Территорияны сумен қаптаудан қорғау. Көп ауыл елді мекен өзен жағалауында орналасқан, су тасуы болған кезде су қаптайды. Сондықтан бұл территорияларда жүргізілер алдында алдын-ала дайындықты қажет етеді. Ауыл елді мекен анда-санда су қаптауымен байланысты тұрақты су қаптауы мүмкін, ол үлкен өзендерге салынған бөгеттің жақын орналасқаны немесе үлкен су құбырларына жақын орналасқан ауыл елді мекен болады.
Территорияларды су қаптаудан қорғау әдістерінің бір түрі дамбы салу, ең жоғары отметкасы су тасуының ең жоғары белгісінен жоғары болу керек.
Сурет 1.36
Ал дамбының ені қызмет көрсететін транспорттың жүруін қамтамасыз етуі керек, оның ені бір бағытта жүретін болса 4,5м-дей болуы тиіс.
Топырақтың шайылуына қарай жұмыстар. Топырақтың шайылуы дегеніміз - топырақ массасының жоғарыдан төмен қарай өз салмағының әсерінен жылжуы. Олардың пайда болу себептері жер асты суларының және топырақ массаларының бір-бірімен жабысу процестерінің жүруінен болады. Ауыл елді мекенді топырақтың шайылуынан қорғау үшін мынадай шаралар жүргізіледі:
жауын суларын дұрыс әкетуді ұйымдастыру;
жер асты суларын ұстау үшін кәріз жасалынады;
өзен жағалауларын бекіту үшін жұмыстар жүргізіледі;
топырақ массаларының жылжуына, механикалық әдіс жұмыстары жүргізіледі;
топырақтың жылжуына тұрақты бақылауды ұйымдастыру;
жасыл ормандарды қорғау, құрылыс жұмыстарын қысқарту.
Осы шаралардың бәрін өткізу үшін арнайы станциялар ұйымдастырылды.
Лекция 8 Жерді қолдану мен орналастыру, ауыл елді мекендердің территориясында жерді пайдалану мен орналастыру көлемін талдау
Ауыл елді мекеннің жерін қолдануына оның орналасуы мен аймақтануы үлкен әсер етеді. Ауылдар көл немесе бұлақ жанында, өзен бойында, жайылымдар арасында, орман жанында орналасады. Ауыл елді мекен зоналарының орналасуы каналдармен, электр жүйелерімен, байланыспен, щоссемен, жолмен тығыз байланысты. Осындай немесе басқа себептермен тұрғын пунктердің орналасуы әркелкі. Кейде біртұтас, төртбұрыш секілді немесе шашыраңқы, кейде магистраль жолдар мен өзендер бойымен бөлініп кетеді. Егер зонаны яғни ауыл шаруашылыққа пайдалану жерлерін таңдасақ, онда бұдан да әр түрлі болып кетеді (2.1 - сурет).
Ауыл елді мекендердің жер қолдануы ауыл шаруашылықтың пайдаланатын жердің ерекшелігі мен сол жерлердің құрылымымен байланысты. Аудандарда егістік жерлердің басым болғаны соншалықты мал бағар жер жоқ және де осыған қарсы жайылым жерлері басым да, жыртылған жерлері аз аудандар да бар. Осылардың барлығы мал жаюға, жем шөп өндіруге, бақша егуге ауыртпалықтарын туғызады (2.2-сурет).
Ауыл қонысының жерлерді пайдалануы құрылыстың тұрғын зоналардың мінездемесімен тығыз байланыста. Мұнда құрылыстың тығыздығы өте төмен. Бірақ олардың ауытқу диапазонының өлшемі 0,1 - ден 1,0 га дейін. Қоныстың бір қатар пайдаланылмаған квартал жерлері бар. Сонымен тұрғын зоналарда әр түрлі конфигурациялы болып келуі мүмкін, яғни тік төртбұрышқа жақын, ұзынша лента бойымен және т.б.
Жер шаруашылықтың ауыл мекендердің орналасуының бір мақсаты жерді қолдануды ретке келтіру. Ауылдарда усадьбалық учаскелердің конфигурациялары мен орналасуы, өлшемі қаралады (2,3-сурет). Кей жерлерде көп қабатты құрылыс маңайында усадьбалық учаскелер жоқ, ал бақшалар мен мал қоралар жақын немесе көп қабатты тұрғын үйлерден белгілі бір қашықтықта орналастырылған.
Шаруашылық жерге орналастыру жобасын жасауда міндетті түрде үй - жай маңындағы пайдаланатын осындай немесе басқа да кемшіліктерін шешу қажет.
Шаруашылық жерге орналастыру мен жоспарлауда, құрылыстарды орналастыруды түгел қарап және оған нақты мысалдар келтіре отырып талдаймыз.
Бұрынғы совхоз, қазіргі «Подлесный» кооперативі Шортанды ауданында орналасқан, Ақмола қаласының облыстық орталығынан қашықтығы - 62 км. Шаруашылықтың барлық жер көлемі - 45 мың га, оның ішінде 28 мың га егістік. Орталық усадьбасы «Раевка» поселкасы болып табылады. Екінші бөлімшенің усадьбалық орталығы «Лукашевка» селосы, ал үшіншісі - «Гуляй поле» поселькесі. Мұнда 816 адам тұрады. Қосымша шаруашылық орталығы
«Новографское» селосы (1149 халық).
Сурет 2.1 Территорияны аймақтау ерекшеліктері
Сурет 2.2 Тұрғын зоналардағы жердің орналасу ерекшеліктері
Сурет 2.3 Усадьбалық учаскелер орналасу ерекшеліктері
Көшелер жүйесі алты кең көшелерден тұрады. Алғашқы құрылыс кварталдары болды, бірақ қазіргі кезде квартал территориялары ескі үйлердің қирағаны көп, сондықтан да кварталдар анық байқалмайды. Тек жаңа құрылыс ауданы селитебті зона бөлігіндегі солтүстік батыс бетінде ықшамды құрылыс бар. Алғашқы үй 1970ж. салынған.
Барлығы бір қабатты құрылыстар. Құрылыс материалдары негізінен - саманнан, олардан 72% тұрғын үй салынған. Мұндағы шағын мекенінде тұрғын орнында бір этажды (бір қабат) құрылыс көрсетілген.
Раевка поселкесінде аз пайызы ғана екі этажды тұрғын үйді құрайды.
Селода әр кезде соғылған мекемелер бар.
Бұл материалдарға қарай отырып мұндағы жекеленген тұрғын құрылыстар жүзеге асырылған (бұл 50-ші жылдарға дейін). 60-шы жылдардың басынан осы кезге дейін тоқтатылған. Мұнда үлкен масштабта мемлекеттік құрылыс жүргізілген, ол халықтың қажет тұрғын ауданын қамтамасыз етіп отыр. Жерді пайдалану позициясы негізінен «Гуляй поле» ауылына кеңінен таралған.
Гуляй поле селосы 1903ж. Самара губерниясының көшпенділері басында 6 үй болған. Ал 1940 жылда 300 адамға дейін жетті. Бірақ кейін ол тұрғынсыз қалды. 1990 жылдары онда 820 адамға жетті, Гулей поляға бірнеше кіретін жерлер бар, байланыс негізгі жолмен болады, одан басқа ауылға кіретін 8 жол бар. Сол себептен ауыл елді мекен жерін ұйымдастыру қиынға түсіп тұр. Ауыл территориясы 2 функционалдық зонаға бөлінеді: селитебті және өндірістік. Селитебті зонасы ауылдың ең үлкен бөлігі болады. Өндірістік зонасы ауыл төңірегінде орналасқан. Ол 3 формадан тұрады: 1) 2 ірі қара
малдар; 2) бір шошқа фермасынан.
Ірі қара фермасының біреуі селитебикалық зонасының солтүстік жағында орналасқан, фермаға негізгі жолдың біреуімен тұрғын зонаның үстімен өткендіктен, оған функционалдық зоналау кемшілігі байқалады. Санитарлық нормаға келмейтін 150 м қашықтықта ең жақын тұрғын үйлер мен ферма ғимараттарының арасы болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |