Лекция № Тақырыбы: Мәдениет морфологиясы Мәдениет -күрделі қоғамдық рухани құбылыс. Мәдени ұғымдарға түсініктеме


Христиандық сана - ортағасырлық, ділдің (менталитеттің) негізі



бет14/24
Дата17.02.2023
өлшемі224 Kb.
#68685
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Христиандық сана - ортағасырлық, ділдің (менталитеттің) негізі. Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқа руында. Христиандық ілімнің негізі – Иссус Христостың тірілгеніне, о дүниеде гілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне сену болып саналды. Батыс Еуропада қалалардың көп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храм дық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Ғылым. XI - XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Болон университеті ашылды. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209 ж.) – ортағасырлық білім ордаларына айналды. Фрациядағы алғашқы және ең ірі оқу орны –– Париж университеті (1160 ж.). Ортағасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі - әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. «Старшая Эдда» эпосы –– баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі –– Робин Гуд жайындағы балладалар. Францияда қала мәдениеті XI - XII ғ. туындады. Қаланың халық көп жиналатын аландарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдары XIII ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіндіктер алды.
11. Тақырып. Ислам әлемінің мәдениеті.
1. Шығыстағы Араб елі – ислам мәдениетінің бастауы.
2.Үнді жеріндегі Ұлы Моғолдар мәденитінің көркем мұралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет