Лекция 12 Жер ресурстарының болжауын құрастыруды ұйымдастыру.
Республикалық жер ресурстарын пайдалану бас жүйесінің мақсаты мен міндеті, құрастыру және негіздеу принциптері. Жалпы болжауды - алдынала жоспарлау, жүйедегі бас жүйенің орны. Бас жүйенің мазмұны. Жер ресурстарын қорғау және пайдаланудың ғылыми-техникалық концепциясын ұйымдастыру. Жер ресурстарын пайдаланудың бас жүйесін құрастырудың негізгі қағидасы.
Ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің қажеттілігінің тәртібі мен есептеу әдісі. Ауыл шаруашылығы емес жерлердің жерге қажеттілігін болжау ерекшеліктері: ауыл елді мекендерді орналастыру және дамыту, өндіріс және көлік объектілері, табиғи қорғалатын аймақтардың жүйесін қалыптастыру (қорық, ұлттық саябақтар және т.с.с).
Бас жүйесіндегі жер ресурстарын пайдалану, жердің болашақта қорғау және жақсарту шараларын негіздеу. Республикадағы жер ресурстарын пайдаланудың бас жүйесін қарастыру, бекіту, экспертиза қалыптастыру тәртібі.
Облыстық жерге орналастыру жүйесі болжамдық және жоспарлы жобалаудың құрам бөлігі саналады. Қазіргі аграрлық реформаның даму шарттары мен оның мазмұны.
Облыстық жерге орналастыру жүйесінің басқа салалық және аймақтық жүйелермен, арнайы құрылыстармен (аудандық жоспарлау жүйесі, мелиорациялық жүйе және т.б.) өзара байланыста.
Облыстық жерге орналастыру жүйелерін келешекте жерді пайдалануын негіздеу. Жерге орналастыру жүйелерін құрастыру тәртібі. Табиғи шаралар. Болжау шараларының тиімділігін бағалау. Жүйелерді бекіту, келісу және рәсімдеу тәртібі.
Лекция 13 Аудандық жерге орналастыру жүйесін құрастыру әдістемесі мен мазмұны
Аудандық жерге орналастыру жүйелерін құрастырудың мақсаты, міндеті, принципі және тәртібі. Болжамдау жүйелерінің басқа арнайы жерге орналастыру жүйелерімен өзара байланыста алатын орны. Шаруааралық жерге орналастыру жобасынан схеманың айырмашылығы. Жер реформасының шарттарына үйлес схеманың дамуы және мазмұны. Схемаға дайындық жұмыстар. Схемаға тапсырыс құрастыру.
Жер ресурстары. Салааралық жерлерді бөлу. Категория бойынша келешекте жерді пайдалануын және қазіргі жағдайын сұрыптау. Жерді ауыл шаруашылық бағытта пайдаланудың интенсификациясы.
Ауыл шарушылық мекемелерде жерді пайдалануды қалыптастыру. Жер қорының арнайы жерлері. Иммиграциялық жер қоры.
Ауыл шаруашылық мекемелерде жерді пайдалануды қалыптастыру. Жер массивтерінде (кооператив) шаруа қожалықтарды орналастыру және қалыптастыру. Орналастыру талаптары. Аймақтық массивтегі ішкі құрылымдар.
Агроөнеркәсіптік кешендердің келешектегі дамуы. Мамандырылған агроөнеркәсіптік білімді тағайындау. Ауылшарушылық өндірістің көлемін анықтау. Мекемелердегі жерді пайдалануды қалыптастыру және инфраструктурасын ұйымдастыру. Жерді қорғау. Эрозияға қарсы шаралар. Суды ластанудан қорғау. Қорғалатын аймақтың шекарасын және ауданын тағайындау. Бұзылған жерлерді рекультивациялау. Табиғатты қорғау шаралары. Шаралардың тиімділігі.
Экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тиімділік. Схеманың сызбаларын безендіру. Схемаларды безендіру, келісу және бекіту тәртібі. Қазақстан аймақтары бойынша схеманы құрастырудың әдісі мен мазмұнының ерекшіліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |