Лекция № Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар


Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт



бет3/9
Дата19.11.2022
өлшемі197 Kb.
#51259
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер және дағдарыстар

Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет. Модернизацияның мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:
- модернизация жєне оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер жєне басқару принциптері қандай болу керек?
- модернизация процесі барысында теориялық мєнге мемлекеттіњ қатысу дењгейініњ сєйкестігі қаншалықты жєне либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру дењгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр?
Формациялық, өркениетті жєне жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мєселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тєжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады.
Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дєстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясыныњ бастысы болып табылады.
Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму зањдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер жєне єлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар жєне мєдени құрылымдар мен оныњ функцияларыныњ қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сєйкестігін тану.
Екіншіден, өтпелі қоғам – ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам:
- жоғары деңгейдегі индустриализация;
- жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияныњ органиқалық емес көзгерін кењінен қолдануда тұрақты экономикалық даму;
- қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану;
- халықтың жоғары жєне сапалы тұрғыды өмір сүру дењгейін арттыру;
- өндіріс, ғылым жєне тұтынушы салаларымен байланысты аймақтыњ жоғары мобилді кєсіби – салалық құрылымдарын барынша өркендету;
- әлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көњіл бөлу жєне т.б.
үшіншіден, модернизация – бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сєйкес өзгерістердіњ қажеттігін жєне психологиялық бағыттағы түрленудіњ кешенді процесі.
Төртіншіден, демократиялық модернизацияныњ феномені – жањару механизмінін игеру жєне саяси қызмет технологиясыныњ өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама жєне жобасы болып табылады.
Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын. Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Өзгеру емес, жетілу Жоғарыда айтқанымыздай, саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Алайда, толыққанды саяси даму басыбүтін көппартиялыққа да, Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін жасанды шектеуге де тіреліп тұрған жоқ. Қоғамның өзін-өзі реттейтін төменгі инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ. Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық кешені жүйесін толықтай реформалау қажет. Өз үйінің, ауласының дамып, гүлденуіне ықпал ете алмайтын сайлаушы мемлекетке не береді? Одан мемлекет не күтеді? Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де. Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес. Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз. Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады. Оң өзгерістер мемлекеттік ағзаның тұрақтылығы мен тиімділігіне кепіл болып отыр. Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөле-жара атауға болады:
1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика);
2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі (Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді);
3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс (заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес).
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек. Өйткені, жоғарыда айтқандай, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандардың сан түрлі пікір-долбарлары кереғар, қайшылықты. Олардың жаңа саяси модернизациясы мемлекеттік құрылымды өзгертуге алып келуі де мүмкін ғой...Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет