Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамдық ұлтты-мәдени негіздерінің жойылуы



бет42/47
Дата27.02.2023
өлшемі460,42 Kb.
#70402
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар 2022-2023жж docx

5. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамдық ұлтты-мәдени негіздерінің жойылуы.
20-шы жылдардың екiншi жартысынан бастап И. В. Сталиннiң басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетiнiң дамуына үлкен кеселiн тигiздi. Оның үстемдiк eтyi нәтижесiнде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистiк партияның саясатына сәйкес жұмыс iстeyre тиiс болды. Әcipece, бұл халыққа бiлiм беру саласында ерекше көрінic тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мiнез-құлқына сталинизмнiң догма­ларын талқылады. Мектептiң қызметi де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа бiлiм беру iсiнде, соның iшiнде оқу орындарында партиялық өмip күшейдi. Оқу-тәрбие про­цестерiн идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткiштi қудалау, оқу процестерiн формальды жүргiзу өрiстедi.
Тоталитарлық жүйенiң күшеюi халыққа жоғары бiлiм беру саласында да өз әcepiн тигiздi. Қазақстанньң жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөнiндегi қажетiн қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергiлiктi халықтың өкiлдерiнiң саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттiк университетiндегi 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты сrуденттерiнiң арасында қазақтардың үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
Партиялық-мемлекеттiк құрылымның идеологиялан­дырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрiнен де көп зиян келтiрдi. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерiн қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейiн жургiзiлдi. Осының нәтижесiнде 30-шы жылдардың орта кезiнде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1928 жылы араб әрпi латын әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бiр ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып шыкты. Ал мұның өзi көптеген халықтардың тарихи зердесiн көмескiлеп, олардың белгiлi тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегi қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегi сауаттарын араб жазуымен ашып, кiтаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдiк бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпiмен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантуркист", "панисламист", тiптi, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кiтапхана қорларынан әкiмшiлдiк-төрешiлдiк жүйенiң теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiндегi араб әрпiмен басылғандары аластатылды. Сонымен бiрге дiнге қарсы күрес сорақы­лықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дiнге сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлiгi болып келген дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазан төңкерiсiнен кейiн тоталитарлық жүйенiң үстемдiгiне, оның қайшылықтарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбiр iлгерiлеушiлiктiң болғанын айту керек, оны бiз мәдени төңкерic деп атап келдiк. Бұл төңкерiс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кiтабы бар 139 кiтапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жеттi. 1929 жылы республикада 494 оқу үйi, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдық жерде 1747 кiтапхана жұмыс iстедi. Бiрақ бұл кiтапханалар мен оқу үйлерi жөндi ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмip сүрдi. Олардың жұмысын жүргiзушi адамдардың сауаттары да, кәсiптiк дәрежесi де төмен едi. Тiптi қалалардың өздерiнде мәдени ошақтарда iстейтiн адамдардың бiлiм деңгейi көбiнесе төмен болатын. Бiрақ бiлiмге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару ici дамып келе жатты. "Степная правда" /қазiргi "Казахстанская правда"/ және "Еңбекшi қазақ" газеттерi, "Қазақстан" жорналы шыға бастады. Кеңес өкiметiнiң алrашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желiсiне, кеңестiк және кооперативтiк ұйымдарға келiп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге iлiндi, оларды дауыстап оқып беру ici ұйымдастырылды. Қазақстанның белгiлi көптеген мәдениет қайраткерлерi өздерiнiң шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 13 газет шык:ты. Кейiн олардың қатары өсе бердi. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттерi шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 900 қоғамдық тiлшiсi iстедi. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бiрiншi бесжылдық жылдарында 120 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екiншi бесжылдықта жалпы саны 280-ге жеттi.
Республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. Шыға­рылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды. Олардың арасында Кеңес өкiметiнiң саясатын насихаттауға байла­нысты басылымдар көп болғанын айтқан жөн.
Сауатсыздықпен күресте орасан зор жұмыс жүргiзiлдi. 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И. Ленин РКФСР халқы өкімет орындарына мектеп ұстау үшiн қаржы жинауға, отын мiндеткерлiгiн белгiлеуге рұқсат берiлдi. Халық шаруашы­лығын қалпына келтiрудегi табыстардың нәтижесiнде мектептердiң жағдайы бiрте-бiрте жақсара түстi, Мәдениет мекемелерiне халықтың жәрдемi көбейдi. Бiрқатар жерлерде мұғалiмнiң жалақысы жергiлiктi болыстардың қаражаты есебiнен, ал жарықты пайдалану, оқулықтар алу, мектептi жөндеу ауыл шаруашылық және тұтыну қоғамдарының қаржысы есебiнен жүзеге асырылды.
1923/24 оқу жылында бастауыш және жетi жылдық мектептер 15 пайызға өстi. 1924/25 оқу жылында Қазақстанда 2351 бiрiншi басқыш мектеп (бастауыш мектеп), оның iшiнде 747 қазақ мектебi, 25 мектеп-коммуна және 68 жетi жылдық мектеп пен екiншi басқыш мектеп жұмыс icтедi.
1926 жылы мамыр айында "ҚАКСР-iндегi бірыңғай еңбек мектебiнiң жарғысы" қабылданды. Бұл тұста ресми деректер бойынша Қазақстанда 1600 мектеп болды деген мағлұмат бар. Бiрақ ол мектептердiң жәйі туралы 1927 жылғы "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 14 шiлдедегi санында 1600-ге жуық қазақ мектептерi бар, бiрақ олардың iшiнде ғимараты бар мектептердiң саны қырыққа әзер жетедi деп жазылды. Сол жылы қараша айында болған өлкелiк төртiншi партия конференциясында жасалған баяндамада: "Қағазда ауыл­дағы мектептердiң саны көп, ал шындығында ауылда ешқандай да мектеп жоқ. Егер де ауыл мектептерiнiң үйi болса, онда бұл үйлерде орындық жоқ, егер орындық болса, онда оқулықтар жоқ..."- деп көрсетiлдi. Орасан көп цифр есептерге қарамастан ауылдағы мектептердiң жайы 60-шы жылдардың орта шенiне дейiн оңалып кете алмағанын айта кетуiмiз керек. Taғы бiр айта кететін жай, орыс поселкелерi мен ауылдардағы мектептердiң материалдық және басқа жағдайларында үлкен айырмашылық болды. Мұстафа Шоқай "Түркiстанның қилы тағдыpы" деген кiтабында / Алматы, "Жалын" , 1992/ былай деп жазады: "Қазақтар Сырдария губерниясындағы барлық халықтардың 79 процентiн құрай­ды, ол барлық еуропалықтарды /орыстарды, украиндарды, белорустарды, немiстердi және басқаларын қоса есеп­тегенде бар болғаны 9,5 процент, соған қарамастан Сырдария губерниясының мектептерiнде оқитын қазақ баласы бар болғаны 6-ақ процент, орыс балалары-53,6 процент... Басқаша айтқанда, кеңес үкіметі қазақтардың ақшасына орыс келiмсектерiнiң баласын оқытады» Мұндай жағдай Сырдария губерниясынан басқа жерлерде де орын алды.
Ауылдық мектептерде оқу мерзiмi қысқарақ болды, қазақ балаларының орыс тiлiн үйрену үшiн жетi жылдық мектептерге сегiзiншi жыл қосылды. Бiрiншi басқыш мектепте балалар 4 жыл оқыды. Жетi жылдық мектепте eкi түрлi болды: оның төрт жылдығы бiрiншi басқышқа сай келдi, ал екiншici толық емес орта бiлiм бердi. Екiншi басқыш мектеп (тоғыз жылдық мектеп) үш түрлi оқытудан тұрды, бiрiншiсi мен екiншiсi жетi жылдық мектепке сай келдi, ал үшiншiсi толық орта бiлiм бердi. Бiрiншi басқыш мектептерге теңесетiн жасы асқандар мектептерiнде 14-17 жастағы балалар 1-2 жыл, әpi кетсе 3 жыл iшiнде бастауыш бiлiм алды. Әдетте бұлар мемлекет қарауындағы мектеп-'интернаттар болды. Көшпелi және жартылай көшпелi аудандар үшiн интер­наты бар мектептер, мектеп-коммуналар құрылып, олардың бүкiл тұрмысын ұстаздардың, тәрбиешiлердiң бақылауымен оқушылардың өздерi басқарды. Кластағы сабақтарға қоса балалар жаттығу шеберханаларында /ағаш шеберi, етiкшiлiкe үйренетiн, т.б./ немесе қосалқы шаруашылықта жұмыс icтедi, бос уақыттарында табиғатты тамашалап,
спортпен айналысты, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне қа­тысты. Әдетте, мектеп-коммуналар сол маңайдағы басқа мектептер үшiн оқу-әдicтемелiк орталыққа айналды.
Республикада қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тiлiндегi оқулықтар Мәскеу­ден алдырылды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. Ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарға дейiн пайдаланылып келдi. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың "Әлiп-биiмен" ашып, ана тiлiн Байтұрсыновтың "Тiл құралы" арқылы оқып үйрендi.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндердi оқытуға және оқушы­ларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұғалiмдер саны eкi еседен астам көбейiп, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi.
Қазақ AKCP-i құрылғаннан кейiн ғылым, өнер мәсе­лелерiнiң бәрiн және архивтердi ағарту халық комис­сариатының ғылыми бөлiмi немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы архео­логиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген мәселелерi, оның iшiнде халық-азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1926 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөнiндегi экспедиция құрылды. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Fылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республика ғылымының дамуында маңызды кезең болды.
Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшiн арнаулы ғылыми орындар: егiншiлiк, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендiру, су шаруашылығы, жемiс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-жылдардың екiншi жартысында Қазақстан ғылымы одан әpi өркендедi. 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемeci жұмыс iстедi және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек eтті. КСРО Fылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге кетеру ушiн мол мүмкіндіктерге жол ашты.
30-шы жылдары Қазақстанның әдебиетi мен өнеріне бiраз өзгерiстер, елеулi оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезi болып, онда халықтардың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, 1. Жансугiров, Б. Майлии, М. Әуезов, Ж. Аймауытов сияқты саңлақтармен бiрге қазақ әдебиетiнiң қаулап өсiп келе жатқан мол жеткiншектерi бар eкені көрiндi. Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң халықтары атап өттi. 1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдеби қызметiнiң 20 жылдығын мере­келедi. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бiрге осындағы туысқан халықтардың өкiлдерi орыс, ұйғыр, татар қаламгер­лерiнiң шығармашылығы да кең өpiскe шығып келе жатты.
Осындай жетiстiктерге қарамастан 1937 жылы сталиндiк қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесi кең өpic алды. С. Сейфуллин, 1. Жансүгiров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары "халық жауы" деген айып тағылып, қасiреттi қудалаудың құрбаны болды.
20-шы жылдары қазақ көркем театрының дамуы бас­талды. 1926 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтiң"Еңлiк-Кебек" пьесасын қойды.
1932 жылы республикада тұңғыш музыка-драма техникумы, ал 1934 жылы бiрiншi музыкалық театр ашылды. Сол жылы либереттосын М. Әуезов жазған "Айман-­Шолпан" музыкалық комедиясының қойылуы қазақ опера­сының туғанын паш еттi. 1937 жылы қазақтың музыкалық театры опера және балет театры болып қайта құрылды. Қазақ драма театры да айтарлықтай табыстарға жеттi.
Республикадағы маңызды оқиғалардың бiрi кино өнерiнiң дүниеге келуi едi. 1938 жылы "Аманкелдi" фильмi экранға шығып, ұлттық кино өнерiнiң ipreci қаланды.
1936 жылы май айында Москвада өткен Қазақстан әдебиетi мен өнерiнң aлғaшқы онкүндігi қазақ әдебиeтi мен өнер жетiстiктерiнiң айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиет пен өнер қайраткерлерiнің таланты мен шеберлiгiн жоғaры бағалады. Жазушылардың, артистердiң" мәдени құрылыс қайраткерлерiнiң үлкен бiр тобы - Ж. Жабаев, С. Сейфул­лин, А. Жұбанов, Т. Жүргенов және басқалар үкiмeт награда­ларына ие болды. К. Байсейiтова КСРО Халық артисi деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa Қазақ КСР-iнiң халық артисi және еңбек сіңірген артисi деген атақтар берiлдi.
Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалау­шылықтapғa, кемшiлiктeрге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бiрсыпыра iлгерлеушi­лiктер орын алды. Егер 1937-1938 жылдары «сталиндiк жезтыр­нақ аппарат» қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкiн eдi. Сондай-ақ республика мәдениетiнiң одан әpi кеңiнен дамып, құлаш жаю процесiне 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы да кepi әcepiн тигiздi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет