Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Лекция№14 ҚР қоғамдық-саяси даму және рухани даму



бет46/47
Дата27.02.2023
өлшемі460,42 Kb.
#70402
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Лекция№14
ҚР қоғамдық-саяси даму және рухани даму
1.Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
2.Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы.
3.«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
4.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту.
5. «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
1. 1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді. Өтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын. Бұрыннан бағынып келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың аяқ астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық тоқтатылуымен, төлемсіздік дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мәскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де тоқырап, тәуелсіз елді көтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады. Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік субвенциясы 50 пайызға дейін жететін. Бұның өзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үшін аса қатерлі ғана емес, экономикалық тәуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері көрсеткіш болғаны даусыз. Тәуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994 жылы ол 1158 пайызға жетті. Сондықтан да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сөйтіп, Қазақ еліне заң жүзінде жарияланып, әлемге мойындатылған тәуелсіздігін іс жүзінде дәлелдеудің, қайта кіріптарлықтан құтылу үшін экономикасын қорғаштап көтерудің сынағы келді. Бұл дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық мемлекеттіліктің белгілерін бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тәуекелі берік тағдыршешті мәселелерде табандылықты талап еткені белгілі.
Сонымен қатар сол кездері тәуелсіздік алған мемлекеттердің ішіндегі ең күрделі жағдай Қазақстанның басында болғаны да анық еді. Әлемдегі ең ұзын шекараның ұзақтығы өз алдына, жас мемлекеттің қаржылық жүйесін алпайыт көршіден бұрып алып өз алдына тәуелсіз бағытқа түсіру де үлкен күшті талап еткені түсінікті. Өйткені, егемендіктің алғашқы жылдары көзге көрінбесе де әртүрлі экономикалық қысымдар болып тұрғаны анық. Басқасын айтпағанда, қазақтың мемлекеттілігіне қарсы «рубльдің шеңберінде қалыңыздар, әйтпесе ел болуларың қиын» деген кері пікірлер де сырттан айтылып жатты. Осы шеңбердің ықпалында ұстап тұру үшін нешетүрлі қитұрқы амалдарды бастан өткеруге тура келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында былай дейді: «Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық. 1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ кейіннен бюджеттер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Біз рубльді қарызға (несиеге деп те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 миллиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар өткеннен кейін барып, «Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде ғана осы қарызды жаптық».
Кейіннен тәуелсіздіктің тірегіне айналған төл Теңгенің айналымға енуі елдің егемендігін біржолата нығыздай түскен еді. Қазақстан осылайша тәуелсіздіктің алғашқы 5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті қалыптастыру, ішкі және сыртқы сая­саттың жаңа жүйесін құру, экономи­каны жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мем­ле­кетті, либералды экономиканы қалып­тас­тыру үшін тынымсыз жұмыстарды бастан өткерді. Соның арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ дағдарыстың жағымсыз салдарынан қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті.
2. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдараламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.
Бірінші. Реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-айласы да толық анықталмады.
Екінші. Барлық елге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қордың ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсіп, Ресейдің соңынан ерді. Ол Ресейден бөлек дербес экономикалық саясат жүргізу қиын деген желеумен жасалды.
Үшінші. Экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанға қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру өкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты.
Төртінші. Қабылданған зандар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жұзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Реформаны жүзеге асыру үшiн оған қажет механизмдердi жасау керек едi.
Бесінші. Инфляцияны (құнсыздандыруды) ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресрустарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары пайызбен сатып, пайда табумен әуестенді.
Алтыншы. Қылмыс, жемқорлық, занды бұзушылық көбейгені соншалық, ол қоғамның қатерлі ісік сияқты ең қауіпті ауруына айналды. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жасауда, қоғамды дұрыс дамытуда өздерінің кеселдерін тигізді.
Жетінші. Мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан бір-ақ жылда шығару саясаты жүргізілді. Бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Нарықтандырудың барысын, оның неден басталғанын, қалай басталғанын халық жете түсінбеді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті, оны көтеру мүмкін болмай қалды.
3. Жаһандық экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер, санкциялық текетірестер, сондай-ақ, энергия ресурстарына әлемдік бағаның төмендеуі әлемдік үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің елімізге әсер етпеуі мүмкін емес.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай, ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр.
«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.
Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-саттық жанданады.
Тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының, сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің арқасында миллиондаған қазақстандық баспанаға қол жеткізуге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді.
Сондай-ақ ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта көрсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің төте жолы ретінде бағаланып отыр.
Қоғамымыздағы түрлі мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүм­кін­діктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл орайда басты міндеттер ек­шеліп, сарапталып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек.
Қазіргі таңда халқымыздың мүд­десі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз дең­гейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кәсіби аппа­рат құру, есеп беретін мемлекетті қалып­тастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын мін­деттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәти­жесінен көруге болады.
Аталған бағдарламалық құжатта белгіленген міндеттерді іске асырудың практикалық кезеңі басталған 2016 жылдың 1 қаңтарынан бергі аралықта Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік ап­парат құру» атты бірінші бөліміндегі 15 қадамның басым бөлігі орындалды. Нәтижесінде мемлекеттік аппараттың кәсі­билігі қамтамасыз етіліп, кейбір кер­тартпа іс-әрекеттердің жолы кесіл­ді. Соңғы деректерге қарағанда, мем­лекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін қайта қарастыру, жаңғырту, дәлірегі, ман­саптық модельге көшу жүзеге асы­рылған.
Осыған дейін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар кез келген бос жұмыс орнына, оның ішінде басшылық қызметке үміткер бола алатын еді. Ал енді мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған және жұмыс тәжірибесі жоқ тұлғалар өзінің қызметтік мансабын тек төменгі лауазымдардан ғана бастайтын болды. Сондай-ақ төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеуде және одан әрі лауазымдық өсуде тұлғаның іскерлік қасиеттері бірінші кезекте ескерілетіні айқындалды. Бұлардан бөлек, конкурс өткізу ережесіне сәйкес, конкурстық ко­миссия үміткерлермен сұхбаттасу бары­сында жеке қасиеттерді бағалау нәти­желерін ескереді.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру, үш сатылы ірік­теу жүйесін енгізу мәселелеріне қатыс­ты да қадамдар өз деңгейінде орын­далды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету» атты бөлігінде қамтылған 19 қадам бо­йынша атқарылған шаралардың нәтижесі де жаман емес. Мәселен, басқасын былай қойғанда, сот саласына қатысты 10 қадамның барлығы түгел жүзеге асырылды. Тарқата айтар болсақ, сот жүйесі инстанцияларын оӊтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, судья лауазымына іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, судьялардыӊ есеп беру тәртібін күшейту, судьялардыӊ жаӊа этикалық кодексін қолданысқа енгізу, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру жұмыстары және басқа да жағдаяттар бүгінде халықтың көңілінен шығып отыр.
Ұлт жоспарындағы 32-қадамда «Қыл­мыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде интернет-портал құру қарастырылғаны белгілі. Қазіргі таңда бұл карта жасалып, оған еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар қысқа мерзім ішінде тіркелуде. Сөйтіп ол ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік беруде. Яғни қазақстандық азамат картаға өз мекенжайын енгізу арқылы сол радиуста тіркелген қылмыстар жө­нін­де мағлұматтар ала алады. Деректер сұра­ныс берушінің электронды поштасына жі­беріледі. Осылайша, еліміздегі сот төре­лігі мен құқық қорғау саласындағы тәр­тіп жүйесі ашықтық және кәсібилік тұр­ғы­сында жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
Құжаттағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бөлімінде қарастырылған қадамдар бойынша атқарылған шаралар жөнінде айтар болсақ, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, экспорттық және импорттық кеден ресімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, мүлікті және қаржыны заӊдастыру ресімдерін оӊайлату, қолданыстағы заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өӊдеудіӊ орталық желісін құру сынды мәселелердің шешімін табуы көңіл қуантады. 
Осы арада қолданыстағы салық режімін заман сұранысына сай оӊтайландыру, өӊірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру, өӊдеу өнеркәсібіне еӊ кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту, ет өндірісін, сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту секілді бағыттардың басым бөлігі жүзеге асырылғанын айта кетуіміз керек.
Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкестендірілді. Сондай-ақ соңғы деректерге сүйене сөйлесек, еліміздің экспорттық тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған жобаларды түзу жұмыстары қызу қолға алынып отыр. Бүгінде өндіріс бо­йынша трансұлттық компаниялардың қатысуымен 4 жоба таңдап алынды. Бұл жобалар ет, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, өсімдік шаруашылығы саласында іске асырылуда.
«100 нақты қадамның» «Біртектілік пен бірлік» атты 4-бөлімінде көрсетілген қадамдардан туындайтын мақсаттарды орындау да қоғамымыз үшін аса қажет екені белгілі. Бұл орайда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі бекітіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы әзірленгенін, еліміздің барлық өңірлерінде 30-дан астам Достық үйі ашылғанын ерекше атап көрсеткіміз келеді. Сондай-ақ Ұлт жоспарының 87-қадамы шеңберінде «Менің елім» азаматтық бірегейлікті нығайту жалпыұлттық жобасының және 89-қадамдағы «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасының нәтижелері өзінің жоғары деңгейін көрсете білді.
Ал Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімінде қамтылған, соның ішінде, әсіресе, мемлекеттік жоспарлаудыӊ ықшам жүйесін құру, аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудыӊ жаӊа жүйесін енгізу, «Ашық үкіметті» енгізу, ақпаратқа қолжетімділік туралы заӊды әзірлеу, орталық мемлекеттік органдардыӊ статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету секілді көптеген бағыт бойынша да тиісті шаралар қолға алынып, олардың басым бөлігі іске асты.
Қазіргі таңда «Ашық үкіметтің» мөлдірлігін, мемлекеттік органдардың есеп беруін, қоғамдық бақылаулардың күшеюін, азаматтық қоғамның араласуын қамтамасыз ету өз маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуына, сондай-ақ барлық үдерістердің ашық болуына жол ашады. Бүгінде елімізде «Ашық үкімет», «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер» және «Ашық диалог» сияқты компоненттердің пайда болуы осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын көрсетеді.
Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары қоғамдық жаңа қатынастардың, соны функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптарына икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады.
4. Пандемияның салдары тек біздің ел емес, бү­кіл әлем елдерінде айқын байқалып жат­қаны анық. Қиындықтарға қарамастан бағ­дары­мыз анық, десек те Мемлекет басшысы ор­тамерзімді экономикалық саясатымызды одан әрі айқындай түсіп, мемлекеттік бас­тама­ларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабыл­да­ғанымызды айтып өтті. Бұдан бөлек, алда әлі де ұлттық жобалар бекітілетін болады.
– Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азия­дағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды ны­ғайту.
Экономикамызға тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде Стратегиялық инвестициялық келісім ұғы­мы енгізілді. Квазимемлекеттік секторды оң­тай­ландыру үшін нақты шараларды қолға алдық. «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингте­рін біріктірдік. Еншілес компаниялар екі есе азайды, олардың штат санын бір жарым есе қысқарттық. Жаңа, қуатты даму институтын құрдық.
Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қол­дау көрсетті.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағ­дар­ламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жо­ба іске қосылды. Сондай-ақ 70 мың жұмыс ор­ны ашылды. Өндірілген өнім мен көрсе­тілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды.
«Бизнестің жол картасы» бағдарлама­сы­ның арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді.
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама экономи­ка­ға айтарлықтай әсер етті. Ең бастысы, оның әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Осы шараның арқасында миллионнан астам аза­матымыз тұрғын-үй жағдайын жақсартты. Кейбірі ипотекалық қарызын азайтты.
Жалпы экономикалық дамуымызда оң үрдіс бар екені сөзсіз. Алайда, бүгінгі ахуал­дың әлі де күрделі екенін ашық айтуымыз керек. Сондықтан мен «Қарапайым заттар эко­номикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақ­сатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі ке­мінде бір триллион теңге болады, – деді Президент.
Мемлекет басшысы соңғы кезде бюджет тап­шылығы ұлғайып, Ұлттық қордан алынатын трансферттер көбейгенін айтып, Үкімет пен Ұлттық банкке нақты тапсырмалар бер­ді.
– Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керек.
Ұлттық қордың активтерін қалпына кел­тіру үшін бюджет ережесін енгізуді тездеткен жөн. Бұған қажетті заңнамалық өз­геріс­тер осы жылдың соңына дейін қабыл­дануы тиіс.
Жалпы, елімізге мемлекет қаржысын, атап айтқанда, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың ережелер жинағы қажет.
Үкімет пен Ұлттық банктен жыл соңына дейін Мемлекет қаржысын басқару тұжырым­дамасын әзірлеуді сұраймын, – деп нақты­лады Президент.
Сонымен қатар экономиканы әртарап­тандыру, өндірілетін тауарлардың түрін кө­бейтіп, экспорт географиясын кеңейту жө­нін­дегі жұмысты жалғастыру керек екені ай­тылды.
2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард дол­ларға жеткізу, еңбек өнімділігін 30 пайыз­ға арттыру сияқты нақты меже қойылды. Пре­зидент әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп сая­са­ты туралы» заң өңдеу өнеркәсібінің түйт­кілдерін шешуі тиіс екеніне ерекше тоқ­талды.
Отандық өнеркәсіптегі шикізат тауар­ларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы үшін Мемлекет басшысы Үкі­мет­ке жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешу туралы тапсырма берді.
– Жер қойнауын пайдалану саласына, әсі­ресе геологиялық барлау және жер қой­науын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қа­жет. Ұлт жоспары аясында басталған реформаларды соңына дейін жеткізген жөн. Атап айтқанда, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық мәліметтер базасын құрып, оны инвесторлар үшін қолжетімді ету керек.
Жер қойнауы – ұлттың байлығы. Оны пай­далануға беруді оңаша кабинеттерде «бар­мақ басты, көз қыстымен» шешу заңсыз деп танылуы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент Үкімет пен Ұлттық банк әлемдік ахуалды алға тартып, инфляция мәселесіне келгенде қауқарсыздық танытып отырғанын айтып, сынға алды.
– Біз инфляцияның бақылаусыз өсу проблемасымен бетпе-бет келдік. Үкімет пен Ұлттық банк бәрін әлемдік үрдіске жауып, инфляцияның алдында қауқарсыздық танытып отыр. Мұндай сылтау ұлттық эконо­ми­ка­ның әлсіздігін көрсетеді. Онда «біздің кә­сіби экономистеріміздің рөлі қандай?» деген сауал туындайды. Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз дең­гейіне қайтару, – деп нақтылады Мемлекет басшысы.
Бөлінген қаражат әлі бармай жатқан са­ла­лар бар екенін айтқан Президент екінші дең­гейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайтынын, сондықтан микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек екенін айтты. Осы мәселе бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тапсырма берді.
– Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі тиіс деген шешім қабылдадық. Сонымен бір­ге, шектеу қойылып, бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. Алайда мұны тек қана нарықтық негізде жү­зеге асырған жөн. Бұған заңнамалық негіз болуы қажет. Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, жылдың соңына дейін тиісті заң жобасын Парламент­ке енгізсін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Содан кейін Президент ең бастысы мә­­се­ле­лердің бірі – азық-түлік бағасына тоқталды.
– Қазақстанның ауыл шаруашылығының әлеуеті орасан зор екені көп айтылады. Бірақ агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған проб­лемалар да аз емес. Ең алдымен, бұл – азық-түлік тауарларының бағасын белгі­леудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуі.
Мен бұған дейін көтерме-тарату орталық­тарының желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет орын­далып жатыр. Осы орталықтардың ша­ғын ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­ші­лерге, соның ішінде, жеке қосалқы шаруа­шы­лықтарға да қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл нарықтың монополиялануына жол беруге болмайды. Сонымен бірге, өнім өндірушіден тұтынушыға дейінгі ара­лық­тағы бағаның бәріне бірыңғай бақылау жасау қажет. Қазір осы жұмысқа бірнеше мекеме жауапты. Әр жолы баға шарықтағанда олар байыппен сараптама жасап, тиімді шаралар қабылдаудың орнына бір-біріне сілтей бастайды.
Бұл жұмысты ретке келтіретін кез келді. Жауапкершіліктің ара-жігін ажырату керек. Бір мекемені басты орган ретінде айқындап, өзге­лерінің өзара іс-қимылын нақты белгілеу қажет, – деді Президент, сонымен қатар Үкі­метке осы мәселені реттеуге бір ай уақыт берді.
Жолдауда жем-шөп тапшылығы да айтылды. Қазір ахуал реттелгенін, дегенмен бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек екенін айтқан Мемлекет басшысы жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн деген нақты міндет қойды.
– Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қо­лы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқап­тарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себептерді сыл­тауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауы тиіс. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Олардың құқықтық мәртебесі және көрсе­тілетін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруа­шылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек, – деді Президент.
Сондай-ақ ветеринария саласын да жетілдіру қажеттігі, аграрлық саясаттағы сабақ­тастықтың болмауы үлкен қиындық тудырып отырғаны да айтылды.
– Біздің аграрлық саясатымызда сабақ­тас­тық болмай отыр. Министр ауысса, сала­ның саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға алдағы жұмысты жоспарлау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес субсидиялау тәсілдерін қай­та қарап, тұрақтандыру керек. Соңғы бес жыл­дың өзінде субсидиялауға екі триллион тең­геден астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет. Шағын және орта шаруа­шылықтар үшін субсидия толығымен қол­жетімді болуы керек, – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша нақты міндеттерді айқындап, ең бастысы елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екенін айтты.
– Ауыл шаруашылығын технологиялық тұр­ғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсіл­де­рін мұқият қарауымыз қажет. Агроө­нер­кә­сіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңарту керек. Ауыл шаруашылығын субсидиялау сая­сатын өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастырған жөн. Үкімет пен «Бәйтерек» холдингі осы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеуі қажет.
Мен биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шет­елдіктерге және олардың қатысы бар ком­панияларға сатуға және жалға беруге бір­жола тыйым салған заңға қол қойдым.
Жер кодексіне қазақстандық инвес­тор­лар­ды ауыл-аймақтарды дамыту үшін қаржы салуға ынталандыратын түзетулер енгізілді.
Соның арқасында ауыл шаруашылығы ұлт­­тық экономиканың негізгі қозғаушы кү­ші­не айналады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Келесі кезекте Президент цифрландыру мә­селесіне тоқталды. Отандық ІТ-секторды да­мытудың маңызы, сол себепті елімізге жас, бі­лімді әрі ынталы мамандар керек екені ай­тылды.
– Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба­ның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет. Цифрлық сала­да­ғы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион дол­ларға жетуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Оған қоса «Электронды үкімет» пен басқа да мемлекеттік қызметтер 100 пайыз қол­же­тімді болуы тиіс деген тапсырма берді.
– Біз еліміздің орасан зор ақпараттық-те­ле­коммуникациялық әлеуетін іске асыра білу­ге тиіспіз. Жаңа цифрлық дәуірде ол гео­сая­си маңызға ие болады. Қазақстан Еура­зия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуы тиіс, – деп қорытын­дылады Президент.
Сонымен қатар Жолдауда Ауғанстандағы ахуал мен жаһандық шиеленістің күшеюі туралы сөз қозғалды. Осы мәселеге байланыс­ты қорғаныс саласына мән беру керектігі айтылды.
5. Қазақстан Ха­л­қы ассамблеясы қоғам­ды топтас­тыру­шы тетіктердің біріне ай­налды. Шын мә­нін­де, ол ұлтаралық келі­сімнің қазақ­стан­дық моделін жүзеге асырудың маңызды те­тігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлт­­тық мәдени орталықтардың жетек­ші­лерімен кездесу өткізді. Сонда Елбасы рес­публикадағы ұлтаралық келісімді сақ­тау және оны одан әрі нығайту үшін рес­публикада жаңа қо­ғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қа­зақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін ассамблея құру қажеттілігі туындап отыр­ғандығына назар ау­дарды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қа­зақстандағы барлық эт­ностардың ру­хани тұрғыда қайта жан­ғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өрке­ниеттік және демок­ратиялық ұстаным­дарға, мемлекеттік ұлт­тық саясатта барлық этностардың мүд­де­сіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қа­тынас мәдениетін қалыптастыру бо­ла­тындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан сес­сияға 260 делегат сай­ланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өт­ті және оның құра­мына 40 ұлттық-мә­дени орталықтың өкіл­дері енді.Сессияда Қазақстан Президенті Н.На­зар­баев баяндама жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгі­ленді. Ассамблея құру идеясы қоғамды топтас­тырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атса­лысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. 2007 жылы ассамблея конституциялық орган мәрте­бесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды. 2008 жылғы 20 қазан­дағы ҚР «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңы ассамблея қызметі мен құры­лымдарын, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін норматив­тік-құқықтық реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Ассамблея құрылған кез­ден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыт­тары бойынша мемлекеттік шешімдер қа­был­дауға қатысып келеді. Ассамблея этно­мәдени бірлестіктерді құрамына бірік­тіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылданды. Ассамблея мен этномә­дени орталықтар та­ра­пынан көтерілетін баста­малар мемлекет­тік деңгейдегі қолдауға ие болды.
Ассам­блея­ның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы. Ассамблеяның өткізген барлық сессия­ларда Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев Қазақ­станда ұлтара­лық татулық пен келі­сімді нығайта беру бағы­тын­да ізденістер­ді жал­ғас­тырудың қажет­тілігіне баса назар аударып отырады. Қазақ­стан халқы ас­сам­блеясы үлгісінде Ресей Федерация­сын­да, Қырғызстанда халық ассамблеялары құрыл­ды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсе­тетін жайт, ол Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да олардан дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағы­нан республикалық, облыстық және қала­лық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым.
6. 1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кəсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi.1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан əйелдерiнiң демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды. 2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның Үкiметтiк емес ұйымдарының (YEҰ) конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы əлеуметтiк əрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дəрежесiне көтердi.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi жəне азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi. Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кəсiподақтар, ұлттық-мəдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарының жəне тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дəрежеде көпшілік құқығы нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады.
2004 жылдан бастап Тұңғыш Президенті,Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған. «Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленген.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.
Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді. Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады.
1999 жылы Тұңғыш Президенті, ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Кітап маңызы - тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады. Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. «Тарихтың толқынында» қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев аталмыш еңбегінде: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды... Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қайшылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес» - деп атап көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген және қазақ зиялыларының ұлттық идеяны қалыптастырудағы рөліне ерекше маңызды орын берді. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталады. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталады. Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған. Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. Халқымызлың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруде. Мұның себебі неде? Осы жайларға кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген тарауында нақты жауап табуға болады. Ал ұлттық идеяға келетін болсақ, оны елбасы өзінше пайымдайды. Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмететеді. Бір сөзбен Н.Назарбаевша айтқанда, ұлттық идея миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады (237 б). Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғанаемес, өз еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарихбіледі. Әлемдегі тарих сабақтарына көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылып отыр. Н:Назарбаев тарихтан тағылым алмайтын саясаттың күні қараң екенін жақсы біледі, сондықтан да ол «тарих ештеңеге үйретпейді» деген қағиданы мүлдем теріске шығарады. Керісінше, тарих-ұстаз, тәлімгер, әділ төреші, ертеңге бағыт сілтейтін өсиет айтушы абыз.Тарих қазынасына терең көз шалғанда әрбір адам, әсіресе, оның ішінде ұлт көсемдері мен саясаткерлер үлкен тәлім алады. Өз ақыл-парасатына, саяси талғамына, іс-әрекетіне қосымша нәр, азық алады. Сондықтан да бұл кітап қазақты тануға қосылған теориялық әрі практикалық тәлімдік мәні күшті тарихи еңбек болып табылады.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп атап өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.«Мәңгілік ел – түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» –деп жаздытүркітанушы-ғалым Қ. Сартқожаұлы. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді»,–деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке «мені» үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз қозғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа
Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ.
«Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалаХалқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл өсиеті – қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі «Мәңгі ел» идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы –қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
«Мәңгілік ел» – Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан, мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық, философиялық идея.Егеменді дамудың 22жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар- уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Көпұлтты әрі көпдінді Қазақстанның алған асулары мен жеткен жетістіктерінің бастауы – бейбітсүйгіш халқымыздың ақ-адал пейілі мен қонақжайлылығы, төзімділігі мен еңбекқорлығы, елімізді мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің қазақтың дәстүрлі құндылықтарын қадірлеген дос пейілділігі. Сондай-ақ, жүз отызға жуық ұлттар мен он сегіз конфессиялық топ өкілдерінің береке-бірлігі жарасып, ынтымақтаса өмір сүруі – еліміздің бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ұтымды саясаты мен ауқымды еңбектерінің жемісі.
Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы арманы, бүгінгі ұрпақтың ақиқаты болған қасиетті тәуелсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылу – Мәңгілік ел болудың нысаны. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін әрқайсысымыз ортақ құндылыққа үлесімізді қосуымыз шарт. «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың мүддесіне, қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағдары анық жол, бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық пен төзімділікті сақтaп, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы елдің экономикалық дамуындағы емес, сонымен қатар, азаматтардың діни-мәдени өміріндегі басымдықтарды күрделі өзгертті. Президент Н. Назарбаев конфессионалдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатта ойланған бағытты таңдап алды.
Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қарым-қатынастар мемлекеттің этникалық және конфессионалдық салаларындағы саясатпен нығайтылды. Өз кезегінде ол қоғамдық сананың радикализмге қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастырды. Либералды заңдар, діни толеранттылық және плюрализм осы саясаттың негізі болып табылады. Мемлекеттің конституциясында елдің зайырлы екендігі, азаматтардың ар-ождан бостандығы құқықтарына кепілдік, қандай да бір дінге қатысты протекционизмнің болмауы, конфессияларға байланысты толерантты қатынастар бекітілген.
Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Ар-ождан бостандығы конституциямен мойындалған адам құқықтарының ең маңызыдларының бірі.
Қазіргі таңда мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың үлгілері көп емес. Олардың ішіндегі ең танымалдарын атап өтетін болсақ, оларға келесілері жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет