Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.
2010 жылдың наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Европалық жоғарғы білім аймағының 47-нші толыққұқықты мүшесі атанды. 60 қазақстандық университет Ұлы университеттер Хартиясына қол қойды. Осылай мамандарды даярлаудың Болондық декларация ұстанымдарына негізделген үш деңгейлі моделіне өту жүзеге асырылды: бакалавр - магистр - PhD докторы .
Болондық декларация 7 негізгі бағыттан тұрады:
1. Сәйкес дәрежелердің жүйесін қабылдау, сонымен қатар, дипломға қосымша енгізу арқылы еуропалық азаматтардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету арқылы және жоғарғы білімнің еуропалық жүйесінің халықаралық бәсекелестігін жоғарылату.
2. Екі циклды оқуды енгізу: алдын ала (pregraduate) және бітіруші (graduate). Бірінші цикл үш жылдан кем емес жалғасады, екіншісі магистр немесе доктор дәрежесін алуға әкелуі тиіс.
3. Жоғарғы масштабты студенттік ұтқырлықты қолдау үшін еңбек ауқымының сынақ бірліктерінің еуропалық қайтадан сынақталу жүйесін енгізу (кредиттер жүйесі немесе оқудың кредиттік технологиясы). Ол сонымен қатар студенттерге оқитын пәндерді таңдау құқығын береді. «Өмір бойы оқу» 4 тұжырымдамасының шегінде жұмыс істейтін, жинақтау жүйесіне айналған ECTS (European Credit Transfer System) жүйесі негізге алынған. Студенттердің ұтқырлығын дамыту мүмкін (жоғарыдағы екеуін орындау арқылы). Оқытушылар мен басқа да персоналдың ұтқырлығын олардың европалық аймақта жұмысқа кеткен уақытын есептеу жолымен кеңейту. Трансұлттық білім беру стандарттарын енгізу.
5. Сапаны қамтамасыз ету үшін сәйкес келетін өлшемдер мен әдістерді ойлап табу мақсатына бағытталған европалық ынтымақтастыққа ықпал ету.
6. Жоғары оқу орындары ішіндегі білім сапасын бақылауды енгізу мен ЖОО-нын қызметін ішкі бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту.
7. Жоғарғы білімде қажетті еуропалық көзқарасқа, әсіресе оқу жоспарларын дамыту облысында, институционаларалық ынтымақтастық, ұтқырлық сызбасы және біріккен бағдарламалар,тәжірибелік дайындық пен ғылыми зерттеулер өткізуге ықпал жасау.
Болондық декларация аясында бірыңғай еуропалық жоғарғы білім кеңістігін қалыптастыру мақсатында Еуропа мемлекеттерінің білім жүйелерін жақындату мен үйлестіру процессі қазіргі уақытта Қазақстан да белсенді қатысатын Болондық процеске енді.