Қазақстандағы Болон процесі Еліміз бұл үдеріске осыдан тоғыз жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2010 жылдың 11 наурызда Венгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды.
Қандай да бір істің болмасын екі жағы болады. Сол сияқты Қазақстанның Болон үдерісіне қосылудағы артық және кемшіл тұстары бар. Қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі – академиялық ұтқырлық. Академиялық ұтқырлық Қазақстандағы кез келген жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттің оқу орнын, оқу бағдарламасын, оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру.
Сурет-1. Болон процесі
2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді.
Болон процесінің басты мақсаттары:
- құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау;
- жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі;
- білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жүмылуы;
- түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау;
- әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау;
- университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту;
- үздіксіз білім беру;
- Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады
Ресми заңдық түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі «бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім қүжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болон процесі (Болондық қайта құрулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин.
Болон процесі – жалпы қызмет ұстанымдарына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі:
- еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
- ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
- жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;
- академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
- білім сапасын бақылау;
- студенттер мен студенттердің ұтқырлығын кеңейту;
нәтижелерге және студенттікорталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.