Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Күш жұмсаумен орындалатын жаттығулар



бет24/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Күш жұмсаумен орындалатын жаттығулар:
1. Салмақты күшпен таяна көтеру. Күш жұмсаумен орындалатын қолданбалы өмірлік маңызы бар жаттығулар. Атап айтқанда, олар жолда кездесетін түрлі кедергілер мен тосқауылдардан тез өту мүмкіндігін дамытады.
Орындау тәсілдерінің негіздері. Белтемірге асылып, жоғары жағынан ұстап (жұлқусыз және сермеу қимылынсыз) қайткенде де «артығымен» жоғарырақ тартылу (2); бұл қолды ширықтыра бүкіл дене салмағын соған түсіру; белтемір кермесін жақынырақ қыса түсіп, иықты алға жіберіп, екінші қолдың шынтағын да жоғары көтеру. Екі қолды бірдей бүгіп, дұрыс таяныш қалпына келу.
2. Асылуда тартылу күші арқылы артқа айнала көтерілу. Көтерілудің бұл тәсілдінің де қолданбалық үлкен маңызы бар. Сонымен қатар бұл жаттығу дененің түрлі бөліктерінің: иін, қарын, аяқ бұлшық еттерінің бірқалыпты қалыптасуына көмектеседі.
Орындау тәсілдерінің негіздері.
Асылуда жоғарыдан ұстап (жұлқыну мен серпін жасау қимылынсыз) тартылу; қолдарды бүгіп, бір мезетте үш қимылды орындау қажет: қолды жартылай бүгу қалпын сақтау; белжамбас буынынан бүгілу; шымырлануды босаңсытпай, аяқтарды бір-біріне қосып, жамбасты белтемір кермесіне барынша жақындату (1-4). Бүгілген дене белтемір кермесіне тигеннен кейін мына қимылдар жасалуы тиіс: құрсақ бұлшықеттерін босатпай, кермеге «жату» және басты ептеп артқа жіберіп, қолдарды түзулеп, лезде денені жазу, сондай-ақ белдің, бөксенің, аяқтың еттерін босатпай, таяныштың дұрыс қалпын сақтау.

Асылудан күш сала таянышқа айналым жасай көтерілу: 1-4 – тартылу және бүгілген дененің кермеге жақындай сәті; 5-7 – дененің кермеге жанасу сәті және аяқтармен аударылу қозғалысын орындау – таянышқа шығу.
Дағдыларды игеруге арналған жаттығулар:
1 а) еден үстіндегі аласа кермеден аяқты сілтей күш жұмсап бір қолмен көтерілу; б) аласа шығыршықтан ұстап, асылуда күш сала тік көтерілу.
2. А) гинастикалық ағаш текеде аяқты тірей аласа кермеде жатып асылуда тартылу (42-сурет): аяқтар бастап төмен – дене созылған (1), асылуда аяқтар бастан төмен – жене жамбас – бөксеге буынының бүгілген (2); б) «асылу»бұрышында жартылай бүгілген қолдар4 орнықты қалпын ұстау (3); в) асылу элементін толық орындау: таяныш аяқ тізеден бүгілген және табанмен гимнастикалық ағаш текеге тіреліп, сермелетін аяқ жоғары созылған – бір мезетте үш қимылды (таяныш аяқты сермеу, қолдарды бүгу, сермелетін аяқпен артқа аудару қозғалысы) атқара артқа бұрылу арқылы көтерілу (8-сурет, 4); г) аласа кермеде тұрып, асылу элементтерін толық орындау: бір аяқпен сермеп және екінші аяқпен итеріліп, аяқтарды артқа қоса ұстап, аударылу қозғалысын орындау (5, 6); бүктелген денемен кермеге «жатып», белді кермеге жақындата аяқтарды салбырата жіберіп, тез бүгіліп, бел мен қолдардың бұлшық еттерін ширықтыра таяныш қалпына түсу (7-9).

Артқа айналу арқылы көтерілуді игеру үшін жалғастырушы жаттығулар:1-2 – гимнастикалық ағаш теке үстінде аяқтармен тірей жатып, асыла тартылу тәсілдері; 3 – биік кермеде асылу; 4 – жатып, асылу элементтерін толық орындау; 5-9 – аласа кермеде түрегеп тұрып, асылу элементтерін тұтастай орындау.
Асыла тербелу арқылы таянышқа бүктетіле көтерілу .

Асылуда серпін жасау арқылы таянышқа бүктетіле көтерілу: 1-2 – серпіліс жасалған соң дененің алға бүгілу және аяқтарының кермеге жақындау сәті; 3 – жамбас бөксе буынының бүктелу қозғалысының басталуы және 4 – дене бүктелуінің аяқталу ізі – аяқты артқа серпи қозғағаннан кейін қолдармен белтемір кермесінен ұстау; 5 – аяқтарды артқа сермеуді жалғастыра отырып, таянышға шығу.

Таяныштан серпін жасай артқа секіріп түсу: 1 – жамбасты кермеден түсірмей, денемен артқа лақтырылу қозғалысының басталуы; 2-3 – лақтырылу қозғалысының аяқталуы және денені доға бойынша жоғары-алға еңкейте; 4-6 – денені тарту (дене бөлімдерін айналу нүктесінен «ажырату»); 7-8 – аяқтың артқа қарай сермелуін күшейту; 9 – артқа сермеу аралығының жоғары нүктесінде қолды босату.
Орындау тәсілінің негіздері. Жоғарыдан ұстап, бірқалыпты алға тербелу (1). Қозғалыс жұмсақ, денені аздап бүгу арқылы жасалады. Осындай сермеуден кейін аяқтар бірге ұсталып, тізе ортасынан алға қарай кермеге жақындатылады (2); әуелі артқа тербелу аралығы (амплитудасы) жамбас бөксе буынынан тез бүгіледі (3) және бір мезгілде қолдар мен кермені қыса ұстап (аяқтар артқа сермеліп) таянышқа шығады (4-5).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет