Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Жаттығулар-қозғалыс әрекеттерінің жиынтығы ретінде сипат алады



бет23/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
Лекция гимнастика

2. Жаттығулар-қозғалыс әрекеттерінің жиынтығы ретінде сипат алады.
Француз жазушы-гуманисы Франсуа Рабленің 1573 жылы жарық көрген «Гаргантюа мен Пантагрюэль» кітабында белтемірдің гимнастикалық құрал түрі екені туралы алғаш рет айталады. Бұл кітапта алып Гаргантюаның жақсы гимнасшы болғаны туралы жазылған; ол екі ағаш арасында бекітілген үлкен белтемірде жаттығу жасаған. XVI ғасырға қатысты басқа бір тарихи куәгер голланд суретші П. Брегельдің (үлкені) картинасы болып табылады. Бұл картинада қазіргі белтемірмен жаттығуға ұқсас жай, яғни бөренеге асылып жаттығу жасаушы балалар бейнеленген.
Гимнастиканың неміс жүйесі салушылардың бірі И. Гутс-Мутс өзінің «Жасөспірімдерге арналған гимнастика» атты (1793 ж.) еңбегінде гимнастика өнерінің шыңы – бұл ағаштарда өрмелеу деп жазған болатын. Мұндай өрмелеуге дағдыланудың негізі ретінде ерекше құралдар, соның ішінде екі тіреуге бекітілген арқан немесе сырық ұсынылған. Сондықтан белтемірмен жаттығу жасау ағаштарға шығу тәсілін игеру құралы ретінде пайда болды деп айтуға болады.
Алайда спорттық белтемірді ойлап табушы Ф. Ян (Германия) болып табылады. Ол снарядты гимнастиканың негізін салушы; ол Берлин іргесіндегі алаңда 1881 жылы құрған құрал – нағыз белтемір осы кездегінің дәл көшірмесі деуге болады: диаметрі 5-5,5 см ағаш сырық екі тіреуішке көлденеңінен бекітілген (39-сурет).
Ф. Янның шәкірті Э. Эйзелен осы керме үшін бірқатар тартымды жаттығулар ойластырды. Сол кездегі көптеген педагог-бастамашылар белтемірге тән жаттығулар іріктеумен айналысты. Мысалы, Кунц (осындай пелагогтардың бірі) осы жабдық үшін өте әдемі жаттығу – асылуда серпін жасау арқылы таянышқа бүктеле көтерілуді (оны «тойтарыс» деп атайды, ол чех сөзінен алынған) ойлап тапты. Бұл 1850 жылғы болған оқиға еді. Бүктеле көтерілу осы уақытқа дейін қолданылып келе жатқан өте әдемі көрінетін жаттығу: осы заманғы спорттық гимнастикада бұл көтерілу саналады, белтемірде «қызмет көрсететін» элемент деп саналады; онсыз бірде-бір шебер гимнасшы ойын өрнегін көрсетпейтіні белгілі.

Керме және онда жаттығу жасаудың алғашқы үлгілері: 1- асылу және таяныштар (Гутс-Мутс, 1817 ж.); 2 – Ф.Ян (1850 ж.) ойлап тапқан керменің (белтемірдің) немістік гимнастика жүйесі.

Асылып тұрып күшпен таянышқа көтерілу: 1 – тартылу сәті; 2 – таянышқа шығу кезегі; 3 – көтерілудің бұл тәсілінің қолданбалық маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет