Лекция 1 Аутизм теориясының негізгі даму бағыттары когнитивті, органикалық, генетикалық



бет6/14
Дата05.06.2023
өлшемі39,27 Kb.
#98738
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тәртіптің жалпы ерекшеліктері:

  • бөлме бойымен жүре бере ме, белсенді түрде өрмелеп, орындық, үстел, шкафтарға шыға ма, тесіктерге кіре ме және т.б. немесе қандай да бір немесе бірнеше жерде болғанды ұната ма;

  • ол үстелден ойыншықты, кітапты, қарандашты немесе басқа да заттарды ала ма, бұл заттарды қалай пайдаланады;

  • бала тез қажи ма, онда ол не істейді: тыныштала ма, еденге жатып дем ала ма, апасына бара ма, оған жабыса ма, тамақ, сусын сұрайды, қозады, қимыл стереотипиясы пайда болады;

  • моторлық стереотипияның болуы немесе болмауы. Егер ол болса, олардың түрін және баланың оған қаншалықты берілуін талдау қажет;

  • баланың қозғалысы мен дене қимылдарының өзара үйлесімділігі, оның мимикасына, әдеттегі қалыптарына, ырғағына, қимылдың сәйкестігі мен үйлесімділігінің ерекшеліктеріне көңіл аудару;

  • қол қимылының жалпы икемділігі мен нақтылығының арақатынасын бағалау.



Эмоциялық сала:

  • эмоциялық реакциялары қаншылақты айқын және сан алуан немесе ол байқалмайды (беті қатып қалғандай, маска тәрізді, немқұрайдылық);

  • эмоциялық реакциялары болып жатқандарға қаншалықты сәйкес келеді;

  • эмоция қандай жағдайларда байқалады, олардың психологиялық уәжі.



Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың түрі

  • ол анасына қаншалықты берілген (айқын байқалған симбиоздан мүлдем елемеуге дейін);

  • анасына бара ма, анасына ойыншық әкеле ме, одан өзіне көңіл аударуды талап ете ме немесе бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа үлкен қызығушылық таныта ма;

  • баланы оның анасының көңілін басқа біреу өзіне аударатыны ашуландыра ма, ол оны алып кетуге, көңілін аударуға тырыса ма, өзі туралы жағымсыз сөздерді айтқызбау ол үшін маңызды ма немесе анасының қолында бәріне шыдап отыра бере ме;

  • анасымен ажырасуға қалай қарайды («Незнакомая ситуация» Айнсворт тесті).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет