2. Музыкамен сүйемелдеудің маныздылығы.
Белсенді қимылдың маңызы
Адам қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп. еңбек ете алмайды. Адамның дене және ой еңбегімен шұғылдануы үшін қимыл-қозғалыс қажет. Адамның өміріндегі алуан түрлі өзгерістердің бірі пайдалы болса,енді біреулері денсаулыққа зиянды әсер етеді.Адам жылдам жүру үшін тасымал құралдарын дамытты. Адам өзі қимылдаса бұлшық ет қуатының төмендеуіне әкеп соғады. Адам дене жұмысымен аз шұғылданса, оның ішкі мүшелерінің қызметі дұрыс дамымайды. Осыдан келіп денсаулық бұзылады. Адам денсаулығы үшін дене шынықтырумен және спортпен айнадысуы керек.
Емдік-сауықтыру жаттығулар кешені
Мақсаты: Жеке тұлғаның үйлесімді дамуын арттыру.
1 Мөлшерлі жүру және жүрудің әр түрлері
2. Бастапқы қалып. Қолды кеуденің тұсына бүгіп ұстау.
1-қолды екі жаққа созу.
2-жауырынды қосу. 10 рет.
3. Бастапкы қалып. Аяқты алшақ қойып тұру.
1-оң қолды төмен, сол қолды жоғары көтеру.
2-қолдарды артқа созу. 10 рет.
4. Бастапқы қалып.
1-сол қолды төмен, оң қолды жоғары көтеру
2-қолдарды артқа созу. 10 рет.
5. Бастапқы қалып. Қолды төмен түсіріп бір орында тұру.
1- қолды екі жаққа созып, қолдың саусақтарын жұмып-жазу.
2 қолды жоғары көтеріп, саусақтарды жұмып-жазу. 10 рет.
6 Бастапқы қалып. Аяқты алшақ қойып тұру.
1- қолды кеуденің тұсына "құлыптап" ұстау. Қолды екі жаққа созу.
7. Аяқты алшақ қойып тұру.
1–қолды белге қойып,оңға, солға қисаю. 10 рет.
8. Бастапқы қалып.
1-тік сол аяқты жонға қарай созу - демді ішке тарту. Аяқты түсіргенде демді шығару. 10 рет.
9.Бастапқы қалып.
1-оң аяқ пен сол қолды көтеру. Демді ішке тарту.Түсіргенде демді шығару. 10 рет.
2–сол аяқ пен оң қолды көтеру.Демді ішке тарту.Түсіргенде демді
шығару.10 рет.
Жүйке жүйесі туралы түсініктеме
Жүйке жүйесі мидан және дененің барлық бөліміне тармақталып жатқан жүйке ұштары бар жұлыннан құралады. Ми мен жұлын орталық жүйке жүйесін, ал жұлын тармақтары шеткі жүйке жүйесін түзеді. Жүйке денедегі барлық мүшелердің бір-бірімен үйлесімді қызмет етуін басқарады. Организмді сырткы ортамен байланыстырады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп. Зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.Мұндағы емдік гимнастикалық мақсаты адамның жай-күйін, ой-өрісін өсіру, денені шынықтыру.
Жүйке жүйесіне арналған жаттығулар
1. Бастапқы қалып- аяқты алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұру. 1.2 - қолды иыққа ұстап. шынтақты көтеру, жоғары созылып, демді ішке тарту. 3,4— бастапқы қалып - демді шығару. Баяу жылдамдықпен жаттығуды 3-4 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып— негізгі тұрыс. 1.2-жұдырықты түйіп, аяқтың ұшына көтеріліп, демді ішке тарту. 3.4- қолдың саусақтарын жазып, өкшеге тұрып демді шығару 3-4 рет кайталау.
3 Орындықта отырып басты онға, солға және алға, артка бүру. Әр жаққа 2 реттен.
4 Осы қалыпта. Иекті төмен түсіріп,жарты шеңбер жасау.Әр жаққа 3 реттен.
5 Осы қалыпта. Басты артқа шалқайтып, жарты шеңбер жасау.Әр жаққа
3 реттен.
6- Бастапқы қалып- негізгі тұрыс. 1,2- қолды желкеге ұстап. демді ішке тарту. 3.4—демді шығару. 3-4 рет қайталау.
7. Бастапқы қалып—негізгі тұрыс Екі қолдың сау-сақтарын айқастырып оңға,солға айналдыру. Әр жаққа 5-6 реттен.
8. Бастапқы қалып–тұру.Тізені жоғары көтеріп жүру.
Тыныс алу мүшелерінің ауыруы және ауырудың алдын-алу
Тыныс алу мүшелерінде тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі туберкулез аурулары бар. Осы аурулардың пайда болуына әсер ететін жағдайлар көп-ақ соның ішінде сырттан түсетін микробтар үлкен зиян келтіреді. Ауруды асқындырмау үшін тез арада дәрігерге қаралу керек.
Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң екі күннен кейін емдік гимнастиканы қосады. Емдік гимнастика тыныс алуды реттейді, іш бұлшық еттеріне әсер етеді, қан лимфа айналысын жақсартады.
Тыныс алу мүшелеріне арналған емдік гимнастика
1. Орындықта отырып, екі қолмен құшақ жая терең дем алады, қалпына келгенде, демді шығарады.
2. Бір қоллы мықынға тіреп,екінші қолды созады.
3. Осы қалыпта бір жаққа қисайып,қолдың ұшын жерге тигізеді
4. Түрегеліп тұрып екі қолды арада ұстап кеудені кере қайқаю.
5. Түрегеліп тұрып бір қолды иыққа қойып, екінші қолды созып, терең дем алып, денені оңға, солға бұрады.
6. Қолды желкеде ұстап,аяқты алшақ қойып, екі жаққа кезекпен иілу
7. Екі қолды иыққа қойып, алға, артқа айналдыру және қолды созып алға артқа айналдыру.
8. Етпетінен жатып таяқшаны ұстап, қолды және аяқты жерден 150–қа көтеру. 3-4 рет қайталау.
9. Осы қалыпта, қолды артқа созып, таяқшаны ұстап, кеудені көтеру.