Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі


Лекция № 13 Балалар мен жасөспірімдердің бастамшылдығын дамытудағы тәрбие жұмыстары



бет14/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Лекция № 13 Балалар мен жасөспірімдердің бастамшылдығын дамытудағы тәрбие жұмыстары.
1.Балалар бірлестігі-тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Балалар бірлестігінің түрлері.
2.Балалардың коғамдык бірлестіктерінің әр түрлі формаларын құруда балалар мен жастардың ынтасын дамыту және қолдау.
3.Инновациялық тәрбиелік технологиялар негізінде халыкаралық балалар ынтымақтастығын дамыту және нығайту.

Тұлға, отбасы, топ, қауымдастық әлеуметтік құрылымның адами материалдары. Алайда адамдар қоғамда жай механикалық түрде біріге салмайды, белгілі бір жағдайда, белгілі бір қажеттілікпен ұйымдасады, біреуі басқарушылық функция атқарса, екіншісі – басқарылады, біреуі ой еңбегімен айналысса, екіншісі дене еңбегімен айналысады және т.б. Сөйтіп бірін бірі толықтырып, белгілі әлеуметтік бірлікті (единица) құрап, ұйым деген атқа ие болып әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналады.


Сонымен ұжымның тәрбиелік жүйесінің табысты әрекет етуінің маңызды белгісі – тәрбиелік орта кұру болып табылады.Тәрбиелік орта - бұл адамның тұлғалық дамуына әсер ететін және қазіргі заманның қоғамы мен мәдениетіне енуіне септігін тигізетін, оны қорғайтын әлеуметтік құнды жағдайлардың жиынтығы. Құқықтық тәрбие жүйесі - құқықтық тәрбие үдерісінің белгілі бір реті мен ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, оның элементтері мен негізгі бөліктерінің жиынтығы.Ұйым түсінігінің әртүрлі мәні бар, бірақ негізінен үш мағынада қолданылады. Біріншіден, ұйым деп белгілі әлеуметтік функция атқаратын мекемені атаймыз. Мысалы, мемлекеттік, саяси, қоғамдық, өндірістік, ауылшаруашылық, мәдени және т.б. Екіншіден, ұйым деп құрылымның элементтерінің тәртіптелу деңгейі, объектінің ішкі құрылымын айтамыз. Бұл мағынада объектінің жоғары немесе төмен ұйымдасқандығы туралы айтады. Барлық әлеуметтік объектілердің өзінің ұйымы бар, яғни өзін құрайтын элементтердің байланыстары бар. Үшіншіден, ұйым деп бір нәрсені ұйымдастыруға, әлеуметтік объектілер қызметін үйлестіруге бағытталған адамның қызметі түсіндіріледі. Бұл мағынада митингілерді, демонстрацияларды, спорттық кештерді және т.б. ұйымдастыруды айтады.
1921 жылы скауттер ұйымы 63 мемлекетте (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Үндістан, Ресей, т.б.) жұмыс істеді. КСРО-да Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақ ұйымдарының басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни Балалар ұйымдары құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып, 1922 жылы В.И Ленин атындағы бүкілодақтық пионерлер ұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары мен спорт кешендері болды. Қазақстанның 1991 жылдан кейін құрылған Балалар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Олар Халықаралық демократия жастар федерациясы өткізетін халықаралық семинарлар менкеңестерге қатысып отырады.
Әлеуметтік ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Ұйымдық құрылымның негізгі өзегі билік басқару қатынастары болып табылады. Сондықтан бұл құрылымда басқарушы блок (басшы немесе тиісті функцияларымен, штатымен басшылар) және орындаушылар блогы болады. Әлеуметтік ұйымның ең жоғары формасы мемлекет болып табылады. Ұйымдар әкімшілік, қоғамдық және формалды және формалды емес типтерге бөлінеді. Әкімшілік ұйымдар құрылымдарының қатаң және жоғары деңгейімен, директивті бекітілген мақсаттарымен ерекшеленеді. Қоғамдық ұйымдар адамдардың ерікті бірлестіктері болып саналады. Бұлардың басқаларға қарағанда демократиялылығы басымдау болады. Ал формалды ұйымдар – бұл функциялары, құқықтары және міндеттері қатаң белгілеген қоғамның әкімшілік негізі болып табылады. Неформалды ұйымдар кездейсоқ құрылған екі түрлі болады. Біріншісі мақсаттары айқын емес кездейсоқ құрылған адамдар жиыны да, екіншісі мақсаттары айқын, барлық талаптар мен орындаушылық тәртіппен ерекшеленген қылмыскерлердің болмаса діни ұйымдары.
Балалар ұйымдары — балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары; қоғамдық ұйымның айрықша түрі, келесі белгілері ие болады: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жұзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы; ұйымға еркін ену және одна еркін шығу; бекітілген мұшелілік; ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық; ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым; барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы); оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы; жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен са¬лыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
3. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау
4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5. Криминалдың әсер етуі
6. Мода қуу
7. Батыстық бейнеге еліктеу
8. Өмірлік мақсаты болмау
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.
Ауыл мектептерінде қазір көптеген шешілмей жатқан мәселелер бар, соның бірі -балалар дарындылығын дамыту болып табылады. Біз өзіміздің бірнеше жылдық тәжірибемізден байқағанымыз - ауылдық мектеп оқушыларының қабілетін өркендету жалпы ескерусіз қалып отыр. Біз, көбінесе, дарынды бала дегенде талантты, қабілеті күшті оқушыларды түсінеміз. Бірақ әрбір өсіп келе жатқан дені сау, ақыл-есі бүтін бала дарынсыз болуы мүмкін емес. Егер әрбір дені сау балаға қабілетін қалыптастырып одан әрі дамытатын жағдай жасалса, ол өзінің мүмкіндіктерін жан-жақты жетілдіреді.
Мектепте барлық оқушыларға бір денгейде білім беріп, қалыпты сабақ өтіп, балалар шығармашылығына көз жұмып қоя салу оңай. Бағдарламадағы сабақтарды игеріп, одан әрі қарай оқуға талпынған оқушыларымыздың болашағы бізді қатты ойландыруда. Мектептегі бір қалыпты өтетін өмір оларға қызықты болмай, өмірде дарындылығы көрінбей қалады.
Мектепте оқу бағдарламасы барысында сабақтан тыс және сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шараларда балалар дарындылығын дамытудың психологиялык - педагогикалық шарттары, мазмұны, нақты формалары, әдіс-тәсілдері, кұралдары есепке алынады. Жай ғана ауыл мектебі жағдайында балалар дарындылығын өркендетудің проблемалары, оларды шешудің кейбір тиімді жолдары туралы сөз болады. Оқушылармен жүргізілетін сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар балалардың түрлі саладағы қабілеттері мен дарындылығын дамыту үшін кең мүмкіншілік тудырады. Егер сабақ үстінде мұғалім қалыпты тәртіп бойынша сабақ өтуі қажет болса, мұғалім баланың қабілетін көрсету және одан әрі дамыту үшін сыныптан тыс тәрбие сағаттарын, түрлі іс - шараларды әдістің басқа үлгілерін таңдап, өткізуі керек болады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуның негізі болады. Себебі тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көз қарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында оның не күшейтеді болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгереді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайраына сенімінің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа оқушылардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада әр түрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілікпен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Бала дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгерішілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені, сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызғушылығын дамыту, бір жағдайда ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері, формалары. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге оқушылардың бос уақытына мектептен тыс білім беру мекемелері қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысы атқарылуда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мектебімізде дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады. Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
Педагогикалық тәжірибеде тұлғаның даму деңгейіне диагностикалық талдау жасау қажеттігі күннен күнге артып отыр. Себебі, тұлғаның қалыптасу үдерісін тиімді басқару үшін болып жатқан өзгерістердің ерекшеліктерін білу қажет. Осыған орай біздің зерттеуімізде жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау міндет етіп алынды. Сондықтан жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің мүмкіндіктерін зерттеудің негізгі бағыттарын «жүйе», «педагогикалық жүйе», «тәрбиелік жүйе», «құқықтық жүйе», т.б. ұғымдардың мазмұнын ашумен дәлелдеуге болады. Бұл ұғымдардың мәні өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Жүйе - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, керісінше бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын сыртқы әсерге жауап қайтаратын тұтас организм. Біз зерттеуіміздің алғашқы бөлімінде құқықтық жүйенің құрылымына тоқталдық, ендігі жерде педагогикалық және тәрбиелік жүйелердің құрылымына, мазмұнына тоқталуды жөн көрдік. Олай болса педагогикалық жүйе - шынайы педагогикалық құбылыстың мәнін (педагогикалық үдерістің субъектілері- мұғалім мен оқушы), оның мақсатын, мазмұнын, тәсілдерін, формаларын, әдістерін, құралдарын және жүзеге асырылуын сипаттайтын қажетті әрі жеткілікті элементтердің жиынтығы. Ал тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін, атап айтқанда өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза ретінде бейнелейді. Демек тәрбиелік жүйе - 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс- қимылдары үдерісінде туындайтын «мақсат, субьектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен олардың психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Тәрбие жүйесі - күрделі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық білім беретін, көп мағыналы, өзін-өзі реттеп, басқаратын білім беру. Тәрбие жүйенің негізіне мақсат, міндеттер, ұстанымдар, озат тәжірибе, теориялық тұжырымдама алынады. Негізгі мақсаттарға жеткіншектерді қоғамдық өмірдегі құқықтық сауаттылық пен мәдениетке тарту, құқықтық нормаларды сақтауға, құрметтеуге, өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу, тұлғаның белсенді, шығармашылық дамуы, өзін-өзі дамытуы, мәдениетті игеруі алынады. Тәрбие жүйесінің мақсаты оған қатысушылардың (мұғалім-оқушы) арасындағы қарым-қатынастарын, әрекетін басқару арқылы іске асырылады.
Демек, жеткіншектердің жеке тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, педагогикалық шарттарын анықтап, оны ұрпақ тәрбиесінде ұтымды пайдалану өте маңызды мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет