Саясимодернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды әдістемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.
Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.