Лекция 1 Аутизм теориясының негізгі даму бағыттары когнитивті, органикалық, генетикалық


Бала аутизмінің диагностикалық сындықтары



бет9/14
Дата05.06.2023
өлшемі39,27 Kb.
#98738
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лекциялар жинағы

Бала аутизмінің диагностикалық сындықтары

  1. Әлеуметтік өзара іс-әрекет жасаудың сапалық бұзылыстары:

а) басқа адамдардың эмоцияларына реакцияларының болмауынан және\немесе әлеуметтік жағдайға сәйкес тәртіпке ауыса білмеуінен байқалатын әлеуметтік-эмоциялық белгілерді дұрыс бағаламауы;
б) әлеуметтік өзара әрекеттік қатынасты (көзқарас, мимикалық бейне, ым-ишарат) реттеу үшін дұрыс пайдалануға қабілетті болмауы;
в) құрдастарымен өзара байланысты орнатуға қабілетті болмауы;
г) басқа адамдармен ортақ қызығушылықтардың, әлеуметтік-эмоциялық өзара қатынастың болмауы.
2. Қарым-қатынастың сапалық бұзылыстары:
а) сөйлеу тіл дағдыларын коммуникативті тұрғыда пайдаланбау, бұл кемшілікті дауыстың қарқыны мен айқындығын, ишарат пен мимиканы пайдалану арқылы орнын толтыруға деген ұмтылысының болмауы;
б) әңгімені бастауға немесе қолдауға қабілетті болмауы (сөйлеу тілі дамуының қандай да бір деңгейінде), сөйлеу тілдік айтылымдардың икемділігінің жетіспеушілігі, қайталанатын және стереотипті сөйлеу тілі;
в) рөлдік және әлеуметтік-еліктеу ойындарындағы тәртіптің бұзылуы, қарым-қатынастағы үйлесімділік төмен болып, өзаралықтың болмауы.
3. Тәртіптің, қызығушылық пен белсенділіктің шектеулілігі, қайталануы және стереотиптік түрлері:
а) күнделікті өмірдің көптеген жақтарындағы тәртіпті қатал және бір қалыпта орнатуға ұмтылады; белгілі бір заттарға, іс-әрекеттерге (салттарға), қызығушылықтарға ерекше үйір болу;
б) стереотиптік және шектеулі іс-әрекеттерге және қызығушылықтарға шектен тыс берілу;
в) моторлық стереотипия;
г) бөліктерге немесе ойыншықтардың қызметке қатыссыз элементтеріне (олардың иісіне, сыртқы бетіне, олардың шығаратын дыбысына немесе дірілдеуіне) көп көңіл бөлу.
Бала аутизмінің қосымша диагностикалық белгілерінің сапасы ретінде белгілі бір ерекшеленбейтін проблемалар да: қорқу, ұйқы мен тамақтанудың бұзылуы, ызақорлық пен агрессия оның ішінде өзіне деген агрессия (өзіне-өзі зақым келтіру – мысалы, өзінің білегін тістелеу), көрсетіледі. аутист балалардың көбінде демалысын, қиялы мен ойындағысын аяқ астынан, икемділікпен, ынтамен және шығармашылықпен ұйымдастыру қабілеті жетіспейді, ал шешімді қабылдауда, қабілетінің барлығына қарамастан, олар үшін жалпы түсінікті пайдалану қыиндық туғызады.
сөйлеу тілінің ерекше тапшылығы, сөйлеу тілінің ерекшелігін; эхолалия, метафориялық тіл, жіктеу есімдіктерін пайдаланудың бұрмалануы байқалады.
Бала аутизмніде сандырақ пен көзге елестеу болмайды. Аутистік регрессияның (қалыптасқан психикалық қызметтер мен дағдыларды жоғалту) барлығын анықтау маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет