Лекция № Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар


Саяси жанжалдардың түрлері жəне қызметтері



бет7/9
Дата19.11.2022
өлшемі197 Kb.
#51259
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер және дағдарыстар

3. Саяси жанжалдардың түрлері жəне қызметтері
Қазіргі саясаттануда саяси жанжалдарды топтастырудың көптеген
жолдары бар. Америкалық саясаткер А.Рапорпорт 1960 жылы саяси жанжал-
дарды «жағаласу», «шайқас», «ойындар», «пікірталас», «дау» деп бөліп
қарастыруды ұсынған болатын.
«Жағаласу» сияқты жанжалдарда қатысушы əрбір тарап басқа тарапты
жоюға, бағындыруға, оқшаулауға тиісті жау ретінде қабылдайды. Сондай-ақ
олар бұл мақсатқа қалай болмасын қол жеткізуге тырысады. Жанжал
қатысушылары тек бір ережені басшылыққа алады - өзінің қарсыласына
барынша көп зиян келтіру. Көбінесе осы қағида өте үлкен күшке ие болады,
жанжалдың қатысушысы қарсыласына зиян келтіру үшін өзі де зиян шегуден
бас тартпайды. Бұл қатысушыларына тек қана жеңіс қажет жанжал.
«Карфаген жойылуы қажет», - деп римдіктер қашан қарсыластардың
астанасын жермен жексен еткенше əйгілі Катон қайталай берген екен.
Мұндай жанжалдың моделі жəне оны шешу жолдары тек жанжалды
күш қолданып, мəжбүрлеу жолымен шешетін авторитарлық жəне тоталитар-
лық мемлекеттерге тəн. Демократиялық қоғамдарда жанжалдың бір белгісі
болып табылатын митингтер, демонстрация жəне сол сияқты акцияларға
келсек, ҚазКСР, КСРО аумағында орын алған олар апологетикалық сипатта
болды жəне тек биліктің рұхсатымен өткізіліп отырды.
«Ойындар» - бұл қатысушылары жанжалдасуды шектей отырып жаса-
латын ережелерді басшылыққа алып бір-бірімен үйлеспейтін мақсаттарға қол
жеткізу үшін күресетін жанжалдар. Мұндай типтегі жанжалдарда бақталас-
тар өзіне тиімді жолды таңдайды өздерінің кірістері мен шығындарын
есептеп əрбір қадамына есеп береді. Жеңіске талпына отырып олар «ойын»
аяқталған соң да, тіпті «ойын» барысында да жанжал қатысушысын тиімді
ойлай білетін əріптес ретінде танып, онымен қызметтесу мүмкіндігін жоққа
шығармайды. Мұндай жанжал қатысушылары барлық қатысушылар тарапы-
нан мойындалған нормалар мен ережелерді, сонымен қатар, осы ережелердің
рəсімделіп, бекітілуін басшылыққа алады. Мұндай жанжалдың мысалы
болып сайлау науқанындағы əртүрлі партиялардың бəсекелестігі таныла
алады. Бұл жерде нормалар жүйесі болып саяси үрдіс қатысушыларының
барлығымен мойындалған конституция, сайлау заңдары, əдет-ғұрыптар таны-
лады. Мажоритарлық жүйеде екі тур бойы партиялар одақтасып келісімге
келуі мүмкін, кейіннен парламент құрамында олар партиялық фракциялар
құрады, қызметтеседі.
«Пікірталас», «дау» сияқты жанжалдар үшін жанжалдасушы тараптар-
дың əрқайсысы өз қарсыласын оның айтқандарын жоққа шығарып, өз
дегеніне көндіріп, сендіру қажет қателесуші, адасушы тарап ретінде қабыл-
дайды. Бұл жанжалдасушының өзге тараптың ұстанымындағы өзгерістер
əсерімен өз ұстанымдары мен көзқарастарын өзгерте немесе түзете алуын,
жұмсақтықты талап ететін тиімділігі жоғары əрекеттесу түрі. Бұл типтегі
жанжалдарда тараптар өзара келісім арқылы пікір қайшылығын жойып,
дұрыс келісімге келуді көздеп қарым-қатынас тəртібін өзгертіп, жаңасын
қалыптастыра алады.
Жанжалдың соңғы екі түрі жанжалдарда мемлекет күш қолданушы
емес арадағы бітімгер ролін атқаратын, мемлекеттің дауларды шешу үшін
арнайы тетіктері болатын демократиялық қоғамды сипаттайды.
Саяси жанжалдарды топтастырудың талабы ретінде олардың таралу
аясын алуға болады. Осыған орай ішкі саяси (ұлттық, мемлекет ішілік)
сыртқы саяси (мемлекет аралық, халықаралық) дауларды бөліп көрсетуге
болады. Алғашқысына бір мемлекет аумағында орын алатын жанжалдарды
жатқызамыз. Олардың ішінде қандай да бір мемлекеттік лауазым мен орын-
таққа (ол орын сайланбалы ма жоқ па бəрібір) үміткерлер арасындағы
күреске байланысты даулар көптеп кездеседі. Бұған саяси партиялардың
бəсекелестік бойынша дауласуын немесе партия қайраткерлерінің партия-
дағы басшылыққа таласын, бір мемлекеттегі əртүрлі қоғамдық ұйымдардың
əртүрлі саяси талаптар бойынша бір-бірімен қақтығысуын жатқызуға болады.
Осыған байланысты саяси жанжалдардың қызмет етуші билік ішінде де орын
алатындығын айта кету қажет. Бір жағынан билік етуші элитаның ішіндегі
əрбір топтың өзіндік мүддесі бар жəне жағдайды өздігінше бағдарлайды жəне
оны билік етуші тапқа теліп, қабылданатын шешімнің негізі болуын қалайды.
Екінші жағынан, ішкі саяси жанжал биліктік өкілеттіктерді бөлісу мен
сəйкес шешім қабылдау үшін іштен топқа бөлініп күресумен тікелей байла-
нысты болады.
Ішкі саяси жанжалдар өз кезегінде позициялық (көлденең) жəне
оппозициялық (тігінен) болып бөлінеді. Позициялық жанжалда оның қатысу-
шылары бір иерархиялық деңгейде, ал оппозициялық жанжалда əртүрлі
деңгейде болады. Алғашқысына мысал ретінде 1992-1993 жылдардағы Ресей
Федерациясындағы заң шығару жəне атқару билік тармақтары арасындағы
текетіресті келтіруге болады. Ресейдегі федералдық орталық пен кейбір
федерация субъектілері арасындағы жанжалдар екіншісінің мысалы бола
алады.
Сыртқы саяси жанжалдарға ұлттық-мемлекеттік шекара сыртында
орын алатын жанжалдар жатады. Оларға мемлекеттердің аумаққа қатысты
даулары, əсер ету аясын бөлісуге байланысты даулар, қол қойылған келісім-
шарттарды дербес түсіну, əскери-саяси топтар, мемлекеттер одақтары
арасындағы даулар жəне т.б. жатады.
Сыртқы саяси даулар келесідей бөлінеді: 1) бір мемлекет екінші мемле-
кеттің өз талаптарын орындауын талап ететін дағдарыс жағдайы – «соғыс
алдындағы реттеу». Бұған мысал ретінде 1962 жылғы Кариб дағдарысын
келтіруге болады; 2) қарсыласына орындалуы мүмкін емес талаптар қойып
немесе оған қарсы соғыс ашу үшін арандатушылық ұйымдастырумен байла-
нысты дағдарыс – «дұшпандық ниетті ақтау». Кезінде Гитлер Польшаға
қарсы соғысты ақтап алу мақсатында Гляйвиц радиостанциясына қарсы
шабуылды ұйымдастырған болатын. 3) əртүрлі көлемдегі жəне дəрежедегі
соғыстар.
Халықаралық болсын ішкі саяси жанжал болсын онда қару қолданылуы
да қолданылмауы да мүмкін. Саяси жанжалдар қатысушылар санына қарай
екі жақты немесе көпжақты болуы мүмкін. Сыртқы ма жоқ əлде ішкі саяси
жанжал ма даулы мəселені талқылау барысында дауыс саны міндетті түрде
есепке алынады. Мысалы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүше
мемлекеттерінің арасында осы ұйымның жарғысындағы негізгі қағидаларға
байланысты дау туындауы мүмкін, сондай-ақ үкіметке мүше болу жолында
əртүрлі саяси ұйымдар арасында да дау туындауы мүмкін [7].
Жанжалдарды топтастыру үшін олардың жүзеге асырылу нысандары,
ұзақтығы, туындау себептері жəне т.б. негізге алынуы мүмкін.
Уақытына қарай тараптар арасындағы саяси жанжалдарды аз уақытқа
созылатын (қандай да бір министрді отставкаға кетіру бойынша жанжал)
жəне ұзақ уақытқа созылатын (Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен
протестанттар арасындағы, Израиль мен араб мемлекеттері арасындағы
даулар) жанжалдар деп бөліп қарастыруға болады.
Жүзеге асырылу нысанына қарай жанжалдар ашық жəне жабық болып
бөлінеді. Ашық жанжалдардың өзіндік институционалдық нысаны мен
құқықтық базасы бар болады. Олар бас көтерулер, митингтер, шерулер,
манифестациялар түрінде көрініс табады. Бұл парламент отырысында
дауысқа салу барысында ашық түрде шығып кету немесе өз қарсыласына
қатысты жария түрде жағымсыз пікір білдіру ретінде де жүзеге асырылуы
мүмкін.
Жабық (латенттік) жанжал жария сипатта болмайды, оның тараптары
сыртқа ақпараттың шығып кетпеуіне ұмтылады, оны бүркемелейді. Мысалы,
партия ішіндегі жанжалдар басшы органдардың жабық отырыстарында
шешіледі.
Сонымен қатар, саяси жанжалдарды құндылықтарға байланысты (Ұлы
Француз төңкерісі, Қазан төңкерісі) жəне мүдделерге байланысты (билік
органдарының өздеріне пайдалы шешім қабылдауы үшін лоббистік топтар
арасындағы бақталастық жəне т.б.) деп бөлуге болады.
Гарвард университетінің профессоры У.Юри саяси жанжалдарды
олардағы күш көрсету деңгейіне байланысты топтастырады: 1) зəбірлеуші,
яғни ашық күш қолданушылық; 2) зəбірлеуші, бірақ басқарылатын, биліктің
бақылауына, қозғалысқа ендіруіне жəне реттеуіне көнетін; 3) насырға
шабатын зəбір көрсетушілік, яғни кез-келген уақытта кез-келген себеппен аяқ
астынан басталып кетуі мүмкін; 4) ықтимал зəбірлеуші, яғни сырттай
қарағанда тыныш өтетін, бірақ, күш көрсетушілік мазмұнға ие; 5) зəбір
көрсетпейтін, тіпті зорлық көрсетуге əлеуеті жоқ жанжалдар.
Жанжалдың əрбір түрінің өзінің сипаттамасы, қайшылықтарының
өткірлігі мен тереңдік сипаты болады, саяси жүйенің өзінде немесе жекеле-
ген бөліктерінде жəне биліктік қатынастардың жүйесінде əртүрлі роль
ойнайды.
Саяси жанжалдардың қызметін жағымды жəне жағымсыз деп бөлеміз.
Жағымды қызметке келесілер жатқызылады: кей кездері жанжал қордаланып
қалған өкпе-ренішті өзге бағытқа бұрушы ролін атқарғанда қарсыласушы
тараптар арасындағы қысымды азайту; саяси қажет теңгерушілікті қалып-
тастырады, саяси жүйенің, қоғамдық нормалардың жəне бұрынғы құндылық-
тардың өзгеруіне жəне қайта бағамдалуына негіз болады; топ ішіндегі
тұлғаларды одан сайын жақындастырады, олар өздерінің жəне қарсылас-
тарының мүдделерін толық түсінеді.
Саяси жанжалдың жағымсыз қызметтеріне келесілерді жатқызамыз:
саяси жүйенің немесе қоғамның тұтастай интеграциялануына ықтимал қауіп
төнеді; биліктік қатынастардың қажетті өзгеріске енуіне жағымсыз əсер ету
мүмкіндігі; тұрақтылығы берік емес саяси топтар мен ұйымдарда, институт-
тарда бүліншілік болу мүмкіндігі.
Осыған байланысты саяси жанжалды басқарудың басты мақсаты оның
кең етек жаюына жол бермей одан келетін зардап мөлшерін мейлінше азайту
екендігін айта кету жөн болар.
Саяси зерттеулерде барлық қоғам үшін қоғам дамуының барысын
жеделдету қызметінің маңызы атап көрсетіледі. Саяси жанжалдардың қоғам-
ға əсеріне ең алдымен марксистер тоқталған болатын. Ф.Энгельс өзінің
кезекті бір жұмысында былай деп жазады: «Кəрі жəне күрделі əлеуметтік
ағзалардағы таптық тайталастың тез əрі қарқынды дамуы қоғамдық жəне
саяси прогресстің күшті қозғаушысы төңкерісті жасайды; дəл осындай жаңа
партиялардың пайда болып тез дамуы ұлтты күштеп сілкініс жасау кезеңінде
айналасы бес жылдың ішінде ғасыр бойы жасай алмайтын жолды жүріп
өтуге мəжбүрлейді» [8]. Айтары бар ма, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен
ХХ ғасырдың бастапқы кезеңі үшін марксистердің айтқаны дұрыс болды.
Сондай-ақ жүз елу жылдан кейін қоғам өзгеріп төңкерістің (саяси, күш
қолданумен байланысты) бұрынғыдай ролінің болмауы да мүмкін.
Л.Козер жанжалдың қызметтерін əлеуметтік тұтастыққа жəне оның
бөліктеріне қатысты бөліп қарастырады. Сонымен қатар ол жанжал
қызметтерін өзгеріп отыратын жанжалдың шиеленісіне, ұзақтығына, жиілігі
мен əлеуметтік құрылымның жұмсақтығы мен қатаңдығына
байланыстырады. Мысалы, оның ойынша, жанжал шиеленісе түскен сайын
əрбір топтың барлық сегменттеріне əсер етеді, топтардың мүшелерінің
құрылымдық жəне идеологиялық ниеттестілігін арттыра түседі. Жанжал-
дасушы тараптар арасындағы дау алғаш рет орын алып тұрса жанжал да
шиеленісті болады, соның əсерінен əрбір топтың ішіндегі ішкі қайшылықтар
жойылып оның мүшелері ортақ нормалар мен құндылықтарға бағына
бастайды.
Топ аралық жанжал арқылы конформизм күшіне енетін болса онда əр
топ ішіндегі дұшпандық күшейіп ақыр соңында бұл топ ішілік жанжалға
əкеліп соғады [9].
Л.Козердің осынау тезистерінен автор ең алдымен интеграциялық
үрдістерге мəн берген, бірақ сонымен бірге топ аралық жанжалдың салдары
ретіндегі дезинтеграция туралы ережені де нақты қалыптастыра алды деген
қорытынды жасауға болады. Л.Козер көрсеткен бағыттар əмбебап сипатқа ие
жəне олар саясатта да көрініс табуы мүмкін. Мемлекеттік билік ішкі
жанжалды шешу үшін сыртқы қауіп факторын пайдаланады, аса қажет
жағдайларда ол отан қорғау ұранымен соғысты ұйымдастырады соның
көмегімен ұлттық бірлікке қол жеткізеді.
Екінші жағынан алып қарағанда, жанжалдар барлық кезде де қоғамның
интеграциясын күшейте алмайды, керісінше, оған қауіп төндіреді. Сыртқы
жəне ішкі жанжалдар белгілі бір кезеңде КСРО сияқты мықты мемлекеттің
құлауына алып келді. Қоғамдағы жанжалдың нəтижесі мемлекеттегі саяси
билікке қарсылық күшейе түсетін девианттық жүріс-тұрыстан көрініс табуы
мүмкін.
Қоғамдағы жəне жекелеген саяси ұйымдағы жанжалдар саяси өмірдің
қозғаушысы ролін атқарады. Жанжал қақтығысушы мүдделердің мəнін,
тараптардың өз мақсаттарына жету үшін не істей алатындығын, сол мақсатқа
жету жолында қандай құрбандықтарға бара алатындықтарын айқындайды.
Жанжалдар əлеуметтік теңесудің бұзылуын, шешілуге тиіс мəселе
бойынша саяси күштердің бөлінісін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда
жанжалдың тиімді шешілуі қоғамдық жəне саяси тұрақтылықтың қалпына
келуіне септігін тигізеді. Саясат құқықтық нормаларда бекітілетіндіктен
жанжалды шешу көбінесе жаңа ережелерді, қағидаларды орнатумен байла-
нысты болады. Былайша айтқанда, жанжалдар қоғам дамуының бір нысаны
болып табылатын құндылықтық-нормативтік құрылымның өзгеруіне алып
келеді.
Осыған байланысты жанжалдардың саяси жүйені немесе оның жеке-
леген бөлшектерін заңдастырудағы ролін атап өтпеуге болмайды. Кеңестік
қоғамда ереуілдерге мемлекетке қарсылық ретінде жол берілмеді, кез-келген
ереуіл күшпен жанышталып отырды. Бірақ, қайта құрумен, еңбеккерлердің
жалпылама ереуілдерімен, нормативтік-құндылықтық құрылымның өзгеруі-
мен, бұрынғыдай емес саясаттағы артықшылықтардың өзгеруімен байланыс-
ты ереуіл институты заңды сипатқа ие болды.
Саяси жанжал барысында қоғамда оның жандануына немесе орын
алмауына; орын алса ушығуына немесе əлсіреуіне; болмаса оны сол күйінде
ұстап қалуға немесе толығымен шешуге мүдделі күштер болады.
Қалай болғанда да саясат субъектісінің алдында ол шешуі тиіс үш
мəселе тұрады. Біріншіден, басталуы, шиеленісуі, сақталуы əлеуметтік
жағынан баға жетпес сипатқа енуі мүмкін жанжалдар. Екіншіден, кез-келген
тарап жанжалдың болжанбаған өріс алуына жол бермеу үшін оны бақылауы
тиіс. Сəйкесінше, əрбір тарап жанжалдың ашық сипатқа ие болуына мүдделі
болады. Үшіншіден, жанжалдың тараптары өмірдің өзге салаларын да
қамтып қосымша шығындарға алып келетін жанжалдың детонациясын
болдырмауға талпынуы тиіс.
Қалай болмасын жанжал туындаған даулы мəселені басқарудың
қажеттілігімен бірге жүреді.
Жанжалды басқару – бұл жанжалды қолдау, шешу немесе оған қандай
да бір əсер етуден тұратын мақсаттарға жетуге бағытталған қызмет түрі.
Осылайша, жанжалдың толық аяқталуы қарсыласушы тараптардың
біріге отырып даудың мазмұнын талдауы нəтижесінде қол жеткізілетін
шешімге байланысты, тараптардың тұрақты түрдегі теңдігі жанжалды
туындатқан жағдайларды жойып, тараптардың барлығын қанағаттандыратын
жаңа қатынастарды орнату арқылы туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет