Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл


Лекция 7 Ауыл елді мекенді жоспарлаудағы жобаларды жақсарту



бет12/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
елді мекен жоспарлау методичка

Лекция 7 Ауыл елді мекенді жоспарлаудағы жобаларды жақсарту



Территорияны құру және жақсарту үшін инженерлік дайындық шаралары.

Территорияда инженерлік дайындықты өткізудің негізгі талабы:



    • территориядағы керекті шараларды өткізу - оған құрғату, судың қаптауынан қорғау, сел ағындарын шаю, құламалардың пайда болуымен күресу, топырақтың эрозиясымен күресу жұмыстары кіреді;

    • территорияны құрылыс жүргізу үшін дайындау, суғару, жербеті ағынсуларын ұйымдастыру;

    • өзен жағалауларын жақсартуды ұйымдастыру, құламаларды, ішкі су қоймаларды жақсарту.

Грунт сулары деңгейін төмендету. Жер асты суларының пайда болу кезі - негізінен атмосфералық жауын - шашын. Топыраққа сіңген су тереңдей береді, тек өзінің алдында суды ары қарай өткізбейтін грунт қабатына жеткеннен кейін су осы қабатта тоқтайды. Жерасты суларын мынадай типтерге бөледі: су беті, негізгі грунт қабат, аралық су. Жер үсті сулары әлсіз грунттарда пайда болады, ал құрғақшылық болған кезде - бұл сулар болмайды.

Сурет 1.35 Грунт суларының пайда болу схемалары


1-жауын-шашынның грунтқа сүзілуі, 2-жер үсті сулары (жер асты суларының беті), 3-су өткізгіш линза, 4-грунт суларының негізгі горизонты, 5-суды жібермейтін қабат

Негізгі қабат (горизонт) - жер бетіндегі бірінші су қабаты су жібермейтін қабатта орналасқан, үлкен көлемді алып жатады. Негізгі су горизонтының қабат қуаты, оның жылдық жауын-шашын санына байланысты. Жер асты суларының жылжуы су көзінен өзен, көлдерге қарай бағытталады.


Ауыл елді мекен территориясын инженерлік жел ұстарту, оның жерасты суларының төмендеуіне себеп болады.
Грунт суларының деңгейінің минимальді болуы мына аралықта болуы керек. Ауыл елді мекен террриториясында - 1,5м, автожолдарда - 0,5-2м, т.б.
Территорияны құрғату үшін жер асты сулары жақын болған жағдайда кәріздерді пайдаланады. Өзінің конструкциясына қарай горизонталь және вертикаль кәріздер болып бөлінеді.
Кәріздердің тағы бір түрлері болады, олар: жағалау, тұрақты, бас және айналма. Жағалау кәріздерді сүзінген суларды ұстау үшін өзен жағалауларында орналастырады. Тұрақты кәріздерді канал жүйелерінің бойымен орналастырады. Құрғату нормасы - 2-2,5 м, кәріздер аралықтары 100-150м. Бас кәріздер грунт суларын ұстау үшін жасалынады және өзенге қарай бағытталады. Жеке құрылымдарды қорғау үшін айналма кәріздер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет