Қазақстандағы жоғары кәсіби білім берудің тарихы мен қазіргі жағдайы Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады ( 2-кесте).
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды:
1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);
3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);
4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
1) Педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету
2) Білім беру мазмұнын жаңарту
3) Жан басына қаржыландыруды кезең-кезеңімен енгізу
4) Техникалық және кәсіптік білім жүйесінде дуалды оқытуды енгізу
5) "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасын іске асыру
6) ЖОО-лардың академиялық еркіндігін кеңейту
7) Оқытушылық-профессорлық құрамның және ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің өсуі
8) Өсу нүктелерінің болуы – "Назарбаев Университеті" ДБҰ – әлемдік деңгейдегі университет, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ
9) Болон процесіне мүшелік
10) "Болашақ" бағдарламасы
11) Ашықтық
12) Халықаралық әріптестікке ұмтылу
13) Көптілді білім беру;
14) Академиялық ұтқырлық және шетелдік топ-менеджерлер мен ғалымдарды тарту бағдарламасын мемлекеттің қаржыландыруы
15) Кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі
16) ЖОО-ларда қос дипломды білім беру бағдарламаларының болуы
17) Қабылданатын шешімдердің айқындылығы
18) Ғылыми деректер базаларына жазылудың болуы