Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл


Лекция 9 Жобаның құрама бөліктері ауылдық елді мекен шекарасын анықтау



бет14/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
елді мекен жоспарлау методичка

Лекция 9 Жобаның құрама бөліктері ауылдық елді мекен шекарасын анықтау.

Елді мекенге қажетті жерлерді бөлу.
Осы міндеттерді шешу қажеттілігі жоба мазмұнымен анықталады Ауылдық елді мекен шекарасын анықтау жобасының әдістеріне дәлірек тоқталайық.
Елді мекеннің даму келешегін анықтау, аудандық жобалау схемасында немесе аудандағы жерге орналастыру схемасының арнайы жобаларынан табуға болады. Мұнда дамудың маңыздылығы, тығыздығы және орналастырудың типтеріне ұсыныстар бар. Мұндай құжат болмаса немесе ол ескіріп қалса, онда есептеулер жүргізу керек. Келешектегі тұрғындардың саны тұрғындық табиғи және механикалық қозғалысы негізінде статистикалық тәсіл көмегімен анықталуы мүмкін. Егер жұмыскерлердің қажетті санын есептеу үшін еңбектік тепе-теңдік тәсілі көмегімен анықтауға болады. Елді мекеннің әкімшілігінің қатысуының маңызы бар, ол сол немесе басқа әкімшілік ұйымдардың санын анықтайды. Елді мекенде тек кәсіпорындар мен ұйымдар ғана болмайды. Мұнда әдеттегідей шешімдерді сақтау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар орналасады.

Сурет 2.5. «Конкрынка» ауылының жоспары


Кейбір кәсіпорындарды орналастыру ерекшеліктері болады, ол ауылдың шекарасын орналастыруда ескерілуі керек, яғни жолмен байланысты астық қабылдау пунктері кейбір кәсіпорындар елді мекеннен санитарлық тұрғыдан алыс орналастыру керек және т.б. 1 м құрылысқа жүргізіледі, егер ауылды жобалау және құрылыс жобасы болса, онда оны пайдалану керек.


Қора-қопсы шаруашылығының өлшемдері әртүрлі позициялар бойынша анықталуы мүмкін, қалыптасуы дәстүрге және дұрыс анықталған аудандарға, мал басына және т.б. сүйене отырып, көлік байланыс, басқа да коммуникация ғимараттары үшін аудандарды анықтау іріленген көрсеткіш бойынша, не жерді бөлуге сәйкес жоба бойынша жүргізіледі.
Қорғалатын территорияның, су көздерінің қосалқы кеңістіктердің жекелеген ретімен анықталады. Қордың елді мекеннен 0,5 км аспауы керегін естен шығармау керек. Аудандарды есептеп болған соң оларды орналастыру қажет. Сонымен құрылыс аудандарының даму міндеттерін пайымдау туындайды. Мұнда жердің сапасына байланысты ауыртпалықтаркездеседі.
Елді мекеннің табиғи шекарасы пайдаланылатын жермен ұштастырылуы керек. Елді мекеннің шекарасы белгілі және түсінікті болу керек. Жобаны құрастыру келесі ретпен жүреді:

    • дайындық камералды және далалық жұмыстар;

    • жобаны жасау;

    • қарау, жобаны бекіту және құжатты беру.

Жобалық картографиялық материал салынған территорияға (масштаб 1:2000 - 1:5000), тіркелген жерлерге де (масштаб 1:10000 - 1:5000) таңдалады. Далалық жерге орналастыру ізденістері ауыл әкімшілігі, жер пайдаланғандар, жерге орналастыру және сәулет қызметі мен жобалау
ұйымдарының өкілдері бар құрамдағы комисиямен жүргізіледі.
Іздестіру процестері кезінде анықталады:

    • елді мекен пунктерінің нақты өлшемдері, соның ішінде қора- қопсы жерлері, бақша, бау және т.б. жер аты мәліметтері бойынша;

    • жеке пайдаланудағы мал саны.

Далалық жұмыстар нәтижелері актіде көрсетіледі және жерге орналастыру ізденістері сызбасына енгізіледі.
Дайындық жұмыстары материалдарының негізде елді мекеннің нақты шекарасы, оның ауданы мен территориялары анықталады.
Ауылдық елді мекеннің шекарасын аудандық атқару ұйымдары анықтайды және өзгертеді. Қала, ауыл, поселка шегінде жер учаскелерін енгізу жеке меншік құқығымен шектеледі.
Ауылды елді мекен шекараларын ауылдық әкімшілік берген тапсырма негізінде анықтайды. Мұндай тапсырмалар елді мекен үшін құрастырылады.
Шекараны анықтау жобасын ауылдың әкімшілігі қарайды және аудандық әкімшілік бекітеді. Шекараны анықтау жобасы графикалық және текстік бөліктен тұрады. Графикалық бөлікке кіреді. Далалық жерге орналастыру ізденісі сызбасы, шекараны анықтау жобасы. Текстік бөлім, жобалауға тапсырма, далалық жерге орналастыру ізденістер актісі, есептік - түсініктеме хат, жобаның өту құжатынан тұрады.
Ауылдық елді мекен шекараларын анықтау жобасын құрастыру проблемалары мен жиынтықтары мыналардан тұрады:

    • елді мекен пунктерінің даму келешегі міндеттерін анықтау қиындайды. Жекешелендірулер жүргізілуіне, шаруа қожалықтары, АҚ, серіктестер, кооперативтер құрылуына байланысты анықтау қиын;

    • жеке қосалқы шаруашылықтардың дамуын жобалаудың міндеттері қиынға түсіп отыр. Соңғысы шексіз өсуі немесе нөлге дейін келуі мүмкін. Жергілікті болашақ ұйымдардың міндеті осы мәселелерді шешу;

Ауылдық әкімшілік құзыретке қарайтын ауыл шаруашылық пайдаланудағы жер ауданы өлшемдерін анықтау міндеттерін - құрастырайық, Ақмола облысы «Ленин жолы» ЖШС мысалында (Кесте 2.3).
Шабынды елді мекеннің жеке меншік - малына қажетті мал азығының қоры ауылда мейлінше өзара өзгешелігін көрсетеді. 1991ж. жер туралы реформа заңында елді мекен шекарасына жайылымның салытырмалы үлкен ауданы енгізілген. Олар халықты жасыл мал азығымен қамтамасыз етеді. Бірақ басқа азықты шөп, концентраттарды басқа жерден сатып алуға тура келеді. Сондықтан, басқа азықты өндірістік вариантты қарастырамыз. Мұндайда жайылым, шабындық және егістіктің аудандары мейлінше өседі, ауылдық мекен жер шекарасының сызбасы өзгереді (Сурет 2.6). Мұндай шешім «жер реформасы туралы заңға» қайшы келмейді. Оның жақсы жағы, халық өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланыссыз тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Талдаулар ауыл шаруашылығындағы пайдаланылатын жерлердің өсуін халықтар жақсы қолдайтынын көрсетті.
Бұрынғы Ақмола облысы С. Сейфуллин атындағы кеңшарда орналасқан Елизаветник елді мекенінің шетінде жобаның екі вариантын қарастырамыз. Жобаны тігу кезінде (1995ж) ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарының өсуі байқалады. Сондықтан, келешекте жеке меншіктегі мал санының 20%-ке өсуі қарастырылады. Одан әрі мал жайылымға аудан бөлуден басқа, концентратты азықпен қамтамасыз ету үшін шабындық аудандарын қарастыру керек. Бірінші вариантта ауыл елді мекеннің шекарасы көпбұрышты формалы контурлы шабындықтан тұрады. Оның сызбасын өзгертіп, жайылымда шабындықтың контурлық түбегейлі жақсарту қарастырылады, себебі бұл учаскенің бонитет балы онша жоғары емес.

Сурет 2.6 Ауыл елді мекен жерлерінің функционалдық орналасу схемасы



    1. Лекция 10 Ауыл шаруашылық жерлерді пайдалануды ұйымдастыру

Пайдаланылатын жер құрамының келешектегі құрамын анықтау қажеттілігі туындайды. Негізі болып сапалық сипаты қызмет етеді. Пайдаланылатын жердің нақты құрамы жарамдылық категориясы және жер класы бойынша зерттеледі. Жойылатын жердің шабындысы, жайылымның мүмкін болатын ауданы анықталады. Топырақтың зерттеулер материалы, жер класы бойынша жерді жақсарту және қорғау шаралары анықталады.


Жобалауға тапсырма бойынша жайылымның кезеңнің даярлық айлары үшін жасыл азықпен бір қалыпты қаматамасыз ету мақсатында жасыл конвейр жасалады. Ол үшін жайылымдық кезеңнің әрбір айы бойынша жасыл азыққа деген қажеттілік анықталады, бұл қажеттілікті бірінші кезекте табиғи және жақсартылған жайылым есебінен жабады. Жетіспейтін қажеттілікті азықтық дақылдарды себу есебінен толтырылады. Жасыл конвейр дақылдары аңызға орналастырылады.
Агроэкономикалық есептер нәтижелері бойынша ауыл шаруашылық дақылдары құрамы және себілетін аудан құрамы анықталады. Аудандар нақтыланады және қосымша қора-қопсы учаскесі, бау алқабы орналастырылады. Пайдаланылатын жерлерді трансформациялау және жақсарту жоспары құрастырылады. Пайдаланылатын әрбір жер құрылысы жүргізіледі.
Ауыл территориясын орналастыру ауыспалы егістікті ұйымдастыруды және оның территориясын орналастыру қамтылады. Әдеттегідей бір азықтық ауыспалы егістік жобаланады, оған жасыл конвейр дақылдары кіреді. Сонадай-ақ оған тағы бір жылдық және көп жылдық шөптер кіруі мүмкін. Ауыспалы егістік танаптарының саны аз етіп жобаланады. Үлгілік схемасы:

- жүгері - арпа - бір жылдық шөп - бір жылдық шөп - көп жылдық шөп.
Танаптар топырақтың шектеріне байланысты танап жолдары жобаланады. Тұрғын үйлердің кварталдың сыртына шығарылған, үй маңындағы учаскелерде жүргізіледі. Әр жанұяға учаскелердің шектері белгіленеді, ыңғайлы жүру жолын қамтамасыз ету мақсатында участок танаптарының шекаралары бойынша негізгі жолдар жобаланады. Бұл орналастыру суару тәсілінде сәйкестендіріледі.
Мал басына және түріне байланысты жайылым жерлер бекітіліп мал азық алаптарының территориясы орналасады. Жайылым, шабындық және олардың танаптары, жаздық алаңдар, суару пунктері және мал айдау жолдары жобаланады. Тек бөлініп орналастырылған жайылымға байланысты малдар түріне және жоспарына байланысты отарларға бөлінеді. Отарлар саны ірі шаруашылықтар үшін 21 - 50 бастардан тұрады, ауыспалы жайылымдар бөлек жақсартылған және табиғи жайылым болып жобаланады. Танаптардың аудандарын үлкейту үшін ауыспалы жайылымдар аз мөлшерде 3-4 танаптарға бөлінеді. Ірі танаптарда малды айдау жолдары жобаланады. Жаздық жайлауда тек елді мекенге байланысты немесе олардың қашықтығына байланысты тек жолақтанып орналасқан жайылымдар орналасады.
Ауыл шаруашылығын пайдалануда жерді орналастыру жобасы анализін Елизаветника селосында қарастырамыз. Ауыл елді мекенінің егістік жерінде бір мал азықтық танап жобаланған. Дақылдар айналымын орналастыру үшін жасыл конвейр жасалған оның мақсаты жеке малдары жайылым уақытында пайдалануда, айларда ауыспалы бірқалыпта қамтамасыз етілген. Бұл үшін жайылым кезеңінде әр айда азық қажеттілігі анықталған және бірінші кезекте табиғи жайылымның осы қажеттілікті жабу мүмкінділігі анықталған.
Жеткіліксіз қажеттілікте себілген дақылдар негізінен бір жылдық шөп, көп жылдық шөп, арпа, сүрлемдік жүгерімен қамтамасыз етіледі.
Егістік участкелердің орналасуы ескеру арқасында ауыспалы егіс жалпылама орналастырылады. Танап жолдар бұрынғыша қалады, яғни бұлар танап шекараларымен өтеді (Сурет 2.12., 2.13).

Сурет 2.12 Усадьбалық учаскелерді реттеу фрагменті


Сурет 2.13 Шекті тағайындау схемасы, 1-вариант, 2-вариант



      1. Лекция 11 Жерді тиімді пайдаланудың тарихи және әлеуметтік - экономикалық проблемалары

Жер ресурстарын пайдалануда әлеуметтің, экономиканың және экологияның маңыздылығы. Жерді тиімді пайдалану бойынша жұмыстардың даму кезеңдерінің негіздері. Жер ресурстарын пайдалану проблемаларына байланысты теориялық сынақтау.Әртүрлі ресурстардың ерекшіліктері мен классификациясы. Игеруге келетін және игеруге келмейтін ресурстар. Болжау, жоспарлау және жүйелерді жобалау шаралары бойынша сапасын жақсарту және оларды пайдалану. Жоспарлау мен болжаудың кезектілігі. Методологияның ерекшіліктері. Жер ресурстарын басқару.Жер ресурстарын болжаудың негізгі міндеттері мен принциптері. Болжау классификациясы. Болжаудың мазмұны. Болжау объектілерін сұрыптау. Болжауды қабылдау мен әдістері: эксперттік бағалау, логикалық болжау, экстрополяция, өлшемдерді модельдеу, болжаудың жүйелі - факторлы әдісі. Болжау верификациясы. Жер ресуртарын пайдалануоблысындағы болжау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет