Лекция №1 Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәніне кіріспе



бет19/33
Дата06.04.2022
өлшемі344,42 Kb.
#30094
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
Современная Истори. лекция.

Лекция №10. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі

1.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы.

2.Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың стратегиясы.

3.Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту


1. Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеу­мет­тік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бо­йынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріп­тес­терінен ілгері озып кетті. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты.

Бүгінде әлеуметтік дамудың жаһандық тренді «ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА» өтуге барып тіреледі. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталан­дыру­дың жүйесін құру - Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.

Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандық­тыңөміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді.

Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқақызмет етіп, пайда әкелуі тиіс.

Бүгінде әлеуметтік салаға әшейін «түпсіз» қаржылық құюлар маңызды емес.

Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерін азат ету мақсатында заңнамалық, ұйым­дастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал етудің нақты шаралары қажет.Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген жағдайда ғана табысты болады.



"Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді.

Адам капиталы – ол дамудың келесі жоғарғы сатысы инновациялық экономика мен білім экономикасын қалыптастыратын және дамытатын негізгі фактор. Инновациялық экономика – ол жоғары сапалы өмір, интеллект, білім, ғылым және жоғары сапалы адам капиталы.

Адам капиталының деңгейі мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді.1990 жылдан бастап халықаралық деңгейде адам даму потенциалының индексі (АДПИ) – елдің орташа даму деңгейін үш негізгі адам даму өлшемімен анықтайтын индекс:

1. Белгілі деңгейде елдегі денсаулық пен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін көрсететін адам өмірі ұзақтығының индексі;

2. Тұрғындарды бастауыш, орта және жоғарғы біліммен қамту және 15 жастан үлкендердің сауаттылық деңгейін көрсетіп елдегі білім жүйесінің жағдайын сипаттайтын білім беру деңгейінің индексі;

3. Әрбір тұрғынға шаққанда ЖІӨ-нің көлемі сатып алу мүмкіндігіне (САМ) пара-пар АҚШ долларынмен өлшенетін лайықты өмір деңгейі.

Бұл комплексті индексте азаматтық бостандық, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулық және мәдени даму көрсеткіші, қылмыс деңгейі, қоршаған ортаны қорғау т.б. көптеген факторлар ескеріледі. Адам даму индексі – 0-ден 1-ге дейін көрсеткішпен қабылданатын елдің даму деңгейі мен өмірдің сапасын көрсететін жиынтық көрсеткіші. БҰҰ эксперттерінің анықтауы бойынша елдің, адам дамуы потенциалының индексі (АДПИ) 0,9 және одан жоғары болса, ол дамыған, ол деңгейге жетпейтіндер – дамушы елдер. Көрсеткіші 0-ден 0,499-ге дейінгілер АДПИ-і төмен, 0,500-0,799 – орташа, 0,800-0,899 – жоғары, 0,900-дан көбі — өте жоғары болып саналады. Бұл көрсеткіштерді таңдау, мысалы қоғамдағы еңбек потенциалы ауру мен жарақаттың азаюы жұмыс күнінің саны мен еңбекпен қамту масштабының кеңеюі есебінен өсетініне негізделген.

Әлемдік банктің есебі бойынша АҚШ-тағы ұлттық байлықтың ішінде барлық өндіріс қорының (ғимараттар мен қозғалмайтын мүлік, машина мен құрал-жабдықтар) үлесі 19%, табиғи ресурстар — 5, ал адам капиталы — 76%. Батыс Еуропадағы сондай көрсеткіштер -23, 2 және 74; Ресейде — 10, 40 и 11-50%.

Сондықтан, адам капиталы постиндустриалдық қоғамдағы табиғи немесе жиналған байлықтан да құнды, ең маңызды қор болып табылады. Қазірдің өзінде барлық елдерде адам (зерделік) капиталы экономика дамуының қарқыны мен ғылыми-техникалық өрлеуді айқындайтын күшке айналды. Сондықтан, қоғамда осы капиталды шығаратын негізі — білім жүйесін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Бұл, елдің өндірісті күштерін жаңа сатыға дамыту жағдайында ірі механикаланған машиналық өндіріске негізделген индустриальдық кезеңнен, негізгі күш қамту саласы, ғылым, білім және т.б. болатын постиндустриальдыққа ауысқан ХХІ ғасырдағы әлемдік экономиканың келешек келбетін айқындайтын күш болады.

Материалдық байлықты өндіру өзінің маңызын сақтағанымен оның экономикалық тиімділігі алдымен жоғары сапалы мамандар, жаңа білім, технология және басқару әдісін пайдаланумен анықталады. Яғни алдыңғы қатарға өндірістің әдісі және білім, не зерделік потенциалы – адамның өзі шығады. Адам даму тұжырымдамасының теориялық негізі мен маңызды бөлігі болып адам капиталының теориясы, білім берудегі революциялық теория және одан шығатын қазіргі қоғамдағы экономикалық, технологиялық және әлеуметтік прогрестегі білімнің рөлінің алға шығу тұжырымдамасы болып табылады.

Жалпы қабылданған қағида бойынша адам капиталы дегеніміз – ол адамның қоғамдық өндірісте лайықты қолданғанда еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру арқылы, оның табысының өсуіне әсер ететін, белгілі инвестицияның нәтижесінде қалыптасқан сол адамның жинаған денсаулығы, білімі, тәжірибесі және мүмкіндігі болып табылады. Адам капиталының басқа капиталдарға тән қасиеттері болғанымен, олардан көп айырмашылығы бар. Бұл теорияның орталығында – адам, оның рухани және кәсіби жетілуге, жақсы тұрмыс пен байлыққа ұмтылуы тұрады. Яғни, қазіргі экономикалық жүйеде адам капиталы ұлттың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуде маңызы зор дербес ресурс болып табылады.

Қоғамның әрбір мүшесінің білім алу, зерделік, ақпараттық т.б. мүмкіндігі көп болған сайын, ұлт пен мемлекеттің зерделік ресурсы жоғары, экономиканың өсу қарқыны тез, қоғамның мүмкіндігі анағұрлым артық болады. Дамыған елдердің экономикалық артықшылығы көп жағдайда адам капиталының өзінің өлшемімен емес, адамның өндірістегі пайдаланған творчестволық еңбегі нәтижесінде шығарған өнімінің көлемі және сапасымен өлшенеді.

АДПИ-дің 2009 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстан адам даму индексі жоғарғы елдердің ішінде 82 орында болса, 2011 жылдың қарашасындағы деректе 68 орынға дейін көтерілді.Осы уақытқа дейінгі экономиканың дамуы табиғи ресурстарды пайдалану мен минеральдық шикізатты өндіріп экстенсивті түрде болғандықтан Қазақстан үшін адам капиталын дамытудың маңызы зор. Экономика мен әлеуметтік-мәдени салалардағы осы уақытқа дейін жүрген прогрессивті өзгерістерге қарамастан экономиканы модернизациялау мен индустриальды-инновациялық жолмен дамуға көшу қарқыны әлі жеткіліксіз. Қазақстан ғалымдарының жетістіктері мен елдегі білім жүйесі әлемдік ғылым мен білімдегі бәсекеге сай емес. Оның бір себебі Қазақстан экономикасының дамуы мен модернизациясы және мәдени-әлеуметтік механизмдер мен методологиялық негіздің дайындалмағандығынан бұл салалар осы уақытқа дейін индустриальдық доминанта тұрғысынан, яғни негізгі мақсат пен дамудың нәтижесі экономиканың шикізатты өндіруі мен материалдық капиталды пайдалану тұрғысынан қаралуында. 

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп,  алдағы  уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді. Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан  тұрғындарға  медициналық  қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.

1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды.  Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді.Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады.

Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді.

«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді.

Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар. Олар:



  • ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі;

  • денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы;

  • медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы;

  • аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы;

  • мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық;

  • жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы.

Қоғам салауаттылығының  маңызды көрсеткіші және де мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің факторы – адам денсаулығы болып табылады. 

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша мектептегі оқу кезінде  1-8 сынып бойынша дені сау балалар саны 3-4 есеге төмендейді, ал, оқудың аяғында түлектердің 84-88% денсаулықтарында әртүрлі ауытқушылықтар болады. Шылым шегушілердің, есірткі заттарын қолданушылар саны артады. Бұл дегеніміз, әлеуметтік – экономикалық мәселелерге байланысты емес (жастардың 68-70%-ы, душар болған және қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан), шамасы, жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмаумен байланыстыруға болады. 

Қазіргі уақытта жастардың 11-13%-ы (жалпы ТМД елдері бойынша), дене шынықтуры және спортпен үнемі шұғылданады, сонда экономикалық дамыған әлемдегі елдерде бұл  қоғам дамуының бірден – бір маңызды көрсеткіші және де 60-70%-ы құрайды. 



лбасының тапсырмасы бойынша «2020ж отандастарымыздың 30%-ға жуығы жүйелі спротпен шұғылдануға  тартылуы керек», ол 5,4 млн-ға жуық адамды құрайды, олардың 3,1 млн  мектепке дейінгі ұймның және елдің жастарын құрайды.

1.Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты-ұлттық білім моделін жасау.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты-адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.

Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

•   Қазақстан    Республикасының     тәуелсіз    егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

•   экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

•   ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.

Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының  нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы   Конституциясының   30-бабының   қағидасын толығырақ   мазмұндап,   білім   берудің   мемлекеттік   емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім  беру ұйымдарының  құқықтық негіздерін  нақтылап, білім       мекемелерінің      жаңа      әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы    қызметтік    міндеттерін    белгілеу    қажеттілігі туындады.



2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының атқарар рөлі өлшеусіз. «Мен «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу. Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру», деген еді Елбасы. Жобаның басым бағыттары ретінде негізгі үш бағыт айқындалды. Интеллектуалды адам капиталын қалыптастырудың бірінші алғышарты ретінде Мемлекет басшысы білім беру сапасын өскелең талаптарға сай дамытуды атап көрсетті. «Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші басым бағыты ретінде ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Жобаның үшінші бағыты ретінде инновациялық даму жүйесіне басымдық берілуде. Енді осы үш басым бағыттың қазіргі таңдағы ахуалын саралап көрейік. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде еліміздің білім саласы реформадан кенде болып көрген емес. Бір кездері әлемдегі ең озық үлгі ретінде танылған кеңестік білім беру жүйесінен ауылымызды аулақ салып, архивке аттандырдық. Ол заңды да шығар. Ақпараттық технология ғарыштап дамыған жаһандану жағдайында көненің көзіндей болған кеңестік білім беру жүйесінің заман сұранысына жауап бере алмағаны анық. Алайда, ең өкініштісі, ұзақ жылдар бойы халқымызды ағарту саласының өзегі болып келген сол кеңестік білім беру жүйесінің орнын алмастыратын тиімді де озық үлгіні әлі де таба алмай келе жатырмыз. Соңғы кезеңде Білім және ғылым министрлері екі-үш жылда бір ауысады. Жаңадан тағайындалған министр білім саласында өзінің реформаларын жүргізе бастайды. Келесі келген министр бұл бастамаларды жылы жауып қойып, өзінің көңіліне қонған өзгерістерді енгізеді. Сөйтіп, «апам да аң-таң, мен де аң-таңмын» дегендей, жүздеген мың мұғалім жаңа министр енгізген өзгерістердің қыры мен сырын түсінуге ден қояды. Міне, дәл қазіргі күні де еліміздің 300 мыңдық мұғалімдер корпусы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев енгізген білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыруға жұмылған. Әлемдік өркениет шоғырында ат төбеліндей ең дамыған отыз елдің қатарына ұмтылған Тәуелсіз Қазақстанның бағдарға алған шоқ жұлдызы – «білім – ғылым – инновация». Осы жылдар ішінде еліміздің білім саласында жетістіктер болмады деп ауызды құр шөппен сүрткен де жарамас. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің бүкіл мектеп жасына дейінгі тәрбие мекемелерін қамтыған «Балапан» бағдарламасы, интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі болып табылатын 20 Назарбаев зияткерлік мектептерін ашу бастамасы білім саласындағы бірегей жетістіктер екендігі даусыз. Әлемдік сапа дәрежесі мен инновациялық білім беруге негізделген жаңа үлгідегі интеллектуалды мектептердің мақсаты экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық саласына бәсекеге қабілетті болашақ кадрларын тәрбиелеу болып табылады. Мемлекеттің интеллектуалды әлеуетінің негізі, бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші – сапалы білім, сындарлы ғылым. Жоғары оқу орындары (ЖОО) жүйесі – қазақстандық білікті кадрларды қалыптастыратын және еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытатын орта. Бұл жүйе қаншалықты тиімді жұмыс істесе, елдің экономикасы да соншалықты дәрежеде дамитын болады. Бүгінде Қазақстандағы ЖОО-лар 200-ден астам мамандық түрі бойынша кадрлар даярлайды екен. 1990 жылдан бері елімізде ЖОО-ларда оқитындар саны үш есе артты. Сөйтіп Қазақстан ЖОО-лар саны жағынан әрбір миллион тұрғынға шаққанда Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты көшбасшы елдердің өзін басып озыпты. Ең өкініштісі, ЖОО жүйесіндегі сандық көрсеткішке сапалық дәреже мүлде сәйкес келмейді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде ЖОО бітіргендердің 50 пайызы ғана алған мамандықтары бойынша еңбек етеді. Қазақстанда тек педагог кадрларын даярлайтын 89 ЖОО (оның 33-і мемлекеттік, 56-сы жекеменшік) бар екен. Жыл сайын осы оқу орындарын бітіретін 34 мың түлектің тек 10 мыңы ғана мектепке келіп, мұғалім болады. Ал заңгерлер мен экономистерді даярлайтын ЖОО-лар қанша, бұл оқу орындарынан «мүйізі қарағайдай» диплом алып шығатын «мамандар» қанша десеңізші?! Қазір еліміздің ЖОО-лары даярлап жатқан бакалаврлар мен магистрларды еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз ете ала ма? Біздің экономикамыз үшін жыл сайын ЖОО-ларды тәмәмдайтын мыңдаған экономистер мен қаржыгерлер қажет пе? Жыл сайын Үкімет бюджеттен бөлетін миллиардтаған теңге гранттардың өтемі қайда? Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, бүгінгі күнге дейін еліміздің білім беру саласы мен еңбек рыногының арасында ешқандай байланыс болмай отыр. Еліміздің жоғары оқу орындары еңбек рыногының сұранысын зерттеп, экономикамыздың қажетін өтеуге толық дәрежесінде қызмет атқарып отырған жоқ. Бұл мәселелер төңірегінде біз Батыстың дамыған елдерінен әлі де көп нәрсені үйренуіміз керек-ақ. Мәселен, өркениетті Еуропа елдерінде мектеп түлектерінің тек 20 пайызы ғана жоғары білім алуға ден қояды. Жоғары білімсіз де қоғамға қажетті нағыз кәсіби мамандық иесі болуға болады. Білікті мишинист, іскер шаштараз да қоғамның қозғаушы күші болуға лайық. Жалпы, білім мен біліктілік ұштасқанда ғана экономика жемісті болмақ.

1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде мектепалды даярлықтан өткізу көзделген. Бұл - мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ.

Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.

Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.

Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдантұрады: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулыбілім, жоғары ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура).



Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұ­тыну­шы­лық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады. Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды. Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо­ми­калық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған. Бұл - практикалық, прагматикалық идея.

Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағ­дайын­дағы шешуші ұлттық фактор ре­тін­де, жаһандық бәсекелестік жағдай­ын­да, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс. Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ық­ти­мал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық деңгейдегі мемлекеттік қызмет­ші­лер ғана емес, сондай-ақ әлеу­меттік жаң­ғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс. Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет. Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді ке­ңей­ту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін дер кезінде түзетуді талап ететін болады. Екінші. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар белсенділігінің күшеюімен, олар­дың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адам­дар­дың өзінің құқықтары мен бостан­дық­тарын белсенді қорғауға деген ұмты­лыс­тары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйым­дастыру дәрежесі жоғарылайтын болады. Үшінші. Қазақстанда мемлекет - әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамашысы және басты қозғаушы күші. Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет - шетсіз-шек­сіз донор емес, азаматтар әл-ауқа­ты­ның өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды. Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске ба­ғытымен құрылады. Бұл масылдыққа жол жоқ дегенді білдіреді. Тек осындай жағдайда ғана Қазақ­стан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады. Төртінші. Әлеуметтік жаңғырту жо­лындағы айтарлықтай кедергі әлеу­мет­тік инфантилизм секілді кең тараған құбылыс болып табылады. Оның негізінде 90-шы жылдардағы «жабайы капитализмнің» өтпелі бастап­қы кезеңінде «жабысқан» еңбекке өңі айналдырылған, теріс көзқарас жатыр. Бұл игілікке жетудің алдамшы формуласы - «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтерді. Әлеуметтік инфантилизммен зорай­тыл­ған дөрекі тоғышарлық жаңғыр­ту­дың тежегіші болуға қабілетті. Бесінші. Қазақстандағы әлеуметтік жаң­ғырту БЭК шеңберіндегі инте­гра­циялық үдерістер аясында жүруде. Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеу­мет­тік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бо­йынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріп­тес­терінен ілгері озып кетті. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты. Біз көп жағдайда масылдық деңгейін төмендеттік. Сондықтан Қазақстанға, әлеуметтік реформалардың көшбасшысы ретінде, өзіне бастамашылдық алып, біздің еуразиялық интеграция бойынша барлық әріптестеріміз үшін тартымды болып табылатын әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды. Жаңғырту саясатын құруда барлық сын-қа­тер­лер­ді жай ғана есепке алып қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар қабылдау маңызды. Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: мен бірінші кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім? - деп сұрауы тиіс. Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары Жолдау-2012 әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін берді. Алайда, іс жүзінде әзірше проблематикалардың ең үстіңгі «қабаты» ғана «ашылды». Осы себепті, олар одан әрі шешуді қажет етеді. Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың барлық мемлекеттік органдар басшылыққа алуы тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін айқындау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет