Лекция 6 АСБ балаларың ата-аналарына педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету Ата-аналармен жұмыс Тәжірибеде көрсеткендей, ата-аналар мамандарға көмекке жүгінуде балаларының білім алуына басты назар аударады. Бұл да өте маңызды кезең екендігі сөзсіз, алайда баланың одан әрі дамуына ықпал ететін әлеуметтік-тұрмыстық әлемін бағдарлауға аз көңіл бөлінеді.
Білім беру барысында педагогтер балалардың әлеуметтенуге бейім емес жайттарымен жиі кездесіп тұрады: үйде олар үшін бәрін ата-ана орындайды (оны ата-аналардың өздері де мойындайды, оларды бейімдегеннен гөрі өздерінің жасай салғаны тиімдірек және тезірек деп ойлайды). Балаға тек өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын (жуыну, киіну/шешіну, өз бетімен тамақ ішу) білу маңызды деп есептейді, ал қалған жайтта ол қауқарсыз немесе жасай алмайды.
Ата-аналар баласының мінез-құлқы үшін ыңғайсыздықты сезінуден және қоршаған орта алдында ұялудан, қоғамдық және мәдени мекемелерге барудан қашқақтайды, сол себепті жеке көлікпен қуана-қуана жүреді.
Біз бұның тығырықтан шығар жол емес екендігін жақсы түсінеміз, педагогтердің міндеті – баланың ептілігін және әлеуметтік дағдыларын тек мектепте ғана үйрету маңызды емес екендігін, үйде де дамытып отыру керектігін ата-аналарға түсіндіру. Ол үшін ата-аналар жиналысы, кеңестер, ашық сабақтар өткізіледі, отбасылық көрмелер, шығармашылық акциялар мен шаралар ұйымдастырылады, бұл шараларға қатысуда ата-аналар белсенділік танытады. Педагог ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу керек, олар бала туралы ақпарат көзі болып қана қоймай, оның әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыратын басты тұлға болып табылады. Сонымен қатар бұл жағдайға өзге де туысқандарды (ағасы, апасы, атасы мен әжесі) тартуды ұсынамыз.
Ата-аналарға арналған сауалнама
Құрметті ана-аналар, сіздерден ұсынылып отырған сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз. Сіздердің дұрыс жауаптарының мамандарға Сіздің балаңыздың даму ерекшелігін жақсы түсінуге көмектеседі. Дұрыс жауаптарыңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз.