Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Араб елдерімен және түркітілдес мемлекеттердің халақаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары



бет32/33
Дата14.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#67986
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
4.Араб елдерімен және түркітілдес мемлекеттердің халақаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары.


Түркі әлемі мемлекеттерінің бауырластық ынтымақтастығы

Қазақстан үшін Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғыз- стан тәрізді түркі әлемі елдерімен тығыз ынтымақтастықта болу ерекше маңызға ие.
Тығыз қарым-қатынаста болуымызға тілдік және конфессиялық туыс- тық, тарихи-мәдени мұраның ұқсастығы негіз болды. Сондықтан 1993 жылы түркітілдес мемлекеттер ТҮРКСОЙ түркі мәдениетінің халықаралық ұйымын құрған болатын.
ТҮРКСОЙ аясында мәдени ынтымақтастық белсенді дамыды. Қазақ жазушыларының шығармалары түрік тіліне аударылды, мәдениет күндері өткізілді. ТҮРКСОЙ түркі әлемі үшін өзіндік ЮНЕСКО іспетті болды. 2008 жылы ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшылығына еліміздің мәдениетіне елеулі үлес қосқан қазақстандық қайраткер Д.Қасейінов тағайындалды.
Әзербайжан астанасында 2005 жылдың мамырында «Баку-Тбили- си-Жейхан» мұнай құбырының іске қосылуына байланысты өткен жоғары деңгейдегі кездесу түркітілді мемлекеттер арасындағы қатынастың қарқын- ды дамып келе жатқанын көрсетті.
2006 жылдың қарашасында, бес жыл үзілістен кейін, Анталияда түр- кітілдес мемлекеттердің VIII саммиті Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркияның қатысуымен өтті. Кездесудегі басты оқиға – Түркітілдес мемле-
кеттердің парламенттік ассамблеясын құру туралы мен көтерген бастама болды. Кешікпей ол да жүзеге асты. Жаңа құрылымның алғашқы жина- лысы 2009 жылдың қыркүйегінде – Бакуде, екіншісі 2011 жылдың сәуірінде Астанада өтті.
Түркі ынтымақтастығының дамуында түркітілдес мемлекеттер басшы- ларының 2009 жылдың қазанында Әзербайжанның Нахичеван қаласын- да өткен IX саммитінің маңызы жоғары болды. Онда мен өңірлік бірлестік ретінде – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін және Түркі академиясын құруды ұсындым.
Түркия президенті А.Гүл саммиттен кейін өткен кездесуімізде бүкіл түркі әлемі туысқан түркі халықтарының бірлігі, ортақ тарихымызды зерттеу, мә- дени байланыстарды дамыту ісіндегі Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалайтынын айтты.
2010 жылдың мамыр айында Астанада Еуразиялық ғылыми форум өтті. Форум барысында Түркия президенті А.Гүл екеуіміз Түркі академиясын аштық.
2011 жылдың қазанында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынты- мақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) I саммиті өтіп, оған мен төрағалық еттім. Саммитте сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтас- тықты кеңейту мәселесі талқыланды. Түркі кеңесі саммиті жыл сайын өт- кізіліп тұратын болды.
Түркітілдес мемлекеттердің жемісті ынтымақтастығы – Қазақстан Республикасы дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан кең және жан-жақты еуразиялық өзара ықпалдастықтың маңызды да қажетті факторы екені- не сенімім зор.
Қазақстан мен Түркия: қарым-қатынастың жаңа деңгейі

Бауырлас халықтар – Қазақстан Республикасы мен Түркия Республика- сын бұрынғысынша ерекше қарым-қатынас байланыстырып келеді.
2000 жылдың мамыр айында сайланған Түркия президенті А.Сезер сол жылдың қазан айында Астанаға келді. Терроризммен күрестегі ынтымақтас- тық туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.
2003 жылдың мамыр айында мен Түркияға қарымта сапар жасадым. Түрік президентімен кездесуде біздің екіжақты қарым-қатынасымыз- ды жаңа деңгейге көтеретін сәт туғаны жайлы ойымды айттым. Екіжақты мәлімдемеде біз Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестікке бағдар ұстай беретінін атап көрсеттік.
Ыстанбұлдағы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесіндегі қабылдау кезінде көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын айтып өттім. Атап айтқанда, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасында Қазақстан мұнай- ын есепке алу қажет екенін де түсіндірдім. Премьер-министр Р. Ердоған пайда болатын транспорт жүйесін Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан деп атауды ұсынды. Қайтар алдында 1990 жылдары менімен тығыз әрі жемісті ынтымақтас- тықта болған Түркияның бұрынғы президенті С. Демирелмен достық кездесу өткіздім.
2007 жылдың қазанында менің шетелдік сапарларымның жобасына Түркия тағы да енгізілді. Осы жылдың тамыз айында президент болып А. Гүл сайланған еді. Қазақстан жағы БТД мұнай құбырының соңғы нүктесі

  • Жейхан портындағы мұнай өңдеу зауытының құрылысына қызығушылық танытты.

2007 жылдың желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркия президенті Астанаға сапармен келді. Біз ұзақ мерзімді экономикалық әріптестік жоспарына қол қойдық және Бакуге мұнайды тан- кермен жеткізу мәселесін талқыладық.
Ал 2009 жылдың қазан айында Түркия Республикасына тағы бір сапар жасадым. Осы сапарда біз қол қойған Стратегиялық серіктестік жөніндегі келісім тарихи оқиғаға айналды.
Екі елдің ынтымақтастығын дамыту мен түркітілдес елдердің көшбас- шылығына қосқан үлесім үшін А.Гүл мені жоғары мемлекеттік марапат – Түркия Республикасының орденімен марапаттады. Түркия президенті:
«Қазақстан – бауырлас ел. Сол үшін де біз он жеті жыл армандаған Түрік Кеңесін құрдық», – деп мәлімдеді.
Ыстанбұлда өткен бизнес-форумда мен түрік жағын Қазақстанның ин- дустриалды жобасының басым салаларына инвестиция құюға шақырдым. Түрік кәсіпкерлеріне сөз арнай отырып, Қазақстан экономикасына инвес- тиция салу оларға үлкен табыс әкелетініне уәде бердім.
2010 жылдың мамыр айында Түркия президенті А. Гүл Қазақстанға тағы бір сапарлап келді. Атап айтарлығы, біз Шымкент қаласында кездестік. Түрік көшбасшысының сапар бағдарламасы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды.
Астанада жалғасқан келіссөздер барысында мен түрік инвесторла- рының нақты жобаларын қамтитын бірлескен экономикалық бағдарлама әзірлеуді ұсындым. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Кеден одағы қосымша мүмкіндік туындататынын да айтып өттім.
2010 жылы біздің кездесуіміз Астанада – Астана күні мерекесінде (6 шілдеде), ЕҚЫҰ саммитінде (1–2 желтоқсанда) және Ыстанбұлда – III АӨСШК саммитінде (маусым), Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитінде (қыркүйекте) жалғасты. 2011 жылдың қазан айында Қа- зақстанда бірлескен экономикалық аймақтар құру жөніндегі меморан- думға қол қойылды.
Түркияда қазақ халқының тарихи тұлғаларына – Абылай ханға, Қабан- бай батырға, Абайға, Мағжан Жұмабайұлына, Мұхтар Әуезовке ескерт- кіштер қойылды.
2009 жылы Астанада, Есіл өзенінің жағасында Түрік Республикасы- ның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылуы да Қа- зақстан Республикасының достық қадамы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет