Лекция 1 Аутизм теориясының негізгі даму бағыттары когнитивті, органикалық, генетикалық



бет8/14
Дата05.06.2023
өлшемі39,27 Kb.
#98738
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Баланы бақылау. Аутист балардың ерекшеліктерін: қарым-қатынастың қандай түрін болсын орнату мен қолдаудағы қиындықтарды есепке ала отырып, бақылау жиі жағдайда баланы диагностикалық тексерудің негізгі тәсілі болып табылады. Баланың ерекшеліктері туралы диагностикалық ақпаратты алу үшін белгілі бір жағдайлар мен талаптарды сақтау керек. Оларға мақсаттың нақты болуы, бақылаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі немесе берілген болжамға қарай іріктеп тексеру жатады.



Аутизмі бар баланы бақылау сызбасы



  1. Байқау түріндегі тексеру. Ерте жастағы балаларды тексерген кезде тексерісті баланы анасынан ажыратпай, анасымен әңгімеден бастауды ұсынады, балаға жаңа жерге, бөтен адамдарға үйренуге уақыт беріледі.

Бір жасқадейінгі баланы тексеру жағдайында ендіру олардың көңілін ашық түсті дыбысталатын ойыншықтарға аударып, мейірімді эмоциялық-сөйлеу тіл көмегімен әсер ете отырып, ет сезім арқылы қатынасты біртіндеп және сақтықпен пайдалану арқылы жүреді.
Тексеру жұмысын балаға қолжетімді, қызықты жеңіл тапсырмалардан бастаған дұрыс. Егер қызмет балаға кері әсеретіп, ол бас тартқан жағдайда тексеру жұмысы тоқтатылады. Егер бала ересек адамның сөзіне көңіл аудармаса, онда оған ересек адамның ойын іс-әрекетін бақылау ұсынады. Тәжірибе жүргізуші баланың ересек адамның іс-әрекетіне көңіл аударуын, қызығушылығының белсенділігі мен тұрақтылығын, болып жатқанға деген эмоциялық қатынасын, экспресиивті-мимикалық реакциясын бақылайды.
Тексерудің бастапқы кезеңінде баланың мүмкіндігін мақсатты бағытталған тексеру жолымен анықтау мүмкін емес: жиі жағдайда ол айтылған сөзге көңіл аудармайды; нұсқауды орындамайды, әңгімеге араласпайды, ұсынылған тапсырмаларды, ойынды немесе сурет салуды орындауға қатыспайды. Бұндай тексеру баланың біртіндеп, үйренгеніне және онымен арадағы қатынастың дамуына қарай мүмкін болады, бірақ бастапқыдағы өзара іс-әрекет ерекше түрде жүруге тиісті.
Бастапқы ттексеру жұмысын бір маманның (психолог немесе педагог) бастағаны дұрыс. Бұндай тәсіл баланың таныс емес жағдайға тез үйренуіне, үрей мен қобалжуын басуға мүмкіндік береді. Баланың жаңа жағдайға үйренуіне қарай, тексеру жұымысына біртіндеп басқа мамандар да (логопед, психиатр) тартыла бастайды, бірақ бұл өте сақтықпен жүргізіледі.
Бірінші тексеру уақытында жеке психикалық қызметтер дамуының сандық көрсеткіштері маңызды болмайды, тәртіптің жалпы сапалық қызбалық механизмдердің көмегімен құрайтынын, қандай деңгейде екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Байқау тексеру жұмысы үшін баланың жасы мен мүмкіндіктеріне сәйкес, танымдық қызмет пен эмоциялық-ерік саласын зерттеудің жалпыға бірдей қабылданған тәсілдері пайдаланылады. Баланың тапсырманы орындаған кезінде, белгіленетіндер:

  • іс-әрекетің сайма-сай болуы (тапсырманы қалай қабылдайды);

  • тапсырманы орындау тәсілдері;

  • орындау барысындағы үйретуге жарамдығы;

  • орындау қағидасы белгілі тапсырмалар қалай орындалады (сортерлер, пазлдар, «Пошта жәшігі», «Сеген тақтайы») және орындауда үлгіні бағдарлауды, талапты сақтауды, жоспарлауды, орындау мен бақылауды талап ететін тапсырмалар («Үлгі бойынша құрастыру», «Кесілген суреттер», «Коос текшелері» және т.б.). Соңғы тапсырмаларды орындау түрі қызметті еркін реттеу деңгейін, ойлауды мақсатты бағытталуын бағалауға мүмкіндік береді.




  1. Диагнозды қою. Бала аутизмі диагнозын психиатр дәрігер анықтайтын, психикалық бұзылыстарға жатады. Бұл диагнозды қою үшін дамудағы ерекше ауытқушылықтар баланың өмірінің алғашқы үш жылында анықталуға тиісті, бірақ синдромның өзі барлық жас топтарында диагностикалануы мүмкін. «Бала аутизмі», сондай-ақ «Каннер синдромы», «Аутистік бұзылыстар» диагноздарын қойған кезде, аурулар 10 рет қайта қаралатын халықаралық жіктеуде келесі диагностикалық көрсеткіштер ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет