады. Өзге
мемлекеттің аумағын немесе аумағының бір бөлігін жаулап алған мемлекет
онда əскери əкімшілік билік орнатады жəне т.б.
Айта кету керек, ғылыми техникалық прогресстің дамуымен соғыс
жүргізу құрал-жабдықтары шектен шыққан жəне қауіпті болып келе жатыр.
Əлем бойынша жинақталған қырып-жою қарулары ауқымды апаттарға,
адамзаттың жойылуына алып келуі мүмкін.
Соғысушы əрбір тарап үшін соғыстың дамуы мен нəтижесіне қарай
саяси салдар əртүрлі болуы мүмкін. Əскери қақтығыс кезінде əсіресе қақты-
ғыстың алғашқы сатысында билеуші саяси элитаның күшеюімен байланысты
əлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, алықтар) біріге бастайды. Бұл
үрдістер табысты əскери əрекеттерден соң күшейе түседі, ал биліктің заңды-
лығы жеңіске қол жеткізген соң аса берік сипатқа ие болады. Бұл кезеңде
жеңілген жақтың саяси элитасына қиыншылық кезеңі туады. Соғыс билеуші
топ құрған саяси институттарға соңғы үкімін шығарады. Соғыста жеңіліс
тапқан саяси күштер елді билеу қабылетінен айрылып саяси аренадан кетеді.
Кей кездері жеңілістен соң да билеуші элита билік басында қала береді,
бірақ, мұндай жағдай сирек кездеседі.
Көбінесе жеңіліс ұлттың дамуында жаңа кезеңнің бастауы болады жəне
жаңа саяси жүйенің орнығуына мүмкіндік тудырады. Соғыстың нəтижесі
қоғамның саяси жүйесінің толықтай өзгеруіне немесе мемлекеттің толықтай
жойылуына алып келген жағдайлар тарихта аз болған жоқ.
Соғыс əлеуметтік-саяси төңкерістің жасырын тетіктерінің қозғаушы-
сына айнала алады [6]. Кез-келген соғыс көптеген құрбандықтарды талап
етеді, ол қара халықтың мойнына ауыр жүк болып артылады, соның нəтиже-
сінде үкіметке көңілінің қалуына жəне үкімет пен қоғам арасында қақтығыс-
тардың орын алуына алып келеді. Мұндай жағдай 1917 жылы Ресейде орын
алды, төңкерістің орын алуына соғыс кампаниясы əсер етті, ол өз кезегінде
мемлекеттің кедейленуіне жəне патша билігінің өз заңдылығын жоюына
алып келді.
Соғыстар адамзат тарихына етене еніп кетті, сондықтан оны болашақта
жою мүмкін емес. Маркс соғыс қаупін болдырмау мүмкіндігін коммунистік
қоғамдық қатынастардың орнығуымен байланыстырады, оның ойынша сонда
ғана əлеуметтік саяси жанжалдардың алдын алуға болады. Егер Зиммельдің
жолымен жанжалды адамдарға тəн дұшпандық түйсіктің көрінісі деп
қарастырсақ жанжалдың бір түрі ретіндегі соғысты жоюға да мүмкіндік жоқ.
Адамзат өз-өзін жою қаупімен бетпе бет келген біздің уағымызда
көпшілік мұндай жағдайда соғыстың саяси əрекеттің ақылға қонымды нұс-
қасы бола алмайтындығын мойындайды. Осыған байланысты қазіргі саяси
үрдістерде күш қолданбай күресу идеясы кең таралуда. Бірақ, мұндай жақсы
идея өздігінен соғысты жою мəселесін шеше алмайды.
Сол себепті де көптеген философтардың, əлеуметтанушылар мен
саясаттанушылардың көтерген бағыттары бүгінгі күні əділетті немесе əділет-
сіз соғыстар, олардың арасындағы айырмашылықтар туралы мəселе күн
тəртібінен алынып тасталғанын алға тартуда. Бұл ғалымдардың пікірінше,
бүгінгі күні кез-келген жергілікті əскери қақтығыс бүкілəлемдік ядролық
апатқа алып келетіндіктен адамзатты аман алып қалу жолында ешқандай
əділетті немесе əділетсіз соғыс болмауы керек. Алайда соғыстар бұрынғыша
саяси өмірдің шындығы болып қала беруде, ал əрбір жанжалдасушы тарап өз
соғысын əділетті жəне прогрессивті деп санайды. Бірақ, бəрібір де адамзат-
тың əлеуметтік жəне адамгершілік прогрессі бір кездері қоғам өмірінен
соғысты аластатып Жер бетінде тұрақты жəне зорлықсыз бейбіт өмір
орнайды деп үміттенгіміз келеді.
Қазіргі заманғы саясаткерлердің бірі К.Райттың пайымдауынша,
жанжалды əскери жолмен шешу иллюзиялық болып табылады, себебі, күш-
пен ешқандай қайшылықты шешуге болмайды. Жанжал қатысушы тараптар-
дың барлығы үшін тиімді келісімге келу арқылы ғана шешіледі.