Лекция №1 жоғары білім берудің Қазіргі парадигмасы. ҚАзақстандағЫ жоғары кәсіби білім берудің тарихы мен қазіргі жағдайы



бет9/9
Дата08.04.2023
өлшемі398,5 Kb.
#80702
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция №1,2

4

Қауіптер



1) Бірқатар өңірлерде NEET жастарының жоғары үлесі
2) Таланттылардың елден кетуі
3) Білім берудің жаһандануы салдарынан бәсекелестіктің өсуі
4) IT дамуына байланысты күндізгі оқыту қажеттілігін төмендету
5) Еңбек ресурстарының теңгерімсіздігі
6) Қоғамдық тетіктер мен азаматтық қоғам институттарының қалыптаспауы
7) Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі стейкхолдерлердің пассивтілігі
8) Шетелдік студенттер үшін қазақстандық білім берудің тартымсыздығы
9) Кәсіптік қоғамдастықтың білім беру процесіне қатысуға және мамандарды сертификаттауға дайын болмауы
10) Ресейлік жоғары және орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары және басқа бәсекелестер тарапынан белсенді бәсекелестік
11) Кадрлардың басқа салаларға кетуі

2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды. Жоғары оқу орындарының желісі саны 139.Оның ішінде:

  1. Ұлттық- 9 .

  2. Халықаралық 1.

  3. «Назарбаев Университет» АҚ -1 .

  4. Мемлекеттік -33 .

  5. Мемлекеттік (АҚ) -16.

  6. Азаматтық емес -13 .

  7. Жеке меншік- 66.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны болып табылады. Алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ).
1919-1920 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). Ол Орта Азия мен Қазақстан үшін кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанынан қазақ жастарын оқыту үшін арнайы бөлімдер жұмыс істеді. 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды.
Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. 1932 жылы республиканың жоғары оқу орындарында 2 мың студент білім алды, оның ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды.
1994 жылы Елбасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді (1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары білікті мамандарды даярлауда, оқытуда, ғылыми және мәдени дамуда едәуір жұмыс атқарып жатқан сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді. Олар - әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық музыка академиясы.
Республикада 141 жоғары оқу орыны жұмыс істейді, оның ішінде 63-і мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Студенттердің жалпы контингенті 768 мың адамды құрады. Профессорлық - оқытушылық құрамның саны 42 мың адам, оның 36 %-да ғылым докторы мен кандидатының ғылыми дәрежесі бар.
Болон процесінің талаптарына сәйкес Қазақстан мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісіне көшті: бакалавриат - магистратура - докторантура PhD.
2010 жылы білім беру қызметін 42 мемлекеттік, 13 азаматтық емес және 90 жекеменшік, оның ішінде 16 жоғары оқу орны жүзеге асыруда. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 1991 жылғы 71 бірліктен 2010 жылғы 90 бірлікке өсті.
Университет – бұл жоғары білім жүйесіндегі білім беру мекемелерінің маңызды типі болып табылады. Кәсіптік білім – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдайлар құруға, жекелеген мүдделер мен қажеттіліктерді, оның ішінде мамандық пен біліктілік алуды ескеретін, әлеуметтік институт болып табылады.
Еліміздің ең ерекше оқу орны – Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру.
Университеттердің стратегиялық мақсаттары:
- ғылым мен технологияда жаңа тенденцияларды құруға және дамытуға қабілетті профессионалдардың жаңа ұрпағын қалыптастыру;
- білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оны жан жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру;
- оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас арқылы әлемдік білім сезімін қалыптастыру;
- білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымын құру. Әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу;
- әлеуметтік профессорлық-оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру;
- Университеттің ұлттық және халықаралық беделін құру.


Сурет-2. Қазақстандағы жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру




11 беттен -ші бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет