Лекция № Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар



бет8/9
Дата19.11.2022
өлшемі197 Kb.
#51259
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер және дағдарыстар

4. Саяси жанжалдарды шешу жолдары
Саяси жанжалдарды шешудің басты шарттары болып жанжалға
қатысушы саяси күштердің жəне өзге де жанжалдың аяқталуына мүдделі
үшінші күштердің мақсатқа бағытталған əрекеттері табылады. Мұнда
тəжірибе көрсеткендей саяси жанжалдарды шешу үрдісінде қолданылатын
айқын қисын, нақты тəсілдер болады.
Саяси жанжалдарды түрге бөлу жоғарыда атап өткеніміздей əрқилы,
жанжалдар өзгермелі, бір-біріне ұқсамайды. Осыған байланысты жанжал-
дарды шешудің біртекті нысандарын немесе оларды шешудің əмбебап
жолдарын көрсету мүмкін емес. Бірақ, мəселенің күрделілігіне қарамастан
қордаланған тəжірибелік немесе теориялық тəжірибеге негіздеп кейбір
қорытындылар жасауға болады.
Тəжірибелік қызмет тəжірибесі көрсеткендей жанжалдарды шешу үшін
үлкен күш жігер жұмсалуы қажет. Жанжалдың өздігінен шешілетіндігіне
үміт артуға болмайды. Əрине, жанжалдарды ескермеуге, елемеуге, артық
болса түсіндіруге болады. Бірақ, əрбір жанжал өз бетімен дамиды, шиелені-
седі, өзге жанжалдармен ұласады сөйтіп жалпы жүйені күйретуі мүмкін.
Жанжалдың ұтымды шешілуі тараптардың жəне өзге де қатысушылар-
дың мүмкіндіктеріне жəне олардың еркіне байланысты. Жанжалды
тоқтатудың басты əрекет етуші бастамасы сол жанжалдың басталуына себеп
болған объективтік себептерді жою болып табылады.
Жанжалды шешу – түпкі мəнінде тараптардың арасында туындаған
мəселе бойынша келісімге қол жеткізу [10]. Шындығында бұл пікірмен
көптеген авторлар келіседі, жалпы келісімге келудің үш түрі бар:
тараптардың көзқарастарының сəйкес келуі нəтижесіндегі келісім; сыртқы
күштердің заңи жəне моральдық еркіне сай келісімге келу; үсем тараптың
өзгелерді өз дегеніне көндіруі нəтижесіндегі келісім.
Бірінші жəне үшінші жағдайларда жанжал қатысушыларының өзара
белсенділігін көруге болады. Халықаралық жəне ішкі саяси тəжірибе көрсет-
кендей көпшілік жағдайда жанжалдың шешілуін күшті тараптың өз дегеніне
өзгелерді көндіруі деп қарастыруға болмайды. Өйткені шешімді өзгеге
телитін болса ол ұзаққа бармайды, жанжал қандай да бір нысанда қайта
жанданады. Мұнда КСРО құрамындағы аймақтардағы шекаралардың жасан-
дылығын айта кетуге болады. КСРО ыдыраған соң ұлттық қақтығыстардың
орын алуы күтпеген жерден аумақтық мəселелердің орын алғандығын
көрсетті.
Сондықтан, күшке сүйенген, соның ішінде əскери жолмен жанжалдың
шешілуі көбінесе иллюзиялық сипатта болады. Соғыста жеңіліс табу
реванштық жəне жоғалтқан мүдделерді қайтаруға бағытталған көңіл-күйдің
қалыптасуына алып келеді. 1905 жылғы орыс-жапон соғысында Ресей жеңі-
ліс тапты. Бірақ, 1945 жылы КСРО реванш алды. Бұл өз кезегінде көптеген
жылдар бойы Куриль аралдары мəселесін талқылап келе жатқан жапондық
тараптың наразылығын тудырды.
Қазіргі кезде екі мемлекет арасындағы жанжалдарға тоқтау қойылған
сияқты. Бірақ, соңғы нүкте əлі қойылған жоқ. Өзге де соғыстар нəтижесінде
туындайтын аумаққа қатысты мəселелер де белең алуда.
