Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Батыс Түрік қағанаты («он жебе»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы



бет8/33
Дата14.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#67986
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
ҚТ лекциялар 2022-2023жж docx (1)

2. Батыс Түрік қағанаты («он жебе»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Батыс түрік қағандығы Алтай, Сібір жерінен бастап, Амудария өзенімен Еділ - Жайық өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Орталығы -- Сүяб қаласы болған. Ол қала қазіргі Қырғызстанның Тоқмоқ қаласының маңындағы көне қаланың орны Ақбешим болып саналады.
Қағандық халқының этникалық құрамы жоғарыда атап көрсетілген “Он оқ бұдын” ру-тайпалары болған.
Жазба деректерде қағандықтың саяси-әкімшілік жағынан тарихтың сахнасына көтерілген кезі Жегу қаған ( 610-618 жж.) мен Тон қағанның билік қүрған кездері деуге болады. Әсіресе, Тон Жабғу қағанның баласы Тарду шадтың Тохорстан мен Канису (Ауған жері) жерлеріне жүргізген жорықтарының нәтижелі аяқталуы қағандықтың оңтүстіктегі шекарасын Үндістанға дейін кеңейткен.
Мұндай кең-байтақ жерді берік ұстап отыру үшін қаған Тон Жабғу саяси-басқару реформасын жүргізген. Кейбір өлкелерді өз қолында тапжылтпай ұстап отыру үшін саяси тәсілдер де қолданған. Мәселен, Самарқанд сияқты атақты қалаларды өз қарамағында ұстап отыру үшін, қаған оның билеушісіне өзінің қызын беріп, құда болған. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы өлкелерде жергілікті ел басқарып отырғандарға өзінше атақ беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Қағанның билігі шексіз мүрагерлік түрде болса, одан кейінгі билік қаған тағайындаған ұлықтың қолында болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болған. Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар берілген.
Батыс түрік қағандығының да өмірі үзақ болмады. Тон Жабғу қағанның жүргізген қатал үстемдігі соғыс кезінде әбден байып алған “он оқ бұдын” одағының әскер басшыларының тілектеріне қайшы бола бастайды. Олардың астыртын жасаған қастандық әрекеттерінің нәтижесінде қаған өлтірілген. Билік үшін дулу мен нишаби тайпаларының арасында талас басталды. Нишаби тайпаларының қолдауымен Ышбар Елтеріс Шир қаған болады. Елтеріс қағандықты қайта қалпына келтіру үшін өзін қолдаған тайпалар мен үстем тап өкілдерімен бірге отырып әрекеттер жасайды. Алайда өкімет үшін болған екі тайпаның арасындағы он алты жылға созылған (640-657 жж.) ұзақ соғыс қағандықты саяси жағынан мүлдем әлсіретеді. Қағандық Іле өзеніне дейінгі аралықта екі үлкен тайпаның қол астында екіге болініп кетеді. Сырдарияның батысына қарай Орта Азиялық елдер өздерінің тәуелсіздігін алады. Батыс түрік қағандығының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған азаттық соғыстарының нәтижесінде тәуелсіздігін сақтап қалады. Сөйтіп, VIII ғасырда Батыс Түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы пайда болады.
Түргеш қағандығының территориясы Орта Азияның оңтүстік шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан, Шығыс Түркістандағы Бесбалық,Тұроран қалаларына дейінгі аралықты қамтыған. Орталығы – Суяб қаласы.
Түргештер туралы алғашқы деректер Күлтегін құлпытастарында және Қытай жазба деректемелерінде көп жазылған.
Түргеш тайпалары алтыншы ғасырда Тянь-Шань аймақтарында өмір сүрген. Олар VII ғасырда Жетісудың орталық аймақтарында орналасады. Өзінің алдында өмір сүрген Батыс Түрік қағандығының сол қанатының қүрамына енген, ең халқы көп тайпа болған. Ал Түркеш қағандығы болып, өз алдына жеке өкімет құрған кезі туралы деректер “Тоныкөк” жәдігерлігінде біршама жақсы жазылған.
Қағандықтың халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрган. Жазба деректердің көрсетуі бойынша, олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойларында өмір сүрген. Түргештердің алғашқы қағаны Үшлік өзінің негізгі тайпаларын екіге бөлген. Оның басты орталығы Суяб қаласы болып, ол Ұлы Орда деп аталған. Іле аңғарындағы Күнгірт қаласын өзінің кіші ордасы еткен.
Батыс Түрік қағандығының қүрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түргештердің қарамағына енген.
Саяси әкімшілік билік, қағандықтың ең жоғары атағы Басқағанның қолында болған. Ол 20 әкімшілік аймақтарға бөлінген. Әрбір аймақтарды тархандар басқарған.
706 жылы Үшлік қаған қайтыс бдлып, қағандықтағы билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Мұны Шығыс Түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан.
Екі тайпаның арасындағы соғыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлу биліктің жүгенін үстаған. Ол өзін 715 жылы қаған деп жариялаған. Сойтіп ол қағандық астанасы болған Талас қаласына орнығады.
Сұлудың қағандық құрған кезі Түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған кезі еді. Бүл шиеленістің негізі мыналар:
-біріншіден, Кіші Азиядан арабтардың шапқыншылығы;
-екіншіден, Оңтүстік шығыс жағынан Қытай өкіметінің қаупі төніп тұрды;
-үшіншіден, Шығыс Түрік қағандығы Жетісу жеріндегі талас-тартыстарды пайдалануға дайын тұрған еді.
738 жылы Сұлу қаған өзінің бақталастарының құрбаны болды. Оның орнына баласы Түқарсан Қүт-шар қаған болып, оның мерзімі 1-2 жылға ғана созылды. Бүл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас ушығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып, қағандық саяси және экономикалық жағынан мүлдем әлсірейді.
Түргештердегі бұл жағдайды қарлұқ тайпалары пайдалануға әрекет жасайды. Бұған басты себеп, 746-747 жылдарда Монголия мен Алтай жеріндегі ұйғырлардың күшеюіне байланысты, ондағы қарлұқтар Жетісу жеріне жылжыған. Олар түргештердегі алауыздықты пайдаланып, өкіметті оз қолдарына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет