Тесттердің бірінші тобы – тыным алу кезінде өткізілетін тесттер. Бұларға дене дамуы көрсеткіштері жатады (дененің салмағы және бойы, тері – май қабатының қалыңдығы, қолдың, аяқтың, кеуденің ұзындығы және құлашы). Тыным алу кезінде жүректің, бұлшық еттердің, жүйке және қан айналу жүйесінің қызметтік жағдайын өлшейді. Психологиялық тесттерде осы топқа кіреді.
Тесттердің бірінші тобының жәрдемімен алынған мәлімет спортшының дене мүмкіндігі жағдайын бағалау үшін негіз болып табылады.
Тесттердің екінші тобы – бұл стандартты тесттер, яғни барлық спортшыларға бірдей тапсырманы орындау ұсынылады (мысалы, жүгіру қондырғысын тредбанда 5 м /сек жылдамдықпен 5 минут бойына жүгіру немесе 1 минутта белтемірге 5 рет тартылу және т.б.). Бұл тесттердің спецификалық ерекшеліктері шегіне дейін емес жүктемені орындаумен қорытындыланады, сондықтан мүмкіндігінше максимальды нәтижеге жету мотивациясы мұнда қажет емес.
Тесттердің үшінші тобы – бұл тестті орындау кезінде мүмкіндігінше максимальды қозғалыс нәтижесін көрсету қажет.
Биомеханикалық, физиологиялық, биохимиялық және басқа көрсеткіштерінің мәні өлшенеді (тестте көрінетін күші; ЖСЖ, ОМП, анаэробты порог, лактат және т.б.). Мұндай тесттердің ерекшеліктері – жоғары психологиялық көңіл күйге келтіруге, шегіне дейінгі нәтижелерге жетуге деген мотивациялық қажеттілік.
Спортшыларды дайындауды басқару міндеттерінен туындайтын оперативті, ағымдағы және сатылық бақылау болып айырмаланады.
Жедел (оперативті) бақылау, бұл спортшының жағдайын жекелеген жағдайларда кезектегі қайта байқап көруді, кезектегі жаттығуды, айқасты, ұрысты өткізуге дайындығын оперативті бақылауы болып табылады. Ол спортшының жарыстық немесе жаттығу жүктемесіне, бүтіндей тәсілдік әдістермен комбинациялардың орындау сапасына ағзаның реакциясын бағалауға бағытталған.
Ағымдағы бақылау, бұл спортшының дайындық деңгейіндегі, оның әдістері мен тәсілдерінің даму деңгейіндегі күнделікті өзгерістерді тіркеу және талдау, жүктеме динамикасы мен олардың байланысы, микроциклдарда бақылау жарыстарының нәтижесін дайындауды бағалау болып табылады.
Сатылармен бақылау, бұл спортшының (сатының) әртүрлі жарыстық және жаттығу қызметіндегі, жарыстардағы немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайлардағы жүктеме динамикасының көрсеткіштерін кезеңнің соңында дайындап мөлшерлеу және бағалау болып табылады. Кешенді бақылаудың мазмұны мен бағыттылығы 11– кестеде келтірілген.
Кешенді бақылаудың негізінде спорттық жаттығулардың тиімділігін дұрыс бағалауға, спортшы дайындығының күшті және әлсіз жақтарын ашуға, олардың жаттығу бағдарламасына сәйкес түзет улер ендіруге, жаттықтырушының жаттығу процесінде таңдаған бағыттылығындағы қайсы бір болмасын шешімінің тиімділігін бағалауына мүмкіндік туғызады.