Халықаралық жанжалдарды шешу күрделі екендігін айта кету жөн
болар. Соңғылары бақталастық пен күш қолдану бүгінгі күні басты жəне
шешуші рольге ие болатын шиеленіскен халықаралық қатынастарды білді-
реді. Бұл жерде көбінесе нəсілдік, діни, таптық жəне топтық, ұлттық, аумақ-
тық мүдделер тоғысады. Күреске əртүрлі үкіметтік жəне жеке ұйымдар,
қоғамдық қозғалыстар тартылады.
Соңғы онжылдықтарда халықаралық жанжалды түсінуде үлкен өзгеріс-
тер орын алды. Орын алған келіспеушіліктерді барлық кезде де өзара тиімді
жəне барлығына ортақ, бейбітшіл таңдау жасау тəсілдерімен шешуге бола-
тындығы жөніндегі идея туындап, кең таралды.
Дегенмен, бұл артықтау айтылған пікір, себебі, əлемдік тəжірибе өзге
жағдайдың орын алып отырғандығын көрсетіп отыр. Əйтсе де, идеяның өзі
мəселені бейбіт жолмен шешуді көздейтіндіктен конструктивті жəне
конфликтология ғылымын дамыту үшін де, тəжірибелік мақсаттар үшін де
пайдалы.
Бейбіт жолмен шешу тəсілін таңдауда қайшылықтарды ашық түрде
айшықтау қажет; жабық түрдегілеріне қарағанда оларды басқару жеңіл.
Оның үстіне қарсыласыңды немесе жанжал қатысушысын жойылуы тиіс жау
емес, серіктес ретінде қарастыру қажет. Сонда ғана тараптар қарсыласушы
тараптардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде ғана қауіпсіздік ортақ
болатындығын түсіне бастайды.
Мұндай ұстаным ұзаққа созылған араб-израиль жанжалында белгілі бір
мөлшерде басшылыққа алынды. Соңғы жылдардағы американдық-ресейлік
қарым-қатынаста да жаңа қарым-қатынас элементтері орын алғандығы
байқалады. Мұндай қорытындыны əлі де болса иррационалдық жағдайлар
орын алып отырған армян-азербайжан, грузин-абхаз, сонымен қатар бұрынғы
Югославия аумағындағы жанжалдарға қатысты жасауға болмайды.
Халықаралық қатынастарды шешудегі жаңашылдық екі жолды бөліп
қарастырудан көрініс табады. Дəстүрлі жол жанжалдың негізінде жатқан
қайшылықтарды шешуді көздейді. Ол əлемде орын алып жатқан өзгерістер
толық көрініс табатын əлеуметтік теориялармен келіседі. Екінші жол соңғы
жылдары қалыптасты. Ол бейбітшілік орнатуға, қарулы қақтығыстарды
болдырмауға бағытталған «бейбітшілік жасау» идеясына негізделген.
Мүмкін қарулы қақтығыстардың алдын алуға бағытталған бейбітшілік жасау
жолдары жанжалдарды болдыр-мау жолдарының институционалдық
дамуына жəне біріктіруші бастауларды іздестіруге бағытталған. Мұндай
тəсіл мемлекеттер мен халықтар арасын-дағы болашақтағы қарым-қатынас
түрлері үшін жемісті болмақ. Бұл тəсіл толығымен болмаса да іске асырылды
(Сербия мен Хорватия, Грузия мен Оңтүстік Осетия, Кипрдегі түрік жəне
грек қауымдастықтарының жəне т.б. шекараларына əскер енгізу) жəне
салыстырмалы болса да өз тиімділігін көр-сете алды. Ал біріктіруші
бастауларды жасауға келер болсақ, мұндағы басты мəселе тараптардың осы
бастауларға байланысты келісімге келуі болып отыр.
Жанжалды жағдайға дер кезінде əсер ету дағдарыстың алдын алуға
жəрдемдеседі. Мысалы, 70-80 жылдары жекелеген республикалар арасында
туындаған дауларды (Армения-Əзірбайжан, КСРО – Балтық жағалауы
елдері) əртүрлі жолдар мен тəсілдер арқылы уақытында шешуге болар еді.
Билеуші топтың қолында «алдын алушы қақпақтар», ерте кезінде жанжалды
анықтауға жағдай тудыру, сонымен қатар, еңбек дауларына қатысты,
азаматтық туралы заңдар қабылдау жəне т.б. тəсілдер болғанымен пайдала-
нылған жоқ. Басталып жатқан жанжалдарды жалған ақпараттар, демагогия,
өсек-аяң, ұлтшылдықты қолдайтын көңіл-күй шарықтау шегіне жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет